Отчет по практике в суде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 10:56, отчет по практике

Описание

Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1.Сотта іс жүргізу
Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі...........................4
Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу....................................................................................................................5
Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі................................................9
1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалдануға дайындау......................................................13
Атқару өндірісі
2.1 Мүлікті өндіріп алу.........................................................................................13
2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу................14
2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы..................................................................17
2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу..................20
2. 5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі.............................................................23
Құқықтық статистика
Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні..........................................................................................................................24
Статистикалық көрсеткіш...............................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................35
Қосымша ...................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Сотта іс жүргізу.docx

— 77.46 Кб (Скачать документ)

    Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын  үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

    1)сотта  азаматтық істің қозғалуы;

    2)істі  сотта қарауға әзірлеу;

    3)істі  бірінші сатыдағы сотта мәні  бойынша қарау;

    4)істі  апелляциялық тәртіппен қарау;

    5)заңды  күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау  тәртібін қайта қарау;

    6)заңды  күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша қайта қарау;

    7)атқару  ісін жүргізу;

    Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың  сот ісін жүргізудің аса жақын  мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты.

    Азаматтық процесс азаматтық істі қарау  және шешу кезінде сот пен басқа  да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары  пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының  жүйелі тәртібі болып табылады.

    Азаматтық істердің көпшідігі талап істер  жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы  тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан  туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.

    Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа  салаларымен, әсіресе материалдық  салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа  қарастылығын анықтайтын азаматтық  іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын  кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық  нормаларын қолданады.

    Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу  құқығымен тығыз байланысты, өйткені  екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы  іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар  алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар. 
 
 
 
 
 

    
    1. Шығыс құжаттарын тіркеу мен  өткізу тәртібі
 

    Ұйымдар мен мекемелердің қызмет етуі барысында  шығарған түрлі құжаттар, хат-хабарлар, басқару істері, атқарған қызметі  іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан  мекемелер болмасын, сот орындары болмасын олардың жұмыстарын басқаруды  жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру, онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей  байланысты.

    2007 жылдан бастап Қарағанды қаласының  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік  соты іс қағаздарын, сот статистикасын  жүргізу, хат-хабарлармен және  сот істерімен жұмыс істеу  «Қазақстан Республикасы сот  органдарының бірыңғай автоматтандырылған  ақпараттық-талдау жүйесі » бағдарламасы  бойынша аудандық және оған  теңестірілген сотта іс жүргізу  жөніндегі уақытша нұсқаулықпен  белгіленген ережелері мен тәртіптерін  сақтау, хат-хабарлар мен сот істерінің  есепке алынуы, сақталуы және  уақытында жылжуы, құжаттардың, тапсырмалардың  орындалуы бақылауға алынып, үнемі  тексерісте жүреді.

    Іс  қағаздарын жүргізу тіліне және өтініш берілген тілге байланысты іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.

    Шығыс хат-хабарлары мен әкімшілік істер, жалпы шығыс хат-хабарлардың есепке алу құжаттарында электронды түрде  тіркеледі. Тіркеу кезінде шығыс  хат-хабарларының есепке алу құжаттарының барлық реквизиттері міндетті түрде  толтырылып, электронды мазмұны есептік  құжаттарға салынады және қажет болған жағдайда кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың  арасында байланыс жасалады. Хат-хабарлардың  сканерлік көшірмесіне бейнелерді оптикалық тану технологиясын қолдану  мүмкіндігі болғанда оны мәтіндік процессорлардың  көмегімен өңделетін форматқа айналдыру  жүзеге асырылады.

    Шығыс хат-хабарлары күнделікті жіберіліп  отырылуы қажет. Жөнелтілетін хат-хабарлардың  көлемі көп болған жағдайда, адресаттарға шығыс хат-хабарлары келесі жұмыс  күнінен кешіктірілмей жөнелтіледі.

    Онда  кеңсе қызметкерлерінің міндеті: алушының мекен-жайының дұрыстығын; егер шығыс  құжаты жіберілген сұраудың жауабы болып  табылса, онда келіп түскен құжаттың немесе істің шығыс нөміріне сілтеменің болуын; құжаттарда көрсетілген қосымшалардың (тіркелген құжаттардың санын  немесе томдардың) бар болуын; құжаттардың  қол қойған лауазымды қолының  бар болуы мен сәйкестігін; орындаушының тегі, аты мен әкесінің атының бас  әріптерінің және қызметтік телефон  нөмірінің болуын қамтамасыз ету.

    ҚР  СО БААТЖ бағдарламасы бойынша  сот орындаушылар аумақтық бөліміне орындауға жіберілген сот қаулыларын жолдау тәртібіне  келер болсақ, жөнелтуге алынған құжаттарды олардың келіп түскен күні жүзеге асырылады. Деректеме (реквизит) бойынша: индекс журналы, күні, корреспонденция түрі, жеткізу түрі (қолма-қол, поштамен), орындаушының аты жөні, соттың аты-жөні, орындаушы аумақтық бөлімнің атауы, мәлімет үшін жіберілетін органның атауы, құқық бұзушының мекен-жайы. Қысқа мазмұны (краткое содержание) бөлігіне әкімшілік құқық бұзушылықтың кімге қатысты екендігі, бабы, бөлімі толықтай толтырылып, реттік нөмірі автоматты түрде тіркеледі.

    Орындалуды  бақылау (контроль исполнения) бағаны бойынша:

    Істің келіп түскендегі тіркелген кіріс  нөмірімен байланыстырамыз, кіріс  құжатының орындалуды бақылау бағаны бойынша шығыс құжатымен                 керісінше байланыстырамыз, лупа арқылы байланыстырылған кіріс құжатын ашып, онда сот өндірісі (судопроизводство) бағанын ашып, оның ішінде тұлға нысаны (форма на лицо) бойынша  орындау үшін  бағанын таңдағанда , онда № 001/2011 іс бойынша сот орындаушысына карточка жіберуге сенімдісіз бе (ИӘ,ЖОҚ) таңдау арқылы атқару парағын ашып, сақтаймыз. Шығыс құжатының деректемесіне қайта оралып, сот актісінің орындалуына (Судебные акты на исполнение) белгі қойып, сақтағанда атқару парағы шығады, онда әкімшілік істі басасың (окейді) басып биылғы жыл, былтырғы жылды істің түскен жылына байланысты таңдайсың, сонда әкімшілік құқық бұзушылардың аты-жөні жазылған тізім шығады, одан құқық бұзушының аты-жөнін дәл тауып белгілейміз. Сканерлік көшірмесін шығыс құжатына енгіземіз. Электронды түрде жіберілген орындау құжаты бойынша 20-25 минут ішінде сот орындаушылар аумақтық бөлімі тарапынан тіркелген күні, уақыты көрсетіледі.

    Біздің  мақсатымыз шығыс құжаттарын жөнелтуде  нұсқаулық ережелеріне  сүйене отырып, халыққа адал қызмет көрсету. 
 

    1.4 Құжаттардың атқарылуын  бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге  сақтау мен пайдалдануға  дайындау 

   Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам  бойынша істер тізімдемелері  құжаттар негіздерінің түрлеріне байланысты белгіленген форма бойынша жасалады.

   Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам  бойынша істер тізімдемелеріне  титул бет, мазмұн, алғы сөз, қысқартылған сөздердің тізімі және жиынтық жазба  жасалады.

   Титул бетке мемлекеттік мұрағаттың ресми  атауы, мұрағаттық қор нөмірі мен  аты және ондағы өзгерістер; істер  тізімдемесінің нөмірі мен аты, енгізілген іс тақырыптарының уақыт аралықтары, тізімдеменің жасалған орны мен жылы жазылады.

   Алғы  сөзде, істердің уақыт аралығы қамтитын кезеңдегі ұйымның құрылуы, қайта  ұйымдастырылуы (таратылуы), міндеттері, функциялары, құрылымы және ондағы өзгерістері; істердің ақпараттық мазмұны, оларды қалыптастыру мен жүйелеудің ерекшеліктері; сипатталған  істердің физикалық жай-күйі мен сақталу орны туралы мәліметтер тиісті нормативтік құқықтық актілерге, өкімдік құжаттар мен мұрағаттық құжаттардың іздестіру деректеріне сілтеме жасай отырып баяндалады.

   Тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесіне  Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған  істердің, соның ішінде республикалық, облыстық деңгейдегі, республикалық  маңызы бар қалалардағы, Қазақстан  Республикасы астанасындағы ұйымдар  басшылары жеке істерінің, сондай-ақ ұйым істері номенклатурасында "СТК" деген белгісі бар құжаттардың  тақырыптары енгізіледі.

   Тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесінің тақырыптарын жүйелеу хронологиялық-құрылымдық және номиналды-логикалық жіктеу белгілері  бойынша жүргізіледі: іс тақырыптары  түзілген жылы бойынша, әр жыл ішінде - құрылтайшылық құжаттармен белгіленген  құрылымға сәйкес, ал әр құрылымдық бөлімшенің өз ішінде - ұйымның іс номенклатурасында  орналасқан ретіне қарай топтастырылады.

   Құрылымдық  бөлімшелерге нақты бөлінбеген ұйымдарда  тақырыптар хронологиялық-функционалдық (хронологиялық-номиналды) жіктеу белгілері  бойынша жүйеленеді: тақырыптар істердің түзілген жылына байланысты, ал әр жыл  ішінде - олардың ұйым қызметіндегі мәніне орай (маңыздылығының кему бағытына қарай) топтастырылады.

   Жеке  құрам бойынша істер тізімдемесіне  ұйым басшысы бұйрықтарының (өкімдерінің), қызметкерлер тізімдерінің, жеке құрамды  есепке алу жөніндегі карточкілердің, жеке іс қағаздарының, қызметкерлер дербес есепшоттарының, жинақтау зейнетақы  қорына міндетті зейнеткерлік жарнасын аударуға төлем тапсырыстары мен  жеке тұлғалар тізімдерінің, жеке еңбек  шарттарының, қызметкерлердің сұраусыз қалған түпнұсқа жеке құжаттарының, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға қатысты өндірісте  және басқа істерде болған сәтсіз оқиғалар туралы актілердің тақырыптары  енгізіледі.

   Жеке  құрам бойынша істер тізімдемесіндегі тақырыптар хронологиялық, құрылымдық (функционалдық) және номиналды жіктеу белгілері бойынша жүйеленеді: іс тақырыптары ол істің ашылған (аяқталған) жылына қарай, әр жыл ішінде - ұйымның  құрылымдық бөлімшелеріне (қызмет бағыттарына) сәйкес, ал құрылымдық бөлімшелер ішінде - істің ұйым қызметіндегі мәніне орай (маңыздылығының кему бағытына қарай) топтастырылады.

   Жеке  құрам мен жеке іс қағаздарын (көлемі жылына 20-дан жоғары болған кезде) есепке алу карточкілері дербес істер тізімдемесіне  енгізіледі. Олардың тақырыптары  істердің түзілуі аяқталған жылдарға сәйкес, ал жыл ішінде - қызметкерлер фамилиясының әліпбилік реті бойынша  топтастырылады.

   Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам  бойынша істер тізімдемелері 4 данадан  жасалады, үш данасы мемлекеттік мұрағатқа  беріледі де, бір данасы ведомстволық мұрағатта қалады.

   Құжаттарды  сақтайтын негізгі құралдар тұрақты  немесе жылжымалы металл стеллаждар, отқа төзімді етіп өңделген ағаш стеллаждар болып табылады, қосалқы құралдар - металл шкафтар мен сейфтер.

   Сақтау  құралдары терезелі қабырғаларға перпендикуляр  орналастырылады. Құжаттарды сақтайтын  құралдарды ғимараттың сыртқы қабырғасына  және жылу көздеріне тақап орналастыруға  рұқсат етілмейді.

   Сақтау  құралдарын орналастыру мынадай  нормаларға сәйкес жүзеге асырылады: олардың  қатараралық қашықтығы - 120 см; сақтау құралдары аралықтарының қашықтығы - 75 см; ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған параллель қойылған сақтау құралдары аралық қашықтығы - 75 см; қабырға мен сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы - 45 cм; еден мен сақтау құралының төменгі сөресіне дейінгі аралық - 15 см.

   Құжаттар  сақтау құралдарының сөрелеріне стандартты мұрағат қораптарына, электрондық  негіздер - қынаптарға салынып жайғастырылады.

   Сақтандыру  қоры мен пайдалану қорының шағынфильмдері металл қораптарда сақталады, стандартты раккордтары болады және фотоқабатты  беті сыртқа қаратылған күйінде орам етіп оралады.

   Құжаттарды  еденге, терезе алдына, басқыштарға  немесе реттелмеген үймелер арасына  қоюға болмайды.

   Сақтау  құралдары дербес түрде мұрағатқа  кірер есіктің сол жағынан  оң жағына қарай, ал сөрелері жоғарыдан  төмен қарай нөмірленеді.

   Құжаттарды  сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік  өлшемдерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

   Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер немесе боялған  әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы  жарық түсіруге рұқсат етіледі.

   Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар  ішінде жанатын лампалар немесе жарық  шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминесцентті лампалар қолданылады.

Информация о работе Отчет по практике в суде