Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа
Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................
Сиырды байлаусыз ұстау барысында екі түрлі азықтандыру – ірі және шырынды азықтармен, өзіндік азықтандыру мен нормалап азықтандыру қолданылады. Алғашқыда көптеген шаруашылықтарда сиырды байлаусыз ұстауға көшіру барысында, И.А.Дубинский (1960) және И.А.Даниленко (1972) сияқты ғалымдардың ұсынысы бойынша, экономикалық, физиологиялық жағынан тиімді, өзіндік азықтандыру кең көлемде қолданыла бастады.
С.А.Захарченконың (1989) деректеріне қарағанда мәдени жайыымдықта жайыған ма каротинмен өзін-өзі қамтамасыз етеді және оны қысқы маусымға қарағанда екі есе аз шығындайды. Малды екпе жайылымдарда жаю оны құнарлы азықпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге мал организмін тынықтыра түседі, минералды-витаминді заталмасу процесін бұзылудан сақтайды, соның нәтижесінде малдың өнімділігін қолда ұстап азықтандырған кездерден де арттыра түседі. [12]
Рациондарында йоды аз шаруашылықтарда малдың ұрықтану қабілетінің нашарлауынан, қысыр мал көбейіп, бұзаулары түсік тастайды, тіпті өлі төл туатындығы да байқалады.
М.Е.Зельцер., Б.А.Айдарханов.,
М.А.Байтуриндердің (1978) Қазақстанда
өсірілетін малдың эндемиялық ісігі туралы
жазылған монографиясында географиялық
аймақтарда эндемиялық ісіктің мал мен
адам арасында қатар тарйтыны көрсетілген.
Оның себебі мал мен адам эндемиялық ісігінің
энтологиясымен патогенезі түінің бірлігінде
жатыр. Ғалымдардың эндемиялық ісіктің
алдын алу жөнінде жүргізілген жұмыстары
бұл
Сауын сиыр азығы
Б.К.Қожалиевтің (1989) еңбектеріне сүйенсек, сауын сиырлардың рационында минералды заттардың жеткілікті мөлшерде болуы олардан мол өнім алу кепілі. Малдан көп өнім алынса, оның денесінен минералды заттарды сыртқа соншалықты көп шығарылады. Мәселен сиырдың сүттілігін төмендетпеу үшін оның орнын минералды азықтармен күнделікті толықтырып отыру керек. Демек, сиырдың әрбір литр сүттілігімен бірге 1 г Са, сол мөлшерде Р бөлініп шығады. Жылына 8 мың кг сүт шығатын сиыр сүтпен бірге 65 кг минералды заттар шығарады екен.
Малдың шөпті қандай мөлшерде орып жеуі оны қаншалықты сирек немесе қою өсуіне де байланысты. А.Вуазеннің көрсетуінше, ірі қара минутына шөпті тісімен 30-90 рет орып алады екен. Ал бір тәулікте ірі қара 6-10 сағат (әдетте 7-8 сағат) өрісте жайылады. П.Хуббардтың айтуынша, сиырдың «жұмыс күні» 16,5 сағатқа жетеді. Ол бұл уақытты былай бөлген: азықтануға 10 сағат, қозғалысына 54 минут, су ішуіне 11 минут, тұрып күйіс қайтаруына – 49 минут, жатып күйіс қайтаруына 4 сағат 39 минут, минералды заттармен азықтануына 3 минут кетеді екен.
Өрістегі сауын сиырдың
жайылым шөбіне мол отығуына
таза ауада серуендеп, шөпті
еркінше таңдап жеуі т.б.
Сауын сиырлардың азықтағы азотты пайдалану дәрежесі әр қилы және оның сүттілігіне де байланысты екені белгілі. И.С.Попов пен А.Е.Волговтың, К.Т.Шатенко мен Л.Н.Ларцтың (1983) мәліметтеріне қарағанда оты жақсы өрісте жайылған сауын сиырлары сол жерден, орташа есеппен, 40-50 % -ке дейін қорытылатын протеин қабылдай алады екен.
Көптеген зерттеулердің
нәтижелерінде, бірқатар
З.Б.Гельман мен Ю.К.Олль (1965) макро- және микро-минералды заттар тепе-теңдік сәйкестікпен үйлестіріліп берілген жағдайда сауын сиыр кальцийді кем дегенде 25,4-27,7 % пайдалана алады дейді.
