Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа

Описание

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

Работа состоит из  1 файл

Дипломная Аяулым.doc

— 560.00 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың өзіндік  жұмыс ұғымдарды меңгеру процесіне  талдау жасалынды және  оны ұйымдастыруда  жіберілетін кемшіліктерге баға берілді.

Өзіндік жұмыс ұғымдарын  меңгеруінің негізгі кезеңдері, белгілері және деңгейлері айқындалды.

-өзіндік жұмысқа логикалық-әдістемелік талдау жасау және жоспар құру;

-зертханалық жұмыс кезінде оқушылардың белсенді таным қызметтерін ұйымдастыру;

-оқушылардың зертханалық жұмыс кезінде кездесетін қиындықтарға талдау жасау, себеп-салдарын анықтау және оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіру;

-зертханалық жұмысты  іс-тәжірибеде ұтымды қолдану.

        

    Зертханалық  жұмыстарды жүргізгенде, оқушылардың  ойлау қабілеттерін арттырудағы  ролі анықталды.

   

 

 

 

 

 

 

    

 

 

II-тарау. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы

 

 

2.1.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі

      Оқушылардың  өзіндік жұмыстарын басқару ұғымына,  оны жоспарлау, ұйымдастыру және  бақылау сияқты сұрақтарды жатқызуға болады.

       Оқытудың  белсенді  басқарушылық шартында  мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері бірге жүріп отырады, немесе мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекетінің алдын алып отырады, кез келген кезеңде мұғалім оқушыға керекті көмек жасай алады. Мұндай өзара  байланыс оқу сабақтардың әртүрлі түрінде әрқалай байқалады, және таңдап алынған сабақ түрінің құрылымында оқулық өзіндік жұмыстың керекті түрлері (практикалық және зертханалық жұмыстар) алдын ала жоспарлануға тиісті.

        Соңғы кезеңге дейін көптеген зерттеушілер оқушылардың сабақтарының мазмұнына  басқаша талқылама енгізіп жүр: олар оқушылардың білім алу жолындағы саналы білім алу жолындағы барлық іс-әрекеттерін саналы түрде бір-бірінен айырмашылығы бар екі түрлі іс-әрекетке жіктейді-өзіндік жұмысқа және оқушылардың өз бетімен білім алуына жіктейді. Бірақ, осы екі ұғымды осылай жіктеп отырса да, зерттеушілер әрдайым толық бір ойда емес. Біреулері, өз бетімен білім алуды-оқу жоспарымен байланыссыз, мұғалімдерден тәуелсіз түрде қалыптасатын студенттердің танымдық жұмыстарының бір бөлігі деп түсіндіреді. Басқалары, керісінше, оқушылардың өз бетімен білім алуын оқу процесінің міндетті бір бөлігі ретінде қарауды ұсынады, себебі оқушылардың өз бетімен алуға ұмтылатын, оның нақты бір оқу пәніне деген ерекше ынтасымен байланыстырады.

   Практикалық сабақтар  кезінде мұғалімдер алдына негізінен  екі мақсат қояды:

1. Белгілі ғылым заңдылықтары жөнінде оқушыларға ұғымдар қалыптастыру;

                 2. Үйретілетін процестер мен құбылыстарды өз бетімен және ғылыми көзқарас  тұрғысынан зерттей білу. Ұсынылатын әрбір жаттығу оқушыларға білім берудің және кәсіптік бағдарланудың ең жоғары деңгейіне жетуге ықпал ету принципіне негізделуі керек. 

       Мұндай тапсырмаларды  қарастыруда, төмендегі қағидаларға сүйенеді:

     1. Оқушылардың танымдық  және практикалық тапсырмаларды  орындауда өз бетімен жұмыс  істеу деңгейі әртүрлі, сондықтан  бұл тапсырмаларды күрделілігі біртіндеп өсу керек.

     2. Егер тапсырмалар білімдері мен алған дағдыларын қайталап қана қоймай, сонымен қатар олар кейбір өзгерістерде өзбеттерімен орындауға, шығармашылық есептерді шеше алуға икемдей алатын болса онда бұл тапсырмаларды орындауда оқушыладың толық өзбеттілік және белсенділіктері байқалар еді.     

      3.Өзіндік жұмыс тапсырмалары даму сипатында құрастырылған болса, онда оқушылардың өзбеттілік және шығармашылық белсенділіктері толық түрде артатындығы күмән туғызбайды.

    Ал ол тапсырмалар  проблемалық және уәждік элементтер  қамтылғанда ғана орындалады. Зертханалық  сабақтарда оқушылардың өз бетімен танымдылық іс-әрекетінің белсенділігін арттырудың мүмкіндігі мол.

   Зертханалық сабақтардың  мақсаты-оқушылардың теориялық білімдерін бекіту және тереңдету ғылыми-теориялық  тұжырымдарды тәжірибе жүзінде тексеру, қондырғылармен,  приборлармен және материалдармен танысу, ғылыми-зерттеу әдістерін іс жүзінде үйрену.

   Тек зертханалық сабақтарда  ғана  оқушлар көптеген тұжырымдардың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік алады, тәжірибе  шындық белгісі ретінде қызмет  екендігін  түсініп,  зерттеудің құралы мен әдістерін өз беттерімен біртіндеп игере бастайды.

  Оқушылардың өзіндік жұмыстарын  тиімді түрде  жоспарлап   және ұйымдастырудың шарттарының  бірі-теория мен практикалық  сабақтарды өзара байланыстырып отыру.

  Теория мен практикалық сабақтардың өзара байланысы теориямен практиканың бір принципте сақталу қажеттілігін  түсіндіре отырып, өндірістік сферадағы нақты мақсаттармен талаптарға  сай, мамандардың практикалық, теориялық, арнайы және жалпы  ғылыми дайындықтарының өзара байланыстары мен қатынастарын айқындай түседі.

  Зертханалық  практикумды  жетілдіре отырып, оқушылардың өзіндік жұмыстарына мүмкіндік туғызатын, олардың танымдық өзбеттілік және белсенділіктерін дамытуға бағытталған әдістемелік  нұсқауларда дидактикалық  шарттардың  орындалуы қажет.

   Оқушылардың оқулық өзіндік  жұмыстарын  жоспарлау барысында,  олардың өзбетімен орындауға  тиісті жұмысы бөліктері  анықталады. Оқушылардың оқулық  жұмыстарын  осылай жоспарлау және ұйымдастыру  еліміздің көптеген жоғары оқу  орындарда жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, оқушылардың  алдағы уақытта  өзбеттіліктің  жоғары деңгейіндегі теориялық қабілеттерін пайдалануға мүмкіндік туғызылады.

   Бұл мәселені зерттеушілердің ұсыныстары ретінде төмендегілерді атауға болады:

   1. Алдымен 8-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік  жұмыс дағдыларына үйрету  керек. Бұл кезде барлық оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмыстарына керекті уақыт көлемін ұлғайтуға  көңіл аудару керек.

   2. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының уақыт көлеміне және пайдалануына  әсерін тигізетін, объективті факторларды ескере отырып, олармен жұмыс істеу. 

     3. Жұмыста өзіндік жұмысты айқын жоспарлаудың қажеттілігі көрсеттілген.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жұмыста да көрсетілген. Бұл жұмыста оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар мен кітапшалар шығарудың қажеттілігіне назар аударған, сонымен  әртүрлі өзіндік жұмыстар түрлерін орындауға оқушылардың шын мәнінде келтіретін уақытын зерттеуді жалғастыруға, барлық факультеттер мен кафедраларға біртұтас және міндетті болатын оқушыларға өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін дайындауға, әрбір пәннің тапсырмалар көлемін оқушылардың уақыт бюджетіне  сиятындай күйге келтіруге керек деген пікірлер айтылған.

   Оқушылардың өзіндік  жұмысы әртүрлі деңгейде ұйымдастырылуы  мүмкін. Бірінші деңгей-егер өзіндік жұмыс оқушының тікелей бақылауынсыз ұйымдастырылса және ол негізінен,  оқушылардың білімін, дағдысын, ойлау-практикалық іс-әрекеттерін  дамытумен байланысты болады.Бұл жұмыстар оқулықпен, қосымша әдебеттермен, сөздіктермен, энциклопедиямен, каталогтармен жұмыс істей білу, конспект дайындап тезистер құрастыра білу,  шығармалар, рефераттар жазу, көрнекті  құралдар дайындай білу сияқты мәселелермен тығыз байланысты.  Екінші деңгей- проблемаларды  шығармашылық түрде  шешуге бағытталған, ерекше ұйымдастырылған өзіндік жұмыс арқылы  оқушылардың танымдық талабын қалыптастыру. Бұл мақсатты іске асыру оқушылардың  барлық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқару жұмыстары мұғалімнің  міндетті түрде және тікелей араласуын талап етеді. Бұл деңгей оқытудың белсенді әдістерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

    Оқушылардың қалыптасуында өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысындағы оқытушы мен оқушының өзара қарым қатынасының маңызы өте зор.

   Материалды игеру деңгейіне қойылатын талаптарды сабақтан тыс уақытта анықтайды, ол оқытудың жалпы уақытының 20%  тен 80%-аралығында ауытқуы мүмкін.  

