Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Құрылыстарды бөлудің  барлық жұмыстары жалпы геодезиялық  ережеге сай, яғни «жалпыдан жекеге»  қарай жүргізіледі.

Бөлу жұмыстары –  бір-бірімен байланысқан, құрылыс-монтаждау  істерінің бөлінбейтін бір бөлігі болып есептелетін үрдісті жұмысқа жатады. Сондықтан, бөлу жұмыстарының барлығын ұйымдастыру және оның технологиясы құрылыстың әр сатысына тікелей байланысты.

Құрылыс салардан бұрын  алдын-ала, сол ауданда керекті  дәлдікті қамтамасыз ететін геодезиялық  бөлу негіздері – пландық және биіктік тірек торларын құрып, сол қосындылардың координаталарын және биіктік шамаларын анықтайды.

Әрі қарай жобаны жер  бетіне түсіру үшін геодезиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Бөлу жұмыстары өзі  үш сатыда атқарылады:

Бірінші сатысында жалпы бөлу жұмыстары, яғни геодезиялық негіздерге байланыстыра отырып, салынбақшы құрылыстың бас және негізгі қадалау осьтерін тауып, оны жер бетіне бекітеді.

Екінші сатысында фундаментін  көтеруден бастап құрылыстың барлық элементтерін бөлу жүргізеді. Бас және негізгі осьтерінің бекіткен нүктелерінен бастап құрылыс бөліктерін, жеке бөліктері элементтерінің ұзына бойлық және көлденең осьтерін анықтап бекітеді, сонымен бірге жобалық биіктіктерін қоса анықтап отырады.

Нақтылық бөлу, бас  осьтерін қадалаудан дәлірек атқарылады, себебі бұл бөлу құрылыс бөліктерінің, элементтерінің бір-біріне қарағадағы орналасу тәртіптерін анықтауға мүмкіндік береді, ал бас осьтерді бөлу құрылыстың жалпы орналасу жағдайын және оның бағыт-бағдарын ғана анықтайды.

Егер бас осі жер бетінде 3-5 см орташа квадраттық қатемен анықталса, ал нақтылық қадалау 2-3 мм орташа квадраттық және одан да дәлірек қатемен анықталады.

Үшінші сатысы құрылыс  ішіндегі жабдықтардың технологиялық  осьтерің қадалаудан тұрады. Бұл сатысында  дәлдік өте жоғары болады (кейбір жағдайда милиметрдің 1/10 бөліктеріне дейін жетеді).

 

 

 

ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ БӨЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ЖОБАНЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ: АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУ, БӨЛУ СЫЗБАЛАРДЫ ҚҰРУ, ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫН  ҚҰРУ.

 

Бөлу жұмыстары инженерлік-геодезиялық ізденістегі негізгі жұмыстардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстар жер бетіде салынбақшы құрылыстың керекті нүктелерінің пландық және биіктік шамаларын және жазықтықтарын жобаға сай анықтау үшін орындалады.

Құрылыс жобасын ірі масштабтағы  топографиялық планға салады. Осы планда жобаланбақшы құрылыстың жер бетінде, оны қоршаған заттарға салыстыра қарағанда және кеңістіктегі орналасужағдайы анықталады. Сонымен бірге топографиялық план жалпы геодезиялық координаталар жүйесін анықтап, ондағы жобалық нүктелердің осы жүйедегі орнын көрсету.

Құрылыстарды қадалаудың барлық жұмытары жалпы геодезиялық ережеге сай, яғни «жалпыдан жекеге» қарай  жүргізіледі.

Қадалау жұмыстары – бір-бірімен  байланысқан, құрылысты монтаждау  істерінің бөлінбейтін бір бөлігі болып есептелінетін үрдісті жұмысқа жатады. Сондықтан, қадалау жұмыстарының барлығын ұйымдастыру және оның технологиясы құрылыстың әр сатысына тікелей байланысқан.

Құрылыс салардан бұрын алдын-ала, сол ауданда керекті дәлдікті қамтамасыз ететін геодезиялық қадалау негіздері – пландық және биіктік тірек торларын құрып, сол қосындардың координаталарын және биіктік шамаларын анықтайды.

Әрі қарай жобаны жер бетіне түсіру үшін геодезиялық дайындық жұмыстары  жүргізіледі.

Қадалау жұмыстарының өзін үш сатыда атқарады:

Бірінші сатысында жалпы қадалау жұмыстары, яғни геодезиялық негіздерге байланыстыра отырып, салынбақшы құрылыстың бас және негізгі қадалау осьтерін тауып, оны жер бетіне бекітеді.

Екінші сатысында фундаменттің көтеруден бастап құрылыстың барлық элементтерін қадалау жүргізіледі. Бас және негізгі осьтерінің бекітілген нүктелерінен бастап құрылыс бөліктерін, жеке бөліктері элементтерінің ұзына бойлық және көлденең осьтерін бекітеді, сонымен бірге жобалық биіктерін қоса анықтап отырады.

Нақтылық қадалау, бас осьтерін қадалаудан гөрі дәлірек атқырылады, себебі бұл қадалау құрылыс бөліктерінің, элементтерінің бір-біріне қарағанда орналасу тәртіптерін анықтауға мүмкіндік береді, ал бас осьтерді қадалау құрылыстың жалпы орналасу жағдайын және оны бағыт-бағдарын ғана анықтайды.

Егер бас осі жер бетінде 3-5 см орташа шаршылық қатемен анықталса, ал нақтылық қадалау 2-3 мм орташа шаршылық және одан да дәлірек қатемен анықталады.

Үшінші сатысы құрылыс ішіндегі жабдықтардың технологиялық осьтерін қадалаудан тұрады. Бұл сатысында дәлдік өте жоғары болады (кейбір жағдайда миллиметрдің 1/10 бөліктеріне дейін жетеді). 

 

Жобаны геодезиялық  дайындау

 

Инженерлік құрылыс жобасын  жер бетіне түсіру алдында арнаулы  геодезиялық дайындық жұмыстарын атқару керек, мұнда аналитикалық есептеулер, жобаны геодезиялық іспен байланыстыру, қадалау жұмыстарының сызбаларын сызу, геодезиялық жұмыстардың жобасын жасау (ППГР).

Жобадағы құрылысты жер бетіне түсіру үшін, жақын маңда координаталары белгілі геодезиялық пункттер болу керек. Осы координаталар жүйесінде құрылыстың негізгі геометриялық пішінін анықтайтын координаталары анықталуы керек. Қадалау жұмыстарының геодезиялық негіздері пункттердің координаталарын, оны құру кезінде өлшемдер жүргізу арқылы анықтайды. Құрылысқа жататын нүктелердің координаталарын жобадан графикалық немесе аналитикалық жолмен анықтайды. Ол үшін жобаның негізгі сызбаларын пайдаланады: құрылыстың құрамын және орнын анықтайтын бас план; ірі масштабтағы өлшемдері мен биіктік шамалары көрсетілген құрылыс бөліктерінің пландары мен профильдерінің жұмыстық сызбалары; жер бедерінің планы; жолдардың, жер асты құрылымдарының пландары мен профильдері.

Жобаны геодезиялық дайындаудың  барлық үрдісі жоба элементтерін аналитикалық есептеулерден тұрады. Қабылданған  координаталық жүйеде жобалық өлшемдер мен бұрыштық өлшеулер арқылы негізгі жобалық нүктелердің координаталарын анықтау, пландық (жазықтық) элементтерін және алаңдарды ретке келтіру (аралық жол осьтерін, коммуникация, ойын алаңдарын және т. б.), сонымен бірге сызбалардағы өлшемдердің дұрыстығын тексеру.

Жобаны геодезиялық дайындаудың  үш әдісі бар: аналитикалық, графо-аналитикалық және графикалық.

Аналитикалық әдіс кезінде барлық қадалау берілімдері математилық  есептеулер негізінде анықталады, оның үстіне бұрыннан салынған  құрылыс  ғимараттары мен құрылымдарының координаталары жер бетіндегі геодезиялық өлшемдер арқылы, ал жобалық элементтердің өлшемдері технологиялық есептеулермен беріледі. Бұл әдіс негізінен құрылысты немесе мекемені өркендету, қайта салу және кеңейту, құрылыс алаңы тар болған жағдайда пайдаланылады.

Жиі қолданылатын графо-аналитикалық әдісте бастапқы берілімдердің орындарын  топографиялық планнан графикалық жолмен. Ал қалған бастапқы берілім  нүктелермен қатаң жалғасқан  нүктелерді аналитикалық жолмен анықтайды. Мысалы, ғимараттың топографиялық планы арқылы, оның жер бетінде орналасуын анықтау үшін,ғимараттың бір бұрышының координаталарын және келесі бұрышқа бағытталған сызықтың дирекциондық бұрышын табады, әрі қарай жобалық берілімдері арқылы қалған барлық бұрыштарының координаталарын табады.

Егер ғимарат жобасы бұрыннан салынған құрылымдармен байланысқан болмаса, онда графикалық әдісті пайдаланады, мұнда  барлық жоспарлау нүктелері графикалық жолмен топографиялық планнан анықталады. Барлық бас нүктелерінің орнын, жоба есептеулерін графикалық координаталары арқылы анықтайды. Планнан алынған координаталар, қашықтықтар және бұрыштық өлшемдердің қатесін азайту үшін, планның координаталық тор көз өлшемдерін тексеріп алады. Үлкен масштабты пландар үшін ол 100 мм тең болуы қажет.

Жобалық нүктені жер бетіне түсіру үшін, қандай әдісті қолдансақ та, оның геометриялық элементтері қатаң  түрде, бір-бірімен математикалық  және алаңдағы тұрақты ғимараттар мен  құрылымдармен байланыста болулары керек. Бұл қағида жобалау үшін қабылданған  бастапқы берілім өлшемдерінің (координаталарының, биіктіктерінің, ұзындық және бұрыштық өлшемдерінің) дәлдігін қадағалау кезінде арттыру үшін керек.

 

Жобаны аналитикалық есептеу

 

Жобаны аналитикалық есептеу кезінде  типтік геодезиялық есептер қатары шешіледі. Ең көп тарағандары кері және тура геодезиялық есеп болып  табылады.

Егер құрылыстың  і нүктесі координаталары хА және үА болатын А бастапқы нүктесінен аі дирекциондық бұрышы бағытымен белгілі Di ара-қашықтықта орналасқан болса, онда сол нүктенің координаталары келесі формула арқылы анықталынады:

 

                                                 

 

Шеткі нүктелерінің координаталары хА, үА және хВ, үВ болатын берілген түзу сызықты бөлік үшін дирекциондық бұрыш аАВ және D ұзындықты келесі формулалармен анықтайды:

 

                                           )

 

 

Бөлу сызбаларын құрастыру

 

Жобаны геодезиялық дайындау кезінде  оны байланыстыру (привязка) жүргізіледі.

Жобаны байланыстыру деп геодезиялық  бөлу негіздерінің пунктері немесе тірек  құрылыс негіздерінен жергілікті жерге  көшіру жүргізілетін геодезиялық мәліметтерді (бөлу элементтері) есептеу аталады. Бөлу элементтерінің қызметін ара-қышықтықтар, бұрыштар мен ауытқулар, бөлу жұмыстарының қабылданған тәсіліне байланысты таңдау және есептеу.

Жобаны  геодезиялық дайындаудың  нәтижелері бөлу сызбаларында көрсетіледі. Бөлу сызбасы жергілікті жерде бөлу жұмыстарын жүргізудегі негізгі құжат болып табылады.

Бөлу сызбасын 1:500 – 1:2 000 масштабында  орындайды, ал кей уақыттарда құрылыстың  және оның жергілікті жерге көшірілетін  элементтерінің күрделілігіне байланысты ірі болуы да мүмкін. Бөлу сызбасында: жергілікті жерге көшірілетін ғимараттар мен құрылыстардың контуры; олардың өлшемдері мен осьтерінің орналасуы; бөлу  жүргізілетін бөлу негізінің пунктері; мәндері сызбада көрсетілетін бөлу жұмыстарының элементтері көрсетіледі. Кей жағдайларда бөлу сызбасында қабылданған жүйеде бастапқы пункттің координаталары, бастапқы қабырғалардың ұзындықтары мен дирекциондық бұрыштары, бастапқы реперлердің белгілері және жобаны геодезиялық дайындауда қолданылған өзге де мәліметтер көрсетіледі. Бұл мәліметтер бөлу процессі кезінде және оның аяқталғаннан кейін де бақылау үшін қызмет атқарады.

 

Геодезиялық жұмысты  өндіру жобасы

 

Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстардың  уақытында және нақты орындалуын қамтамасыз ету үшін арнайы жоба құрастырылады. Жалпы құрылыстық жобаның құраушы бөлігі болып табылатын геодезиялық жұмыстарды өндіру жобасында (ППГР): бастапқы бөлу негізін қалыптастыру; бөлу жұмыстарын, атқарушы түсірістерді ұйымдастыру және орындау; өлшеудің талап етілген дәлдігін қамтамасыз ететін тиісті аспаптарды қолдану және құрылыс шартары мен нақты объектіден тәуелді өзге де сұрақтар қарастырылады.

 

 

ОСЬТЕРДІ БӨЛШЕКТЕП  БӨЛУ. БӨЛШЕКТЕП БӨЛІНГЕН ОСЬТЕРДІ БЕКІТУ ЖӘНЕ ОБНОСКАНЫ ҚҰРУ. ҚҰРЫЛЫСТЫ  ТҰРҒЫЗУ КЕЗІНДЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНІН ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕРІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ.

 

Негізгі қадалау жұмыстары

 

Негізгі қадалау жұмыстары деп  көбінесе бас және негізгі осьтерді жер бетіне (құрылыс алаңына) қадалауды  айтады, себебі осы жұмыстар ғимараттар мен құрылымдардың жер бетінде  орналасу жағдайын анықтайды. Сонымен бірге бұл түсінікке аралық осьтердің бас және негізгі осьтермен қиылысу нүктелерін қадалау кіреді.

Салынбақшы құрылыстың түріне және жұмыс ретіне байланысты емес бас  және негізгі осьтерді қадалаудың жалпы  ортақ қағидалары бар. Ең алдымен  құрылыс салынатын алаңда қадалаудың бастапқы берілім жүйесі болуы керек. Ол, мысалы, қадалау жүйесінің негіздері; құрылыс салу ауданының бекітілген шекара сызықтары (аралық жол осьтері, кварталдардың шекарасы және т. б.); орнықты ғимараттар мен құрылымдардың бұрыштары, кейбір жағдайда алаңның нақтылы жер бетіндегі сұлбасы. Есептелініп салынған жобада немесе сызбаларда салынбақшы осьтерді қадалаудың бастапқы берілім нүктелеріне байланыстыру тәсілдері көрсетілуі керек. Қадалау элементтерінің мәндерін есептеу үшін, бастапқы берілім нүктелерінің нақтылы координаталары бір жүйеде анықталулары керек. Егер олар әр түрлі жүйеде берілген болса, онда оларды бір жүйеге келтіру үшін төмендегі формуламен қайта есептейді:

 

мұндағы және - нүктесінің әр түрлі жазық тік бұрышты координаталар жүйесіндегі координаталары;  және - х және ү осьтерімен берілген бұрыңғы жүйедегі , осьтері бар жаңа жүйенің координаталар басы; - бір жүйенің екінші жүйеге қарағандағы бұрылу бұрышы.

Қадалау әдісін таңдау негізінен құрылым  түрінен және оны тұрғызу шарттарынан, қадалау негіздерінің тәсімін құрудан, атқарушының қолында бар, керекті дәлдікті қамтамасыз ететін аспаптардың барлығына байланысты болады.

Құрылыс торы бар алаңында геометриялық пішіні күрделі емес цехтық ғимарат  орнын салу үшін, оның сыртқы осьтерін тік бұрышты координаталар әдісімен шығарады. Мысалы, ғимарат нүктелері А/1 және А/11 орындарын жақын маңдағы 17 және 18 құрылыс торының пункттерін абцисса және ордината өсімшелері арқылы есептелініп алады (Сурет 1). 10 және 11 пункттерінен Е/1 және Е/11 нүктелерінің орны жоғарыдағыдай есептелініп алынады. Шығарылған нүктелерді бекіткеннен кейін, олардың үстіне теодолит орнатып, осьтердің бір-бірімен перпендикулярлығы тексеріледі. Сонымен берге осьтер арасындағы қашықтықты жобаға сай тексереді.

Информация о работе Прикладная геодезия