Отчет по практике в суде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 10:56, отчет по практике

Описание

Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1.Сотта іс жүргізу
Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі...........................4
Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу....................................................................................................................5
Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі................................................9
1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалдануға дайындау......................................................13
Атқару өндірісі
2.1 Мүлікті өндіріп алу.........................................................................................13
2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу................14
2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы..................................................................17
2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу..................20
2. 5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі.............................................................23
Құқықтық статистика
Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні..........................................................................................................................24
Статистикалық көрсеткіш...............................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................35
Қосымша ...................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Сотта іс жүргізу.docx

— 77.46 Кб (Скачать документ)

   Жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімнің орындалуы  әкімшіліктің жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз өкімінің күшін жою туралы бұйрық шығарғаннан  кейін болған, жұмыстан заңсыз босатылған немесе ауыстырылған қызметкер бұрынғы  міндеттерін атқаруға іс жүзінде  жіберілген кезден бастап аяқталған  болып есептеледі.

   Борышкерді  қоныс аударту туралы атқару құжаты сот орындаушысы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда қоныс аударту  куәгерлердің қатысуымен мәжбүрлі түрде  жүзеге асырылады.

   Сот орындаушысы борышкерді қоныс аударту  уақыты туралы ресми түрде хабардар етеді. Қоныс аударту уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің  болмауы атқару құжатын орындауға  кедергі болмайды.

   Қоныс аударту атқару құжатында көрсетілген  үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүліктерінен, үй жануарларынан  босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды  пайдалануына тыйым салудан тұрады.

   Қоныс аударту кезінде босатылатын  үй-жайдан шығарылатын мүліктердің  тізімдемесі жасалады және қажет  болған жағдайларда шыққан шығын  борышкерге жүктеліп, оны сақтау қамтамасыз етіледі. Борышкердің мүлкін сақтау екі айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады, оның аяқталуына қарай аталған  мүлік Заңда белгіленген тәртіппен  сатылады.

   Борышкердің мүлігін сатқаннан кейін түскен сома, орындау жөніндегі шығыстар, атқару санкциясы және жеке сот орындаушысы  қызметінің төлеуі өтелгеннен кейін  борышкерге қайтарылады. Борышкермен  талап етілмеген ақша аумақтық органың  ақшаның тиісті бақылау шотында  немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотында сақталады. Үш жыл өткеннен кейін, аталған ақшалар республикалық  бюджетке аударылады.

     Мүлік сатылмаған жағдайда ол  куәгерлердің қатысуымен жойылуға  жатады. Сот орындаушысы мүлікті  жою актісін толтырып, оған өзі  және куәгерлер қол қояды. Мемлекеттік  сот орындаушысы толтырған акті  аумақтық органың басшысымен  бекітілуге жатады.

   Сот орындаушысы өндіріп алушыны  атқару құжатында көрсетілген үй-жайға  қоныстандыруды қамтамасыз етеді.

   Сот орындаушысы өндіріп алушыны  және борышкерді қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етеді. Қоныстандыру уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы  атқару құжатының орындалуына кедергі  болмайды.

   Өндіріп алушыны қоныстандыру актімен ресімделеді  және куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.

   Сот орындаушысы борышкерден өндіріп  алған сомадан ең алдымен атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұл шығыстары өтеледі, содан кейін орындау жөніндегі  шығыстар өтеледі, қалған сома өндіріп  алушылардың талаптарын қанағаттандыруға беріледі.

   Жеке  сот орындаушысы борышкерден  өндіріп алған сомадан ең алдымен  жеке сот орындаушысының қызметіне  төлеу жөніндегі шығыстар, орындау  жөніндегі шығыстар, атқару құжатын  орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, одан соң орындау  жөніндегі шығыстар жабылады, қалған сома өндірушілердің талаптарын қанағаттандыруға түседі.

   Барлық  талаптарды қанағаттандырылғаннан  кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.

   Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп  алушыларға берілуге тиіс сомаларды  сот орындаушысы аумақтық органың  ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына қосады, содан кейін белгіленген  тәртіппен береді немесе аударады.

   Өндіріп алуды жүргізу кезінде басқа  істер бойынша атқару құжаттары  бар адамдар өндіріп алуға  қосыла алады.

   Атқару  құжаттары бойынша барлық талаптарды қанағаттандыру үшін борышкерден өндіріп  алынған сома жеткіліксіз болған жағдайда бұл сома өндіріп алушылар арасында осы Заңда белгіленген  кезек тәртібімен бөлінеді.

   Әрбір келесі кезектің талаптары алдыңғы  кезектің талаптары толық өтелгеннен кейін қанағаттандырылады. Өндіріп  алынған сома бір кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бұл  талаптар әрбір өндіріп алушыға  тиесілі сомаға барабар қанағаттандырылады.

   Бірінші кезекте алименттерді өндіріп алу  туралы талаптар; мертігу немесе денсаулыққа  өзге де зақым жасау арқылы келтірілген, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына  байланысты зиянды өтеу жөніндегі талаптар; қызметкерлердің еңбектегі құқық  қатынастарынан туындайтын талаптары  қанағаттандырылады.

   Екінші  кезекте патенттер берілген туындыны, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар; азаматтардың мүлкіне қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды өтеу жөніндегі  талаптарды қанағаттандырылады.

   Үшінші  кезекте несие кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер  жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомаларының шегінде қанағаттандырылады.

   Төртінші  кезекте бюджетке және бюджеттен  тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі  талаптар; қылмыс жасау немесе әкімшілік  құқық бұзушылық арқылы келтірілген  зиянды өтеу жөніндегі заңды тұлғалардың  талаптары қанағаттандырылады.

     Бесінші кезекте қалған талаптардың  бәрі қанағаттандырылады. 
 
 

    2. 5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі 

   «Атқарушылық  іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі  Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу тәртібін реттейді.

     Ағымдағы шоттағы сомаларды есепке  алу мақсатында жеке сот орындаушысымен  ағымдағы шоттағы сомаларды есепке  алу кітабы (бұдан әрі – депозиттік  кітап) жүргізіледі.    Депозиттік кітап нөмірленеді, тігіледі, жеке сот орындаушысының қолы қойылып, мөрімен куәландырылады.    Депозиттік кітапта: ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні;  атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі; төлем құжатының атауы мен нөмірі; борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері; түскен соманың мөлшері; төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн; төленген соманың мөлшері, егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі, алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); төленбеген соманың қалдығы көрсетіледі.      Депозиттік кітапты ашу кезінде оған жеке сот орындаушысының сол күнгі банктегі ағымдағы шотында бар қалдық сома түгелдей енгізіледі. Кейіннен банктен үзінділердің келіп түсуіне қарай жазба жүргізіледі.

      Жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан соманы аудару туралы өтінішін алу кезінде, жеке сот орындаушысы ақшалай қаражатты аударуға арналған үш данада төлем шотын ресімдейді.     Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі. Атқарушылық құжат бойынша тиесілі соманы аудару туралы өтініші де атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіледі.  
 
 
 
 
 
 
 

3.Құқықтық  статистика 

    1. Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні
 
 

    Кез келген мемлекет үкіметі өз еліндегі елеулі қоғамдық құбылыстарды есепке алып, олардың нақты нәтижелерін  біліп отыруға мүдделі. Себебі, қоғамның дамуы сондай құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты болады. Ондай қызметті іске асыру  үшін мемлекет статистиканың көмегіне сүйенеді. Сонысына қарай статистика мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде қаралады және қоғамның сан  салалы болуына байланысты сол салалар  бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

    Қоғам назар аударуға тиісті салалардың бірі – бұл заңдармен қорғалатын қаты-настардың  жай-күйі болып табылады. Өйткені, мемлекет пен қоғам үшін аса қажетті  болып саналатын әр түрлі қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан  қарсы іс-әрекеттер жасалады. Түрлі  құқық бұзу әрекеттеріне (қылмыстық, әкімшілік, аза- маттық) және олардың  дең-гейлеріне қатысты жан-жақты  сандық мәліметтер дайындаудың қажеттілігі  осыдан туындайды. Құқықтық статистика - қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар оның жағымсыз тұстарының да көрсеткіштерін береді, мемлекет осындай  айқын мә-ліметтерге сүйене отырып, тиісті шаралар қолданады.

    Статистика  қазіргі кезде екі түрлі мағынада қолданылады: біріншіден, есеп жүргізу  ретінде, екіншіден, ғылым ретінде. Осылардың екеуі де оның негізгі  қызметі болып саналады. Есеп түрі және ғылым саласы ретінде ол қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауға  алып, олардың көрсеткіштерін зерттейді.

    Мемлекет  пен қоғамды құ- райтын маңызды  салалар ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік құрылымын білдіретін сан  алуан қоғамдық қатынастардың жүйесі алынады. Сол жүйенің саласына жататын  қоғамдық қатынастардың бір түрі – мемлекет қабылдаған арнайы нормативтік  актілермен шешілетін құқықтық мағынадағы қарым-қатынастар болып табылады. Сондықтан  құқықтық статистика да статистиканың  көптеген салаларының бірі ретінде қызмет атқарады.

    Құқық салалары заңмен реттелетін және заң  қыз-метінің нысаны ретінде танылатын  іс-әрекеттерге немесе қоғамдық қатынастардың  жүйелеріне қарай бөлінеді. Мемлекет қоғамдағы заңмен реттелетін әрекеттерді  анық-тай отырып, оларды бақылауға  алып, есебін жүргізеді. Сол есептің  көрсеткіштеріне қарай мемлекет қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша  бағ-дарламалар, жоспарлар да-йындайды. Құқықтық статис-тиканың мемлекеттік  қызметтің бір түріне жататындығын осыдан көруге болады.

    Елімізде  құқықтық статистика қызметі Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанда  қабылданған «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Бұл құжатта құқықтық статистика саласына қатысты барлық мәселелер ескерілген. Құқықтың түрлі салалары заңмен реттелетін қоғамдық қатынастардың сан алуан болуына және қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіп-тік дәрежесі мен сипаттарына байланысты өмір сүреді. Қамтитын құбылыстарына және құқық нормаларының қолдануын іске асыратын органдардың қызметіне қарай құқықтық статистиканың үш саласын атап айтуға болады. Олар: қылмыстық-құқық-тық, әкімшілік-құқықтық жә- не азаматтық-құқықтық статистикалар. Аталған құқықтық статистика салаларының әр-қайсысы кешенді сала болып табылады. Яғни, олар заңды бұзу әрекеттеріне байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастарды қамтиды. Сонымен қатар, жоғарыда кел- тірілген құқықтық статисти- ка салалары тек заңсыз әре-кеттерді ғана емес, құқық бұзушылықтың мемлекеттік органдарда тізбектеліп қарас-тырылуына байланысты өзге де құқық салаларын қамтиды.

    Сонымен, құқықтық ста-тистиканың мәліметтері  қо-ғамдағы заң тәртібін сақтау талабының  іске асуын және құқық қорғау органдары  қыз-метінің жетістіктері мен кемшіліктерін  сандық көрсеткіштер түрінде ашып көрсетеді. Соған сәйкес, заң бұзушылықтың сандық мәліметтері арқылы мемлекет қылмыстық  әре-кеттердің бағыты мен деңгей-лерін  анықтай отырып, олармен күресу және алдын-алу туралы бағдарламалар, жоспарлар жасайды.

    Құқықтық  статистика қыл-мыстық әрекеттерді  сандық жағынан бақылауға алумен ғана шектелмейтіндігі айтылды. Ол сонымен  бірге құқық қорғау саласындағы  мемлекеттік органдардың қызмет-терін  де қамтиды. Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңында  құқықтық ста-тистиканың осындай міндеттері де көрсетілген.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабын- да: «Прокуратура мемлекет атынан Республиканың  аумағында заңдардың, Қазақ-стан Республикасының  Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-із-дестіру қызметінің, анықтау  мен тергеудің, әкімшілік жә- не орындаушылық іс жүргі-зудің заңдылығын жоғары қадағалауды  жүзеге асырады, заңдылықтың кез  келген бұзылуын анықтау мен жою  жөнінде шаралар қолданады. Сондай-ақ, Республика Конституциясы мен заңдарына  қайшы келетін заңдар мен басқа  да құқықтық актілерге наразылық  білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қу-ғындауды жүзеге асырады» - делінген. Жалпы, құқық қорғау саласында прокуратура органдарының қызме-ті ерекше орын алатынын осыдан-ақ аңғаруға болады. Ата заңның осындай  талаптарын басшылыққа ала отырып, Республикамыздың барлық аймақтарындағы прокурорлар өз қызметтері туралы мемлекеттік  есеп береді. Ол есепте заңды бұзу фактілері, оның ішін-де азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын, заң-ды мүдделерін қорғау, тергеу жүргізуші органдардың қылмыстық істі қозғау немесе қысқарту, сондай-ақ, тергеуді тоқтату, сезікті, айыпкер деп танылған адамдарды қамауға алу, сотта қылмыстық және азаматтық істерді қарауда сақталуы, сот үкімдері мен шешімдерінің заң талаптарына сәйкес келуі туралы, сондай-ақ, кәсіпорындар, ұй- ымдар және мекемелер қызметінде заңдылықтың бұзылмауын қорғауды білдіретін мәліметтер келтіріледі. Талдауға жататын мұндай мәліметтер сол ай-мақтардағы қылмыстардың немесе өзге де құқықтық мағынадағы әрекеттердің көрсеткіштерімен салысты- рыла қолданылуы керек. Ондай байланыс болмаған жағ- дайда талдау үстірт жүргізіл-ген болып шығады және ста-тистикалық мәлі-меттерге дұ-рыс баға берілмеуі мүмкін. 
 

Информация о работе Отчет по практике в суде