Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, реферат

Описание

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары………................5
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы………………………..........…..12
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар……………………………………………………....................................16
1.4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер………………………………………………......................................21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау............................26 2.2 Алдын ала тергеу...........................................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша ..............................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Камелетке толмаганд кылмысы.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

      5) қылмыс келтірген зиянның сипаты  мен мөлшері;

      6) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа  шығаратын мән-жайлар; және басқа  да заңда белгіленген мән-жайлар.[18;117бап]

      Барлық талаптар кәмелетке толмағандар ісі бойынша орындалуға тиіс. Сонымен бірге, жасөспірім айыпкерге тән жасына байланысты психологиялық ерекшеліктер жасөспірім айыпкер тұлғасының қалыптасу процесін сипаттайтын мән-жайларды неғұрлым толық зерттеуді қажет етеді. Бұл оның дүниеге келуінің, өмірінің, тәрбиесінің, мінез-құлқының, т.б. нақты шарттарын терең зерттеу жолымен ғана мүмкін болады. Мұның бәрі қылықтарына дұрыс түсініктеме беру оның белгілі бір жас шегіне жетуімен (қылмыстық жауапкершілікке тартылатын) байланысып жатыр.

      Көрсетілген мән-жайлар кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу затын заңнамалық нақтылау қажеттілігін тудырды. Сонымен, осы істер бойынша дәлелдеу жататын негізгі мән-жайларға заң мыналарды жатқызады (ҚР ҚІЖК, 481 бап):

      1)  жасөспірімнің жасы (күні, айы, туған жылы);

      2)  жасөспірімнің өмір сүру  және тәрбие шарттары;

      3)  зияттық, ерік-жігер және  психикалық дамуы, мінез, темперамент  ерекшеліктері, қажеттеліктері мен  қызығушылығы;

      4)  жасөспірімге   үлкен   адамдардың   және   басқа   жасөспірімдердің ықпалы.

      В. Рыбальская есептеуінше, кәмелетке  толмағандар ісі бойынша дәлелдеу  затының ерекшеліктерін жалпы  түрде мән-жайлардың үш үлкен  тобын айқындаумен түсіндіруге  болады:

      а) өмір сүру және тәрбие шарттары;

      ә) тікелей айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мәліметтер;

       б) оны қылмыс жасауға әкелген  мән-жайлар.[19;35]

      Дәлелдеу процесінде бұл мән-жайлардың бірінші және үшінші топтары олардың жасөспірімнің жеке тұлғасына ықпалы тұрғысынан зерттелетінін есте ұстау керек. Бірақ, егер де бірінші және үшінші топтағы мән-жайлар негізінен тұлғаның қалыптасу процесін (әлеуметтік шығу тегі, отбасының материалдық және тұрмыс жағдайы, оның мәдени деңгейі, тәрбие әдістері және т.б.) сипаттайтын болса, онда екінші топтағы мән-жайлар жасөспірімнің қылмыс істеген сәтіне және істің қаралған уақытына сәйкес келетін мезеттегі оның тұлғасының қалыптасқан қасиеттерін қамтиды (аты-жөні, нақты жасы, т.б.).

      Тергеу және сотта іс қарау  тәжірбиесінде жоғарыдағы барлық  мән-жайлар кешенді түрде, бір уақытта және біртұтас іс жүргізу тәсілдерімен зерттеледі. Алайда, бұл мән-жайлар туралы мәліметтерді іс жүргізу барысында пайдалану әртүрлі болуы мүмкін.

      Сондай-ақ, Г.М Миньковскийдің тұжырымдауынша, кәмелетке толмағандар ісі үшін елеулі бірқатар мән-жайлар үлкендер туралы істерге қарағанда неғұрлым нақты айқындалады, өйткені кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу шегі өзгеше және оның құрамына айыпкердің тұлғалық сипаттамасы, өмір сүру және тәрбие шарттары үшін анықталуы қажет фактілердің неғұрлым үлкен саны кіреді.[20;74]

      В.В Леоненко кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегінің жалпы өзгешелігі, негізінен, бұл шектер үлкендер қылмысы туралы істер бойынша да анықталатын мән-жайлардың дәлелдемесінің әдеттегіден үлкен тобын құрайтынына байланысты деп есептейді. Мысалы, жасөспірімнің қылмыс істеуі әкелген себептер мен шарттарды анықтау үшін әдетте, үлкендер істеріне қарағанда неғүрлым көп дәлелдемелер тартылады. Өзгешелік пен жекелей дәлелдемелерге, мысалы, ата-аналардың қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмаған баласының өмір сүруі мен тәрбие шарттары туралы жауабы; мүғалімдердің, тәрбиешілердің және т.б. жауаптары жатады.[21; 54]

        Іс үшін елеулі барлық мән-жайлар анықталғанда ғана тиісті тәрбиелік әсерге, жасөспірімнің тағдырын дұрыс белгілеуге, оның түзелуі үшін және болашақта осыған ұқсас қылмыстардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға қол жетеді.

       Кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу  ерекшеліктерін  Г.М Миньковский мынадай мән-жайларды анықтаумен байланыстырады:

      а) жасөспірімнің  жеке тұлғасы және дәл жасы;

      ә) оның  дамуы, физикалық және жан-дүниесінің  саулығы;

      б) оның  тұлға ретінде қалыптасуының,  моральдық бейнесінің, мінез-құлқының  шарттары;

      в) арандатушылар мен көмектесушілердің болуы немесе болмауы;

      г) қылмыстыққа  ниет;

      д) жасөспірмінің заңды және жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін маңызы бар мән-жайлар.

      Жоғарыда  айтылғандардан шығатын қорытынды  бойынша, дәлелдеу затының басты қүрамы (компоненті) жасөспірімнің жеке тұлғасы болып табылады. "Тұлға"      ұғымы      адамның      әлеуметтік,      биологиялық, физиологиялық,   психологиялық   және   басқа   да  қасиеттерінің   бірлігін қамтиды. Ол адамның әлеуметтік негізін, оның бет-бағдарын, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. білдіреді.

      Философтар, әлеуметтанушылар, психологтар ұстанымы бойынша тұлғаның белгілерін таразылай келе, оның үш негізгі элементін атап көрсетіге болады:

      демографиялық  мәліметтер; адамгершілік-психологиялық қасиеттері; қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы әлеуметтік мінез-құлқы.

      Қылмыскер  тұлғасы "қандай да бір дәрежеде  оның қылмыс істеуіне әсер  еткен" әлеуметтік және жеке  өмірлік ережелерімен өзара әрекетте  қаралады. Жасөспірімнің қылмыстық мінез-құлқына көбінесе субъективті себептер түрткі болады.

       Криминологтар     кәмелетке     толмаған     қылмыскер     тұлғасының  құрылымын   зерттеудің   ерекше   маңыздылығын   және   күрделілігін   атап  көрсетеді.

      Кәмелетке   толмаған   қылмыскерлерді   топтастыру   олардың   мінез құлықтарының мынадай ерекшеліктерін қамтиды:

      а) қылмысты  кездейсоқ жасау;

      ә) тұлғаның  жеке бағыттылығының жалпы тұрақсыздығы  салдарынан қылмыс жасау ықтималдығы.

      Кәмелетке  толмаған қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу - өте күрделі психологиялық міндет.

      Әсіресе,  жасөспірімнің ішкі жан-дүниесін, оның әдеттерін, қызығушылығын,  қажеттіліктерін зерттеу өте  күрделі. Бұл күрделілік кем  дегенде екі жағдаймен түсіндіріледі:

      1) осындай зерттеу жүргізілуге тиісті шектерді белгілеуге байланысты қиындықтар;

      2) алынған  ақпараттың әділдігін (объективтілігін)  қамтамасыз етуге

байланысты қиындықтар.

      Н.И. Гуковскаяның пайымдауынша, жасөспірімнің тұлғасын, оның өмір  сүру, тәрбие шарттарын зерттеу тергеу және сотта іс қарау барысында істелген қылмысқа тікелей қатысы бар мән-жайларды ғана анықтаумен шектелуі тиіс. [22] Бірақ В. Рыбальская бұл ұсынысты қолдамайды. Өйткені, жасөспірімдер кейде өздерінің жас ерекшелігіне байланысты олардың бұған дейінгі мінез-құлқы мен тәрбие шарттарына мүлдем қатысы жоқ ауыр қылмысқа қатысушы болып шығады. Сондықтан да, кәмелетке толмаған айыпкердің тұлғасын зерттеу қылмыстық іс жүргізудің арнайы міндеттері мен шеңберінде белгіленетінін есте ұстай отырып, қылмыстың жасөспірімге апаратын жолын емес, керісінше жасөспірімнің қылмысқа келу жолын табу қажет. Ал бұл үшін көбінесе, былай қарағанда істелген қылмысқа тікелей қатысы жоқ сияқты көрінетін, айыпкердің жеке тұлғасындағы бірқатар ерекшеліктері анықтауға тура келеді.

      Айыпкер түлғасын зерттеудің  күрделілігін көрсететін екінші  жағдай, әдетте түлға туралы мәліметтер  жасөспірімді білетін әртүрлі  адамдардың: ата-ана, мүғалімдер, достары және т.б. жауаптарынан жинақталатынына байланысты. Және олар кейде айыпкер туралы қайшылыққа толы мәліметтерді де хабарлайды. Сол себеп мұндай жауаптарды бағалау алдында айыпкер мен оған мінездеме беретін адамның өзара қарым-қатынасы туралы жақсы біліп алу қажет.

      Жасөспірімнің ішкі әлемін айқындау  үлкен әдепті, әділдікті талап  етеді.

      Жасөспірімнің қылмыс істеуге  дейінгі мінез-қүлқы оның жағымды  жақтарымен бірге теріс әрекеттерін  де есепке ала отырып, өте мұқият  зерттелуі тиіс. Жасөспірім  ІІМ органдарында есепте түрған ба, бүған дейін қылмыстық жазаға немесе тәрбиелік сипаттағы шараларға тартылған ба, неге олар оң нәтиже бермеген - міне, осының бәрін міндетті түрде анықтау керек.

      Алайда, кәмелетке толмағандардың  істерін жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстың мән-жайларын анықтауға жасөспірмінің тұлғасын зерттеуге қандай маңыз берілсе, сондай дәрежеде қарау керек, өйткені қылмысты тергеу кезінде жасөспірімнің жеке тұлғасының, іс-әрекеттің  мақсаты, дәлелі, сарыны, т.б. "жиынтығынан" тұратын сипаттама қажет.

       Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу үшін елеулі мән-жайларды анықтау негізінде қылмыс құрамының жас және есі дұрыстық сияқты элементтерін айқындау өте маңызды болып табылады, себебі ессіздік жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

      Қылмыстық құқықтағы ессіздік - бұл  психиканың ауру жағдайымен немесе  ақыл-ес кемдігімен сипатталатын  тұлғаның өз әрекеттеріне жауап  берудегі немесе қоғамға қарсы  әрекет жасау сәтінде өзін  басқаруға қабілетсіздігі.[23]

      Заңда (ҚР ҚК, 16 бап) екі өлшем  бекітілген - медициналық (биологиялық)  және заңдық (психологиялық). Адам  осы өлшемдердің екеуі де болғанда  ғана есі дұрыс емес деп  танылады.

      Медициналық өлшем созылмалы  жан-дүниесінің дерті, жан-дүниесінің  уақытша күйзеліске ұшырауы, ақыл-ес кемсіздігі немесе басқа бір ауру жағдайын білдіреді.

      Заңдық өлшемге тұлғаның өз  әрекетіне есеп беруге (интеллектуалдық  өлшем) немесе оларды басқаруға  (ерік-жігер өлшемі) қабілетсіздігі  кіреді. Ессіздікті анықтау үшін осы белгілердің біреуі жеткілікті.

      Психикалық жағдай туралы мәселені  шешу үшін сот-психиатриялық сараптама  тағайындалуы тиіс (ҚР ҚІЖК, 3-4 т, 241 бап). Есі дұрыс емес деп танылған  адам қылмыстық жауапкершілікке  тартылмайды, оған медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін .

      Адамның есі дұрыс еместігі  нақты іс әрекетке қатысты  анықталады. Сондықтан да ешбір  адам істелген әрекетке қатыссыз, мүлде есі дұрыс емес деп  таныла алмайды. Дәл осылайша  бүған дейін танылған ессіздік  жаңадан істелген әрекетке қолдануға жарамайды. Бұл мәселені шешу рәсімді қайталауды қажет етеді.[24;28]

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 489-бабына  сәйкес, кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің бойында психикалық  ауру немесе даму кемдігі болуы, оның өз іс-әрекеттеріне толықтай немесе жекелей есеп беруге және нақты жағдайда оларды басқаруға қабілеттілігі туралы мәселелерді шешу үшін кешенді психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындалуы міндетті. Сондай-ақ, жасөспірім сезікті не айыпкер тұлғасының ақыл-ой, ерік-жігер, психикалық даму деңгейлерін анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.

        ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 481-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған  айыпкердің жасы дәл анықталуы  тиіс. Бірқатар жағдайларда кәмелетке толмаған ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту, жазаның нақты бір түрін таңдау немесе жасөспірімнің ісін тоқтату мүмкіндігі жастың дұрыс анықталуына тәуелді болады.

      Жасөспірімнің дәл жасы құжаттармен  расталуы тиіс, куәландырушы құжат болмаған жағдайда, оны алу мүмкін болмаса сот-медициналық сараптама тағайындалады (ҚР ҚІЖК, 89-бап, 2-т).

        Заң шығарушы, жасқа осыншалық үлкен мән бере отырып, алайда, жас "табалдырығын" қылмыстық жауапкершіліктің формальды негізі ретінде қарастырмайды. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жасөспірімнің белгілі бір жасқа жетуі осы жасқа сай келетін дамудың қандай да бір деңгейіне жеткенін білдірмейді деген ситуацияның болуын да ескереді.

      Басқаша айтқанда, З.А.Астемировтың  атап өткеніндей, адам өз тұлғасының дамуы мен қалыптасуының белгілі бір кезеңінде, сана, оның құрылымдық элементтерінің деңгейіне байланысты, нақты дәрежедегі, қандай да бір түрдегі жауапкершілік жүктейді (немесе жүктей алады).

      Қылмыстық жауапкершілік өз негізіне іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, оның рұқсат етілмегендігін тұлғаның түсінумен мазмұндалатын құқықтық сананың нақты деңгейін алуы тиіс деген З.А.Астемировтің пікірі назар аударуға тұрады.[25]

      Ішінара, қылмыс істеу сәтіндегі  кәмелетке толмаған айыпкердің жасы туралы мәселе істі шешудің қылмыстық іс жүргізу тәртібін айқындайды; айыпкер түлғасының елеулі қасиеттері істі тәрбиелеу шараларын қолданумен тоқтатудың негізі мен тәртібін белгілейді. Тұлғаны сипаттайтын мәліметтердің көмегімен тергеу мен сот талқылауының (жауап алу, тінту, беттестіру және т.б.) бірқатар тактикалық мәселелері шешіледі.

1.4  Кәмелетке толмағандар құқықтарын  қамтамасыз етуші кепілдіктер

      Кәмелетке толмағандар істерін  жүргізу қылмыстық іс жүргізу  құқығы нормаларымен реттелетіндігі белгілі. Жасөспірімге жеке тұлғаның дербестігіне қол сұғылмауы, сот ісін жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық көлемінде тиесілі.

Информация о работе Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары