Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, реферат

Описание

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары………................5
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы………………………..........…..12
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар……………………………………………………....................................16
1.4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер………………………………………………......................................21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау............................26 2.2 Алдын ала тергеу...........................................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша ..............................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Камелетке толмаганд кылмысы.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                                                                       

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3

 1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары………................5

1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы………………………..........…..12

1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар……………………………………………………....................................16

1.4 Кәмелетке толмағандардың  құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер………………………………………………......................................21

  2    тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау............................26 2.2  Алдын ала тергеу...........................................................................................27

Қорытынды..........................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35

Қосымша ..............................................................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың  ісі бойынша қылмыстық сот  ісін жүргізу маңызды мәселеге  айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.

      Қоғамда әлеуметтік-экономикалық  және саяси өзгерістердің ірі  көлемді және жылдам процестері  жүріп жатқан қазіргі уақытта  әсіресе, дүниетанымы әлі толық  қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.  

      Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу  тәртібі, кәмелетке толмағандардың  жас және әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктеріне байланысты осы  категориядағы істерді жүргізудің  өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз әлемдік аренада қанатын кеңінен серпіп, жас Қазақстан Республикасы ретінде танылып отыр. Тәуелсіздік алған уақыт аралығында жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтардың құқықтық санасын түп тамырымен өзгертті. Еліміздің әр азаматының жоғарғы деңгейде өмір сүруіне, мемлекетіміздің биік мақсаттарға жетуіне үлес қосатын білімді, зиялы, өз тағдыры мен ел тағдырына аса жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі уақытта еліміздің басты мақсатына айналуда. Жастар мәселесі қашан да өзекті екендігі белгілі. Соның ішінде , қоғамның ерекше – демографиялық тобы ретінде айқындалған-кәмелетке толмағандар мәселесі қоғамның барлық топтарын бей-жай қалдырмайды.   Өйткені , «Ел болам десең бесігіңді түзе»,- демекші , еліміздің ертеңгі жарқын болашағы осы жас ұрпақ қолында. Алайда , бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке бейім тұратын әлжуаз топқа жатады, олардың мінез-құлқында девиацияның барлық түрі , яғни, маскүнемдік, таксикомания, нашақорлық, жезөкшелік, бақылаусыздық, қаңғыбастық, қылмыстылық көрініс тауып отырады десек қателеспейміз.

        Қазақстан Республикасының   Президентінің  2007 жылғы  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басым міндеттердің бірінде: «Өз назарымды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет» , - деп айтқан болатын.[1]

    Қазіргі  кезде кәмелетке толмағандар  жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде  екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.

       Жасөспірімдер қылмысымен күрес  біздің қоғамдағы қылмыспен күрес  міндеттерінің маңызды құрамдас  бөлігі болып табылады.Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.

         Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын  жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.

       Кәмелетке толмағандардың қылмыстары  туралы істерді тергеу және  сот талқылауы кезіндегі бірінші  әрі негізгісі - процесті кәмелетке  толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.

       Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.

        Бұл тұрғыда қылмыстық істерді  тергеумен сот талқылауы сапасын  одан әрі көтеру өте маңызды.  Бұл саладағы бірінші кезектегі  мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік  жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.

          Мұның барлығы қазіргі кезеңде  кәмелетке толмағандардың істері  бойынша қылмыстық іс жүргізу  мәселесінің өте күрделі екендігін  және өзектілігін көрсетеді.

      Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:  Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу басты мақсат  болып отыр.

      Белгіленген  мақсатқа жету мынадай міндеттерді  шешумен байланысты: сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау    шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім құқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері.

      Өкінішке  орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы  заңнамасының талаптары бұзылатын  немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бұның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сенімдерін қалыптастыруы мүмкін.

      Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе,1,2 тараулардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

      Курстық жұмысын жазу барысында Совет Қоғамындағы    заң ғалымдарының, криминологтардың еңбектерімен қатар тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан ғалымдарының да еңбектерін пайдалана отырып, осы тақырып төңірегінде туындап отырған проблеманы көрсетуге тырыстым.

    Сонымен  қатар, Қазақстан Республикасында  қабылданған Қылмыстық кодекс  пен қылмыстық іс жүргізу кодексін  енгізілген өзгертулерді практика  жүзінде қолдануға да тоқталып  өттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

       Адам құқықтары мен бостандықтары  саласындағы Халықаралық ережелерде  кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.

       БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы  29 қарашада кәмелетке толмағандарға  қатысты әділ соттылықты жүзеге  асыруды қамтитын  Пекин ережелер  деген атпен белгілі шағын  стандартты ережелерді қабылдады.  Бұл ережелер әртүрлі құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге, жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз қолданылуы тиіс. Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс тапты.

      Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен  осы тараудың  ережелері  қылмыс  жасалған сәтте кәмелеттік жасқа , яғни  он  сегіз жасқа  толмаған адамдардың істері  бойынша  қолданылады.  Жалпы  жасты  анықтау  бойынша  кәмелеттік  жасқа  толған  деп  туған күні  келген  адамды айтпайды,  ол  сол күннен  бастап,  яғни сағат 00-бастап  кәмелетке жасқа жеткен  болып саналады.  Ал  медициналық сараптама бойынша ол жаңа жылдан бастап кәмелеттік  жастағы болып табылады[2;299].

      Қазақстанда қазіргі уақытта  бұл мәселеге ерекше назар  аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.

       Кәмелетке толмаған қылмыскер  дегеніміз кім? Кәмелетке толмаған  қылмыскер – бұл заң бойынша  жазалау қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасаған, 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған, ақыл-есі дұрыс адам болып табылады. Жалпы  алғанда, кәмелетке толмаған қылмыскер жалпы қылмыскерге тән белгілердің бәріне ие, десек те, бұған қоса өздерінің жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, сондай-ақ демографиялық және құқылық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Дәлірек айтар болсақ, олардың бұл ерекшеліктері ең алдымен кәмелетке  толмағандар тұлғасындағы және олардың психофизологиялық дамуындағы жас ерекшеліктермен қамтылады. Кәмелетке толмаған қылмыскерке тән ерекшеліктердің бірі – олардың құқықтық және өнегелік санасының елеулі түрде бұрмалануы болып саналады. Яғни, мұндай кәмелетке толмағандар, біріншіден, ар – ұят, борыш, ерік сияқты сезімдерді жеке басының қалауынша немесе өз жолдастарының тілегіне қосыла отырып, өздерінше түсінеді.

       Екіншіден, олар ойын-сауық пен  құмар ойындарына бейім болады.

       Үшіншіден, өзге адамның қайғы-қасіретіне  немқұрайлы қарайды, әлсіздердің  есебінен өзін - өзі танытуға, өзін көрсетуге ұмтылады.

       Төртіншіден, олар заң бойынша  тиым салынғандардың барлығын  форсализм деп санай отырып, заңдардың  әлеуметтік мәнін елемейді, заң  мақсаттарына өз мақсаттарын  қарама – қарсы қояды, сондай-ақ, заң талабы мен нормаларына қарсылық көрсетеді.

        Бесіншіден, әдетте олар құқық  қорғау органдарына қатысты өшпенділік  және сенімсіздік қатынаста болады.

       Сонымен құқыққа қарсы әрекет  етуші кәмелетке толмағандарға  этикалық – құқықтық сферадағы  бұрмалану да тән. Және де бұл құқылық білім саласындағы жәй ғана проблема емес, бұл заң принциптері мен талаптарына теріс қатынас болып табылады.

Информация о работе Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары