Отчет по практике в суде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 10:56, отчет по практике

Описание

Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1.Сотта іс жүргізу
Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі...........................4
Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу....................................................................................................................5
Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі................................................9
1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалдануға дайындау......................................................13
Атқару өндірісі
2.1 Мүлікті өндіріп алу.........................................................................................13
2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу................14
2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы..................................................................17
2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу..................20
2. 5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі.............................................................23
Құқықтық статистика
Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні..........................................................................................................................24
Статистикалық көрсеткіш...............................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................35
Қосымша ...................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Сотта іс жүргізу.docx

— 77.46 Кб (Скачать документ)
    1. Статистикалық көрсеткіш
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     Азаматтық іс жүргізу өндірісінде дәлелдемелер мен дәлелдеудің орны ерекше. Өйткені, АІЖК-нің 65-бабында көзделгендей, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дә- лелдеуі тиіс, яғни талап қоюшы өзінің талабының  негіздерін, ал жауапкер өзінің қарсылықтарының  негіздерін дәлелдеуі керек. Егер тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлға­лар  үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық  келтіретін болса, сот олардың өтінімі  бойынша дә- лелдемелерді сұратып  алдыруға жәрдемдеседі.

     Сонымен  дәлелдеме дегеніміз не? Дәлелдеме  дегеніміз – заңмен көзделген  тәртіпте сот тараптардың талаптары  мен қарсылықтарын негіздейтін  мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс  шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде  анықтайтын заңды түрде алынған  нақты деректер. Дәлелдемелерді сотқа  тараптар және басқа да тұлғалар береді. Ұсынылған дәлелдемелердің іске қатыстылығын немесе қатысы жоқ екенін сот анықтайды.

     Егер  дәлелдеме іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы тұжырымдарды растайтын болса, немесе теріске шығарса, не болмаса  оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот ондай дәлелдемені  іске қатысты деп таниды. Дәлелдеме  АІЖК-де көзделген тәртіппен алынса, мұндай дәлелдемеге жол беруге болады деп  танылады.

     Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен  расталуға тиіс істің мән-жайлары  ешқандай басқа дәлелдемелермен  расталуға тиіс емес. Атап айтқанда, сот тәжірибесінде жиі кездесетін қарызға берілген ақшаны даулау туралы істерде, егер қарыз сомасы жүз есептік  көрсеткіштен жоғары болса, мәміленің  жазбаша түрде жасалғаны дұрыс. Себебі, дау туындаған жағдайда куәлардың  жауаптары дәлелдеме бола алмайды.

     АК-тің 153-бабында  көрсетілгеніндей, мәміленің  жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұны немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады.

     Дәлелдемелер  ретінде жол беруге болмайтын  нақты деректерге мыналар жатады:

     Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың  заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе  істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда  азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып алынса, оның ішінде:

     1) күш қолдану, қорқыту, алдау,  сол секілді өзге де заңсыз  іс-әрекеттерді қолдана отырып;

     2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе  дұрыс түсіндірмеудің салдарынан  туындаған іске қатысушы адамдардың  өз құқықтары мен міндеттеріне  қатысты жаңылуын пайдалана отырып;

     3) осы азаматтық іс бойынша іс  жүргізуді жүзеге асыруға құқығы  жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін  жүргізуіне байланысты;

     4) қарсылық білдіруге жататын адамның  іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына  байланысты;

     5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін  айтарлықтай бұза отырып;

     6) белгісіз көзден немесе сот  отырысында анықтала алмайтын  көзден;

     7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми  білімге қайшы келетін әдістерді  қолдана отырып алынса, оларды  сот дәлелдемелер ретінде жол  беруге болмайды деп  тануға  тиіс.

     Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің  заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла  алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар  кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде  пайдаланылмайды. 

     Сотта өкілдік туындау негіздеріне  байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

     - шартты;

     - заңды;

     - жарғысы бойынша;

     - қоғамдық;

     - ресми.

