Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................

Работа состоит из  1 файл

Мал азығы Курстық жұмыс.doc

— 443.50 Кб (Скачать документ)

     Жасы мен  сүттілігіне байланысты сауын  сиыр азығының әр 1 а.ө. – 95-105 г қорытылатын протеин, 6,5-7,5 кальций, 4,5-5,3 г фосфор, 2,4-1,5 г магний, 8,1-6,7 калий, 2,8-2,1 күкірт, 80 мг темір, 8-11 мг мыс, 55-70 мг марганец, 55-70 мг мырыш, 0,6-0,9 мг кобальт, 0,7-1,0 мг йод, 40-50 мг каротин, 40 мг Е витамині, 1000 х.ө. көлемінде Д витамині болуға тиіс.

    Сиыр сүттілігінің  апталық (декадалық) бақылау сауымының  (контрольная дойка) нәтижесі  бойынша сауын сиырлардың азықтандыру нормасын ай сайын қайта қарап, сүттілігіне сәйкестендіріп отырады. Сауын сиыр сапалы азықтардан құрастырылып, жан-жақты толықтырылған құнарлы рационмен азықтандырылған жағдайда сиыр азықтандыру нормасын  5-10 % төмендетіп, ал кейбір көрсеткіштері бойынша рацион қоректілігі норма талабына сәйкес келмесе, керісінше, 5-10 % ұлғайтады. Сиырларды қорада байламай, бос ұстаған жағдайда азықтандыру нормасының көрсеткіштері 5-6 % жоғарылатылады.

     Сауым басында  бұзаулап, сауыла бастаған сиыр  азықтандыруын жекелеп және жете қадағалайды. Жаңа бұзаулаған сиыр мен құнажын шөлдейтіндіктен, оларға 0,5-1 кг бидай кебегі не жем жармасы араластырылған жылы су ішкізіп, алдына сапалы жұмсақ пішен салып қояды. Одан кейінгі 2-3 күнде 1-1,5 кг жем беріп, сиырдың үйреншікті жемшөбін аздап жегізеді де, 10-15- ші күндері олардың мөлшерін толығымен азықтандыру нормасына сәйкестендіреді.                                                        

    Сауын сиырға тәбеті шапқанша сапалы пішендеме мен сүрлем, ал жазғытұры көкшөп беріп, содан кейінгі кездегі сүтті сиыр рационын осы аумақты шырынды жемшөпке негіздейді. Сиырдың тәуліктік сүт сауымына 
                                                            16 
                                            
қарай құнарлы жем береді (4-кесте, қосымшада).

     Рацион  құрамындағы сүрлемнің бір бөлігін  не толығымен пішендемемен, ал  жазғытұрым ірі және шырынды жемшөпті көкшөппен алмастырады. Сүтейту кезеңіндегі рацион құнарлылығын ұлғайту үшін жаңа бұзаулаған сиырларға нақтылы сүттілігіне қарай құнарлы азық мөлшерін 2-3 кг ұлғайтып береді. Құрастырылған рациондағы қант – протеиндік қатынасы – 0,9-1,1, ал крахмал-қанттық қатынасы 1,3-1,5 аралығында болғанын қадағалайды.

    Сиыр сүттілігі  артқан сайын қоректік заттарға  мұқтаждығы өсетіндіктен, азық жеу мұқтаждығы да артады. Ас қорыту жолының сыйымдылығына байланысты малдың азық деу мүмкіндігі желінетін азықтардың құрғақ зат көлемімен шектеледі. Сиырдың тірілей салмағы (ТС, кг) мен тәуліктік сауынына (Тс, кг) байланысты өзгеретін рацион құрғақ затын жеу мүмкіндігін келесі жолмен есептеуге болады:

                                  0,025 * ТС +  0,1 * Тс.

    Осылайша тірілей  салмағы мен тәуліктік сауынына  тәуелді есептелінген сауын сиырдың  рацион құрғақ затын жеу мөлшері  келесі көлемде шығады:

- тірілей салмағы 400 кг тартып, тәуліктік сауыны... 10 кг болса – 11,0 кг,

                                                            15 кг болса – 11,5 кг, 20 кг болса  – 12,0 кг;

- тірілей салмағы  450 кг тартып, тәуліктік сауыны... 10 кг болса – 12,5 кг,

                                                            15 кг болса – 13,0 кг, 20 кг болса  – 13,5 кг;

- тірілей салмағы  500 кг тартып, тәуліктік сауыны... 10 кг болса – 13,5 кг,

                                                            15 кг болса – 14,0 кг, 20 кг болса – 14,5 кг.

   Демек, тірілей салмағы  450 кг тартатын сиырдың рацион  құрғақ затын...

   13,0 – 12,5 = 0,5 кг артық жеуі тәуліктік сүт сауынын – 5 кг-ға,

   14,5 – 13,5 = 1,0 кг артық жеуі – 10 кг-ға арттырады.

  Мұндай сүт сауынының қосылуын қамтамасыз ету үшін сиыр азығының құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттардың жеткізілу деңгейі жоғарылатылуы қажет. Оны рацион құрғақ затындағы энегия мен қоректік, минералдық және витаминдік заттар шоғырлану дәрежесін молайтумен қамтамасыз етеді. Олай ету рацион құрамындағы аумақты жемшқптің өзіндік үлесіне байланысты өзгереді (5-кесте, қосымшада).

   Кесте дерегінен рацион  құрғақ затының желінуі АЭ/ЖЭ  қатынасымен есептелінетін алмасулығына, яғни АЭ-мен қаныққандығына тәуелді  екенін көреміз. Жоғарыда айтылғандай тірілей салмағы 450 кг тартатын тәуліктік сауыны 10 кг сауын сиыр тәулігіне – 12,5 кг құрғақ зат жей алады. АЭ/ЖЭ қатысы 45 % құрғақ затындағы АЭ 8 МДж/кг АЭ шоғырланған азықтан оның қоректік мұқтаждығын өтеуге тәулігіне жеген азығымен – 12,5 кг құрғақ зат жұмсау керек болса, АЭ/ЖЭ қатысы 55% құрғақ затындағы АЭ 10

МДж/кг АЭ шоғырланған азықтан – 9-10 кг  құрғақ зат жұмсалып, азық

шығыны үнемделеді. Рацион құрғақ затының желінуіне құрамына кіретін  жемшөп түрі мен дайындау тәсілі де ықпал етеді (6-кесте, қосымшада).

                                                            17

    Құрғақ затты  жеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, сиыр өнімділігі 
өскен сайын азықтандыру рационындағы құрғақ заттың шоғырлану дәрежесін жоғарылатады. Қоректену дәрежесі жоғарылаған сайын азық энергиясын игеру тиімділігі жоғарылап, жұмсалған азық бірілігіне қндірілетін жылу көлемі кеміп, ал өнім көлемі өседі. Содан барып сауылған сүт бірлігіне жұмсалатын азық шығыны кеми түседі.

   Рационда тағайындалған  жемшөп мөлшеріне сиырды біртіндеп, 10-15 тәулік дағдыландырып барып үйретеді. Мұның әсіресе месқарын микрофлорасының сол жемшөппен азықтық қосындыларға бейімделе дамуына ықпал етуі арқылы сиыр қоректену құнарлылығын арттырудағы маңызы күшті.

  Рационда тағайындалған жемшөп көлемін сиырдың асқорыту жолына сыйдырып жей алу шамасын құрғақ затының тірілей салмаққа шаққандағы көлеммімен есептейді.

   Жасы, жыл мезгілі, дене  салмағы мен сауым кезеңіне  қарай 100 кг тірілей салмағына  шаққанда сауын сиыр орташа 3-4,5 кг рацион азықтарының құрғақ затын жей алады.

    Сауын сиырдың күнделікті  жей алатын азық көлемі тірілей  салмағымен бірге оның сүттілігі  мен рацион құрамындағы аумақты  азық үлесіне де байланысты  өзгереді.

    Кесте дерегінен жемшөп  құрғақ затының желінуі ондағы шоғырланған энергияның алмасулығымен (АЭ/ЖЭ) айқындалатын алмасу энергиясымен қаныққандығына байланысты өзгеретінін көреміз. Сауын сиырдың құрғақ затты жеу мүмкіндігі бойынша оның қоректік мұқтаждығын құрғақ затында 10 МДж/кг шоғырланған аумақты жемшөптің 10 кг-ын жегізіп қамтамасыз етуге болады. Бұл деңгейде АЭ шоғырланған аумақты жемшөп бергенде сауын сиыр азығындағы энергияға қаныққан құны қымбат құнарлы азықты үнемдеуге (1-2 кг) болады. Ал аумақты жемшөп құрғақ затындағы 8 МДж\кг дейін төмендессе, құрғақ затының желінуі 6 кг-на дейін азаятындықтан, сауын сиырдың қоректік мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін энергетикалық құнарлы азық жұмсауды 4-5 кг-ға дейін ұлғайтуға мәжбүр болады.

   Сауын сиырдың рацион  азығын жеу қабілеті олардан  механикаландырылған фермалар мен кешендерде сүт өндіргенде есепке алынатын маңызды қасиеті болып табылады. Өндірістік сүт сауу технологиясының жылдамдығына сәйкес 8-10 минутта сауын сиыр 2-2,5 кг құрғақ зат (3 кг түйіршіктелген құрамажем) жейтін жоғары өнімді сиыр азығының құрғақ затындағы қоректік заттардың шоғырлану дәрежесі сүттілігі артқан сайын жоғарылытылады.                                                      

    Рацион құрғақ затындағы  қоректік заттар шоғырлану дәрежесі  сиыр сүттілігі артқан сайын  да жоғарылатылады: жылдық сауымы 3000 кг сиыр рационының 1 кг құрғақ затында – 0,7 а.ө. (8,2 МДж АЭ) жеткілікті болса, жылдық сауымы  5500-6000 кг рационының 1 кг құрғақ затында 0,9 а.ө. (10,5

                                                              18

МДЖ АЭ) болып, тиісінше, басқа да қоректік заттар деңгейі 
жоғарылытылады.

   Рацион құрғақ затында  энергия мен қоректік заттар  шоғырлану дәрежесі жоғарылаған  сайын, олардың қорытылу дәрежесі  де жоғарылайды. 

   Месқарында дұрыс қорытылып,  жоғары игерілуі үшін сауын сиыр рационыныдағы «шикі» жасұнықтың 14 % -дан астамы ірі жемшөппен жеткізілуі тиіс. Күйіс қайырумен қоса бұл сүт майлылығына да ықпалын тигізеді. Рациондағы жасұнық деңгейінің 10 %-ға дейін төмендеуі сүт майлылылғын 3,6 %-дан 3,0 %-ға дейін төмендетсе, 5 %-ға дейін төмендеуі 2,3 %-ға дейін төмендетеді.

   Рациондағы құрғақ заттағы  энергия мен қоректік зат шоғырлану  деңгейін азықтандырудағы жасұнық  деңгейін өзгерту арқылы мөлшерлейді.  Жылдық сауымы 3000-4000 кг болатын  орташа өнімді сиыр рационының  құрғақ затындағы жасұнық деңгейі  22-26 % (өнімділігі өскен сайын жасұнық деңгейі кемиді) көлемінде сақталуы керек  болса, жылдық сауымы 5000-6000 кг болатын жоғары өнімді сиыр рационындағы жасұнық деңгейі 20-16 %-ға дейін төмендетіледі. Жасұнық көлемінің төмендетілуінен жоғарылатылған рационның энергетикалық қуаттылығын құрамындағы құнарлы жем мөлшерімен реттейді. Сауымның алғашқы 100 күнінде 1 кг сүтке шаққанда жылдық сауымы 3000 кг сиырға 240-260 г, жылдық сауымы 4000 кг сиырға – 290-310 г, жылдық сауымы 5000 кг сиырға 380-400 г құнарлы жем жқмсалуы керек деп есептелінеді.

   Сиыр өнімділігі өскен  сайын өнім бірлігіне, яғни 1 кг  сүтке жұмсалатын энергия шығыны (а.ө., АЭ) азаятындықтан, азықтандыру  тұрғысынан жоғары өнімді сиыр  ұстау тиімді. Мысалы, тірілей салмағы 500 кн тәулігіне сүт сауылатын сиыр тіршілігін қамтамасыз етуге – 4,7 а.ө. (54 МДж АЭ) және 1 кг сүт түзуіне – 0,5 а.ө. (5,7 МДж АЭ) қажет болып, оның жалпы энергияға мұқтаждығы... 4,7 + 0,5 * 10 = 9,7 а.ө. не 54 + 5,7 * 10 = 111 МДж АЭ теңеліп, 1 кг сүтке... 9,7 : 10 = 0,97 а.ө. не 111 : 10 = 11,1 МДж АЭ жұмсайды. Осы салмақтағы сиырдан 20 кг сүт сауылса, энергетикалық мұқтаждығы... 4,7 + 0,5 * 20  = 14,7 а.ө. не 54 + 5,7 * 20 = 168 МДж АЭ теңеліп, 1 кг сүтке... 14,7 : 20 = 0,73 а.ө. не 168 : 20 = 8,4 МДж АЭ жұмсайды. Демек, тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге (сүт түзуіне) жұмсалатын энергия шығыны алғашқы сиырда 1:1 қатынаста болса, кейінгі одан сүттілігі екі есе жоғары сиырда 1:2 қатынаста болып, өнім өндіруге шығындалу үлесі екі есе өседі.

   Сиыр өнімділігі  артқан сайын азықтандыруға жұмсалған  азықтың тіршілікті қамтамасыз  етуге жұмсалатын бөлігі азайтылып, өнім өндіруге жұмсалатын бөлігінің үлесі өседі. Мысалы, тірілей салмағы 450 кг сиырдан күніне 4,5 кг сүт сауылса, желінген азықтың ⅔ бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, ал ⅓ бөлігі сүт түзілуіне, 9 кг сүт сауылса, ½ бөлігі тіршілігін қамтамсыз етуге, ½ бөлігі сүт түзілуіне, 18 кг сүт сауылса, ⅓ бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, ⅔ бөлігі сүт өндіруге жұмсалады. 
                                                           19 
    Сауын сиыр рационын сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды 
азықтарға негіздей отырып құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55 % жеткізіледі. Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен шектеледі. Тәуліктік сауыны 8 кг-ға дейінгі сиырға құны қымбат жемді шығындамай-ақ, 1 кг сүтке шаққанда... тәуліктік саны 8-10 кг сиырға – 100-150 г, тәуліктік сауыны 10-15 кг сиырға – 150-250 г, тәуліктік сауыны 15-20 кг сиырға – 250-350 г, тәуліктік сауыны 20 кг-нан асқан сиырға 350-400 г құнарлы жем жегізуді жоспарлайды.

