Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа

Описание

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

Работа состоит из  1 файл

Дипломная Аяулым.doc

— 560.00 Кб (Скачать документ)

   Бақылау сұрақтарын тақырыппен жұмыс істеудің алдына қойылуы, оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады, олардың басты, негізгілерін ажырата білуін бағдарлайды, материалдың терең де берік меңгеруіне ықпал жасайды.

  Екінші кезеңде күрделірек міндет қойылады. Оқушылар өз  бетінше ұсынылған тақырыптан ең  бастыларын жалпылама жоспар бойынша бірнеше мәтіннен  бөліп алуын үйрену керек.

   Белгілі бір   жүйемен  орналасқан  және  берілген мәтіндегі  негізгісі екенін  көрсететін  жалпылама сипаттағы жоспарлар, сұрақтар жиынтығы болып табылады. Бұл жоспарлар бойынша оқушы  оқылған  материал жайында өз  әңгімесін құруына  болады.

   Мысалы, химиялық құбылыс жөнінде:

 

 

 

    



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Үшінші кезеңде  оқушылар мәтіннің түрін, ондағы негізгі мәселелердің  ауқымын және мәтінге сәйкес  жауап құру   жоспарын  өздері  анықтай білуін іске асырады. Бұл кезеңнің  аяғында оқушылардың өз ойлары  мен ұсыныстарын іркілмей  ашық айтуға  машықтанады. Олардың жауаптары білімдерін  ауызша  тексеру  формасына жұмсалатын уақытты едәуір азайтады.

    Төртінші кезеңде   бір тақырып емес, бір немесе  бірнеше тараудағы  мәселелерді   қамтитын тақырыптармен  жұмыс  істеуді қалыптастырады.

    Оқушыларды  тақырыпты талдауға  үйрету, оны   құрамдас  бөліктерге  бөлшектеп, ішінен негізгісі қайсысы  екенін анықтау және әр бөлігіне жауапты  құру болып табылады.

    Бесінші кезеңде   оқушылар  баяндамалар  мен  рефераттар  жазуға,   конференциялар  мен  семинарларға қатысуға  байланысты  әдебиеттермен жұмысы жатады.

    Алтыншы кезең  оқушылардың шығармашылық  жұмысына, өз білімдерін тереңдетіп химиядан  ғылыми конференцияларға қатысу  үшін  журналдармен  қосымша әдебиеттермен  жұмыс жасау болып табылады.

    Олардың түрлері: 

   1. Жаңа білім алу өз бетінше білім алуды қалыптастыруға арналған жұмыстар негізінен оқулықпен жұмыс істеу арқылы жүзеге асады, бақылаулар мен тәжірибелерді жасау, формулалар талдау, шамалар арасындағы тәуелділікпен байланыстарды тағайындау, формулаларды талдау арқылы өлшем бірліктерінің анықтамасын меңгереді.  

  2. Білімнің бекітілуі мен нақтылануы  ұғымының белгілерін тиянақтайтын арнаулы жаттығулар жүйесі арқылы іс жүзіне асырады, олардың елеулі белгілерін елеусіз белгілерінен ажырату, қарастыратын дененің құбылыстың қасиеттерін  салыстыру және жалғастыру арқылы іске асырады.

  3. Білімді  практикада қолдану біліктіліктерін  қалыптастыру  әр түрлі есептер шығару арқылы орындалады, сапалық, графиктік, эксперименттік схемаларды құру, керекті құрал-жабдықтардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін түсіндіру.

  4. Практикалық сипаттағы біліктіліктермен дағдылар  оқушылардың әр түрлі  өзіндік  жұмыстарды орындау  арқылы  қалыптасады.Мысалы  химияның құрал-жабдықтарымен  танысқанда  ең  алдымен  бөліктің  құнын  анықтау,өлшеудің  төменгі  және жоғарғы  шектері т.б. жатады.

  5.Шығармашылық  сипаттығы біліктерімен  дағдыларды  қарастыру  түрлі тақырыптарға шығармалар мен рефераттар жаздыру, баяндама жасауға дайындалу, тәжірибелердің жаңа нұсқаларын іздестіру, тәжірибені жасау әдістерін ойластыру  және т.б. жұмыстарды істеу арқылы орындалады.

              

 

 

           2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері

 

     Алға қойылған  міндеттері түбегейлі шешу және қойылған ғылыми болжамның дұрыстығын тиянақтау мақсатында эксперименттік жұмыс жүргізілді.

     Химия пәнінен  зертханалық жұмыстар бойынша оқушылардың оқу жұмысын бақылау, бірнеше зерханалық оқушылардың жұмыс жоспарларын талдау жүргізу, жалпылау және қорытынды сабақтарына қатысу арқылы көрсетілген проблеманың қазіргі іс жүзінде қандай деңгейде екендігіне көз жеткіздік.

     Оқушылар  мен пән оқытушыларымен өткізілген  әңгімелер, сұрақтар беру, бақылау жұмыстарын жүргізу 8-11 сынып оқушылардың  білім деңгейін және зертханалық жұмыстарды меңгеру сапасын, оларды игеру кезеңінде кездесетін қиындықтар мен жіберілген қателіктерді анықтауға мүмкіндік туғызады.

     Оқушылар  оқу үлгерімінің төмен болуының  басты себептерінің бірі - оқытушылар тарапынан оқушылардың зертханалық жұмысты саналы меңгеруіне жеткіліксіз көңіл бөлінетіндігі, зерханалық жұмысқа аса мән берімейтіндігі, қондырғылардың жетіспеушілігі туралы эксперименттік зерттеудің бірінші кезеңінде қорытынды жасалынды.

     Оқушылар  білімінде зертханалық жұмыстардың  мән мағынасын терең түсінбеушілік, ат үстілік, біржақтылық басым болды, ойлау қызметтері әдістерінің дұрыс қалыптасуы, пәнге деген жалқаулық байқалады.

     Зертханалық жұмыстардың анықтамасын, теориясын және кейбір қасиеттерін білу,оқушылардың сол жұмыс бойынша толық дайындығының көрсеткіші бола алмайтындығын зерттеу нәтижелерін айқындап берді.

     Зертханалық  жұмыстарды оқушылардың игеруіне  жәрдемдесетін жұмыстар оқытушылар  тарапынан жеткіліксіз жүргізілді. Тіпті кейде бағдарламада арнайы  қарастырылған жалпылау және  қорытынды сабақтар өз мәнінде  өткізілмейді, оқыту әдістерінде елеулі кемшіліктер мен алшақтықтар орын алған. Осылай өткізілген сабақтар қызықсыз, бір сарынды болғандықтан, олардың педагогикалық тиімділігі жоққа тән. Химиядан зертханалық жұмыстар жан-жақты ұйымдастырылмайды. Оқылатын сабақтар арасында логикалық байланыстарға жете көңіл бөлінбейді.

     Нәтижесінде  оқушыларды зертханалық жұмыстар  қызықтырмайды, тиянақты білім  қалыптаспайды, істелген жұмыстарды  есептегенде өрескел қателіктер  жіберуге әкеліп соқтырады.

     Анықтау  эксперименті кезінде оқушылардың зертханалық жұмысты меңгерудің екі : қалыптастыру және дамыту кезеңдері бақылауға алынады.

     Эксперимент  жүргізілген біраз бөлігі (31%) зертханалық жұмыс дұрыс жасайды, оның кейбір қасиеттерін, өз жүйесіндегі жекеленген тапсырмаларды орындайды (22%), яғни зертханалық жұмыстың қалыптасу кезеңі біршама жаман өтпейді деуге болады.

     Ал зертханалық  жұмыстарды дамыту кезеңін оқытушылар  дұрыс ұйымдастырмайды,керекті құрал-жабдықтар жетіспейді, сондықтан жұмыс істеуге қиындық тигізді. Орта мектепте оқытушылар оқушыларды пәнге қызығушылығының және ойлау қызметінің әдістерін қалыптастыруға жеке оқушылармен жұмыс істеуге баса назар аудармайды. Осының бәрі оқушылардың теориялық және практикалық дайындықтарына кері әсер тигізеді, түрлі қиындықтарға ұрындырады, ең бастысы ойлау деңгейлерінің төмен болуына әкеліп соқтырады.

     Анықтау  эксперименті жәрдемімен біздің  зерттеуіміздің басты мақсаты: химия сабағынан зертханалық жұмыстарды дамыту және оларды оқушылардың меңгеру деңгейінің төмен екендігіне көз жеткіздік. Ол үшін анықтау эксперименті 8-сынып оқушыларына әр түрлі зертханалық жұмыстар ұсынылды.

     Бұл тапсырмалар  барысында бағдарламада қарастырылған  оқылатын тақырыптардың мазмұнына, оқушылардың зертханалық жұмыстарды білу деңгейлеріне сәйкестендіріліп ұсынылды.

     Орындалған  тапсырмаларды талқылағанда, оқушылардың  басым көпшілігін(84,6%) зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібінің, өлшеудегі қателіктерді анықтау жолдарын түсінбейтінін аңғардық. Тапсырмаларды орындауға бағыт-бағдар бергеннің өзінде, қатесіз шығармаған бірде-біреу табылмады, тек жекелеген оқушылар ғана (14,5%) кейбір кемшіліктермен орындады. Кестеде көрсетілген.

           

Топтар

Оқушылар саны

Зертханалық жұмысты  мүлдем қате түсінгендер

Зертханалық жұмысты  анықтай алмағандар

Бағыт берген соң жұмыс істегендер

Оқушылар

%

-

-

Оқушылар

%

I

28

19

73

-

-

7

27

II

30

24

90

-

-

3

10

III

27

27

88,8

-

-

3

11,2

Барлығы

85

70

84,6

-

-

13

15,4



 

 

2-түрдегі зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылардың жұмысты біле тұра, оны қажет кезінде орынды қолдана алмайтындығына куә болдық. 8 сыныпта бір топта 32 оқушы бар. Бір топта 16 оқушы,2 оқушы бір жұмыс жасайды.  

     Әрбір зертханалық  жұмыс жиналған іскерлік пен  дағдыларға жаңа әрекеттер қосу  қажет. Химия пәні бойынша зертханалық  жаттықтыру сабағы барысында арнайы эксперименттік дағдыларды қалыптастыру біртіндеп жүзеге асады. Зертханалық жұмыстар сәйкес оқылатын тақырыптарменен кезектесіп отырады, ал оқушыларды оқыту және дамыту көптеген факторларға байланысты, соның ішінде оның зертханалық қондырғылардағы жұмыстың мазмұны мен материалдың іске асуына байланысты. Зерханалық жұмыстар оқушыларға оқу және анықтамалық әдебиеттермен дербес жұмыс жасау іскерлігін меңгеруге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар сабақ кезіндегі уақытты орынды, ұтымды көлемін өлшеудің әртүрлі әдістерін қолдану және жалпы оқу іскерлігін меңгеруге мүмкіншілік туғызады. Әрбір зертханалық сабақтарға қажетті, теория біліміне негізделген анықтамалар мен заңдылықтарды тұжырымдап айтуға іскерленеді. Бұл жұмыс кезеңінің орындалуын оқытушы тексереді және бұл оқушылардың жұмыстарды орындаудың деңгейі болып табылады. Теориялық материалмен жұмыс істеу іскерлігі мектеп курсынан басталуы қажет. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, оқушылардың теориялық білім деңгейі қажеттілікпенен сәйкес келмейді. Сондықтан зертханалық сабақтарға дайындық барысында және оны өткізу процесінде оқу әдебиеттерменен жұмыс істеу іскерлігін дамыту үшін оқытушы бағытталған бір мақсатқа ұмтылып, оқытылатын материалдан бастысын атап көрсетіп, интеллектуалды іскерлік пен дағдыны, түсініксіз жерлерді өз бетінше және жете түсініп айқындауы қажет. Соның негізінде, эксперименттік іскерлік пен дағдыларға бір жалпы оқулық, интеллектуалды және арнайы іскерлік пен дағдыларды енгізуіміз қажет.

     Зертханалық  жаттықтыру сабағын берілген тақырып бойынша практикалық сабақтардан және белгілі бір тарау өтілгеннен кейін өткізуге болады. Сабақтардың мұндай бірізділігі білімдерді меңгеру және бақылау үшін, осының негізінде сәйкес дағдылар мен іскерліктердің қалыптасуына өте қолайлы. Бірақ, кейбір жағдайларда практикалық сабақтар немесе зертханалық сабақтар тек қана оқытылатын тақырыптармен ғана тоқталады. Зертханалық сабақтарда теориялық материал жүйеленеді және бекітіледі, практикалық сабақтарда алынған химиялық тапсырмаларды шешудің әдіс-тәсілдері қолданылады. Яғни, теориялық білім нақты жағдайларда қолданылады, сонымен бірге өлшеу аспаптардың көмегімен өлшеу әдістемесі бойынша жаңа практикалық іскерліктер мен дағдылар алынады. Зертханалық сабақтардың басты ерекшелігі орындалатын жұмыстың дербестілігі. Әрбір сұрақтар түрінде өзіндік әрекеттер саны оқушылардың шығармашылық ынта-ықыластары және өз беттілігі қалыптасатын зертханалық жұмыстың ауыстыруға болмайтынын көрсетеді(6 кесте).

           

 

 

 

 

 

6-кесте

Әртүрлі сабақтардағы өзіндік жұмыстың іс-әрекеттер саны

           Оқушылардың  өзіндік жұмысты жүргізуі         Сабақтардың  түрлері 



                                                                              Теория       пр.      лаб.сабақ 

                                                                                         лық       сабақ


 1   Алдын-ала  теориялық оқып,  сабаққа                +             +              +

         дайындықты шыңдау  

    2  Тақырыпқа  байланысты есептерді                                       +              +              


          қарастыру


   3   Оқулық материалдарымен танысу және              +              +               + 

          конспектілеу 


   4    Құралдармен танысу                                            

   5    Химиялық құралдарды қолдану ережелерін                       +               +


         пысықтау                                                             

  6     Химиялық құралдарды құрастырудың жаңа                      +               +          


  әдістерін игеру


  7     Жаңа химиялық құралдармен жұмыс істеу         +             +               +

  принципімен танысу            

  8    Химиялық шамалардың тәсілдерін игеру                            +               +            


   9     Жұмыстарының нәтижелерін сараптау                               +               +


          және оларды кесте түрінде  беру   

  10  Теориялық тұрғыдан қателерді анықтау                              +               +


 


  11    Эксперименттің дәлдігін табу                                              +               +     


  12   Жұмыс нәтижелеріне талдау жасау                                                       +


  13    Эксперимент  нәтижелерін график түрінде                                         + 

  беру

  14    Қорытынды эксперименттің  нәтижесін                                              +   


          әдебиеттердегі мәліметтермен салыстыру

         (анықтамаларға ғылыми еңбектерде 

          келтірілген)                     


  15   Экспериментке қажетті құралдардың                                                   +     


  жұмысқа жарамдылығын алдын-ала

Информация о работе Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру