Тағам құрамындағы органикалық заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 09:58, реферат

Описание

Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.
Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
аурудың сатылары, сипаттамалары.
Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 655.50 Кб (Скачать документ)

бағытталатын  жүйкелік сер-          бүліністері (полиомиелит)    -іш кебуі                                             нан,мәселен пневмо-

піндердін бұзылыстарынан.         –шеткері түйіспелердің            -гепатомегалия                                   склероз,эмфизема ке-

                                                          бүліністерінен (миастения)                                                                зінде  

                                                         -тыныстық бұлшықеттердің                                                             - тыныстық  қауырт 

                                                            қабынуы (миозит) немесе                                                               дистресс синдромы

                                                           дистрофиясы.                                                                                    кезінде     

 

Сыртқы  тыныс жеткіліксіздігінің түрлері:

Орналасуы бойынша 

  • Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ
  • Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық
  • Кеуделік (кеуде қуысының зақымдануы кезінде)
  • Жүйке-бұлшықеттік
  • Орталықтық

Патогенезі бойынша

  • Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан
  • Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан
  • Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан

  Ағымы бойынша

  • Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде)
  • Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде
  • ларингоспазм
  • өкпе артериясының тромбэмболиясы
  • асфиксия
  • Жітілеу (бір тәулік ішінде)
  • жіті пневмония
  • гемоторакс, пневмоторакс
  • өкпе ісінуі
  • сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде)
  • пневмосклероз
  • өкпе эмфиземасы
  • өкпе туберкулезі

Сыртқы  тыныстың  созылмалы  жеткіліксіздігінің сатылары:

  • Сыртқы  тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген  сатысында  өкпе желдетілуі бұзылуының белгілер болғанымен қанда оттегінің  қалыпты деңгейі ұсталып тұрады.
  • Шала теңгерілген субкомпенсациялық жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген,өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылған болады. Қанда тотыққан,оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).
  • Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.

ТЖ түрлері

 
 

Гипоксемиялық түрі                                                                                  Гиперкапниялық-

(1-түрі) немесе                                                                                       гипоксемиялық түрі

Ұлпалық ТЖ                                                                                            (II түрі) немесе

(артериялық  гипоксемия                                                                   вентиляциялық ТЖ

рО2<60 мм с.б.)

         себептері:                                                                                                 себептері:

өкпе ұлпасының  және ұсақ                                                                              ұяшықтық гиповентиляция            

тыныс жолдарының                                                                                         → СО2 шығарылуының      

ауыр аурулары                                                                                                 бұзылуы және   гиперкапния                    (рСО2>45 мм с.б.), 

       даму тетіктері:                                   газдық ацидоз, гипоксемия және

  • Дем алатын ауада рО2↓;           газдық емес ацидоз.    
  • Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы
  • газдар  диффузиясының бұзылуы ;
  • вентиляциялық - перфузиялық                                                             

арақатынастың бұзылуы;         

  • веналық қанның жүректің сол

бөлігіне тікелей  түсуі немесе

шунтталуы                                                     

 

Өкпе  гиповентиляциясы

  1. Өкпе гиповентиляциясының обструктивті түрі жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда дамиды

Жоғары  тыныс  жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері:

  • Кеңірдекке тағамның немесе басқа да бөгде заттың түсуі
  • Тыныс жолдарының қақырықпен, құсықпен бітелуі
  • Бронх өспесі
  • Кома жағдайында, наркоз кезінде тілінің көмейіне түсіп кетуі
  • Қабыну кезінде бронх шырышты қабатының ісінуі
  • Көмейдің ісінуі
  • жоғары тыныс жолдарының өспемен, ұлғайған қалқанша безімен, көмекей арты іріңдікпен басылуы
 

тыныс - стеноздық, сирек, демді ішке алу уақыты ұзарған

 

Төменгі тыныс  жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері

  • Бронх және бронхиолоспазм
  • Қабынуда кеңірдекшелер қабырғасының ісінуі
  • Кеңірдекшелердің  дерттік сұйықтықтармен (экссудат) бітелуі
  • Ұсақ кеңірдекшелердің транспульмоналдық қысымның жоғарылауынан қысылуы эмфиземада өкпе серпімділігінің жоғалуы)

Демді шығару фазасының қиындауы

 
  1.   Өкпе гиповентиляциясының рестриктивті түрі өкпенің жайылуы бұзылуынан өкпенің тыныстық беті азайғанда дамиды.

Себептері

  • Өкпеішілік
  • пневмониялар
  • өкпе ателектазы
  • өкпе өспелері
  • пневмосклероз
  • сурфактант тапшылығы
  • Өкпеден тыс
  • Қабырғааралық бұлшық еттердің миозиттері,  миастения- бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттік қажу (кеңірдекшелердің бітелуі, эмфизема)
  • Көкеттің зақымдануы (дем алудың негізгі бұлшықеттері (вентиляцияның 2/3 бөлігін береді) ® күтпеген, әдеттен тыс  тыныс (дем ішке алғанда эпигастр төмен түседі)
  • гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер
  • қабырғаның, омыртқаның тұқымқуатын немесе жүре пайда болған ақауы, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі® кеуде сарайының иілгіштігінің төмендеуі
  • асцит,  метеоризм, гепатомегалия

Өкпенің диффузиялық қабілеті ұяшықтардан өкпенің қылтамырларына ұяшық-қылтамыр мембранасының екі жағындағы газдардың үлестік қысымына байланысты газдарды тасымалдау және кері тасымалдау жылдамдығын көрсетеді.

Өкпеде  газдардың диффузиясы мына жағдайларда  бұзылады:

  • Өкпе  қабынуы, ісінуі  кездерінде ұяшық-қылтамырлық тосқауыл қалыңдауынан,
  • Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беттерінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кезінде),
  • Өкпе қылтамырларында  қан көлемі мен гемоглобин аздығынан,
  • Өкпе ұяшықтарындағы ауа мен  қанның түйісу уақыты қысқаруынан (өкпе эмфиземасы) 

  Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстарын ұяшық-қылтамырлар аралық бөгет  дейді.

     Газдардың  диффузиясы бұзылыстарынан ауыр артериялық гипоксемия дамиды. Бірақ гиперкапния онша байқалмайды. Өйткені көмір қышқылы газының  диффузиялық қабілеті, оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады.

Өкпе  перфузиясының бұзылыстары.Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы  мүмкін:

  • оң қарыншаның жиырылу қызметінің азаюы;
  • жүрек сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпедегі қанның іркілісі;
  • туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы);
  • қан тамырлары  қызметі жеткіліксіздігінен (сілейме,коллапс);
  • өкпе артерияларында қан қатпарларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы.

Шығу тегі бойынша  мына түрлерін ажыратады

  • Біріншілік, идиопатиялық өкпелік гипертензия
  • Екіншілік
  • гиперкинетикалық  (өкпе ішілік шунттар,  қос жармалы қақпақшаның тарылуы)
  • облитерациялық  (өкпенің обструктивті  және рестриктивті  аурулары, өкпелік артериит) 
  • обструкциялық (өкпе эмболиясы,  өкпе артериясының тромбозы)
  •  вазоконстрикциялық (альвеолалық гипоксия, гиперкапния, қанның ацидозы, қан тамырының эндотелий-тәуелді реттелу межеқуатының бұзылысы және эндотелин сөлденісінің ­, нитроксидтің ¯ (NO)

Көріністері: жүректің сол қарыншалық немесе оң қарыншалық жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларды қанның іркілуі, ісінулер, іш шемені ж.б.), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы дамығанда — аралас).

Кіші  қан айналым шеңберінің  гипотензиясы

Өкпелік гипотензиясы кіші қанайналым шеңбері қан тамырларында қан қысымының тұрақты түрде  төмендеуімен сипатталады.
Ең жиі кездесетін себептері:

• Жүрек ақаулары кезінде қанның «оңнан-солға» шунтталуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында, өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде).

• Әртүрлі  себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде).

•Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кездерінде).

 

Көрнекті  материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі  (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и  таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі 

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.
  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386
  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.  447-471.
  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова  М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135

Қосымша:

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513
  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
  5. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

Информация о работе Тағам құрамындағы органикалық заттар