    Құнарлы жемді  сауын сиырға бұдан көп берілуі  физиологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да зиянды. Өйткені жоғары энергия шоғырланған қуатты жем сиыр организміндегі зат алмасуын жеделдетіп, сүт түзілуін күшейтумен қатар организм гемеостазына кері ықпал етіп, ерте қартаюына соқтырады. Соның салдарынан 8-9 сауым, яғни 11-12 жыл пайдаланылатын сиыр 5-6 сауымнан кейін (7-8 жылда) пайдаланудан шығарылып, осы мерзімде шаруашылықта сауылатын сиыр басы 1,5-1,7 есеге өседі де, оларға жұмсалатын азық шығынын да, осыншама көлемге ұлғайтады. Екіншіден, өндірілетін сүт бірлігіне жұмсалған қымбат жем үлесінің өсуі оның өзіндік құнын қымбаттатып, сүт сатудан түсетін пайданы азайтады.

    Сауын сиыр  рационындағы құнарлы азықты  организмнің сүт түзу қажеттілігін  ескере отырып дайындалған құрама  жем түрінде берген тиімді. Ондай  мүмкіндік болмаған жағдайда сиыр басына берілетін құнарлы азықтың жартысын түрлі дән жармасы мен ұнтақтарынан құрастырып, қалғанын құнарлылығы жоғары кебек, күнжара мен шрот, сірне, құрғақ жом, барда, бөртпе, шөп ұны секілді азықтармен жеткізіледі.

    100 кг тірілей  салмағына шаққанда сауын сиырға 4,5 кг шырынды жемшөп (сүрлем) жегізуге болады. Сүрлемдегі қант аздығын толықтырып, месқарындағы микробиологиялық үрдістің өрістеуіне оңтайлы қант протеиндік қатынасты орнату үшін, сүрлемнің қорекілігі бойынша ⅓ бөлігін қызылшамен жеткізуге болады. Күйіс қайыратын мал болғандықтан, сауын сиырдың асқорытуын, яғни күйіс қайыруын қамтамасыз етуге 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1-1,5 кг аумақты ірі жемшөп жеткізілуі керек. Негізінен аралас пішеннен тұратын ірі азықтың құнын арзандату үшін қоректілігі бойынша оның ⅓ бөлігін жаздық дақыл сабанымен беруге болады.

   Сүттің өзіндік құны азықтандыруға  жұмсалаған құнарлы азық көлеміне  тәуелді өзгеретіндіктен физиологиялық  және экономикалық тұрғыдан сиыр  сүттілігіне байланысты 1 кг сауынға  100-400 г құнарлы жем жұмсайды. Бұдан аз жұмсалған жем мөлшері сауын сиыр энергетикалық мұқтаждығын қамтамасыз ете алмайтын болса, одан тыс көп көлемі физиологиялық тұрғыдан организм зат алмасуын күшейтіп мерзімінен бұрын қартайтса, экономикалық тұрғыдан өндірілген сүттің өзіндік құнын қымбаттатып, сала рентабелдігін төмендетеді. өйткені мерзімінен бұрын сауылудан 
                                                            20 
шығарылған басты жас құнажынмен ауыстыру сол мерзімдегі сиыр басына жұмсалатын шығынды көбейтеді.

    Сиыр тәулігіне 2 рет  сауылса – 4-6 кг, тәулігіне 3 рет  сауылса, 6-9 кг жем таратады. Жылына 3000-4000 кг сүт сауылатын сиыр  рационындағы құнарлы азық үлесі  рацион қоректілігінің 25-30 % құрастыруы  үшін сиыр басына       4-4,5 ц протеинді дәннен тұратын 12 ц құнарлы азық жұмсалады. Оған қоса шаруашылықтағы жемшөп қорына сәйкес қалыптасқан азықтандыру типіне қарай сауын сиырға тәулігіне 20-30 кг сүрлем (бір бөлігін 10-15 кг азықтық қызылшамен ауыстыруға болады), 4-6 кг аралас дақылдар пішені мен 3-5 кг жазықтық дақыл сабанын береді. Қызылшаның, әсіресе қант қызылшасының, бір бергендегі көлемін сиыр тірілей салмағының 100 кг-на 2 кг-нан аспайтындай етіп шектеп, тәулігіне бірнеше рет бөліп жегізеді.

Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру