Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

БӨЛУ ЖҰМЫСТАР. НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ.  ӨЛШЕУ ДӘЛДІКТЕРІ

 

Инженерлік  құрылысты бөлу немесе жобадан жерге  шығару  деп жердің бетінде болашақ  құрылыстың планы мен биіктігі бойынша  орнын анықтау үшін жасалатын  геодезиялық жұмыстардың кешенін  айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады. Топографиялық түсірісте ситуация мен рельефтің ерекше нүктелері жердің бетінен планға түсіріледі, ал бөлу процесінде, керісінше, топографиялық планда жобаланған құрылысты жердің бетіне шығарады.

Жобадан жердің бетіне шығару бірнеше кезеңнен тұрады:

1)  жердің  бетіне құрылыстың басты және  негізгі  осін шығару;

2) басты және  негізгі осьтерден аралық (бойлық  пен 
көлденең) осьтерді толық бөлу;

3) монтаждық  осьтерді шығару және технологиялық  құрылғыларды жобаға байланысты орналастыруын тексеретін геодезиялық бақылау.

Бөлу жұмыстарына  талап ететін дәлдіктер әр кезеңге  байланысты өзгеріп отырады: бірінші  кезеңде бөлу жұмыстары төмен  дәлдікпен жасалынады, қате бірнеше  сантиметрге дейін болады, кейінгі кезеңдерде жерге шығару жұмыстары ете дәлдікпен жасалынады.

 

Бөлу жұмыстарының жоба құжаттары

 

Жобадан жердің бетіне инженерлік құрылысты шығару үшін келесі жоба құжаттарының негізгі  топтары қолданылады:

  1. Бас және топорграфиялық пландардың масштабтары 1:5000-1:500, бұнда құрылыстың пландық-биіктік қалпы, оның пішіні, мөлшері және бірі-біріне өзара орналасуы көрсетіледі.
  2. Құрылыстың негізгі қималарының бойлық пен көлденең профильдері, бұнда құрылыстың бөліктерінің жердің бетінен биіктікпен орналасуы көрсетіледі.
  3. Жобаланған инженерлік құрылысты салатын территорияны вертикаль пландаудың (тегістеудің) планы.
  4. Құрылыстың геодезиялық тірек торларының ведомостары мен схемалары.
  5. Жұмыс сызбалары мен графиктер.

Инженерлік  құрылысты жобадан жер бетіне шығару үшін істелетін геодезиялық жұмыстардың алдында жобалық реттеулерді дайындайды. Бұл дайындық кезінде жоба шамалары көрсетіледі және ееептелінеді, сызбадан алынбаган деректер өлшенеді. Бұлар бөлек журналға озылынып, жоба сызбалары жасалынады. 

 

 

 

Құрылысты бөлу пункттері мен тірек торлары

 

Бөлудің пландық тірек торлары. Бұл торларды құру бөлетін инженерлік   құрылыстың   пішіні мен мөлшеріне, орналасу жағдайына,  бөлу жұмыстарының әдісі мен дәлдігіне негізгі пункттерді ыңғайлы орналастыруына байланысты болады. Пландық тірек торлары үшін мемлекеттік геодезиялық торлар мен толықтыру торларының нүктелері, инженерлік   ізденісте  салынған геодезиялық  торлар мен құрылысқа  байланысты жаңадан  құрылған  геодезиялық торлардың  нүктелері    қолданылады. Құрылатын торлар үшбұрыш түрінде  триангуляция мен      трилатерация торларымен, геодезиялық  төртбұрышпен, квадратты   және тікбұрышты құрылыс торларымен, тұйық  және  ашық тердолиттік  жүріспен,   параллактикалық полигонометриямен дамиды. 

Бөлудің биіктік тірек торлары мемлекеттік геодезиялықторлардың  реперлері маркаларымен байланыстырылған  ыңғайлы орналасқан  реперлердің қатарынан тұрады. Пландық-биіісгік геодезиялық негізі мен басты бөлу өстері інүктелерінің орнын анықтау және оларды бекіту процесі ңұрылысты белудің негізгі кезеңіне жатады. Бұл кезең торларды қабылдау актысын жасаумен аяқталады. Құрылысты толық бөлу құрылыстың жеке бөліктері мен элементтерінің қосымша және көлденең осьтерін бөлуден басталады.

