Прикладная геодезия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:49, курс лекций

Описание

Инженерлік құрылысты бөлу немесе жобадан жерге шығару деп жердің бетінде болашақ құрылыстың планы мен биіктігі бойынша орнын анықтау үшін жасалатын геодезиялық жұмыстардың кешенін айтады. Бөлу жұмыстары өзінің орындалу мәні бойынша топографиялық түсіріске кері процесс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций по ПГ каз.doc

— 2.04 Мб (Скачать документ)

Геодезиялық бақылау, ғимараттардың  және өндірістік кәсіпорын үймереттерінің техникалық жағдайын бақылаудағы техникалық бөлігі болып табылады.

Кешенді жағдай - барлық ұйымдар мен  кәсіпорын қызығушылықтарының максималды қанағаттануын ескереді. Олар жобалаушылардың, құрылысшылардың, ғимарат пен үймерет  эксплуатациялаушылардың техникалық жағдайларының геодезиялық бақылау нәтижесін қолданады.

Жүйелік жағдай – техникалық жағдайдың  техникалық бақылауы бір жүйе ретінде  өңделуі қажет. Негізгі элементтері  ретінде – объект, тәсіл, қажетті  құралдар, құжаттама және бақылау шарты болады.

Оптималдық принципі – геодезиялық  бақылау негізінде, максималды шығын  және максималды эффект кезінде әрбір  жүйенің элементі қойылған есеп –  қисаптың шешімін қамтамасыз етеді. Геодезиялық бақылау жүйесінде  оңтайландырылған  есептерді шешу үшін бірнеше сапалы белгі ретінде категориялық аппарат өңделуі қажет. Категориялық аппарат пен енгізілген критерий негізінде геодезиялық бақылаудағы дәл оңтайландырылған есептерді шешуге мүмкіндік бар.

Стандарттау принципі – геодезиялық  бақылаулар  жүйесіне негізгі функциялар, есептер және талаптар стандарт бойынша қамтамасыз етілуі керек. Барлық өндірістік кәсіпорындарда объектілердің техникалық жағдайын анықтау үшін геодезиялық бақылауды енгізуге рұқсат ететін базалық жүйе стандарт болып табылады. Қазіргі кезде нормативтік база кең көлемде жетілген.

Динамикалық принцип – геодезиялық  бақылау жүйесіне техникалық прогресстің  талабымен жетілдіру және дамуы  мүмкіндігі туу қажет. Осы көзқарастан  өңделетін жүйе оның элементтерін жаңартуға  мүмкіндік беру керек. Ол ғимарат пен құрылыстың жаңа конструктивтік шешіміне, объектілердің эксплуатациялау шартының өзгеруіне, өлшеудің техникалық жаңа үлгісіне, өлшеудің өңдеу нәтижесінің жаңа тәсілдеріне тәуелді болады.

Ауыспалы принцип – машина жасауда, прибор жасауда, құрылыстарда құрылыс объектілердің эксплуатациялау ерекшеліктері кезінде және геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі геодезиялық бақылау жүйесінің тәжірибе алмасуының максималды қолданылуы.

Бейімделу принципі – геодезиялық  бақылау жүйесіне элементтерді өңдеуден және енгізуден құралады. ГБЖ-ның объектілердің бақылау ерекшеліктеріне жылдам орнығуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип қазіргі кезде объектілердің өңделген классификациясында және бақылаудың категориясында орналасқан.

Жоғарыдағы принциптерге сүйене отырып ГБЖ, жүйелік позициясы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Геодезиялық бақылау жүйесі ғимараттар мен өндірістік кәсіпорын үймереттерінің конструкциялық жағдайын Fгк - функция арқылы, кіріс- Хгк , шығыс -Угк , Sгк – құрылымдарын және қоршаған ортамен байланысын Нгк анықтайды.

 

ГБЖ= (Fгк ,Хгк , Угк , Sгк, Нгк)          

 

Құрылымға элементтердің  жиынтығы, элементтердің қасиеттері және элементтердің байланысы жатады. Геодезиялық бақылаудың элементтері  болып бақылау элементтері және оның геометриялық параметрлері, тәсілдері, өлшеу құралдары, орындаушы және құжаттама болып табылады. Геодезиялық бақылау жүйесінің элементтерінің бір-бірімен байланысуының нәтижесі болып геодезиялық бақылаудың технологиялық процессі саналады.

ГБЖ белгілі бір ережелер бойынша қызмет етеді. Геодезиялық бақылау жүйесі әртүрлі қасиеттермен баяндалады, яғни, дәлдікпен, жеткіліктілігімен, нақтылығымен, бағалығымен және т.б.


Информация о работе Прикладная геодезия