Наркотикалық анальгетктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:54, автореферат

Описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Мемлекетіміз бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биік мақсатқа жету жолында, егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқарудың тиімділігін арттыру, өзге дамушы елдерге үлгі боларлықтай дәрежедегі еліміз үшін тарихымыздың пайдалы дүниелерін жаңғырту қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр»,− деген сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды.

Работа состоит из  1 файл

kuanish.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

-

Осы бағыттағы ғылыми талдау Жүсіп  Баласағұнның басқару туралы ой-пікірлерін жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Бұл  жүйенің бүгінгі күн талабымен  үндесетін ізгі басқарудағы мынандай құрамдық компоненттері де айқын көрінеді: мақсаты; міндеттері; заңдылықтары; ұстанымдары; бағыттары; қызметтері; әдіс-тәсілдері.Негізгі компоненттеріне сәйкес «Құтты білік» дастанында көрініс тапқан халыққа құтты өмір сыйлаудағы тәлім -тәрбиелік өсиетке толы ізгілікті басқарудың логикалық -құрылымдық мазмұнын былайша. топтастырса болады (2-кесте ).

 

 

Кесте-2-Жүсіп  Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың логикалық-құрылымдық мазмұны

 

«Құтты білік» дастаны  − түркі халықтарының рухани асыл қазынасы.Дастандағы ізгілікті басқарудың негіздері – Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат.

Ізгілікті басқару идеясының  негізгі  компоненттері

Мұрат-мақсаты

халыққа құтты өмір сыйлау,ізгілікті  қоғам орнату

факторлары

ізгі сөз

табиғат

салт-дәстүрлер

 ел басқарудағы  ізгі

қарым-қатынас

Әділет, Бақыт, Ақыл –ой,

Қанағат

Міндеттері

ізгілік орнаған,бақытты,әділетті қоғам құру;жетілген, сақи жанды, ізгі тұлға тәрбиелеу

Қызмет аясы

әлеуметтік

саяси,

экономикалық

экологиялық

рухани

мәдени

табиғи

Ұстанымдар

.мемлекетті басқаратын әділ заңның болуы; елдің бақ-дәулеті артып, құт қонсын деген тілек; ақыл- парасат, оның қоғамдағы әлеуметтік рөлі; қанағат-ынсап мәселесі

қарым-қатынас түрлері

әлеуметтік

құқықтық

мәдени

жантанулық

Заңдылықтар

тумасы ізгі, тек ізгілік  төгеді,

Егер қолың ұзын болса,халыққа  ізгі қылық, ізгі сөзбен жарылқа. Ізгілік  ісі ақылдылық шынайы.

 

мақал-мәтелдер;

аңыз-әңгімелер;

салт-дәстүрлер;

нақыл сөздер;

әдет-ғұрыптар;

танымдық көздері

ежелгі аңыз-әңгімелер;

ежелгі наным- сенімдер

әдіс-тәсілдері

ізгі қарым қатынас  жасау, пікір алысу, түсіндіру, ақыл-кеңес  беру,бақылау, т.б.


Зерттеу нәтижесінде  жасалған құрылымдық жүйе Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті  басқарудың мәнін ашуға бағытталған. Әлемдегі төрт құндылықтың мәні кейіпкерлердің өзара тығыз бірлікте, үйлесімділікте болуы арқылы ашылады. Олардың әрқайсысы Әділет басқарған қоғамда халыққа құт, береке әкелуді мақсат етеді. Баласағұн көздеген жүйенің ерекшелігі де осында.

Елікке қойылған талап  –еліне адал болу. Бұл мақсатқа жетіп, міндеттерді орындауда, ғұлама педагогикалық мұрасында патшаның ерекше бейнесін суреттейді. Бек деген ұғымды биіктетіп, құлқы тузу, сөзі шын, мейірімді бекті даралай түседі. Бұл даралаудағы мақсат не? Ел басқарушы бектің қандай болғаны жөн? Осы мәселе төңірегіндегі зерттеу нәтижесі дастандағы елбасшысын сипаттайтын бірнеше тәрбие қағидаларын талдауға мүмкіндік берді.

Жүсіп Баласағұндағы  ізгілікті, мерейін үстем етуі қазақ хандығы дәуірінде қалыптасқан Билер институтында жалғасын табады. Қазақ халқы әрқашан «Тура биде туған жоқ, тyғaнды биде иман жоқ» деп тyғaнынa тартпай, параға сатылмай, әдiл билiк айтушы билердi дәрiптеген. Олар қазақ тарихында дала төсіндегі әділдіктің жаршысы, қара қылды қақ жарып, әділін айтқандығымен дараланады. Осындай ерекше тұлға, қазақ билерінің көшбасшысы, дала жұртына билік жүргізуде тұлғаға айналған Майқы бидің қағидасы өлшеусіз мұра. Тарихта: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бекер айтылмаса керек. Сол сияқты Толе би, Казыбек би, Айтеке би, Жарылғап би, Сарыбай би, Назарбай би қоғамның дамуын тежейін көкейкесті мәселе қозғайлады. Олардың ел басқару үрдісін ізгі ниетпен жүргізуге байланысты ұлағат пікірлерін келтірсек болады (3-сүрет)

 

3-сүрет-Қазақ  халқында билер институтын құрған  ұлы тұлғалар

 

Қазақтың атақты билерi бүгiнгi ұрпаққа тек қана шешендiк  сөзiмен, әдiлеттi шешiмдерiмен ғана емес, сонымен катар, адамгершiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа бастайтын өнегелi өмipiмeн, биiк парасатымен де қымбат тұлғалар.

Қорыта келгенде, артына өшпес мұра қалдырған және Баласағұнның еңбегі – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазына. «Құтты білік» дастанындағы ізгілікті басқару ілімі түркілік дүниетанымдық ой-пікірлер синтезінен қаланған. Ұлы ғұламаның ізгілікті басқару туралы ойларының құндылығы қазақ жырауларымен, Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымдық көзқарастарымен үндестігі құрайды.

Ғасырлар бойы халқымыздың  қанына сіңген имандылық қағидалары: адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым-қатынасы негізінде  жас ұрпақты тәрбиелеудің сыры тереңде  жатыр. Қоғамның жаңаруы, еліміздегі саяси  жүйенің тұрақтылығы демократияның орнауына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен билік жүйесін демократияландыру кезеңінде еліміздегі құқықтық мемлекет қалыптастыру мен басқарудың тиімділігін арттыру бағытында билік жүйесінде жаңа бетбұрыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, билік жүйесін демократиялық жолмен дамыту мәселесі қазіргі таңда қоғамда көкейкесті сипат алып отыр.

 

Қорытынды

 

Жүсіп Баласағұнның педагогикалық  мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздерін арнайы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төменгідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. Жүсіп Баласағұнның  ізгілікті басқару туралы озық  идеяларының дамуына ғұлама өмір  сүрген кезеңде болып жатқан  тарихи, мәдени құбылыстар, әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайлар ықпал болды. Сонымен қатар, ертедегі Шығыс өркениеттердің –Месопатамия, Шумерлер, Мысырлықтар, Индия мен Қытай – білім, ғылым, рухани мәдениетіндегі жетістіктері. Бұл жерде Антика әлемінің әсерін де ерекше айту қажет. Сол кезеңде Шығыс және Орталық Азияда грек және рим философтарының ой-пікірі кеңінен тарап, екі континенттің ғылым саласындағы қарым-қатынасы тығыз болды. Бұған дәлел Аристотель, Лукиан Самосатский және Солонның Дала данасы Анахарсис туралы қалдырған пікірлері.  

2. Жүсіп Баласағұнның «Кұтты білік» еңбегі – ізгілікті басқару идеясын түркі тілінде тұнғыш баяндаған дастан. Мұндағы ізгілікті басқару идеяларының көздерін- біріншіден, ежелгі рухани танымдар, наным-сенімдер, аңыз-әңгімелер, әдет-ғұрыптар, халық тәлімі; екіншіден, ел басқарған тарихи тұлғалар; үшіншіден, ғұламалардың ғылыми көзқарастары мен белгілі классикалық шығармалар құрайды.

3. Дана халқымызда  құт-береке, дәулет, ынсап деген қасиетті  ұғымдар, дастандағы қоршаған табиғаттың құбылыстары Қүн мен Ай тұлғалар -Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағатпен салыстыра білгені Жүсіп Баласағұнның кең дүниетанымын көрсетеді. Ерекше көзқарас ғұлама арқылы құтты ел құруды, әділетті, ізгі қоғам орнатуды басты мақсат етеді

4. Жісіп Баласағұнның ізгілікті басқарудағы идеяларының алғышарттарын зерттеуде Дала ойшылдарының тәлім-тәрбелік ойлары назар аударды. Түркі ғұламасының басқару іс-әрекетіндегі көзқарасына көшпенді өркениетінің сом тұлғаларының бірі – Афрасиабтың ықпалы зор. Бұған тұлғаның ғұлама еңбегінде айтылуы дәлел.

5. Тарихи-салыстырмалы, ретроспективті зерттеу әдістері түркі ойшылының ізгілікті басқарудыңтағы да бір рухани бастауларын негіздеуге мүмкіндік тұғызды. Атап айтсақ, олар Орхон-Енисей және Талас жазулары. Жүргізілген зерттеу барысында көне жазбаларының қалыптасуы мен ондағы ізгілікті басқарудың мәні, алатын орны, атамекенді жаудан қорғау, дау-жанжалдарды ақылмен шешу керектігін және «Құтты білік» дастаны арасындағы сабақтастық айқындалды.

6. «Құтты білік» дастанының ерекше құрылуымына арқау болған парсы мәдениетінің түп-тамырларының бірі «Сиясат-наме», «Панд-наме». Баласағұн өмір сүрген кезеңде бұл шығармалар бүкіл әлемге жұлдыздай жарқырады. Осы қатардағы Фирдоусидің «Шахнамасы» түркі дастанында айқын көрінеді.

7. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ой-толғау, биік парасаттылықта әл-Фарабидің ықпалы айқындалып, ғұламаның мінсіз мемлекет туралы тұжырымдарымен сабақтаса түседі. Сондықтан да «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң қызметін атқарған.

8. «Құтты білік» − басқару даналығын, тұрмыстық және адамдармен қарым-қатынасты үйрететін жол көрсетіп, бағыт сілтейтін этикалық-дидактикалық тұрғыда жазылған шығарма. Баласағұн ізгілікті басқару мәселесінің өзектілігін дәлелдеуде ел бірлігін сақтауды, елді құтайтуға, кісілікті қорғауға, адамшылыққа, негізінен, әділет, ақыл-парасат, қанағат сияқты мораль философиясындағы басты ұғым ізгілікке шақырады.

9. «Құтты білік» дастанында халық пен ел билеуші арасындағы әртүрлі қарым -қатынаста мемлекеттің негізін қалайтын әділетті қоғамның арқауы ізгілік идеясы кейіпкерлердің сұхбаты арқылы беріледі. Мұнда Баласағұн түрлі әлеуметтік топ өкілдері мен басқарушыға тән мінез-құлық ережелері, олардың арасындағы қарым-қатынас мәселесін көрсете білген. Осы бағыттағы жасған ғылыми талдау ғұламаның ізгілікті басқару идеясының негізін  жүйелеуге мүмкіндік туғызды. Бұл жүйенің бүгінгі күн талабымен үндесетін ізгі басқарудағы мынандай құрамдық компоненттерін дастандда анық байқалады: мақсаты; міндеттері; заңдылықтары; ұстанымдары бағыттары; қызметтері; әдіс-тәсілдері. Диссертация мазмұнында бұларға сипаттама беріліп,  дастандағы көріністері ғылыми тұрғыда талданады.

 

 

Зерттеу мазмұны  мен нәтижелері мынандай еңбектерде жарияланды:

1 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының тәрбиелік мәні // Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. −Атырау, 2007. −307-310 бб. 

2 Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастанындағы ізгілік тәрбиесі // Жаңа Қазақстандағы этнопсихология мен этнопедагогиканың өзекті мәселелері. ХІІІ Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы. −Алматы ,2008. − 62-64 бб.

3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ел басқару мәселесі //Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы». №.4. −Алматы, 2007. −90-92 бб.

4 «Құтты білік» дастанындағы ел басшысының келбеті// «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.−Алматы, 2008. №1. − 96-99 бб.

5 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ағартушылық идея // ҚазҰПУ. Профессор Н.Оралбай және тіл білімі мен әдістеме ілімі. Халықаралық конференция . −Алматы, 2008.−384-387 бб.

6 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы басқару мәселесі // Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. Мәдениет пен өнер дәстүрінің әлем кеңістігіндегі сабақтастығы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы .−Алматы, 2008. −435-438 бб.

7 «Құтты білік» дастанындағы басқару идеясының тәрбиелік мәні // «Білім-Образование».−Алматы ,2008. №6 .−70-71бб.

8 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ізгілікті басқару идеясы // Білім беруді реформалау: ұлттық басымдылықтар және олардың шешімін табу жолдары. «Баласағұн оқулары» атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференция. −Тараз, 2008. −146-149 бб.

9 «Құтты білік» дастанындағы ізгілікті басқарудың мәні // «Рухани- ғылыми мұра» тақырыбындағы республикалық ғылыми- теориялық конференция материалдары.− Алматы, 2008. − 556-559 бб.

10 Жүсіп Баласағұн мұрасындағы басқару мәселесінің өзектілігі // Ізденіс. №2. −Алматы, 2009. −247-249 бб.

11 Жүсіп Баласағұнның тәлім- тәрбиелік идеяларының ұлттық тәрбиедегі рөлі // Ұлт тағлымы .№2.−Алматы, 2009. −13-16 бб.

12 Құқықтық мемлекет  қалыптастырудағы әділетті билік // «Білім беру жүйесін модернизациялаудың қазіргі әдістері» атты Ш.Ш.Шаяхметовтің 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары, Абай атындағы ҚазҰПУ.−Алматы, 2008. − 358-362бб.

13 Тұлға тәрбиелеудегі  «Құтты білік» дастанының гуманистік  сипаты //Абай атындағы ҚазҰПУ. −Алматы, 2009.

14 Humanity Aspects in Kutty Bilik Dastan by Jussup Balassagun // We would like to invite you to the Second International Congress of 
European Turks –Бельгия. -2009.-25-29 бб.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

Молдасан Куаныш Шормановна

 

Основы  гуманного  управления в педагогическом наследии Юсуфа Баласагуни

 

Актуальность темы исследования. Стратегия образования сегодня не может не учитывать формирующуюся в сознании современной личности тенденцию, связанную с утверждением в обществе самоценности национальной культуры, национального языка и прогрессивных воспитательных традиций народа. Сфера образования для любого этноса во все времена человеческого развития была и остается средством сохранения себя как особой общности. Именно через воспитание, просвещение, родной язык веками осуществлялась преемственность поколений, трансформировались культурные ценности. Исключительная значимость этой задачи подчеркивется Президентом страны в ежегодных Посланиях народу Казахстана, которые нацеливают на поиск национальной идеи, возрождение культурных ценностей, трудов исторических личностей. В этой связи обращение к наследию известного тюркского мыслителя Юсуфа Баласагуни является своевременным.

Яркий представитель  периода Ренессанса на Центрально-Азиатском  континенте сосредоточил в своем  энциклопедическом творчестве ценные философско-педагогические идеи, исследование которых, на наш взгляд, способствует развитию нравственных ориентиров современной молодежи. С историко-педагогических аспектов научный интерес вызывают проблемы управления (педагогического менеджмента). «Кутадгу билиг» Юсуфа Балсагуни, наряду с такими мировыми шедеврами как «Шахнаме», «Сиясатнаме», «Домострой», «Златоуст» и др. поднимает масштабные проблемы об устройстве человеческого общества, основанного на гуманных принципах, содержит ценные общечеловеческие идеи о нравственном управлении в социуме, взаимоотношениях людей, стиле руководства,  социальном воздействии на развитие личности. В рамках транслируемой национальной идеи воспитания и совершенствования содержания современной управленческой науки, целенаправленное исследование ее исторических предпосылок, раскрытие основ гуманного управления в педагогическом наследии тюркского мыслителя является на сегодня актуальным.

Информация о работе Наркотикалық анальгетктер