Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................

Работа состоит из  1 файл

Мал азығы Курстық жұмыс.doc

— 443.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Рацион талдау:

Ірі азық –  24,7 %;  

Шырынды азық – 45,7 %;

Жем азығы – 29,6 %.

 

Шешуі:

Жалпы азықтар өлшемі = 6кг (беде пішені) + 3кг (Жоңышқа пішені) + 1кг (Арпа сабаны) + 12кг (Арпа дәні) + 18,5кг (Жүгері сүрлемі) =  40,5 кг;

 

Ірі азық үлесі:

40,5 кг  – 10 кг                            х = 10 * 100 % = 24,7 %;

100 %  –  х                                               40,5

 

Шырынды азық үлесі:

40,5 кг  – 18,5 кг                            х = 18,5 * 100 %  = 45,7 %;

100 %  –  х                                                  40,5

 

Жем азығының үлесі:

40,5 кг  – 12 кг                            х = 12 * 100 %  = 29,6 %;

100 %  –  х                                               40.5

 

  Барлығы: 24,7 + 45,7 + 29,6 = 100%.

 

                                                        37

                                               Қорытынды.

    Елбасының «2003-2005-ші жылдарды алуды өркендету кезеңі» деп жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға елеулі бірқатар істер атқарылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы, 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек...» деп, аса басымдылықпен көрсеткен он бағыттың бірі, ауылшаруашылығын дамыту әрбір ел азаматы үшін маңызды іс екендігін атап өтті. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдында асыл тұқымды малдарды көбейтіп,олардан сапалы да мол өнім өндіру міндеттірі тұр. Бұл міндеттерді атқаруда ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын кәсіби мамандардың еңбегі жоғары бағаланады. Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсатым осындай білікті мамандар қатарына көрінсем деген, қажеттіліктен туындады.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру .

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауылды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық түрде дамуы» деп ерекше көңіл бөлінген болатын

Экономиканың дамуы  барысында әрдайым жоғары сұранысқа  ие, мемлекеттің экономикалық тұрғыда, экспорт және импорт алмасу үрдісінің дамуына негізгі әсер етуші фактордың бірі мал шаруашылығы, соның ішінде сүт және сүт өнімдері болып табылды.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында мал шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығына орай диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

Сүт және сүт өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу 
                                                          38

мерзімі, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік.

Соңғы жылдары мал  шаруашылығы өнімдерінің және асыл тұқымды мал басының саны тұрақты  өсіп келе жатқаны талдауларға сүйеніп  анықтауға болады. Сүт өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуының бірден бір себебі сапасында. Сапаны жоғарарлату үшін ең бірінші, сүт беретін сауын ауыл шаруашылық малдарын, соның ішінде сауын сиырларын толыққанды әрі құнарлы түрде азықтандыру болып табылады.

Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.

      Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.

     Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің  қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиологиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.

    Сиыр азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың 
                                                            39

бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондықтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады. Олардың ішіндегі негізгісі — организмнің жалпы энергиялық мүқтаждығын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының

2500 килокалориясына тең  энергиялың азық өлшемі де  қолданылады. Белоктық қажеттіліктің  көрсеткіші ретінде қорытылатъш  про-теин,, минералдық көрсеткіштер  ретінде — ас тұзы, калций жәнө  фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде — каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.

     Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр организміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5—8 советтік азық өлшемі, 600—900 грамм қорытылатын протеин қажет.

     Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына шамамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110— 120 грамм қорытылатын протеин, 7—10 грамм ас тұзы, 9—10 грамм кальций, 5—6 грамм фосфор, 40—60 миллиграмм каротин болуға тиіс. Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1—2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшері де өседі.

    Сауын сиырларына қажетті азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негізінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде колданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады.

    Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк, шырынды, ірі азықтар мен жемнен тұрады. Көк азықтарға өсіп тұрған немесе орылып берілетін табиғи және қолдан егілген жайылым оты, шырынды азықтарға сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер жатады.

 

 

 
                                                          40

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Богданов Г.А., Кормление  сельскохозяйственных животных. -М.: Агропромиздат, 1990.-624 с.

2. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә. Мал өсіру және селекция / Оқулық.-Алматы: Бастау, 2006.-592 б

3. Байжұманов Ә. Мал өсіру.-Алматы.: Қайнар, 1987.

4. Беляевский Ю.И., Индустриализация  молочного скотоводства.-М.: Росссельхозиздат, 1984

5. Башкиров Б.А., Бойков Ю.В., Что должен знать владелец коровы.- Л.:Колос, 1982-128 с

6. Бегучев А.П. Формирование  молочной продуктивности крупного  рогатого скота. –М.: Колос, 1969.

7. Баканов В.Н., Менькин  В.К., Кормление сельскохозяйственных  животных.-М.: Агорпромиздат, 1989.-511 б.

8. Дәрібаев А.Д., Әткешов Ж.С. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру практикумы.-Алматы, 1994.-500 б.

9. Дмитроченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйственных животных. Л., «Колос», 1975.

10. Демеуғалиев Е. мал азықтандыру (оқу құралы) –Алматы, 2000.-247 б.

11. Калашникова А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных.-М.: Агропромиздат, 1985.

12. Қожалиев Б.К., Сауын  сиырларын екпе жайылымдарда  бағу. – Алматы: Қайнар, 1989.-192 б.

13. Қазақстанда мал  мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық.-Алматы.: Бастау, 2006.

14. Қолда мал өсіру.-Алматы.- Қайнар, 1995.-352 бет

15. Можаев Н.И., Серікпаев  Н.А., Стыбаев Ғ.Ж., Жұмағұлов И.И., Тайжанов Ш.Т., Кенжеғұлова С.О.  Мал азығын өндіру (агрономия және ботаника негіздері): - Алматы, 2011.-504 б. 

16. Омарқожаев Н., Әкімбеков Б. Махмұтов С. Қолда мал өсіру.-Алматы.:Қайнар, 1976.

17. Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-424 б.

18. Омарқожаұлы Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру.-Алматы,  2005.-288 б.

19. Омарқожаев Н. Мал  азықтандыру.-Алматы, 1998.-192 б.

20. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., жазылбеков Н.Ә., Ірі қара шаруашылығы.-Алматы, 2006.-408 б.

21. Н.Б.Муханов., Б.А.Мыханов. \Жаршы, 2007. №3\

22. Б.К.Бердібекова. «Мал азықтарын тиімді пайдалану». \Жаршы, 1998. №1\

23. Р.Ескендирова. «Ең озық ферма». \АгроЖаршы, 2011. №4(28)

 

 
                                                           41

                                                                                                                 Қосымша.

 

1-кесте. Сауын сиырдың  энергия мен қоректік заттарға  мұқтаждығы.

 

Сүт сауыны, кг

               Р а ц и о н  қ ұ  р ғ а қ  з а т ы  н ы ң  1 кг-да

Азық өлшемі

Алмасу энергиясы МДж

«Шикі» Пртеин г

 Қорыт. Протеин

г

«Шикі» май

г

Крахмал г

«Шикі» жасұнық г


7-8

9-10

11-12

13-14

15-16

17-18

0,96

0,97

0,98

0,99

1,00

1,02

9,72

9,83

9,94

10,04

10,15

10,25

137

139

141

143

145

147

55

56

57

58

59

60

88

89

90

91

92

93

82

88

90

92

94

96

271

263

256

248

239

230



Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру