Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 09:58, реферат
Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.
Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
аурудың сатылары, сипаттамалары.
Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.
Мақсаты: дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері, дәрілік аллергия дамуын тудыратын қауіп-қатер жайттарын, дәрілік аллергияның алдын алу және емдеу ұстанымдарын меңгеру
Дәріс жоспары:
Дәріс тезистері
Аллергия дамуының ең жиі кездесетін себептерінің бірі организмге дәрілік заттардың әсері. Дәрілік аллергия дәрілік заттардың жанама әсерлерінің жиі себептеріне жатады, барлық дәрілік асқынулардың 50%-ын құрайды, дәрілерді қабылдайтын науқастардың 10-20 % -ында кездеседі.
Дәрілік аллергияның ерекшеліктері:
1. Дәрілік заттардың ең аз мөлшерінен дамиды, дәрінің мөлшері мен аллергиялық серпілістердің ауырлық дәрежесі арасында байланыс жоқ (дәрілердің аз мөлшері бір адамдарда өте ауыр, организм тіршілігіне қайшы келетін аллергиялық серпіліс дамытса, ең көп мөлшердің өзі кейбір адамдарда аллергияның жеңіл көрінісін береді)
2. Дәріні
қайталап енгізгенде ғана
3. Аллергиялық
серпілістің айқындығы дәрілік
заттың қасиетіне, енгізу
4. Кез келген дәрілік зат аллерген болуы әбден мүмкін.
Аллерген антигеннің барлық қасиеттерімен (макромолекулалы, нәруыз табиғатты, организм үшін бөгде) сипатталуы тиіс.
Бөгде емдік сарысулар, екпелер, жануар ағзаларынан алынған (инсулин, тиреоидин, глюкокортикоидтар) ферменттік және гормондық препараттар, қанның нәруыздық препараттары (альбумин, гамма-глобулин), сонымен бірге өсімдіктерден алынатын фитопротеиндер айқын аллергиялық қасиеттермен сипатталады.
Көптеген дәрілік заттар төмен молекулалық массалы, антиген табиғатты емес химиялық заттар, гаптендер (шала аллергендер) болып табылады, организм нәруыздарымен тығыз байланысқаннан кейін ғана нағыз аллерген бола алады. Тек дәрілік заттар ғана емес, молекулалық байланыстары ыдырауынан, орамдары тұйықталғаннан және тотығулық серпілістерден олардың ыдырау өнімдері де гаптендер болады.
Толық антиганге айналуы үшін дәрілік заттың молекулаласында белсенді, реакцияға қабілетті, құрамында бензол сақинасымен байланысқан хлор, амино- және нитротоптар, сонымен бірге, нәруыздардың аминқышқылдарының кабоксил, сульфгидрил топтарымен байланысып гидролизге тұрақты кешендер түзетін азо- және карбаминтоптары бөліктерінің болуы маңызды рөл атқарады.
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫ ТУЫНДАТАТЫН ЖАЙТТАР:
Организмнің реактивтілігінің жағдайы аллергия дамуының, әсіресе оның өтуі мен аяқталуынын ерекшеліктеріне тікелей әсер етеді.
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік, терінің саңырауқұлақтық аурулары, созылмалы жұқпалардың ошақтары, қосымша аллергиялық аурулар, әсіресе поллиноз, бронх демікпесі, тағамдық аллергияның болуы себептік жайттың (дәрілік аллергеннің) әсеріне және аллергияның дамуына оңтайлы жайт болып табылады.
Аллергиялық серпілістердің дамуында иммундық жүйенің кейбір антигендерге тектік ерекше серпілісі маңызды рөл атқарады. Әрбір антигенге иммундық жауап текпен анықталатыны белгілі.
Иммундық жүйенің кейбір тізбектерінің тұқымқуатын және жүре пайда болған ақаулары аллергиялық серпілістер дамуына әкеледі. Мысалы, Т-супрессор жасушаларының құрамдас бөліктері белсенділігінің жеткіліксіздігі IgE артық өндірілуімен және әртүрлі аллергендердің әсеріне организмнің жоғары сезімталдығының дамуымен қабаттасады. Шырыштағы IgA тапшылығы тыныс, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттарынан аллергеннің енуін арттырады және аллергиялық серпілістер (анафилаксиялық, иммундық кешендік түрлері) дамуына әкеледі.
Дәрі-дәрмектің сіңірілу жылдамдығы мен толыққандылығы, оның тасымалдаушы нәруыздармен тығыз байланысуы, ағзалар мен тіндерге, жасушаларға, құрылымдарға таралу ерекшеліктері, қабылдағыштарымен байланысу сипаты, ыдырау қарқындылығы, шығарылу жылдамдығы дәрілік аллергияға қолайлы жағдай тудыратын организмнің тұқым қуатын және жүре пайда болған ерекшеліктеріне байланысты.
Тұқым қуалауға бейімділік бір адамда химиялық құрылымы және фармакологиялық әсері әртүрлі, кейде тағамдық заттарға, өсімдік тозаңына немесе басқа да аллергендерге дәрілік аллергияның джамуымен сипатталады.
Дәрілік аллергия көбіне созылмалы жұқпалы ауру ошағы бар организмде дамиды:
• IgE-нің артық түзілуіне бейімділік, биологиялық белсенді заттардың тез бөлінуі мен комплементтің құрам бөлшектерінің әсерленуі.
Дәрілік аллергияның даму жиілігі жасқа, жынысқа, нәруыз түзілуі мен антидене өндірілу қарқындығына байланысты.
Аллергия дамуында негізгі рөлді жыныстық жетілу, әйелдердің жүктілігі мен бала емізуі кезінде жоғары болатын иммундық жүйенің жетілу дәрежесі мен функциялық белсендігі атқарады. Дәрілік аллергия көбіне жастық шақта (10 мен 40 жас аралығында) және бала туу жасындағы әйелдерде дамиды. Қарттық шақта дәрілік аллергия иммундық жүйенің функциялық белсендігі табиғи төмендеуімен байланысты сирек кездеседі.
Дәрілік заттарға сенсибилизация дамуында сыртқы орта жайттары: атмосфераға өндіріс қалдықтары шығарылуы, шаңдану, өндіріс пен тұрмыста химиялық заттардың кеңінен қолданылуы маңызды рөл атқарады. Қазіргі адамдардың химиялы табиғатты аллергендермен ұзақ және тығыз жанасуы аллергиялық серпілістердің даму негізінде жататын дерттік арнайы реактивтіліктің түзілуіне ықпал жасайды. Бұл жайттардың әсері ауылдық жерге қарағанда қалаларда айқынырақ. Сол себепті дәрілік аллергияның даму жиілігі қала тұрғындарында ауылға қарағанда жоғары.
Аллергиялық серпілістердің ауырлық дәрежесі мен даму жылдамдығы дәрілік заттарды енгізу жолдарына да байланысты. Өте жиі және тез аллергиялық серпілістер парентералды жолмен (көктамырға, бұлшықетке және тыныс жолдарына) енгенде дамиды. Дәрілік затты ішке, яғни асқазан-ішек жолы арқылы енгізу басқа ену жолдарына қарағанда қауіпсіз. Көбіне аллергиялық серпілістер үзіліспен емделгенде және ұзақ әсер ететін дәрілерді қолданғанда дамиды. Дәрілік зат неғұрлым жақсы тазартылса, соғұрлым дәрілік аллергияны сирек дамытады. Дәрілерге әртүрлі қосымшалар, мысалы, ерітінділер, біркелкі майдалағыштар (эмульгаторларн), консерванттар сенсибилизация дәрежесін және аллергиялық серпілістер дамуын арттырады.
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУ ҰСТАНЫМДАРЫ
А.Д.Адо бойынша дәрілік аллергиялық серпілістер (ДАР) даму жылдамдығына қарай 3 топқа жіктеледі.
Бірінші топқа дәрілік затты организмге енгізгеннен соң аяқ астынан немесе бір сағат ішінде тйындайдын қауырт типті серпілістер (анафилаксиялық сілейме, қауырт есекжем, Квинке ісінуі, бронх демікпесінің ұстамасы, қауырт гемолиздік анемия) жатады.
ДАР жітілеу -II түрі дәрілік затты енгізгенде алғаш тәуліктерде дамиды (агранул оцитоз, тромбоцитопения, дәрілік қызба).
Созылмалы III- түрі дәрілік затты енгізгеннен кейін бірнеше күндер бойы, апта бойы дамиды (сарысулық ауру, аллергиялық васкулиттер, дәрілік гломерулонефрит, миокардит, гепатит, панцитопения ж.б.).
Жалған аллергиялық серпілістер – аллергияға ұқсас, иммунологиялық сатысымен ерекшеленетін серпілістер тобы. Мес жасушаларының түйіршіксізденуін және биологиялық белсенді заттардың бөлінуін тудыратын жайттардың әсерінен дамиды.
Даму тетіктері
Гистаминдік
(гистамин мөлшері) |
Комплемент жүйесінің белсенділенуінің бұзылуы | Арахидон қышқылының алмасуы бұзылуы |
|
|
простагландиндер мен лейкотриендер арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы (аспиринді қолдану) |
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЕМДЕУДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
1. Этиотропты ем аллергенді организмнен аластауға, ал этиотропты алдын алу - организмнің аллергенмен жанасуын тежеуге бағытталады.
Этиотропты алдын алу мақсатында аллергеннің организмге түсуін болдырмау шараларын қолданады. Өндірісте желдеткіштерді, респираторларды, ауаны ылғалдандырғыштарды, тазартқаш қондырғыларды, қолғаптарды ж.б. қолданады.
2. Патогенездік ем аллергия патогенезінің негізгі тізбегін үзуге, ал алдын алу оның дамытатын тізбектерді бөгеуге бағытталады, аллергия дәнекерлерінің түзілуін бөгеуге және бейтараптауға бағытталған аллергияның иммундық тетіктерін тежеу арқылы гипосенсибилизация дамуына әкеледі. Осы мақсатта арнайы және бейнақты гипосенсибилизацияны қолданады.
3. Саногенездік ем және алдын алу –тіндерде, ағзаларда, организмде қорғаныстық, бейімделулік тетіктерді белсендендіру.
Көрнекті материал:
Мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады)
Әдебиеттер:
Негізгі
Қосымша
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. дәрілік аллергияны дамытатын жайттар
2. аллергиялық
серпілістердің жалған