 

Инженерлік құрылысты бөлудің негізгі элементтері мен әдістері

 

Құрылыстың жеке элементтерін бөлу жер бетінде жақсы бекітілген  тірек торларының  нүктелері мен  сызықтарынан немесе құрылыстың басты  бөлу остерінен басталып орындалады. Инженерлік құрылысты салу кезінде  бөлу жұмыстарының негізгі элементтеріне жататындар: жоба горизонталь бұрышты салу, жоба арақашықтықты салу, жерге жоба биіктігін шығару, жоба еңістігінің  сызығын шығару, жоба жазықтығын салу.

Жоба горизонталь бұрышты салу бөлу негіздері пункттерінің арасындағы белгілі бағыттан немесе белгілі құрылыстың өсінен  жасалынады. Ол үшін теодолитті шығаратын бұрыштың төбесіне қойып, оны жұмыс қалпына әкеледі де, горизонталь дөңгелектен санақ алады. Содан кейін бір алынған санаққа бұрышын қосып, алидада    бұрандасын босатып, теодолит дүрбісін қосылған санақтың мәнімен бағыттайды.Аспаптан  біршама  қашықтықта дүрбінің көздеу өсінің створымен жердің бетінде С нүктесін белгілейді. Бұл дүрбінің бірінші қалпы (ДС). Содан кейін дүрбінің екінші қалпымен (ДО) жоғарыда айтылғандай салып, жер бетінде С нүктесін белгілейді. Салынатын жоба бұрышы ретінде С  мен С нүктелерінің ортасы  С нүктесін белгілеп,  оны қазықпен бекітеді.

 

Жоба  қашықтығын салудың жалпы жағдайы жер бетінде жоба қашықтығына сәйкес көлбеу қашықтықты D анықтау және бекіту болып табылады. Жерғе салынатын көлбеу сызықтың ұзындығы D анықтау үшін берілген жоба ұзындығы d мен сызыкггың горизонтқа көлбеу бұрышы арқылы формуламен есептейді

D=d+2dsіп2(v/2)     
         D = d /cos v                                                                          

бұнда 2dsin  - көлбеулікке түзетпе

 

Есептелген  ұзындықты D жердің бетімен берілген бағыт бойынша жарық қашықтық өлшеуіш, лента немесе рулетка арқылы екі рет АВ мен АВ салады (2- сурет). Сол екеуінің ортасы В нүктесін жерде белгілеп, қазықпен бекітеді. АВ сызығының ұзындығы D жоба қашықтығы болып табылады. 

                                                                                 

 

                              

 

Егер жоба ұзындығын салу кезінде мүмкіндік салыстырмалы қате 1:2000-нан аспаса, онда 1-қа дейінгі келбеулікте көлбеуге байланысты түзетпе ескерілмейді.

 

Жоба биіктігін жерге шығару. Жоба биіктігін жерге шығару геометриялық нивелирлеу әдісімен орындалады. Нивелирді жақын репер мен биіктікті шығаратын жердің ортасына жуықтап қойып      (3 сурет), репердің үстіне қойылған рейкадан а санағын алады. Содан кейін аспаптың горизонтын (АГ) есептейді, АГ=Нреп + а. Есептелген АГ және Нж арқылы жоба санағын есептейді, bж=АГ-Нж. Осыдан кейін жоба биіктігі шығаратын нүктеде, нивелирдің жіптік торының горизонталь сызығымен рейкадағы bж санағының мәні  сәйкес келгенше, рейканы вертикал қозғалтады.

 

 Жоба еңістігін жерге шығару теодолитпен немесе нивелирмен орындалады. Теодолитпен шығарғанда, теодолитті жоба еңістігі шығарылатын сызықтың басқы нүктесіне қойып, дүрбіні сызықпен бағыттайды. Осыдан кейін жоба еңістігін көлбеу бұрышқа айналдырады, іж=tg ж. Алынған бұрышты вертикаль дөңгелектің санағына салып, дүрбіні сол бұрышқа сәйкес деңгеймен бекітеді. Аспаптың биіктігін рулеткамен өлшеп, оны рейкада белгілейді. Содан кейін біртіндеп еңістік шығаратын сызықтың бойымен рейка қоятын нүктелерді белгілейді (4 сурет). Әр нүктеде жіптік тордың горизонталь сызығы мен рейкадағы белгі сәйкес келгенше рейканы вертикаль қозғалтып, рейка табанының деңгейімен қазық бекітеді. Қазықтың бойымен жіп тартады. Тартылған жіптің бағыты жоба еңістігінің бағытымен сәйкес келеді.

 

Жоба жазықтығын шығару құрылыс кезінде терең шұңқырлардың түбіне және құрылыстың биік бөліктеріне биіктік   бергенде, сондай-ақ горизонталь немесе көлбеу алаң шаларды пландағанда жүргізіледі. Бұнда нивелир аспабы, рейка және арнаулы кронштейнге ілінген ленталар арқылы орындалады.

 

Құрылысты бөлу тәсілдері

 

Құрылысты бөлудің  негізгі әдістеріне жататындар: полярлық координаталар, бұрыштық қиылыстыру, сызықтьщ қиылыстыру және тік бұрышты координаталар, қиылыстыру тәсілдері. Осы аталған тәсілдердің ішінен қайсысынын пайдалану және қолдаңу салынатын құрылыстың, объектінің орналасуына, оның түрі мен мөлшеріне және өлшеулерді орындау мүмкіншіліктеріне байланысты болады.

Полярлық  координаталар әдісі. Бұл әдіс негізінен  салынатын құрылыс геодезиялық  бөлу торына жақын орналасқан және арақашықтықтарды өлшеу ыңғайлы  болған жағдайда қолданылады. Алдымен  жобаның геодезиялық дайындығын жасайды. Ол үшін берілген (немесе графикалық әдіспен анықталған) салынатын құрылыстың С нүктесінің координаталары хс, ус және белгілі болу пунктінің координаталары хс, ус арқылы болу негізінен белу элементтері:

 Дирекциондық бұрыш

Полярлық арақашықтық

 

 

 

С нүктесінің орнына белгілі  пунктке (1) теодолитті орналастырып, белгілі І-ІІ бағытынан    бұрышын өлшеп алып, 1 сол бағытта 11-C; арақашықтығын салу арқылы анықтайды. Полярлық әдіспен нүктені бөлу дәлдігі келесі формуламен анықталады

 

                                                                                              

 

мұндағы mе, mтү арақашықтықпен бұрышты салудың орташа  квадраттық қателігі.

Тура бұрыштық қиылыстыру әдісі (6 а сурет). Бұл әдіс салынатын  құрылыс бөлу негізінен алыс орналасқанда арақашықтықты салуға кедергілердің болу себебіне байланысты қолданылады. Алдыңғы тәсілдегідей С,І және II нүктелерінің координаталары мен І-С, ІІ-С бағыттарының дирекциялық бұрыштары, содан кейін, болу бұрыштары есептелетін І-ІІ бағытының екі шеткі нүктелері арқылы өлшем салады. Сонда І-С және ІІ-С бағыттарының қиылыстыру тәсілі дәлдігі мына өрнекпен есептелінеді:

Мұнда m бұрыштарын салу орташа квадраттық қателігі; в-тіректік нүктелердің  арақашықтығы (қиылыстыру базисі).

 

 

Формула арқылы есептелінген қате берілген шамадан артық болған, онда анықталған нүктенің жобалық жағдайына редукциялайды. Редукция элеиенттерінің шамасын кері геодезиялық есепті қолдану арқылы анықталады.

Сызықтық қиылыстыру әдісі  бөлу торының нүктелері жеткілікті болғанда және салынатын қашықтықтардың шамасы елшеу аспабының ұзындығынан аспайтын кезде қолданады. Суретте (6. б) көрсетілгендей С нүктесінің орны Іі және І2 ұзындықтарының I және II нүктелерден бастап салынып, қиылысқан жерінде анықталады. 

Бөлу дәлдігін бағалау  үшін мына өрнекті пайдаланады:

 

                                                                                               

мұнда m – I және І2 ұзындықтарын салудың орташа квадраттық қатесі; j - ұзыңдықтардың қиылысу бұрышы.

 

 

 

БӨЛУ ЖҰМЫСТАР КЕЗІНДЕ ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ  ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ. ЖОБАЛЫҚ НҮКТЕЛЕРДІ ЖЕР БЕТІНЕ КӨШЕРУ КЕЗІНДЕ ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДІ ТАНДАУ. БӨЛУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ДӘЛДІГІН БАҒАЛАУ.

 

Бөлу жұмыстары инженерлік-геодезиялық  ізденістегі негізгі жұмыстардың  бірі болып саналады. Бұл жұмыстар жер бетіне салынбақшы құрылыстың керекті  нүктелерінің пландық және биіктік шамаларын және жазықтықтарын жобаға сай анықтау үшін орындалады.

Құрылыс жобасын ірі  масштабтағы топографиялық планға салады. Осы планда жобаланбақшы құрылыстың жер бетінде, оны қоршаған заттарға салыстыра қарағандағы және кеңістіктегі орналасу жағдайы анықталады. Сонымен бірге топографиялық план жалпы геодезиялық координаталар жүйесін анықтап, ондағы жобалық нүктелердің осы жүйедегі орнын көрсетеді.

Бөлу жұмыстары түсіру жұмыстарына кері жасалады. Түсіріс  кезінде тікелей өлшеу арқылы тірек торлары қосындарымен салыстыра қарағандағы нүктелердің координаталарын анықтайды. Бұл өлшеулердің дәлдігі түсіріс масштабына байланысты болды. Ал бөлу кезінде кері, яғни жобадағы берілген координаталары арқылы жер бетіндегі құрылыс нүктелерінің орнын керекті делдікпен анықтайды. Бөлу кезінде бұрыштық, ұзындық және өсімшелер өлшенбейді, тек жер бетіне немесе құрылыс үстіне салынады да бөлу жұмыстарының негізгі айырмашылығын құрайды.

Салынбақшы құрылысты  бір жөнге келтіру, оның геометриялық пішініне байланысты болады, ал ол пішіндер осьтері мен беріледі. Жұмыстық сызбаларда құрылыс осьтеріне қарай отырып, олардың барлық элементтерінің жер бетінде алынатын орнын көрсетеді.

Тәртіптік құжаттарда бөлу осьтері деген түсінік орнын  алады. Іс жүзінде негізгі, аралық немесе нақтылық осьтер деп бөлінеді.

Сызықтық құрылыстардың  бас осі деп осы құрылыстардың (жолдардың, каналдардың, плотиналардың, көпірлердің, т.б.) ұзынбойлық остері есептелінеді. өндірістік және азаматтық құрылыстарда бас осі болып ғимараттың симметриялық осьтері саналады.

Негізгі ось деп ғимараттар мен құрылыстардың пішінін және аумақтық өлшемдерін анықтайтын осьтерін айтады.

Аралық немесе нақтылық осьтері деп ғимараттар мен құрылыстардың  белгілі бір бөлек құрамдарының осьтерін айтады.

Құрылыс сызбаларында осьтерді штрих жүргізеді және шеңбер ішінде орналасқан цифрлармен немесе әріптермен белгілейді. Ұзынабойлық  осьтері үшін араб әріптері, ал көлденен өсьтері белгілегенде жай кириллица әріптері қолданылады. Осьтерді сол жақтан оң жаққа және төменнен жоғары белгілейді.

Жобада көрсетілген  координаталар,бұрыштар, арақашықтықтар және өсімшелер жобалық шамалар  деп аталады.

Жазықтықтардың және жобаның бөлек нүктелерінің биіктіктерін шартты биіктіктен бастап береді. Ғимараттардың  шартты биіктігі болып, бірінші қабаттың «таза еден» деңгейі (уровень «чистого пола» ) алынады. Нөлдік шамаға қарандағы биіктікті келесі ретпен белгілейді: жоғары қарай – «плюс», төмен қарай – «минус» таңбалары.

әр ғимарат үшін шартты биіктігі, белгілі бір абсолюттік шамаға сәйкес келеді, ал бұл шама жобада көрсетіледі.

Информация о работе Прикладная геодезия