И.Г.Лисоцевтің (1969) тәжірибесіне жүгінсек, онда бір топ сиыр тек қана жайылым шөбімен азықтанып, қоректілігі 24 % астық тұқымдас шөптердің дәні үстеме ретінде берілген. Осылайша жайылымдықта 179 күн жайылып, қосымша азықтандырылған табынның әр сиырынан майлылығы 3,57 % 2182 кг-нан сүт сауылған. Ал қосымша қорек ретінде көк азық қана берілген жерде әр сиырдан жайылым маусымы көлемінде майлылығы 3,66 % келетін 2160 кг-нан сүт сауылған.
Атақты ғалым А.П.Дмитреченко (1975) рацон құрамындағы азықтың құрғақ затындағы азық мөлшерін сиырдың өнімділігіне қарай былай анықтайды: бір ғана жайылымда өз бетімен азықтанған қарапайым сиырларға сүттілігі 10 кг, сүттілігі 20-30 кг сиырларға 22-24 % клечаткаға беріледі. Мұндай жағдайда сүт майлылығы 4 %-тен 4,32 %-ке жетуге тиіс. Бір қызығы осы ғалым құрғақ заттағы қоректік заттар мөлшерін малдың күйіне қарай берген, яғни сүттілігі 10 кг-дық сиырларға 28 %, сүттілігі 12-20 және 24 кг (тіпті, сүттілік 25 -30 кг болса да) сиырларға 22 % мөлшерінде ғана клечаткалар берілуге тиіс.
Б.А.Башкиров пен Ю.В.Бойковтың (1982) деректеріне сүйенсек, сауын сиырына дәл бұзаулаған күні қажетінше жақсы пішен мен жылы су беріледі. Ал, бұзаулағаннан кейінгі екінші, үшінші күндері пішенге 1-1,5 кг көлемінде, быламық күйіндегі құнарлы мал азықтарын (концетраты) қосады. Жөнсіз және толық құнды емес азықтандыру жаңа бұзаулаған сиырлардың асқа деген тәбетін төмендетіп, ағзасына түсетін қоректік заттар мөлшері төмендейді, Ал, бұл жағдай сиыр ағзасындағы қордағы азықтар сүт бөлінуіне жұмсалынып, жануар денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады. [12]
М.Фалковскийдің (1974) бірқатар зерттеулерінің нәтижесінде азот тыңайтқышы мөлшерін гектарына 100-ден 200 кг-ға жеткізгенде асты тұқымдас шөптердегі кальций арта түсетінін көрсетті. Ал, бүгінгі күнгі ғалымдардығ ізденіс нәтижелеріне зер салсақ, шөптің құрғақ затындағы кальцийдің сауын сиырына қажетті орташа мөлшері килограмына 5-7,5 г аралығында болатыны анықталды.
Біздің елімізде, Н.Рақышевтің (1981) көрсетуі бойынша оңтүстік облыстардың жайылымдық шөптерінде молибденнің мөлшері 1 кг азықта 5-10 мг-ға дейін жетеді екен. Азықта молибденнің көп болуына ірі қара өте сезімтал келеді. Мұндайда малдың бауырындағы мыстың қоры азаяды. Молибденнің көптігінен, азықта мыс жеткілікті болса да, ол бойға сіңбей, ас қорыту жолдарымен сыртқа шығарылып тасталады. Сондықтан мал ауруының белгілері организмде мыс жетіспегендегідей болады. Сондай-ақ ішек-қарында молибденге еш кедергі кездеспегендіктен ол қанға тез сорылады. Сондықтан азықтағы артық молибден малды дереу уландырады.
1.2. Сауын сиырларын
азықтандыру ерекшеліктері
Сауын сиыр
азықтандыруын сауымның
Сауын сиырдың қоректік мұқтаждығы оның тірілей салмағына байланысты тіршілігін қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты өнім түзу қажеттілігінен туындайды. Тірілей салмағы ауырлап, сүт сауыны молайған сайын азықтандыру нормасы ұлғаяды. Орташалап алғанда, сауын сиыр тіршілігін қамтамасыз етуге 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 а.ө. (10,4 МДж АЭ) жұмсалады. Дәлірек алғанда, малдың тірілей салмағы ұлғайған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын энегия шығымының ұлесі кемитіндіктен, 100 кг-ға шаққанда... тірілей салмағы 450 кг-ға дейінгі сиыр – 1,1 а.ө. шығындайды. Бұған қоса сауын сиыр 1 кг сүт түзілуіне... майлылығы 3,5% болса – 0,44 а.ө., майлылығы 4,0% болса, 0,5 а.ө. (5,7 МДж АЭ) жұмсайды (1-кесте, қосымшада).
Сиырдың протеиндік мұқтаждығын есептеу үшін дене белогын алмастыру үшін тәулігіне 100 кг тірілей салмағына шаққанда - 90 г «шикі», 60 г қорытылатын, ал әр 1 кг сүт түзілуіне - 85 - 90 г «шикі», 55-60 г қорытылатын протеин қажет екенін ескереді. Өйткені, 1 кг сүтте 30 г белок болса, оның түзілуін қамтамасыз ету үшін өнімдік пайдаланымы 0,57 (57%) 30 : 0,57 = 53 г азық протеині қажет. Сиыр рационындағы қорытылатын протеин (ҚП, кг) мөлшерін желінетін құрғақ заты (ҚЗ, кг) мен «шикі» протеині (ШП, кг) бойынша Р. Паквей (1972) формуласымен есептеуге болады:
Сиыр сүттілігі молайған сайын 1 а.ө.-де шоғырланған қоректік заттарға мұқтаждығы жоғарылай түседі. Мысалы,азығының әр 1 а.ө.-де тәуліктік сауымы 10 кг-ға дейінгі сиырға – 95 г қорытылатын протеин болғаны жеткілікті болса, тәуліктік сауымы 10-15 кг сиырға – 100-105 г, тәуліктік сауымы 15-20 кг сиырға 105-110 г қорытылатын протеин жеткізілуі керек (2-
кесте, қосымшада).
Сүтейту кезеңінде сауыла
бастаған сиыр сүттілігін арттыру үшін
оларды
күнделікті сауынына сәйкес келетін нақтылы
азықтандыру нормасына кейінгі күндердегі
өсетін 2-3 кг сауын есебінен қосымша 1-1,5
а.ө. қосып үстемелеп азықтандырады (авансированное
кормление). Үстемелеп азықтандыруды сиыр
желінін сылап-сипау және жиі сауумен
ұштастыра отырып, сүтейту кезеңінде сиыр
сүттілігінің тұқымдық мүмкіндігін толық
пайдалануға тырысады. өйткені алғашқа
100 күнде сиырдан сауым бойында өндірілетін
бүкіл сүттің 40-50 % сауылатындықтан, оның
сүтейту деңгейінің 1 кг кемуі сиырдың
сауым бойындағы сүттілігін 200-300 кг азайтады.
Дұрыс сүтейту әсіресе
құнажын сүттілігіне күшті
Сауым басында сиырдың сүт түзуге жұмсалатын дене шығыны жеген азық қоректік заттарымен толық қамтамасыз етілмейді де, сиыр «денесінен сауылып» («сдаивание с тела»), салмағын аазйтады. Дұрыс азықтандырылған жағдайда салмақ азаюы алғашқы тәуліктерде 1 кг-нан аспай, жалпы сауымның алғашқы 10 аптасында сиырдың тірілей салмағы 50-100 кг аралығында кемиді.мұны содан кейінгі сауымның қызған кезеңінде азықтандырумен қалпына келтіреді.
Сүтейту кезеңінің аяқталғанын сиыр тәуліктік сүттілігінің ұлғаймауынан байқайды да, үстемелеп азықтандыруды доғарады. Содан кейін сауымның келесі қызған кезеңі басталады. Сауым сүтінің негізгі бөлігі осы кезеңде сауылатындықтан, қысқа мерзімде жоғары сауынына сиыр сауымының бұл кезеңін мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру арқылы сиырдың сауым барысында айлық сүттілігінің 8-10 % орныныа тек 3-4 % дейін кемуін қамтамсыз етуге болады. Сиыр сауымының қызған кезеңінде сақа, орта қоңды сиырларды анықтамалықтарда келтірілген негізгі азықтандыру нормасына сәйкес азықтандырады (3-кесте, қосымшада).
Сауын сиыр азықтандыру
нормасына жасы мен
Сондықтан тәуліктік
сауымы өскен сайын оның 1 кг
құрғақ затындағы энергия ( а.ө.,
АЭ) мен құрылымдық (протеин) және
жеңіл ыдырағыш қоректік
Әлі
өсіп-жетілуі аяқталмаған құнаж
Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру