Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:54, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Мемлекетіміз бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биік мақсатқа жету жолында, егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқарудың тиімділігін арттыру, өзге дамушы елдерге үлгі боларлықтай дәрежедегі еліміз үшін тарихымыздың пайдалы дүниелерін жаңғырту қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр»,− деген сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды.
Жүсіп Баласағұнның ежелгі танымдық көзқарасы тәңірлік дінінің негізін салған данышпан Заратуштрамен ұштасып тұр. Ертедегі Шығыс поэзиясы мен прозасының асыл мұрасы, сақтар мен ғұн, парсыларға ортақ «Авеста» кітабын дарытқан Заратуштра Күнді әлемнің тірегі, барлық тіршіліктің жаны – деп, адам болмысындағы рухани күштің ізгі табиғатын ерекше бағалайды. Заратуштра іліміндегі өзекті идея: ізгі сөз, ізгі ой, ізгі іс - әрекет бірлігі идеяларын кездестіреміз. Заратуштра сол кездің өзінде рухани-танымдық, тәрбиелік ойларымен қатар басқару туралы да тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар айтқан.
Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару идеясының екінші негізі –халық тәлімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлері - үлкенді сыйлау, тілді құрмет тұту, адамгершілікті болу - «Құтты біліктің» әр бәйітінде орын алған. 6500–ден астам бәйіттен тұратын дастанның мазмұны осы төрт кейіпкердің сұхбатынан құрылады. Яғни, дастандағы ізгілікті басқарудың негізіне: төрт асыл қасиет әділет, бақыт, ақыл, қанағат арқау болады. Дана халқымызда құт-береке, дәулет, ынсап деген қасиетті ұғымдар бар. Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн халық тәлімінен шығатын Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағатты басты тұлға ретінде алу арқылы құтты ел құруды, әділетті қоғам орнатуды басты мақсат етеді. Қорыта айтқанда:ізгілік туралы тәлім-тәрбиелік көзқарастың қайнар көзі – халықтық педагогика.
.«Құтты білік» дастанының үшінші негізі – әлемге танымал классикалық шығармалар, тарихи ғұламалардың ғылыми тұжырымдары, ел басқарған тұлғалардың өсиеті мен ізгі іс-әрекеті. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан, байырғы өркениеттің ошығы болған Орталық Азия континентіне тоқталғанды қажет етті. Әлем тарихында бұл аймақтың сом тұлғалары Дала ойшылдары деген атпен белгілі. Бақыт пен ізгілік туралы айтылған құнды ой-пікірлер Анахарсис, Афрасиаб, қолбасшы Аттила т.б тарихи тұлғалардың көзқарастарында айқын көрінеді.
Жүргізілген тарихнамалық зерттеу, әлемге аты танымал скиф пәлсапашыларының бірі Анахарсистің (б.з.д. VIғ.) ой-пікірлерін кеңінен қарастыруға мүмкіндік берді. Атақты философтар – Аристотель, Лукиан Самосатский, Солон, Диодор Силилийский, т.б. - құрмет тұтқан ғұлама ізгілікті басқаруға кедергі болатын адам бойындағы көре алмаушылық, қызғаншақтықтың арсыз, жаны таза еместерге тән қылық екенін айтқан. Оның басты ұстанымдары мен адам бойындағы жақсы, жаман қылық туралы пәсапалық ойларының түйіні ізгілікті басқаруға негізделгені айқын көрінеді. Анахарсистің эллиндер еліндегі мемлекеттік құрылымы мен сол елдің заңнамаларымен танысқаны жайлы Солон мен кездесу әңгімесінде байқалады. Бұл тарихи сәтте ғұламаның әр сөзі скиф елін көркейтуге бағытталған.
Ізгілікті басқару идеясының генезисін айқындауда, көшпенді өркениетінің сом тұлғаларының бірі – Афрасиабтың өмірлік жолы ерекше назар аударды. Ол Сасанидтерге дейінгі Тұранды басқарған айтулы елбасы. Осы тұрғыда ғылыми қызығұшылық тұдыратын жағдай – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде Афрасиябты дара тұлға ретінде көрсетуі. Яғни бұл дерек ғұламаның ізгілікті басқару идеяларының негізінде тарихи басшы тұлғалардың ұлы істерінің жатқанын дәлелдейді. Афрасиябтың басшы ретіндегі бейнесі былай сүреттеледі: Түрік бектері ішінде атын асырған. Алып Тоңға Ер еді, құты тасыған. Білімі-даңқы-ұлы, көптің сарасы. Білімді, ойлы әрі халық ағасы. Тәжіктер оны Афрасиаб атаған. Елдерге ол көп ізгілік жасаған.
Баласағұнның өлең жолдары Ер Тоңғаның аса білімді, халқына сыйлы, парасатты басшы болғанын көрсетеді. Алып Ер Тоңғаның ерлік мектебінен шыңдалып, жақсы тәрбие алғандығын байқауға болады.
Қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын ғұндардың басшысы Мөде, Афрасиабтың оныншы ұрпағы болып табылады. Сонымен қатар, ғұн патшасы Аттиланың бейнесі тарихта ерекше орынға ие болып отыр. Басқаруда ол ар намыс, сөзді сыйлау, үлкенді сыйлау сияқты дәстүрлерді негізгі қағидаға айналдырды. Аттила: біз ғұндық дәстүрлерді негіздегенде, оларды жас ұрпақтар өздерінен кез келген сәтте соны күтетінін біліп үйренуге тиіс дейді. Аттиланың ізгілікті басқарудағы ой-пікірі тәлімдік идеялармен ұласып, тәбие жағынан да мәнді болып келеді. Мұны мынадай өсиеттерден көруге болады: ақылды көсем сол, жас көсем өз халқына қамқорлық жасауға дайын сәтке және өзінің соңғы сәтіне даярланған көсем. Мұндай дайындықты үзбей жасап отыру қажет, себебі өзіне сенім көрсетпеуден, тақтан тайдырудан және өз міндетін атқару қабілетін жоғалтудан сақтану үшін де солай ету керек.
Сонымен, Дала демократиясына тән ел басқару жүйесіндегі тұлғалардың даналық қасиеттері ұрпақ алдындағы жауапкершілікті жан- тәнімізбен сезінуімізге тірек болады. Яғни, ұлттық болмысымызды қалыптастыратын дала өркениетінің бүгінгі ұрпаққа үлгі болар ұстанымдары өмірдің мәнін түсінуге, адамгершілікке жетелейді.
Ретроспективті талдау көрсеткендей, көшпенді өркениетінде ерекше орын алған тек ер азамат тұлғалары ғана емес. Сонымен бірге көшпенді өмірдің бар ауыртпалығын көтеріп, халқының мәдениетін ұрпағына сіңіре білген әйел-ана тұлғалары да тарихта белгілі. Халық арасында сақ патшайымы Томиристің ерлік істері туралы көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Томиристің басқарудағы негізгі ұстанымдары – ізгілік, адамгершілік, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті, елін, жерін құрметтеу сезімдеріне тәрбиелеу.
Жүргізген зерттеу барысында, Батыстық өркениеттегі басқару мәселесінде ізгіліктің құнды қағида екеніне көз жеткіземіз. Мұнда ізгілікті басқару тәрбиесіне ерекше мән берді. Ежелгі грек философы Сократ (б.з.д.469-399ж.ж) рахымшылдық, мейірімділік, білімділік, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат – шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты десе, Платон мен Аристотель қоғамды тәрбиелеуде ізгілікті басқару идеясын басшылыққа алады. Платон (б.з.д.427-347жж) адамдар теңсіздігінің, әділетсіздіктің себебін қоғамдық өмірді ұйымдастырудан іздеген. Адамзат дамуындағы ізгілікті басқаруды көздейтін негізгі идеяларды жүйелесе болады (2-сүрет).
2-сүрет- Көне өркениеттеріндегі ізгілікті басқару ұстанымдары
Басқару – үздіксіз үрдіс. Ол адамзат дамуының әр кезеңінде жаңа идеяларға, жаңа бағыттарға талаптанып отырады. Бұл идеялар, біздің пікірімізше, ауыз әдебиетінен көрінетін рухани мұралардан басталып, жазба мәдениетіміздің, тіліміздің ең көнесі болып саналатын тарихи мұрамыз − Орхон-Енисей және Талас жазуларында (V-VI ғғ.) ірге тасын қалаған. Мұнда туған жерді қорғау, халықтың намысын қорғау, ізгілікті басқару туралы құнды ойлар айтылады. Елдің бірлігі, ел басқарған көсемдердің ерлігі, еліне деген адалдығы ердік пен ездік сезімге толы толғаныспен баяндалады. Орхон жырларындағы Білге қаған, Күлтегін сияқты халқына адал бек тағайындауы елдің жағдайын ойлайтын бек болуын қалаған ойынан туындап отыр емес пе?!
Басқару туралы құнды мәселелер, әсіресе, ізгілікті басқару идеясы Орталық Азияда Қайта Өрлеу, яғни Ренессанс дәуірінде қарқынды дамып, Тұран жерінде ерекше құбылысқа айналды (IX –XIII ғғ.). Ренессанс – дегеніміз мәдениеттің жаңарып, жаңғырып отыруы. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды дүниеге әкеледі. Солардың қатарында әлемнің екінші Ұстазы атанған Әл-Фараби, әйгілі «Шахнаманың» авторы Фирдоуси, медицина негізін қалаушысы Ибн сина, ең алғаш түркі тілінде шығарма жазған Жүсіп Баласағұн, Орталық Азиядағы тұнғыш сөздігінің авторы Махмұд Кашгари, т.б. Игілікті басқару идеясының түрлі қырлары ғұламалардың еңбектерінде жан-жақты ашылады. Ерекше назар аударытыны олардың басқару іс-әрекетін адамгершілік, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланыстыра қарастырағандары. Ғұламалардың құнды ойлары төменгі кестеде жүйеленген (1-кесте).
1-кесте – Шығыс ғұламаларының ізгілікті басқару туралы идеялары
Ғұламалар |
Негізгі ой |
Тәрбиелік мәні |
Ал- Фараби |
||
Әлеуметтік-этикалық трактат: саяси қайраткерлер қала тұрғындарын ізгілікке үйретіп, оларды абзал адамдарға айналдырады; Азаматтық саясат: бірінші басшы алдамдарды бақытқа апаратын әрекеттерді белгілеуге әрі анықтауға қабілетті; Қайырымды қала: адамның мүшелерінің мүлде мінсіз болуы; өзіне айтылғанды жете түсінуі және оған айтқанның бәрін өзіне елестетуі қажет; |
ел басшысы – елдің ең басты тәрбиешісі; | |
Фирдоуси |
Шахнама: таза өмір сүр, құмартпа тамашаға. Байлық құма, тұрашыл, білімді бол, өз патшаңа барынша сенімді бол |
баланы жастайынан ізгі қасиеттерге баулу: білім, әділ, сенім |
Ибн Сина |
Қоғамға ақылды, жомарт патша қажет |
Ақыл і мен жомарттық қасиет тәрбиелеу |
Махмуд Кашгари |
Диуани-лугат-ат турки: Ұлық болсаң – iзгi бол (халық тәлімінен) |
әдептілікке,адамгершілікке шақыру |
Зерттеу бойынша, яғни ғұлама Жүсіп Баласағұнның мұрасындағы ізгілікті басқару тақырыбын ғылыми тұрғыда негіздеуде ғұлама өмір сүрген кезеңнің ерекшелігін қарастырғанды жөн көрдік. Бұл бағытта жүргізген зерттеуімізде әлемдегі Қайта Өрлеу тарихи кұбылысын методологиялық тұрғыда зерттеген белгілі ғалымдар Н. Конрад пен В. Жирмунскийдің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдағы ізгілікті басқаруға әсер еткен Орта Азиялық Ренессанс дәуірінің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:
- гуманизм мен ізгілік -Ренессанстің негізі ұстанымдары;
халық тәрбиесіндегі салт-
Ренессанс дәуірінде қалалар жедел қарқынмен өсіп, экономикалық және мәдени алға басушылық болды. Әдебиет пен мәдениет ерекше дәрежеде өркендеді. Түркі тілінде көркемдік деңгейі аса жоғары шығармалар жарық көре бастады. Солардың бірі тарихи мән-мағынасын жоймаған, түркі халықтарының рухани мұрасы - «Құтты білік» дастаны. Әділетті басшы басқарған, ізгілік орнаған қоғамда өмір сүру қай кезеңде болмасын, адам баласының ізгі арман- мұраты болған. Соны көздеген түркі әлемінің ұлы ойшылы, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн қоғамның дамуындағы басқару процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда мақсат етті. «Құтты білік» дастанындағы ізгілікті басқарудың құрылымы төрт ұстанымға негізделген. Олар:
- біріншіден, мемлекетті басқаратын әділ заңның болуы;
- екіншіден, елдің бақ-дәулеті артып, құт қонсын деген тілек;
- үшіншіден, ақыл- парасат, оның қоғамдағы әлеуметтік рөлі;
- төртіншіден, қанағат-ынсап мәселесі.
Жалпы айтқанда, «төрт» деген саны Баласағұнның дүниетанымында ерекше орын алады. Мұндай дүниетанымның негізінде ертеден қалыптасқан қөзқарас жатқаны анық. Ежелгі түсінікте әлемді төрт нәрсе ұстайды деп сенген, ол: жер, су, ауа, от. Осы төрт нәрседен әлемнің үйлесімі жасалады. Баласағұның кейіпкерлері де төртеу.«Құтты білік» дастанында төрт кейіпкер төрт қасиетті ұғымның (Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат) иесі болып табылады да, осы кейіпкерлер арқылы ізгілікті ел басқарудың айрықша жүйесі ашылады. Бұл арқылы адам бойындағы мінез құлықтың өзгеруінің негізгі себебін нақты бейнелеуі, әсіресе, жауанмәртілік жөніндегі тұжырымдарының рухани құндылығы айқындалады. Жәуанмәртілік ізгі, нұрлы ақыл дегенді білдіреді. Әділеттілік кісіні ізгілікпен табыстырады. Жәуанмәртілкі ілімі жүрек тәрбиесінің негізінде жатады. Мұнда Ізгі қасиеттер басшылыққа алынады (3-сүрет)
3-сүрет-Жәуәнмәрттілік ілімінің негізгі көрінісі
«Құтты біліктің» тақырыбы, мазмұны ел бірлігін сақтап, елді құтайтуға, кісілікті қорғауға, адамшылыққа, негізінен, әділет, ақыл-парасат, қанағат сияқты мораль философиясындағы басты ұғым ізгілікке шақырады. Сондықтан да «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң қызметін атқарған десек, артық айтқандық емес. Себебі, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негізгі өзегін қоғамды қалыптастыру және басқару мәселелері, мінсіз қоғам және адами құндылықтар туралы пікір құрайды. Жүсіп Баласағұнның ойынша, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және мемлекетті басқару мәдениетінде өшпейтін өлшем бар әрі ғұлама ойшыл педагогикалық мұрасында адамның мінез-құлықтарының нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің бұл қоғамды басқарудағы міндеттері мен қызметтерін де белгілеп береді.
Халық пен ел билеуші арасындағы әртүрлі қарым - қатынаста мемлекеттің негізін қалайтын әділетті қоғамның арқауы ізгілік идеясы кейіпкерлердің сұхбаты арқылы беріледі. Сонымен қатар, дастанда түрлі әлеуметтік топ өкілдері мен басқарушыға тән мінез-құлық ережелері, олардың арасындағы қарым-қатынас мәселесі терең баяндалады. «Құтты білік» дастанынан қарым-қатынастың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар: әлеуметтк, құқықтық, мәдени, іс-әрекеттік және т.б. Қарым-қатынастың түрлері қызмет аясындағы адамдардың бірнеше сипатын белгілеуге мүмкіндік тұғызады. Олар басқару ісінің белсенді субъектілері болып келеді. Жүсіп Баласағұнның кейіпкерлері әр-түрлі қарым-қатынаста болып, сарайдағы қызметкерлер, әулиелер, білгір, ғалым адамдар, жұлдызшылар, ақындар, диқандар, сатушылар, малшылар, қолөнершілемен байланыстың ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, басшыға қол астындағы қызметкерлерді қалай ұстау жайы айтылады. Бұл жердегі бәіттерден адамгершілікке мол қарым-қатынасты көреміз:
Қызметшіні қолда, ұста күтүмде
Ішкіз, жегіз, киімдерін бүтінде
Күшіне сай жүк арт, қинап талдырмағ
Жауаптысың ол үшін хақ алдында
Ғұлама айқындайтын
басшының қызметкерлермен қарым-
Ұлық болдың, көңіліңді кішік тұт
Ұлықтарға, ұл, жарасады кішіктік.
Жүсіп Баласғұн бектерге қызмет істеудің заңдары мен тәртіп-тәсілдерді Өгдүлміш пен Одғұрмыш кейіпкерлер сұхбаты арқылы баяндайды. Осыдан қызметкерлердің екі түрін байқауға болады: бірі ұлан кезіне іске кірер, ,екіншісі-есейіп білек түрер. Дегенмен, ғұлама мынадай құнды кеңес береді: Кім ашқысы келсе қызмет өаөпасын. Кішкентай , жас кезінен-ақ бастасын. Қызметкерлерге қойылатын талап:заңды білу, әдепті сақтау,айтқан сөзін бағыттау, әдет-ғұрыпқа сүйену, іскер болу, елге жағымды, сақ, шапшаң, атқарған ісіне бап болу, т.б.