     Шартты  өкілдік ету – еңбек шартына  немесе тапсырма шартына негізделген  өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін  тапсырады. Азаматтық процесс бойынша  тарап немесе үшінші тұлға ретінде  қатысатын азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұліс бойынша өкіл болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі). Сонымен қатар  істің мән-жайлары бойынша қажет  болса, сот тараптардың сот отырысына  қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК-і 187-бабының 5-бөлігі).

     Өкіл  етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа  да адамдар тапсырма бойынша сотта  өкіл бола алады (ҚР АІЖК-і 59-бабының 7-тармағы).

     Заңды өкілдік ету – заңның тікелей  көрсетілуіне негізделген өкілдік  ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта  заңды өкілдік ету:

     - әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі,  есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне  толық ие емес (14-18 жаста) немесе  әрекетке қабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке  және мүліктік құқықтары мен  мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен,  асырап алушылармен, қамқорылар  немесе қорғаншылармен;

     - хабар-ошарсыз кеткендеп белгіленген  тәртіппен танылған азамат қатысуға  тиісті іс бойынша – мүлкіне  қамқорлықты жүзеге асыратын  адаммен;

     - қайтыс  болған немесе қайтыс  болды деп белгіленген тәртіппен  жарияланған адамның мұрагері  қатысуға тиісті іс  бойынша,  егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса  – мұралықмүлікті қорғау мен  басқару үшін тағайындалған сақтаушы  немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.

                Сонымен заңды өклдік ету туындау  негізі үшін әр түрлі заңды  фактілер қажет – туыстық,  асырап алушылық, қорғаншы немесе  қамқоршы тағайындауы.

     Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді  немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі).

     Құрылтай  құжаттары бойынша өкілдік ету  – төмен тұрған ұйымның арнайы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік  ету құқығы.

     Қоғамдық  өкілдік ету- өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің  өкілдік етуі.

     Ресми өкілдік ету-тапсырма бойнша өкілдік  ету, өз сипаты бойынша заңды өклдік етуге жақын.

     Ұйымдардың  ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіліктердің шегінде  іс-әрекет жасайтын олардың органдары  және тиісті өкілеттіктер берілген олардың  өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың  басшылары сотқа олардың қызметтік  жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттар береді.

     Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

     Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың  органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері  сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немесе ережелерден туындайды.

     Сотта өкілдің өкілдік ету құқығын  куәландыратын құжаттар:

     - заңды тұлғалардың басшылары  сотқа олардың қызметтік жағдайын  немесе өкілеттіліктерін куәландыратын  куәліктерін;

     -   заңды тұлғаның өкілдерінің куәліктері (тапсырмалары);

     - АХАЖ органдарының куәліктері  немесе қамқоршылық және қорғаншылық  органдарының куәліктері;

     - Клиент пен адвокат арасындағы  жасалған келісім-шарт, ордер,сенімхат;

     -  өзге жеке және заңды тұлғалардың  нотариуспен куәландырылған сенімхаттары.

     Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау  құқығы өкілдік берушіге тиісілі  барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі).

     Өкілдің өкілеттілігін өкілдік беруші белгілейді және заң сәйкес берілген және ресімделген  сенімхатта көзделуі тиіс (ҚР АІЖК-і 61-бабының 2-бөлігі).

     Өкілдің өкілеттіліктері (ҚР АІЖК-і 61-бабы): сотта  іс жүргізуге арналған өкілеттік  өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою  талаптары мен талап қоюды  танудан толық немесе ішнара бас  тартуды, талап қоюды тануды, талап  қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім  жасауды, өкілетіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге  аудару), соттың қаулысын мәжбүрлеп  орындатуды талап етуді, берілген мүлікті  немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік  берушінің атынан барлық іс жүргізу  әрекеттерін жасауға құқық береді.

     Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге  иіс. Кәсіптік одақтар мен басқа  ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа  осы іс бойынша өкілдікті  жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттары беруі  тиіс. (ҚР АІЖК- 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшылары). Адвокаттың нақты істі жүргізуге  арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал өз қызметін дербес жүргізген жағдайда – адвокат клиентпен жасақан  шартпен куәландырады. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты иісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы  береді. ҚР АЖІК-і 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында  аталған өкілдің өкілеттілігі сеніхатта  немесе сот отырысының хаттамасына  кіргізген өтінішінде көрініс табуы  мүмкін.

     Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар (ҚР АІЖК-нің 60-бабы):

     - судьялар, тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді органдардың депуттатары,  олардың процеске тиісті ұйымдардың  уәкілеттік берілген  адамдары  немесе заңды өкілдер ретінде  қатысу жағдайынан басқа жағдайда;

     - адвокатура туралы заңдармен  белгіленген ережелерді бұза  отырып, заң көмегін көрсету туралы  тапсырма алған адвокаттар;

     - адам, егер мүдделері өзі өкіл  болып отырған адамның мүдделеріне  қайшы келетін адамдарға осы  іс бойынша заң көмегін көрсетсе  немесе  бұрын көрсеткен болса  немесе судья, прокурор, сарапшы,  маман, аудармашы, куә немесе  айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ  егер ол істі қарауға қатысушы  лауазымды адаммен туыстық қатынастарда  болса.

     Іс  жүргізу мерзімдері - бұл талап (талап  арыз, арыз, шағым) бойынша азаматтың  істерді қозғау, қарау мен шешу (шешім шығару), оларды (апелляциялың қада-ғалау және жаңадан аныңталған мән-жайлар бойынша) қайта қарау тәртібін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі-мен белгіленген мерзімдер.

     Іс  жүргізу өрекеттері заңда белгіленген  мерзімдер ішінде жасалуға тиіс. Бүл  әрекеттер соттың азаматтық істерді  қарауынан, соттың және азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың әр түрлі  әрекеттерінен түрады.

     Іс  жүргізу мерзімдерін белгіленуі сотта азаматтың істердің тез  және дүрыс ңаралуына көмектеседі. Іс жүр-гізу мерзімдері туралы жалпы  мәліметтер ҚР АІЖК-і 123-128-баптармен  қарастырылған. Іс жүргізу мерзім-дерін  жаратылысы бойынша екі нысанға  бөлуге болады:

     1)  заңмен белгіленген мерзімдер;

     2)  сотпен белгіленген мерзімдер.

     Жоғарыда  аталған іс жцргізу мерзімдер  тцрлерініц бір-бірінен айырмашылыгы мынада:

     -   заңмен белгіленген іс жүргізу  мерзімі сотқа және басңа да  азаматтық іске қатысушыларға  міндетті;

     -   заңмен белгіленген іс жүргізу  мерзімін сот және тараптар, іске  қатысушылар өзара келісімдері  бойынша өзгерте алмайды;

     -   сотпен белгіленген іс жүргізу  мерзімі азаматтық іске қатысушыларға  байланысты тек сотпен бекітіледі;

     -   сотпен белгіленген іс жүргізу  мерзімі соттың өзімен керек  болған жағдайда өзгертілуі мүмкін  және іс жүргізу

     әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбесе, оны сот тағайындайды (ҚР АІЖК-і 123-бабының 2-бө-лігі).

     Сотқа талап арызы түскен күннен бастап судья 5(бес) күн мерзімде ол бойынша  сот ісін жүргізу үшін қабыл-дау  туралы мәселені шешуге ңүқы бар. Азаматтық  істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7(жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей  жүргізілуге тиіс. Жалпы азаматтық  іс жүргізу заңына сәйкес азаматтық  істер істі сот талқылауына әзірлеу  аяқталған сәттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі, ал жүмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы жө-не мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басңару органдарының, лауазымды  адамдардың, мемлекеттік дызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекет-сіздігін) даулау туралы істер 1(бір) айға дейінгі  мерзім-де қаралып, шешіледі.

     Іс  жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға  арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл  күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есепте-летін  уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы  жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін  іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік  күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні ч

     Іс  жүргізу мерзімдерін ұзарту. Сот  тағайындаған мерзімдерді сот үзарта алады. Заңмен белгіленген мер-зімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған  себедтермен өткізіліп алынса, сот  қалпына келтіре алады. Өткізіліп  алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс

     жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын  сотңа бері-леді. Сот бүл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен  уаңыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың ңаты-суымен қарайды, алайда, олардың  келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып  табылмайды (ҚР АІЖК-і 128-бабының 3-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы сот  ұйгарым шығарады.

     Іс  жүргізу мерзімдерін қалпына  келтіру. Мерзімді қалпына келтіру  туралы өтініш берумен қатар ол бойынша  мерзімі өткізіліп алынған қажетті  іс жүргізу әрекеттері жасалуға (қүқық  қорғау туралы талап қойылуға, шағым  берілуге, қүжаттар табыс етілуге  және т.б.) тиіс (ҚР АІЖК-і 128-бабының 4-бөлігі). Іс жүргізу мерзімдерін қалпына  келтіру немесе келтіруден бас тарту  туралы сот ұйгарым шығарады.

     Соттың  өткізіліп алынған іс жүргізу  мерзімін ұзартудан және қалпына  келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шагым (тараптармен, үшінші түлғалар-мен) берілуі және наразылық (прокурормен) келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖК-і 128-бабының 5-бөлігі).

     Іс  жүргізу мерзімдерінің аяқталуы:

     - жылдармен есептелетін мерзім  сол мерзімнің соңғы жылының  тиісті айында және күнінде;

     - айлармен есептелетін мерзім  сол мерзімнің соңғы айының  тиісті айы мен күнінде;

     - егер айлармен есептелетін мерзімнің  соңы тиісті күні жоқ айға  сәйкес келсе, мерзім осы айдың  соңғы күнінде;

     - күндермен есептелетін мерзім  белгіленген кезеңнің соңғы күні;

     - егер іс жүргізу әрекеті тікелей  сотта немесе басқа ұйымда  жасалуы тиіс болса, белгіленген  ереже бойынша бүл ұйымдарда  жұмыс аяқталатын немесе тиісті  операциялар тоқтатылатын сағатта  мерзім бітеді.

     Мерзімнің соңгы күні демалыс куніне тап  келген жагдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып  есептеледі.  Жасалуына мерзім белгіленген  іс жүргізу әрекеті мерзімнің  соңғы күніне жиырма төрт сағат ңалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің  соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырылса не-месе байланыстың өзге де қүралдары  бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді (ҚР АІЖК-нің 125-бабы).

     Іс  жүргізу мерзімдерінің бітуі  іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды (ҚР АІЖК-і 126-бабының 2-бөлігі).

     Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме  рас деп есептеледі (АІЖК-нің 70-бабы).  

Астана  қаласыының соттарында 2008 жылдың сот  төрелігін жүзеге асырудың 2008 жылдық көрсеткіштері. 

  Астана қаласытық соттарымен 2008 ж 17 648 азаматтық, 1811 қылмыстық және 22 535 әкімшілік істер, барлығы 41 994 іс қаралды. 2007 жылы облыс соттарымен 35 938 іс қаралды.

2008 жылы  облыс соттарының өндірісімен  1811 қылмыстық іс аяқталды. Бұл  орайда салыстыра өқтетін болсақ 2007 жылы 1714 іс қаралған болатын. 

  Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 97 іске көбейіп отырғанын яғни 5,6 пайызын құрап отыр.

2008 жылы 33 тұлға ақталды, бұл 2007 жылғы  көрсеткішпен салыстырғанда 5 тұлғаға  көбейіп отыр, яғни ол 17,8 пайызын  құрап отыр. 

  Азаматтық істер бойынша тоқталып өтсек, 2008 жылы Астана қаласыының соттарына 318 азаматтық іс және 21 560 арыз түсті. Ол бойынша 18 008 іс қозғалды 11 458 іс бойынша шешім қабылданды.

Әкімшілік істер бойынша облыс сорттары 2008 жылдың 12 айына қарасты өндіріспен 12 883 істі аяқтап 12 916 тұлғаға қатысты  ҚР Әкімшілік Кодексінің 708, 709 баптарына  сай қаулы шығарылды. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 ж 12 айына қарасты өндіріспен 3 126 аяқталған істің көбейіп отыр.  

  Астана қаласыының соттарында 2009 жылдың 1 тоқсанына қарасты сот төрелігін жүзеге асырудың 2008 жылдық көрсеткіштері. 

  2009 жылдың 1 тоқсанында аудандық және оған теңестірілген соттармен 473 қылмыстық іс қаралып аяқталды. 

  2008 жылдың 1 тоқсанында 413 қылмыстық іс аяқталған болса, бұл биыл аяқталған істердің 60 іске көбейіп отырғанын көреміз. 

  2009 жылдың 1 тоқсанында 381 тұлға айыпталса олардың 189 қатысты бас бостандығынан айыру шарасы қолданылды яғни бұл, 4,9 6 пайызды құрап отыр.    2009 жылдың 1 тоқсанында 5 тұлға ақталды. 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда өндіріспен биылғы жылы 111 тұлғаға қатысты іс тоқтатылса, өткен жылдың 1 тоқсанында 94 іс тоқтатылған.Қайта тергеуге тергеу орындарына облыс соттарымен 2008 жылдың 1 тоқсанында 15 тұлғаға қатысты істер қайта жіберілсе, 2009 жылдың 1 тоқсанында 10 тұлғаға қатысты істер қайтадан тергеуге жіберілді. Бұл тергеу орындарының соттарға жіберіп отырған алдын-алап тергеу жұмыстарының сапасының төмендігін көрсетіп отыр. 

  Астана қаласыының соттарымен азаматтықт істер бойынша 2009 жылдың 1 тоқсанында өндіріспен 3 387 іс аяқталып оның 2 234 бойынша шешім шығарылды.    Астана қаласы соттарымен 2009 жылдың 1 тоқсанында 2 802 тұлғаға қатысты 2 798 әкімшілік істер қаралды. Салыстырып өтсек 2008 ж 1 тоқсанда 33 110 тұлғаға қатысты 3 299 іс қаралған болатын. Бұл соттармен қаралып отырған әкімшілік істердің көбейіп отырғанын көрсетіп отыр.  

  ҚР Әкімшілік Кодексінің 708, 709 баптарына сай балрығы 6 661 қаулы шығарылды. 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

   Қорытынды 

   Сот жүйесі дегеніміз Қазакстан Республикасының  аумагында әрекет ететін. ортак міндеті  бар, біртұтас демократиялық принпипте  ұйымдастырылган және жұмыс істейтін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі  катынастармен өзара байланысты барлық соттардың жиынтығы. Жүйе, ол — белгілі бір өзара байланыстағы, өзара тәуелділіктегі әлементтер жиынтыгы. Сот жүйесінің күрылымы нормативтік  құқыктық актілерде бекімін тапқан.

   «Сот» — сот билігінің органы, Қазакстан  Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алка болып немесе жеке дара қарайтын, кез келген заңды күрылган сот. Судьялар жұмыс істейтін мекеме де, соттын кұрамы да, сот талкысының өзі де «сот»  деп ұғынылады.

   «Сот» ұғымы соттардың күрылымдык бөлімшелерін: сот алкасын, пленарлык отырысты да камтиды. Әр соттың юрис-дикциясы (тиісті органдардын құқыктық мәселелерді  шешуге өкілеттіктерінің жиынтыгы) белгілі  бір аумакка немесе күрылымдык бөліністерге (әскери округ, гарнизон) таралады. Соттың юрисдикциясы республиканың әкімшілік-аумактық бөлінісімен әр уакытта бірдей сәйкес бола бермейді. Әр сот орга-нында  өзіне ғана берілген өкілеттік болады.

   «Судья» — сот билігін таратушы; заңда  белгіленген тәртіпте осы лауазымға  тағайындалган немесе сайланган  кәсіпкер судья (сот төрағасы, сот  алкасының төрагасы. сот мүшесі немесе тиісті соттын басқа судьясы).

   Казакстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі:

   — барлық соттар мен судьялар үшін сот  төрелігінің Кон-ституцияда, «Казакстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларынын мәртебесі туралы» Конституциялык заңда, іс жүргізушілік және өзге де заңдарда белгіленген принциптерінің оргактығымен және бірлігімен;

   сот билігін сот ісін жүргізудің барлық соттар үшін заңда белгіленген бірыңгай формасында жүзеге асырумен;

   Казакстан Республикасының күшіндегі кұқығын  барлық соттардың қолдануымен;

   Судьялардың бірыңгай мәртебесін заңда бекітумен;

   Қазақстанның  барлық аумагында заңды күшіне енген сот актілерін орындаудың міндеттілігімен;

   барлық  соттарды тек республикалық бюджеттен каржы-ландырумен камтамасыз етіледі.

   Сот жүйесін Республиканыц Конституциясы мен конституциялык заңы аныктайды. Казакстан Республикасыныц сот жүйесіне Жоғарғы Сот, жергілікті және басқа соттар кіреді. Конститу-цияда және конституциялык заңда корсетілген соттар басқадай соттар құруға катан тыйым салынган.

   Он  бағыттың бірі — сот жүйесін мамандандыру, ол әділ де дзлелді шешімдер шығаруға жағдай тудырады. Елде қазір жономикалық, әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша соттар жүмыс істейді.

   ҚР Президентінің 2006 жылдың 17-тамыздағы № 158 жарлығымен Алматы каласында мамандандырылған каржы соты қүрылды, ол облыстық сотқа теңестірілді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығына катысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын карауға уәкілетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерін бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы  басқару жөніндегі комитетінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы N 93 бұйрығы
  2. Қазақстан Республикасы   Әкімшілік іс жүргізу кодексі
  3. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексі
  4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотта  іс жүргізу нұсқаулығы
  5. Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Іс  қағаздарын жүргізудің үлгілік жұмыс  жоспары 

«Арқау» ЖШС 

«Арқау» ЖШС-де

іс  қағаздарын жүргізу 

жөніндегі нұсқаулық

  БЕКІТЕМІН

Директор 
 

___________ Н. Асанов

 
Жұмыстар  атауы Орындалу  мерзімі Жауаптылар
1. Құжаттау    
1. Кәсіпорын  жұмысына қажетті құжаттардың  негізгі түрлерін анықтау. Басы  артық және ескірген құжаттарды  айналымнан шығару.    
2. Құжаттардың  негізгі түрлерін ҚР Мемстандарттарына  сәйкес жетілдіру    
3. Фирмалық  бланкілердің нысандарын әзірлеп,  бекіту, көбейту    
4. Кәсіпорындағы  негізгі құжаттар түрлерінің  үлгілерін жасау    
5. Кәсіпорын  қызметкерлерін аталған үлгілерді  пайдалана отырып құжаттарды  ресімдеу ережелерімен таныстыру    
2. Құжаттармен жұмысты  ұйымдастыру    
1. Іс  қағаздарының номенклатурасын жасау    
2. Құжаттардың  папкаларын бірыңғай нысанда  ресімдеу    
3. Құжаттарды  тіркеу, өткізу және сақтау тәртібін  белгілеу    
4. Құжаттардың  орындалуын бақылаудың бірыңғай  тәртібін енгізу    
5. Басшының  бекітуіне жататын құжаттардың  тізбесін жасау    
6. Тіркеуге  жатпайтын құжаттардың тізбесін  жасау    
7. Іс  қағаздарын жүргізу жөніндегі  нұсқаулықты жасау    
8. Коммерциялық  құпия құжаттармен жұмыс жүргізудің  бірыңғай ережесін енгізу    
 

Директордың орынбасары  ____________  Н. Оспанов

Информация о работе Отчет по практике в суде