Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................

Работа состоит из  1 файл

Мал азығы Курстық жұмыс.doc

— 443.50 Кб (Скачать документ)

            Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Биотехнология, мал және балық

                                                                                       шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

               «Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру»  пәнінен

 

                                            КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

      Тақырыбы: «Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын     

                                                    азықтандыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Студент: Даулетова  Г. ВМ-21 топ

                                                                          Жетекші: а.ш.ғ.к., аға оқытушы

                                                                                           Ахметалиева А.Б.

 

 

 

                                            

 

                                                ОРАЛ,2012

 

 

 

                                               МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе …................................................................................................................3

І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5

1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың

энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14

1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін

қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30

1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру 
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32

ІІ. Есептеу бөлімі

2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36

Қорытынды ..........................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

      Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден – халқымыздың ең жоғары сапалы тағамдарымен, екіншіден – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді.

     Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

      Ғылыми техниканың  ерекше дамуына байланысты ірі  қара шаруашылығы да қарқында  дамуда, әрі одан алынатын өнімдерді  көбеюде.

         Жалпы мал шаруашылығы қазіргі уақытта іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың қарқынды жолға көшуіне байланысты жоғарғы деңгейде дамуда.

    2015 жылға дейін әрбір  шаруашылықта сауын иырларының  сүтін 4000-5000 кг-ға дейін көтеру  көзделініп отыр, ол үшін: мал  азығын молайту және селекциялық  асылдандыру жұмыстарын жақсарту  қажет, ал ірі қарадан алынған ет өнімін, әр түрлі есептегенде 30-40 %-ға көбейту межеленуде.

    Ірі қара шаруашылығының  нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқындытнхнологияға  көшіру, әрі әр табынның сапасын  жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау  тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.Соның ішінде ірі қара малдарын азықтандыру мәселелеріне айрықша тоқталып, негізгі түйінділерін айтуға болады.

       Ірі қараны азықтандыру. Ірі қара көп қарынды күйіс қайыратын малға жатады. Олар негізінен өсімдіктектес ірі жем-шөппен қоректенеді. Азықтандырылуы шаруашылықта өсірілетін ірі қара бағытына байланысты ерекшеленеді. Алынатын негізгі өнімі бойынша ірі қара сүт және ет өнімдеріне бөлінеді.

      Сүт бағытындағы ірі қараның негізгі өнімі сүт – биохимиялық тұрғыдан өте күрделі де бағалы биологиялық сұйық. Қанға сіңірілген қоректік заттардың әсерінен сиырдың желінінде пайда болады. Жаңа туылған төлді сүтпен қоректендіретіндіктен оның құрамында тіршілікке қажетті барлық дерлік қоректік, минералды және биллогиялық заттар жеңіл қорытылып, игерілу түрінде жиналады.

     Түзілген  сүттің құрамы желінген азықтыңда,  тамырдағы қанныңда 

құрамынан ерекшеленеді. Сүт құрамында  азықтар мен қанда кездеспейтін

                                                            3

казеин, сүт альбумині, сүт қанты  және сүт майы түзіледі.

   Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтетіндігін ескерген жөн.

      Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрден астам қан өтетінін есептеу қиын емес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс. Ал олар қайдан алынбақ?

      Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жақты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыру қажет.

      Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерекшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратын мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынға құйылып, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтын амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі.       

       Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.

     Сиыр азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады.

        

          Курстық жұмыстың мақсаты:

  • Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктерін және сауын сиырдың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын анықтау;

     -   Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасап, қыс және жаз мерзімдеріне

     осы рациондарға  талдау жасау;

  • Сауын сиырларын азықтандыру барысында, кейбір қоректі және

     биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуін зерттеу.

 

 

                                                     4                   

І. Әдебиетке  шолу.

       «Сауын сиырлар үшін мерзімдік азық үлестерін жасағанда, толыққұнды және үйлесімді азықтандыруды қамтамсыз етуге мүмкіндік беретіндей нақтыланған мөлшерлерді пайдалану қажет. Сондай-ақ сауын сиырлардың тәуліктік азық үлесіндегі пртеиннің сапасы, әсіресе протеиннің жеңіл еритін бөліктері (ПЖЕБ) зор» - деп А.И. Мырзахметов (1988, 1990) ғылыми жұмысында көрсетеді. [13]

    А.П.Дмитроченконың (1970) зерттеулеріне сәйкес, шикі протеин құрамында су мен тұзға еритін 40-50 % пртотеин бөліктері (СТЕПБ) болуы керек. Сауын сиырларға арналған, құрамында дәстүрлі азық жиынтығы бар мерзімдік үлес СТЕПБ-нің талапқа сай мөлшерімен қамтамасыз етіліп отырғандығы көрсетіліп, алайда, оған пішендеме мен шөп ұнын енгізу қолайлы жағдай туғызады. [13]

     С.Ж.Арынғазиев, Д.Қ.Ахметжанов, т.б. (2006) ауыл шарушылығы ғылымдарының саласына белсене үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, сауын сиырлардың жақсы және қолайлы деңгейде теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0,14 – 0,18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн.

     Қ.Н. Бегімбеков., А.Ә. Төреханов., Ә.Б.Байжұманов., (2006) мәліметтері бойынша, сауын маусымы ішіндегі сауылатын сүт мөлшеріне бірқатар физиологиялық факторлар әсер етеді, олар сүт өнімділігінің сауын маусымы басында күрт төмендеуіне себепші болады. Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары мөлшерін сауын маусымының бірінші айының соңында және екінші айының басында анықтайды. [2]

   Н.И.Денисовтың (1969) деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен (1 азық өлшеміне 80грамнан аз) болса, ол сауын сиырларының сүт өнімділгін төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-24 % көлемінде мөлшерленеді. [13]

     Е.А.Новиковтың мағлұматтарына қарағанда,  сауын сиырлардың 300 күн ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін 100 % деп қабылдасақ, сауым маусымын 450 күнге дейін ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85 % болады, демек, сауын маусымын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15 % кем аламыз. Алайда сервис-кезең өте ұзаққа созылған жағдайда сүт шығыны бұданда көп болады. Өйткені тұқым қуалайтын қасиеттері бойынша сүт өнімділігі аз сауын сиырлары сүт шығаратын азықтар жетіспеген жағдайда ұзақ сауын маусымына төзбей, бұзаулауына 3-5 және оданда көп ай қалғанда-ақ сүт беруін тоқтатады. [2]

Л.В.Куликовтың деректері бойынша, альвеолалық және цистералдық сүттің арақатынасы сауым маусымының бірінші жартысында шамамен бірдей, ал екінші жартысында альвеолалық үлесі шамасы едәуір артады. Алвеолалық үлестегі сүт майының мөлшері цистералдық үлестегі сүт 
                                                    5 
                                                     
майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады. [2]

    Профессор П.Демченконың (1972) мүйізді ірі қара малмен жүргізген арнайы распитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен шығарылатын үлесі азайып, желінген азық көміртегінің игерілуі жоғарылайтыны көрсетілген. [5]

   Н. Омарқожаұлының (2005) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиыр рационын сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55 % жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі.

  А. Росляков., М.Байтурин., М.Кенеев (1980) жинақтарында, республиканың Солтүстік-Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларға рацион құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар сауын сиырлар рационына ірі азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл сабанын беруге болады.

   А.П.Калашников пен Н.И.Клейменовтың 1985 жылы шыққан анықтамалық

құралында әр түрлі ауыл шаруашылығы  жануарларының, оның ішінде сүтті сиырлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның өзі алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Сүт өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды. [2]

Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру