Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Аспап горизонтын анықтау мен бақылау  мақсатын негізгі шкаладан есеп алынады.

 

Конструкцияларды тік  жағдайда орнату мен шығару тәсілдері

 

Аспап-зенитінің оптикалық тік  жағдайымен, нивелирлеудің қырынан  есептейтін тәсілінен, теодолит арқылы көлбеу жобалау, жіптік отвес арқылы керекті дәлдікке байланысты әртүрлі  тәсілдер көмегімен тік жағдайға құрылыс конструкциялары орнатады.

Жіптік отвестің қолданылуы. Құрылыс  объектілерін тік жағдайға орнатудың  ең қарапайым тәсілі болып жіптік отвес табылады. Ауа ағындарының  әсерінен жіптің қозғалуында пайда  болатын қателерді жою мақсатында ауыр отввестер пайдаланады. Ылдилықтың сызықтық өлшемін анықтауда біріктірілген бағананың басы мен табанында, құрылыс объектісінің басында, үлкен емес консольда (10–15 см) отвес жібін орнатады. Орнатудың тік дәлдігі отвес көмегімен орташа 1/1000 биіктікті құрайды. Тәсілді құрылыс объектілерінің алдын ала жасалатын монтажында қолданылады. Жоғары дәлдікті нәтижелерді тасымалдауға болатын координатометрі бар жіпті (механикалық) отвес береді.  Конструкциямен тығыз байланыстырылған индуктивті қабылдғыш көмегімен конструкцияларды ферромагнитті отвес жібінен ауытқуды автоматтандыру мен өлшеу дәлдігін жоғарылату мақсатында соңғы жылдары электронды отвес пайдаланады. Сұйық ыдысқа ауытқуды жою үшін ауыр жүгі батырылған конструкцияның жоғарғы бөлігіне темір жіп ілінеді. Дифференциалды көпір схемасы бойынша қосылған индуктивтілік катушкасы мен екі саңылау арасынан өткізілген жіп жұмыс элементі ретінде орнатылады. Шығарғанда соғылатын дыбыс жоқ кезінде (тіркейтін аспап нольді көрсететін кезде) және нольге тең ток катушкасы арқылы өтетін ауытқу орнатылуы жіптің ортасына келуімен соңғысы реттеледі. Координаталық осьтерге байланысты тексерілетін құрылыс объектілерінің ауытқуын өлшемі бойынша индуктивті қабылдағыш кернеудің өзгеруі бойынша сызықтық заңдар нәтижесінде тік жағдайдан конструкцияның ауытқуы анықталады. Миллиампердің өзі жазатын әрі визуалды санайтын шкаласы бойынша бұл ауытқу тіркеледі.Барлық басқа тәсілдердегі сияқты бұл ауытқудың амплитудасын төмендету үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы және жіптік отвестың ауытқуы қателікті жою болып табылады. Жоғары дәлдікті өлшемдерді қамтамасыз ететін электронды қабылдағышты өте дәл реттегенде және қоршаған ортаның жағымды кезеңдерінде бұл көрсеткіш ортақ диапозоннан ауытқу 10 мм дейін аспап қателігі 0,1 мм аспайды.

Көлбеу сәілесі арқылы тік жобалау  тәсілі. Көп жағдайларда теодолит аспабы көмегімен тік жағдай бойынша конструкция осьтерін шығарады және орнатады. Жазықтыққа келтіру арқылы және білгілі бір ара қашықтықты сақтай отырып (өз биіктігінен кіші емес) аспапты орнатады. Конструкцияның жоғарғы нүктесін белгілеу арқылы трубаны жоғары көтере отырып, осьтің төменгі белгісіне визирлі осьті келтіреді. Екі нүктенің орташа мәнін тіркеу арқылы және басқа дөңгелек кезінде аналогты жобалау жасалады. Осі отвесті күйде болу үшін коллимационды перпендикулярды соңғы жазықтыққа бұру керек екендігін анықтау мақсатында конструкция осінен бұл нүктенің ара қашықтығын көрсетеді. Табанына, жоғарғы осьті нүктені төмен етіп екі дөңгелек кезінде тік осьтерін шығарады. Конструкцияның көлбеу сызықтық өлшемін осінің жобадағы орнынан нүктенің ауытқуы сипаттайды.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет – Нүктенің жобалық осьтен ауытқуы

 

Бұрыштық ылдилық

 

  γ= ∆/h*p                                                      

 

Бірінші перпендикулярлы тік жазықтық жағдайына осындай түрмен өлшейді.

Тәсілдің негізгі қателік көзі болып келесілер табылады:

1    Теодолит айналуының  тік осі көлбеулігі   (my)

  1. Визирлеу кезіндегі қателіктердің ықпалы   (mb)
  2. Теодолитті орнатудың қателігі   (m∆1)
  3. Белгілердің осьті бекітілуі   (mf)
  4. Рефракция әсері   (mr)

Шкалалы палеткаларды қолданған кезде қателердің бастамасы немесе осьтік белгілердің қателіктерінің тіркелген мәндерін жобалаудың көлбеу тәсілі кезінде ескеру қажет.  Бұл қателердің өлемдерінің мәні елеулі емес және олар 1-2 мм аспайды. Қырында пайда болған рефракция ашық алаңдарда , әсіресе, темірбетонды және металды конструкциялар маңайында үнемі өтетін осьтердің визирлі сәулесіне тік жобалау кезінде ісер етеді. Минималды әсер ететін уақытта (бұлтты күндерде, таң ерте және кешқұрым уақытта ) конструкциялардың жоғары дәлдікті шығарылысын  жасау керек. Теодолиттің тік жағдайдағы көлбеу сәулемен тұрғызу кезіндегі жалпы қателіктер қосындысы келесідей формула арқылы анықталады:

 

m2= my2+ mb2+ mf2+ mr2                                        

 

Мұндағы:

my– Теодолит айналуының тік осі көлбеулігі  

mb– Визирлеу кезіндегі қателіктердің ықпалы  

mf– Белгілердің осьті бекітілуі  

mr – Рефракция әсері  

 

 

ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУДІ, ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ, ЖОБАНЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ  ҚҰРАСТЫРУ ҮШІН МАГИСТРАЛЬДЫ ТРАССАЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ТРАССАНЫ АЭРОҒАРЫШТЫҚ ІЗДЕСТІРУ.

 

Құрылыста инженерлік- геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру

 

Құрылыста геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру сызба жасаудан басталады. Сызбада өлшеу, есептеу, құру жұмыстары жасалынады. Бұл нормативті құжаттарды негізге ала отырып, жобаның геометриялық параметрлеріне сәйкес ғимараттардың дұрыс әрі дәл орналасуына әсер етеді.

Геодезиялық жұмыс құрылыс жүйесін жоспарлау мен жүзеге  асырудың негізгі бөлігі болып саналады. Құрылыс аумағын таңдау барысында жобаны даярлау үшін мынадай геодезиялық қызметтер атқарылады: материал жинау, материалдарды сараптау, материалдарды өңдеу және біріктіру. Күрделі әрі қиын құрылыстарды тұрғызар алдында жер қыртысының деформациясына, өзгеруіне геодезиялық бақылаулар жүргізіледі. Құрылыс конструкцияларын құрастыру барысында жасалынып жатқан жабдықтардың геометриялық параметрлерінің сақталуына бақылау жасалынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін атқарылған геодезиялық  жұмыстың нәтижесі туралы техникалық есеп және генплан құрастырылады. Құрылыс дайындық барысында бірнеше геодезиялық бөлікке бөлінген. Негіздеме жасалынады, территорияны инженерлік дайындықтан өткізеді. Құрылыстың негізгі бөлігінде негізгі нүктеге конструкциялық, жоспарлы элементтерді шығарады. Этаппен атқарылған, аяқталған объектілердің бейнелерін түсіреді. Қажетті жағдайда деформацияны бақылайды. Құрылыста геодезиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: маусымдық дала іздестіру жұмыстары, объектілердегі әр турлі физико-географиялық және экономикалық жағдайларды ескерулер, негізгі орындаушылардың біліктілігі, бір жұмыс орнынан екінші орынға жиі орын ауыстырулар, қала ішінде жұмыс жасағанда транспорт және жаяу жүргіншілер қозғалысының көптігі және т.б.

Геодезиялық іздестіру жұмыстары негізінен бригадаларға бөліну арқылы жүзеге асады. Трассаларды ұзына бойы бірнеше бөліктерге бөліп, әр бөлікке арнайы бригада бекітеді. Бригада құрамы трассалардың жағдайына, орындаушылардың біліктілігіне байланысты құралады. Ауқымды құрылымдарды зерттеу кезінде бір бригада бірнеше жұмыс түрін атқаруы мүмкін. Бұл жағдай еңбектің өнімділігіне әсер етеді.

Зерттеу жұмысын атқару үшін арнайы жоба құрылады. Онда физико-географиялық бейнелеуі, белгіленген аумақтың топографо-геодезиялық зерттелуі, геодезиялық негіздеменің схемасына, есептеулерге сүйеніп жасалуы, геодезиялық орталықтың сызбалары, түсірілімге қойылатын талаптары, жұмыстың ұйымдастырылуы туралы ақпарат, негізгі приборлар, жабдықтардың тізімі, смета және өндіріске қажетті басқа да анықтамалар көрсетіледі.

Құрылыс және монтаждық алаңында инженерлік геодезиялық жұмыстың ұйымдастырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Ең негізгісі, жыл көлемінде әр түрлі күрделі жағдайларға қарамастан құрылыс алаңында жұмыс атқарылады.Тез әрі нақты атқарылған жұмыс құрылыс объектілердің уақытында іске қосылуына жағдай жасайды,ал кейбір жағдайда объектілерді эксплуатацияуға әкеліп соқтырады. Геодезиялық маманның жұмысында қателік болмауы керек. Кері жағдайда қымбат тұратын құрылыстық монтаждық жұмыстарын қайта түзетуге әкеліп соқтырады. Геодезисттердің жұмысы құрылысшылармен үнемі байланысты емес. Бұл оған бір уақытта бірнеше құылыс бригадаларының жұмысына қызмет етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс алаңдарында геодезиялық өлшем жұмыстары дала жағдайына қарағанда ұзақ әрі қиын жағдайда өтеді. Себебі, құрылыс алаңдарында әртүрлі транспорттар, көтергіш механизмдер жұмыс істеп жатады. Құрылыс материалдары, жабдықтар жиналып тұрады. Технологиялық жабдықтарды құрастыру ғимарат ішінде жүргізіледі. Құрастыру алаңында геодезист мамандар мен монтажшылар жұмысты бірігіп атқарады. Геодезисттер құрастырылушы жабдықтардың бастапқы және соңғы жағдайына бақылау жүргізсе, ал монтажшылар өздерінің өлшеу құралдарымен аралық жұмыстарға бақылау жүргізеді. Бұл жағдай бірнеше монтажшы бригадалар жұмысына қызмет етуге ыңғайлы болады. Құрылыс және монтажды алаңдарда арнайы дайындалған өндірістік геодезиялық жұмыстың жобасы бойынша геодезиялық қызмет атқарылады.

 

Өндірістік және азаматтық кешендерді эксплуатациялау кезіндегі геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру

 

Азаматтық ғимараттарға тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар жатады. Өндірістік ғимараттың құрамына құрылыстың бөлігі де кіреді: денсаулық сақтау, сауықтыру және спорттық (ашық стадиондар, сауықтыру алаңдары т.б.) Тұрғын үйлерге әр түрлі қабатты пәтерлі үйлер жатады. (қарттар үйі, мүгедектер үйі, жатақханалар т.б.). Қоғамдық ғимараттарға білім алуға арналған ғимараттар, кадрларды құру және тәрбиелеуге, қоғамдық ұйымдарға және т.б. арналған ғимараттар жатады.

Азаматтық құрылыстарда геодезиялық жұмыстарды өлшеу, сызбаларды есептеу және тұрғызу деп қарастыруға болады. Ең бірінші, ғимараттарды және құрылыстарды дұрыс және дәл орналастыру, екіншіден конструктивтік элементтердің салынуы жобалардың геометриялық параметрлеріне және нормативтік құжаттардың талабына сай болуы. Бұл міндеттердің шешілуі құрылыстық-монтаждық өндірістердің реті бойынша жүзеге асырылады. Геодезиялық өндірістік жұмыстардың келесі этаптарын белгілеуге болады:

  1. Құрылыста алаңды таңдау:

құрастыру, анализ және материалдарды  жинақтау.

2   Құрылысты жобалау:

топографо-геодезиялық іздестірулер;

іздестірудің басқа түрлерін геодезиямен  қамтамасыздандыру;

қосымша мәліметтермен құрылыстық жобаларды қамтамасыз ету.

    3   Құрылыстық конструкцияларды жасау:

құрылыстық конструкциясын геометриялық элементінің параметірінде қалыптасу ұстанымын бақылау.

   4   Құрылыстың дайындық кезеңі:

геодезиялық бөлу негізін құру;

жобалық жұмыстарды, жерасты коммуникациялық  және жол төсеулерді қоса алғандағы  территорияны инженерлік дайындау жұмыстары;

негізгі осьтерді шығару.

  1. Құрылыстың негізгі кезеңі:

конструктивті элементтердің осьтерін шығару;

ғимараттардың жерасты және жерүсті  бөліктерінің тұрғызылуы кезіндегі  құрылыстық-монтаждық өндірістердің  геометриялық қамтамасыз етілуі;

элементтердің құрылыспен аяқталуы мен  құжаттардың құрылуына орындаушы түсіріс;

геодезиялық құжаттардың жиынтығын  тапсыруға дайындау.

  1. Құрылысты аяқтау:

құрылыс процессі кезінде геодезиялық  жұмыстарды орындау жөніндегі нәтижелер  бойынша техникалық есеп беруді құру және тапсыру;

генпланды, арналған инженерлік пландарды,кескіндерді,тіліктерді құру.

Өндірістік кәсіпорындар өндірісті  және белгілі бір өнім шығаруды қамтамасыз етуге кешендік құрылысты ұсынады. Оның құрамына кіретін өндірістік бағыты бар құрылыстар өнеркәсіптік болып  саналады. Оларға жататындар:белгілі  бір технологиялық процесстің мамандырылған ғимаратта жүзеге асырылуы; олармен бірге энергетикалық, күштелген және басқа да орнатылған ғимараттар; складтық ғимараттар; жерасты және жерүсті коммуникациялар және т.б. Өзінің көлемді-жоспарлау және конструктивтік шешім бойынша өнеркәсіптік ғимараттар әртүрлі ауқым бойынша ажыратылады.

Өндірістік кәсіпорындардың құрылысын  тұрғызған сәтте ауқымды геодезиялық  жұмыстар орындалады. Жобаны шығару үшін бөлу торлары тұрғызылады Бөлу торларының пунктерінен ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың басты және негізгі осьтерін шығарады. Бөлшектік бөлу кезінде шығарылған және бекітілген негізгі осьтерінен конструкцияның жеке элементтерінің орналасуын анықтайды. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды монтаждау үшін фундаменттерді бөлу жұмыстарын орындайды.Өндірістік кәсіпорынның құрылыс процестері кезінде өндірістік процесті қамтамасыздандыратын техникалық  жобаларды монтаждау кезіндегі геодезиялық жұмыстар ең маңызды орын алады. Жұмыстардың әдістемесі мен нақтылығы әртүрлі факторларға тәуелді, олардың ең маңыздылары: пішін, өлшем және жабдықтардың конструктивтілігі.

Монтаждық жұмыстарды геодезиямен  қамтамасыздандыру кезінде әртүрлі  тәсілдер мен аспаптарды қолданады. Жармаларды(створ) енгізу үшін теодолиттің  көмегімен ішекті және оптикалық тәсілдерді қолданады, ал түзусызықтарды лазерлік және автоколлимациондық жүйелерді салыстыру арнайы аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады. Егер жабдықтарды тұрғызу оське параллель жармалардан өндірілсе, онда жабдықтауды тұрғызу орнына базалық түзулерді ауыстыруға мүмкіндік беретін шаблондар, длиномерлер қолданылады.Жабдықтарды биіктік орнату кезінде геометриялық нивелирлеу, микронивелирлеу, гидрожүйелер қолданады.

Техникалық жабдықтарды монтаждау  кезіндегі геодезиялық жұмыстардың ерекшелігі арнайы дәлме дәл есептеулерді өңдеуде стандарты емес аспаптарды қолданады.(0.1 мм-ден 0.05 мм-ге дейін)

Беріктілік пен қауіпсіздік  өндірістік кәсіпорындарының техникалық объектісінің сапалы эксплуатациясының  негізгі талабы болып саналады. Өнеркәсіптің авариялық анализі және өндірістік кәсіпорындарының құрылысының көрсетуінше негізгі себептер болып:

1) сапасыз жобалау (есептеу схемасының  қателіктері,материалдарды таңдау  қателіктері,инженерлік-геологиялық  және гидрогеологиялық іздестірулердің  әлсіздігі,жобалық шешімдерді қабылдаудағы кететін қателіктер.

2) құрылыстағы қателіктер (құрылыс-монтаждық  жұмыстардың төменгі сапасы; конструкциялық  элементтердің,түйіндердің, сварлық  тігістердің әлсіз байланысуы; бетондардың  төменгі сапасы; арматура мөлшерінің төмендеуі).

3) эксплуатация кезіндегі конструкциялардың  бұзылуы ( белгілі бір күшердің  әсерінен бұзылуы саңылаулардың  пайда болуына, тұрақтылықтың  жоғалуына, байланыстардың бұзылуына  ) әсер етуі т.б.

Информация о работе Прикладная геодезия