     - Бұл жағдайларда жаттықтыру сабақтарының тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін оқушылардың дайындық деңгейі жоғары болуы тиісті. Оқу семестрі ішінде әр оқушы жеке жоспар бойынша химиялық жаттықтыру сабақтарын орындау үшін  олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерінің деңгейі өте жоғары  болу керек. Зертханалық жаттықтыру сабақтарын өткізудің тағы да бір жолы-фронтальдық әдіс. Бұл кезде  барлық оқушылар  тек бір тақырыпта жұмыс істейді, әдетте осы әдіс мектептерде кеңінен қолданылады. Зертханалық жаттықтыру сабақтарын орындау ерекшеліктерінің бірі-жеке және  ұжымдық оқыту түрлерін аралас өткізу болып табылады.

      Фронтальды  түрде зертханалық жаттықтыру  сабақтарын өткізу үшін төмендегідей  шарттарды орындау  қажет: оқушылардың  бастапқы дайындық деңгейлері  бірдей  болуы, осы зертханалық  жұмысты істеуге керекті қондырғылардың  саны жеткілікті болуы.

      Зертханалық  жаттықтыру сабақтарын фронтальды  түрде жүргізудің артықшылықтары:

     1. Сыныпты  оқытушы тарапынан тиімді басқаруы мүмкін  болуы.

     2. Оқушылардың  білім  деңгейлерін бір мезгілде  және жүйелі түрде ЭЕМ-ды пайдалана   отырып тексеру мүмкіндігі.

    3. Тәжірибелік   қондырғыларда  оқушылардың жеке  жұмыс қорытындылары  мен ұжымдық   жұмыс қорытындыларын салыстыруын талқылау.

    4. Сабақ аяғында  зертханалық жұмыс қорытындысын  барлығы бірге  талқылай алу  мүмкіндігі.

    5. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің  белсенділігін  көтеретін әдістемелік  тәсілдерді түрлендіру мүмкіндігі.

    6. Зертханалық  сабақтарда  қолданылатын  техникалық  оқу құралдарын  кеңінен  қолдану  мүмкіндігі.  Оқушылардың шығармашылық  ойлануын қалыптастыруға  әсерін тигізетін жаттықтыру  сабақтарын  құру қажеттілігі, біздің алдымыздағы көкейтесті мәселе болып табылады.

    Біз жұмыс   барысында  жаттықтыру  сабақтарын  қою үшін,  зертханалық  жұмыстарды  төмендегі принциптерге сүйене  отырып алдық:

     -химия курсының фундаментальды  екендігін көрсету;

     -теориялық  негіздердің  тәжірибелік   түрде  қолдауын табуы;

     -оқушылардың  эксперименттік  білімдері мен   дағдыларының қалыптасуына  кәсіптік  бағдар берілуі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1                     Химияны оқуға кіріскен 8-сынып оқушыларының

білім деңгейін талдау


                        2

     Оқу мақсатын анықтау





                                       


       

                       3

        Оқу іс-әрекеттері  




                                       



                     3а

Орта мектептегі химия  курсын

нәтижелі игеру үшін білім 

деңгейлерін алдын-ала  байқап,

             бағдарлау.




                           3б

Химияны оқыту процесінде тиімді                                                          оқыту және даму технологиясының элементтерін                                                       қолдану     




 

 

 

 

 


                                             4                                 

Оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың білім деңгейлерін     күнделікті түрде және қорытынды бақылаудан өткізу




 

 

                                            5

Оқушылардың арнайы пәнді  оқып үйренуі үшін дайындықтары тиімді болу мақсатымен химияны оқыту, керекті өзгерістерді  енгізу...                                                      






 


 

 

  1. сызбанұсқа.  Оқушылардың өзіндік жұмысының әртүрлі деңгейде ұйымдастырылуы.

 

 

 

2.2.Зертханалық  жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі  оқушылардың эксперименттік іскерлік  пен дағдылыларын ұйымдастыру.         

Орта мектепте оқушылардың химиядан оқу әдебиеттері және қосымша оқулық пен өзіндік жұмыс істеудің, мәтіннен ең бастылардың бөліп ала білуді бірнеше кезеңдерде өткізуге болады. Осы кезеңдердің міндеті мен мәнін қарастырайық.

    Бірінші кезеңде оқушылардың бастапқы біліктері мен икемдіктерін қалыптастыруда пән бойынша оқулықпен жұмыс істеу, атап айтқанда тақырыпты беріліп оқи білу, оның ішінен оқытушының қойған немесе параграфтың соңындағы сұрақтарына жауаптарын табу, кестелер мен графиктерден қажетті мәліметтерді ала білу. Оқушыларға бұл кезеңде оқып үйрену үшін оңай тақырып ұсынылады. Осы материалды меңгеру сапасын тексеруге арналған бақылау сұрақтары беріледі. Бұл тапсырмалар оқулықпен өзіндік жұмыс жүргізудің алдында ұсынылады.

Информация о работе Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру