Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Геодезиялық өлшемдердің нәтижесі бойынша барлық жерасты коммуникацияларын  үш түрге бөліге болады. Олар:

1 Өзі ағатын құбырлар (самотечные  трубы). Лас суларды тазарту орындарына  тасымалдайды (өндірістік және тұрмыстық  канализация), атмосферадағы суларды су қоймаларына ( жауын-шашын суларына арналған канализация), 600 мм және одан да жоғары құбырлардың диаметрлері темірбетонды, асбестікцементтік, кіші диаметрдегі керамикалық металдан емес жасалған құбырлар жатады. Канализация құбырларының қосылысында, жол бұрылыстарында, диаметр өзгерісі мен ылдилықта шұңқыр (камералар) орнатылады. Түзу алаңдарда 50-100 метр сайын канализациялық коллекторларда шұңқырларды орналастырады. Коллектордың өзен және канал арқылы өтуі ағыны қатты жер асты сулардың мөлшерін төмендетуге үлкен емес (0,3–0,5 м) асбестцементті, қыштан жасалған және т.б. диаметрлері 150–200 мм болатын құбырларды тұрғызады. Жер асты сулардың дренажды құбырларға құбырдың миллиметрлік түйісуі немесе қабырғалардағы ұсақ саңылау арқылы түсуде. Содан жалпы коллекторға тасымалданады. Өзі ағызатын құбырларды салғанда жобалық ылдилықтың қатаң сақталуын қадағалау қажет. Олардың минималды шамасы диаметрі  200 мм құбырларға 0,005, 600–1000 мм 0,003–0,001 және 1250 мм– 0,0005 болуы керек. Негізінен құбыр төсеніштерін коллекторға жақындағанда ғимараттар мен жауын-шашын суларын қабылдайтын жерлерден қату тереңдігене ылдилықпен орнатады. Ал коллеторлардың өздерін үлкен аудандарда, оларды ағынды қамтамасыз ету мүмкіндігінде төсеніштерге аз ылдилықта елеулі тереңдікте (3-5 м және одан да көп) орнатуға тура келеді.

2 Ағынды суқұбырлар. Үлкен қысыммен  сұйық пен газ өнімдерін негізінен  темір құбырлармен  (суқұбыры, жылуқұбыры  және газ құбырлары және т.б.) тасымалдайды.

Суқұбырын қолдануына байланысты: ішуге  жарамды-тұрмыстық, өрт сөндіруде қолданылатын, өндірістік болып бөліді.

Төмен жерлерде апат кезінде суды ағызуға арналған жерлер және әрбір 100 м сайын өрт сөндіру гидранттары  бар және су беруді тоқтатуға арналған жапқыштары бар құдықтар салынады. Суқұбырының сызығы қату тереңдігінен 0,001 ылдилықпен салынады.

Ыстық сумен қамтамасыз ету үшін және ғимараттарды жылыту мақсатында жылу құбырлар жүйесін пайдаланады. Оларды 0,002-0,003 ылдилықпен жер асты туннельдерде немесе каналдарда орнатады. Жер асты жүйелерінде әрбір 150-200 м сайын П – тәрізді температуралық компенсаторларды орнатады. Торларды жер бетінен 0,5-0,7 м тереңдікте қазады. Өзендер мен жолдар арқылы өтуді жер үсті эстакадалары ретінде жасайды. Газ құбырларын жоғары, орта және төмен қысымды жолдарға бөледі. Оларды жер бетінен 0,7 м тереңдікте салады. Құбырларда газдың төгілуін және газдың жер бетіне төгілуін алдын алу үшін жылжымалы бөлігі бар құдықтар, коверлі-бақылау түтікшелері орнатылады.  Металдан жасалған жапқыштармен қапталған конденсаторлы конденсацияланған суды жинау мен жоюға арналған жинағыш құралдарды температуралық конпенсаторға байланысты белгілі бір ылдилықпен орнатады. Өндірістік аумақтарда бір-біріне параллель орналасқан технологиялық құбырлардың, тек газ құбырларынан басқалары үшін үлкен жетілдірілген тор орнатылады. 

3 Кабель сымдарын жоғарғы және  төменгі күшті тоқты сымдарға  бөледі. Оларды электркөлігі үшін  және жарықтандыру үшін кеіәнен  қолданады. Ал қысқа толқында  сымдарды телефон мен телеграф  байланысы үшін және радиоақпараттандыру, сигнализация кезінде кеңінен пайдаланады.   Оларды жоғарғы жағында кірпішке жақын жерлерде немесе ұзынордың бүкіл ұзындығы бойымен (құмға) бетонды, асбетцементті және басқа да құбырларға кабель желілерін салады. Кабельді салу тереңдігі 0,7-1м, ал күшті кабельдерге кернеу 110 кВ және одан да жоғары болғанда – 1,5-1,8м.

Кейбір кездері жер асты торапты  темір бетонды элементтерден  салынған жалпы жер асты туннельдерде салады. Бір немесе екі туннель  бөлімдерінде су құбыры, жылу, байланыс құбырлары салынады. Туннельде

өзі аға алатын құбырларды салғанда оларды сәйкес ылдидықпен салу керек, ал газ құбырларын орналастырғанда  оларда вентиляция болуы міндетті.

Жер асты коммуникациясын, әдетте, ғимараттар мен үймереттердің фундаментінен 2-3 м қашықтықта, (кабельдер 0,5 м ара қашықтықта орналастырылуы мүмкін) салады. Жер бетіне коммуникациялардың  минималды жақындығы 0,5-1 м шамасында болуы мүмкін. Тек жоғары қысымды газ құбыры үшін бұл ара қашықтық 4-5 м болуы керек.

Дәл түсірістердің міндеттері.

Барлық жер асты коммуникациялар түрлерінде  шамамен пландық түсіру дәлдігі бірдей. Құрылыс салынған территорияларда жеке сызықтар арасында және олардың үймереттің фундаментіне қатысты орташа квадраттық қателігі 0,1-0,15м шамасында рұқсат етіледі. Ал құрылыс салынбаған және өте сирек коммуникациялары бар аудандарда бұл көрсеткіш 0,5 м дейін болуы керек. 

Коммуникацияның биіктік түсірісінің  дәлдігі жобалық белгілер мен  ылдилыққа қатысты ескертулерді қатаң сақтаған кезде жоғары болады. Өзі ағатын құбырларда көрше су жинағыштар белгілердегі қателік 5-10 мм, жобалық ылдилықтан ауытқу – 10-20% , үлкен диаметрлі құбырлар үшін өз өлшеміндегі ылдилықтан ауытқу 0,001-0,0005 аспауы керек. Сондықтан осындай жерлерде биіктікті геометриялық нивелирлеу арқылы анықтайды. 

Жоғары қысымды құбырларда ылдилық төмен дәлдікпен анықталады және троигонометриялық нивелирлеу қолданылады. Кабель желілерінің тереңдігі қарапайым промер тәсілімен анықталады.

Өндірістік және қалалық тұрмыс территорияларында жер асты желілерін 1:500 масштабта, ал аса күрделі жерлерді 1:200 масштабтағы пландарға түсіреді.  

Түсіріс тәсілдері.

Жер асты коммуникацияларын салу кезінде  ең қарапайым әрі дәлдігі өте  жоғары тәсіл болып жер асты коммуникацияларының  беті жабылмаған ұзынорларда жатқан кезіндегі атқарушы түсірісі болып табылады. Планда түйінді құдықтар, бұрылыс бұрыштарының биіктіктері, коммуникацияны кіргізу және тағы басқа нүктелер геодезиялық пунктеріне немесе үймереттің осьтеріне байланыстырылады. Биіктік бойынша құбырды нивелирлейді.

Тік пландау жасалмаған аудандарда (құрылыс аумақтарына баратын жолдар, мұнайгазөнімдерінің құбырлары көрсетілген) бұрын салынған жер асты желілердің анықтауда ірімасштабты аэрофототүсірістің маңызды өте зор. Алдын ала жерде табылған барлық құдықтар мен жер асты желілерінен шығатын орындар натурада белгіленеді. Стереоскоп аспабы көмегімен аэрофотосуреттерді зерттегенде жеке коммуникациялардың жолдары көрінеді. Ерекше белгілері ретінде ұзынор бойындағы топырақтың үйінді мен қазындыға бөлініп тұруы, ұзынор мен жергілікті жердегі өсімдік жамылғысының ерекшеленуі.

Қалалы және завоттар территориясындағы  жер асты коммуникацияларының планын құрған кезде сәйкес құжаттардың  болмауынан сандық тәсілге жүгінуге тура келеді, яғни бір-біріне жақын  орналасқан ұзынорларды терең етіп қазу арқылы коммуникацияның орнын анықтау. Абайлап қазу арқылы құбырлар мен кабельді жалаңаштандыру негізінде және сәйкес құжаттардың бар болуы негізінде жер асты желілер торабының шығу орындарын келешекте ыңғайлы табу мақсатында орналастырады. Бұл жұмыстарды орындаған кезде желілердің ұзындығын, ғимаратқа кіретін және одан шығу жолдарын және барлық объектілерге сипаттама беру мақсатында орындайды. 1м тереңдікте салынған коммуникацияның орналасуын отвес арқылы тіркейді, кейін оны түсіру желісіне немесе үймеретке байланыстырады. Биіктік байланыстыру орындағы анықталған нүктелер бетінде тіркелген сызықтық промерлер көмегімен анықталады. Оны нивелир аспабының көмегімен орындайды.

Шурф ету әдісі тым қымбат. Бірақ ол жерасты коммуникациясының  нақты және толық орнын анықтап бере алмайды.

Соңғы жылдары жер асты коммуникацияларын  табу мақсатында арнайы индуктивті аспаптар құбыр- және кабельтапқыш кең пайдаланып жүр. Бұл аспаптар негізгі үш бөліктен тұрады: дыбыстық өлшемнің генераторынан, іздеу контуры бар қабылдағыш құралдан (антенна); индикаторлық бөліктен (бас телефонмен), қорек көзінен тұрады. Бұл құралдар пландық орнын анықтауда және металды құбырлар мен кабельді жолдардың тереңдігін анықтауда қолданады.

 

Жер асты коммуникациялары бар түсіріс

 

Дамыған қалалардың территорияссы үлкен көлемде әр түрлі жер асты коммуникациялармен салынған. Өндірісі дамыған қалаларда қазіргі кезде жер асты желілер мен үймереттерінің жиырма шақты түрі бар. Оларды негізгі үш топқа жіктеуге болады. Олар:

1 құбырлар: суқұбыры, канализация,  жылу және газ құбырлары;

  1. кабельді төсеніштер: электркабельдері және байланыс кабельдері;
  2. ерекше типті үймереттер: ұзынор, қазаншұңқыр, жер асты өту жолдары, метро;

Қала құрылысының жобасын жасау  мен оны салу кезінде дәлдігі  жоғары жобалық және биіктік барлық коммуникациялардың орнын  және техникалық мағлұматтарын білмеу арқылы орындау мүмкін емес.

Рекограсцировка коммуникацияның  барлық техникалық сипаттамаларын анықтаудан басталады: маңызы, құбыр жасалған материал, олардың сыртқы және ішкі диаметрлері, құдық өлшемдері мен олардың түбінің биіктігі, құбыр биіктігі (люк құдықтарының биіктігі). Құбырлардың ішкі диамтрін анықтау кезінде үшбұрыш рейкасы қоланылады.

Ашық коммуникацияларды табу үшін электронды құбыркебельтапқыш аспабы қолданылады. Жұмыс істеу принцпі  электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Жер асты коммуникацияларын индуктивті тәсілмен іздеу орташа квадраттық қателіктің шамасы 10-30см аспайды. Түсіріс нәтижелері бойынша жер асты коммуникациялардың планы 1:5000 – 1:500 масштабта жасалады. Масштабты тағдауға қала ауданы мен бұрын жасалған пландардың бар болуы әсер етеді.

 

Жер асты коммуникацияларының  атқарушы түсірісі

 

Жер асты коммуникацияларының атқарушы түсірісі тікелей құрылыс жүріп  жатқан кезде орындалады. Ашық ұзынорлар  мен қазаншұңұырларда жасалады. Сол себепті ол жер астында бар коммуникацияларының түсірісіне қарағанда қарапайым әрі ыңғайлы болып табылады. Атқарушы түсіріске жататын барлық инженерлік торлар түрінде коммуникация осі арқылы әрбір 50 м сайын өтетін биіктік орындар нүктелердің орны, бұрылу бұрыштары, қисықтың басты нүктелері, құдық пен камера, ғимараттың сыртқы қабырғасындағы кіргізу және шығару нүктелері, магистральді коммуникациядан бөлінген кезі, басқа коммуникацияларымен қиылысу нүктелерін анықтайды.

Тік түсіріс кезінде түсіріс кезінде анықталған барлық нүктелер мен сыну мен майысу жерлерін планда және биіктік бойынша, коммуникациялардың қиылысуы мен ылдилықтың өзгерген жерлерін, ал құдықтар мен камералар үшін – коммуникайия тереңдігінің өлшемі, обечайки, люктар мен құбыр төбесі анықталады. Суқұбырларын түсірген кезде түйіскен жерлердің ценрлерін, суөлшегіш түйін, субөлетін бағаналар, резервуар мен су жиналатын жерлер, өрт гидранттары, компенсатор бұрыштары.

Суөткізгіш желілерді тұрғызған  кезде оның өлшемін, құбыр түбінің  өлшемдерін, үймеретпен түйісетін жерін, су қашаларының биіктік өлшемдері, су сақталатын жерлер өлшемдері, фильрлеуши залдар мен насосты станциялардың өлшемдері анықталады.

Канализациялық желілерде түйіскен жерлер центрлері, жауын-шашын суларын  қабылдағыштар қашалары, авариялық жіберу түсіріске жатады.

Бұл түсіріс кезінде олардың  пішіндері, түп өлшемдері, су сақтайтын  жерлердің басы мен төменгі жақтарының өлшемдері, аэротендердің лоттары  мен борттарын анықтайды.

Жылу желілерін түсірген кезде  тіректер мен қосылған жерлердің пландық цетрлерін, компенсатор бұрыштарын, бекіту құралдары анықтайды. Егер

газ тасымалдайтын құбырлардың  түсірісін жасағанда түйіскен жерін, газтаратушы пунктердің сыртқы бұрыштары, қысым реттегіштер, компенсатор  бұрыштары, ковер қақпағының жоғарғы бөлігінің өлшемдері алынады.

Атқарушы түсірісті жасаған  кезде коммуникацияның маңызы мен  техникалық сипаттамалары анықталады.  Құдықтар мен камералардың материалы  мен өлшемдері, құбырлардың материалдары мен диаметрі. Түсіріс барысында  жасалған сызба объектіні эксплуатацияға тапсырған кезде қоса беріледі. Соның негізінде келешек жер асты коммуникацияның планы құрастырылады. Атқарушы чертеж құрамына 1:500 масштабтағы топографиялық план, үймерет осі бойынша жасалған қосымша көлденең қима, құдықтар мен камералардың планы, коммуникацияның бұрылу бұрыштар мен диаметрлері көрсетілген каналдар мен коллекторлардың қиылысуының көлденең эскизі.

 

Биіктік ғимараттарды салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар

 

Тірек жазықтарын, құрылыс конструкциялары  мен агрегаттарының нүктелерін жобалық биіктік пен ылдилықта, олардың биіктік тексерісін геометриялық нивелирлеумен, микронивелирлеумен, гидростатикалық  нивелирлеу арқылы жүргізуге болады.

Геометриялық нивелирлеу. Жобалық  биіктіктерді жерге көшірудегі кең  қолданыстағы түрі болып табылады. Нивелирлеудің классын өлшеу сызбасының түрі мен міндетті дәлдігіне байланысты таңдайды. Рейка мен аспап арасында аз ара қашықтықты сақтауға тырысады (25 м дейін).

Техникалық нивелирлеу өлшенген мәндерді станцияларға 2-3 мм орташа қателікпен, ал жоғары дәлдікті нивелирлеу кезінде  бұл шама 0,1-0,2 мм тасымалданады. Жоғары дәлдікті нивелирлеу кезінде контактілі деңгейі бар нивелирді және оптикалық  микрометрді немесе инверлы рейкалары мен компенсаторы бар дәл нивелирді, арнайы штрихталған маркаларды пайдаланады.

Аспап горизонты арқылы өтетін Нj rейбір жұмыс реперлерінен Нреп жобалық биіктікті жерге көшіру кезінде Нж рейка бойынша жобалық есепті алу керек. Микрометрдің бөлік құны 0,005 мм болатын жоғары дәлдікті нивелирді және бөлік құны жарты сантимерт болатын штрихталған рейкаларды қолданған кезде жартыдециметр шамасындағы Нж мен Нреп өлшемдерін анықтау керек. Және аспап горизонтын келесі формула бойынша анықтау қажет:

 

     Нj= Нреп+а                                                

 

Мұндағы:

а – негізгі шкаладан алынған  Нj димеметр шамасындағы есебі

Информация о работе Прикладная геодезия