Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 11:31, дипломная работа
Пластикалық құралдар дайындауда полиамидтер көбіне мықты салмақпен немесе қажалу арқылы өнім дайындау жағдайында қолданылады. Жоғары механикалық тығыздыққа және антифрикциялау және электрден оқшаулауға жеңіл қолданылатын қасиеті, сондай –ақ тоттануға қарсылығы және химиялық тұрақтылығы, дірілді болдырмауға қабілеттілігі –мұның бәрі машина және құралдар дайындауға арналған маңызды материалдың бірі екендігін байқатады. Бұлардан машина мен самолеттердің аса жауапты бөлшектері де дайындалады. Пластикалық құралдар түрлерінің бүгінгі таңда көп екендігіне қарамастан, полиамидтер дыбыссыз шестерндер, подшипник қосымшасын, виттер, винтеляторлар, ортаңғы және вихрлі сорғылардың жұмысшы дөңгелектерін дайындау барысында пайдаланылатын бірден бір мықты материал болып табылады.
Процестің келесі параметрлері автоматты түрде реттеледі: реакторлар ішіндегі температура, циклогексанон мен гидроксиламин сульфаттын шығысы, ортанын рН (аммиак суын беру арқылы), сепараторлардың фаза аралық шекараларын бөлу деңгейі.
Келесі автоматты түрде блоктау жүйелері қарастырылған:
4 Еңбекті қорғау бөлімі
4.1 Еңбекті қорғау заңы
Дипломдық жобаның осы бөлімі Қазақстан Республикасының келесі заңдарына сүйене отырып жазылған:
1.“Қауіпсіздік
және еңбек қорғау заңы” 28.02.
2.“Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы заңы” 03.04.2002 жылдан №314-II ҚРЗ;
3.“Өрт қауіпсіздігі туралы заң” 22.11.1996 жыл;
4.“Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң” 10.12.1999 жылдан №493-I ҚР еңбек туралы заң (ҚР заңдарына өзгертулер енгізілген 06.12.2001 жылдан №260- II; 25.09.2003 жылдан №484-II).
4.2 Капролактам цехындағы еңбекті қорғау шаралары
Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру капролактам алу цехы 8534 м2 ауданды алып жатыр.
Бұл цех үш сменамен жұмыс істейді. Жұмыс күннің ұзақтығы 8 сағат. Цехта жұмыс істейтін жалпы адам саны 95 әр жұмыс күннің алдында жұмыскерлермен техникалық қауіпсіздік туралы сұрақтар жалпылама қойылған цехқа орналасар алдында әр жұмыскер дәрігерлік комиссиядан, техникалық қауіпсіздік инструктаждан өтеді. Технологиялық құралдар мен жабдықтардың қабылдануы және іске қосуда зауыттың тағайындалған бас инженерімен өткізіледі. Қондырғыны іске қосуды қабылдау кезінде келесі құжаттар болу керек [24]:
Зауыттың бас инженері еңбек қорғау қауіпсіздік техникалық ережелердің сақталуына өндірістегі еңбек жағдайын қадағалау, жарақаттандырудың алдын-алу, кәсіпті сырқатты болдырмау шараларын іске асыру жұмыстарына тікелей басшылық етеді.
Менің жобалау объектімде еңбек қорғаудағы нұсқаулардың барлық жиі жүргізілетін қоғамдық бақылау бас мамандары мен кәсіподақ ұйымы әкімшілік жағынан бақыланады. Мемлекеттік қадағалау мерттігу жарақаттануға байланысты тексеріліп тіркеуге алынады. Қоғамдық және мемлекеттік бақылау мына түрде жүргізіледі. Мемлекет шеңберінде қоғам тұрғысында мамандықтар саласында.
Еңбек туралы заңдылықтар негіздері өндіріс басшыларына жұмысты қауіпсіз қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған байланысты өндіріс басқармасы барлық жұмыс орындарын сапалы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау Қауіпсіз техникасы санитарлық ережелерге сай талаптарды қадағалау тиіс.
Жұмысшыларға қауіпсіз еңбек ету процесін қамтамасыз ету үшін шикізаттың, аралық және ақырғы өнімдердің улылығы және өртке қауіптілігі жөнінде түсіндіру қажет; техникалық тәртіп нормаларынан ауытқуға жол беруге болмайды және еңбек қауіпсіздігі талаптарын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау қажет, жарақат алған тұлғаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету қажет.
Циклогаксанкарбон қышқылы. Улылығы. Уланудың басты белгілері: бас ауруы, жүрек айну, асқазан ауруы, демалыс жолдарының қабынуы, өкпенің ісінуі.
Негізгі сақтандыру шаралары: Денеге тиген кезде жарақаттанған жерді сабынды сумен жуу. Будан уланған жағдайда уланған адамды таза ауаға немесе ауасы желдетілген бөлмеге шығару керек. Жеке қорғаныс құралы ретінде қышқылға төзімді қолғаптар, көзілдірік, маска, противогаз қолданылады.
Сутегі. Улылығы. Сутегі улы зат қатарына жатпайды. Алайда, ол жоғары концетрацияға жеткен кезде және ауадағы оттегі концентрациясы азайған кезде тұншығу байқалады.
Өртке қауіптілігі:
Өздігінен тұтану температурасы ᵒ С ------------------ 510
Жарылу шексіздігі; % (көлемдік үлесі)
Ауадағы тығыздығы
------------------------------
Аммиак. Улылығы. ПДК ауада 20 мг/м3. Аммиакты иіскеудің өзі демалыс жолдарының ісінуіне, тұншығуға әкеп соқтырады. Теріге тітіргендіргіш әсер етеді. Әсіресе көз, ауыз, демалыс жолдарымен мен асқазан қабынады.
Негізгі қауіпсіздік шаралары: ғимаратты желдету, техникалық және өндіріс санитария талаптарын сақтау. Аммиактың өткір ащы иісі болады. Сондықтан ол ауаға аз тараса да, бірден білініп тұрады.
Зақымданушыға көрсетілетін алғашқы көмек. Буға уланған адамды жақсы желдетілген бөлмеге шығару қажет. Көзге тиген кезде оны міндетті түрде көп мөлшердегі сумен жуып, содан соң 0,5 % сірке қышқылының ерітіндісімен немесе бор қышқылымен, қайтадан сумен жуу қажет. Қатты уланған жағдайда дәрігер шақырту қажет.
Өртке қауіптілігі
Өздігінен тұтану температурасы С----- 630
Жарылу шексіздігі; % (көлемдік үлесі)
Ауадағы тығыздығы ------------------------------
Басқа да жанғыш заттармен біріксе жануы ұлғая түседі. Улылығы. ПДК ауада 1 мг/м3 күкірт қышқылына шаққанда. Улану белгілері: конъюктивит, көз қиықтарының жаралануы, дерматит, тері қабықтарының зақымдануы, язва, демалыс органдарының қабынуы және өкпенің ісуі, тістің сынуы, ауыз қуысының, тамақтың күйуі, асқазан ауруы, жүрек айну, құсу.
Негізгі алынатын шаралар: ғимаратты барынша желдету, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны сақтау.
Зақымданушыға көрсетілетін алғашқы көмек. Көзге тиген болса көп мөлшердегі сумен жуып, зақымданған тері тұстарын сабынды мол сумен жуу қажет. Ішке кетіп қалған жағдайда –асқазанды сумен жуады; демалғанда зақымданушыға ас содасының ерітіндісін дайындалған аэрозол беру.
Өртке қауіптілігі. Олеум тез тұтанғыш, жарылғыш заттар қатарына жатпайды. Алайда басқа да органикалық заттармен араласқанда жанады.
Олеум су мен басқа да құрамынд оттегі бар заттармен бірлесіп бойынан жылу бөледі. Ол карбит, нитрат және металл шаңымен қосылғанда өте қауіпті.
Олеуммен жұмыс жасайтындар міндетті түрде пайдалануы тиіс:
Циклогексан. Улылығы. ПДК ауада 80 мг/м3 . Уланудың басты белгілері: бас айналу, жүрек айну, құсу, паралич.
Негізгі сақтандыру шаралары: ғимаратты барынша желдету, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.
Зақымданушыға көрсетілетін алғашқы көмек: денесінің зақымданған жерлерін сабынды сумен жуу, көзге тиген жағдайда оларды да мол сумен жуу.
Өртке қауіптілігі:
Жарылу температурасы ᵒ С -------------------------- 20
Өзінен өзі тұтану температурасы ------------------ 260
Жарылудың концетрацияланған шегі
Ауадағы бу тығыздығы --------------------
Нитрозирлеу қондырғысын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары.
Осы қондырғымен жұмыс жасайтындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегідей негізгі шаралар алынған:
Нитроз бен олеумның аса улылығына байланысты қажетті:
Циклогексанкарбон қышқылын нитролиздеу сатысында жарылыс ошағы пайда болуы мүмкін. Ол игерілмеген нитрозил қышқылының реакцилау құралында жиналуынан болады. Мұндай жиналу мына жағдайларға қатысты болады:
Жарылу реакциясы температура көтерілген кезде де пайда болуы ықтимал. Компрессорлардың тоқтап қалуыда осы секілді жағдайға соқтырады: бұл кезде реактордағы қысым көтеріледі де, соған қарай температурада жоғарылайды. Температураның көтерілуі сондай – ақ термостаттауға циклогексанның жетіспеуінен де болады.
Жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрінде де нитрозилдеуші қоспа реакторға құйылмай автоматты түрде тоқтап қалады. Сонымен қатар, реактордың әр сатысында қауіптілікті болдырмау үшін алдын ала мембрана мен реакциялық қоспаны арнайы жиынтықтарға құйып алуға арналған арнайы апатты құйылым қарастырылған, оған қажетіне қарай бүкіл реакциялық қоспаны да құйып алуға болады. Жарылу қауіпі бар демалу жүйесіне қосылған.
Капролактам. Улылығы: ПДК ауада 10мг/м3 . ең төмен концентрациядағы капролактам буымен демалғанның өзінде жүйке жүйесі қозып, мұрынның қанауына әкеп соқтырады, демалыс жолдары қабынады, асқазан бұзылады, бауырда өзгеріс пайда болады. Капролактам буымен ұзақ уақыт бойы байланыста болғандарда жоғарыда айтылғандармен қатар көз, тамақ, тері қабынуы байқалады.
Негізгі сақтандыру шаралары: ғимаратты барынша желдету, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.
Зақымданушыға көрсетілетін алғашқы көмек. Денесінің зақымданған жерлерін сабынды мол сумен жуу, зақымданушыны ауасы жақсы желдетілген орынға шығару және дәрігер шақырту.
Өртке қауіптілігі. Капролактам тазарту қондырғысында пайдаланылатын ауамен және химиялық өнімдермен араласа отырып, жарылғыштар қоспасын қалыптастыра алмайды [5].
4.3 Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары
Қауіпті өндірістік факторларды талдау жобалап отырған цех зияндылығы жағынан А тобына жатады. Кәсіпорын санаториясының шектеуі бойынша винилхлорид алу цехы тұрған ауданының оң жағынан арақашықтықта орналасқан. Өндірісте мертігу, жарақаттануды болдырмаудың екі тәсілі бар. Статистикалық және техникалық тоқтың тұрақты және тұрақсыз (айнымалы) түрі болады. Адамға әсер ететін электр тогі үш түрлі болады.
Теориялық адамның терісін дірілдетеді, қоздырып әсер етеді. Осы 3 әсер 2 түрлі жарақатқа алып келеді.
1-ші электрлік жарақат;
2-ші электрлік соққы.
Осы электр тогынан сақтану
үшін белгілі бір жүйелерді еңбекті
ұйымдастыру саласында
4.4 Жерге қосу қондырғылардың есебі
Жұмысшыларды электр әсірмен қорғау үшін цехтағы жабдықтар жермен жалғастырылады ұзындығы 2,5 метр болатын темір электрод көмегімен ылғалдылығы орташа жердің меншікті кедергісін өлшегенде ол rо = 0,15× 100 м болады. Жерге сіңетін токтың мөлшері Iж=60 A жермен жалғастыру әр қоспасының ұзындығы 5 метр болатын, бір-бірінен 15 метр арақашықтықта орналасқан екі сызықтың көмегімен іске асырылады. ҚР СНжЕ 3.02-01-2002
Информация о работе Капролактам (лактам ε-аминокапрон қышқылы)