Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:41, реферат

Описание

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары………................5
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы………………………..........…..12
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар……………………………………………………....................................16
1.4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер………………………………………………......................................21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау............................26 2.2 Алдын ала тергеу...........................................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша ..............................................................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Камелетке толмаганд кылмысы.doc

— 257.50 Кб (Скачать документ)

        Кәмелетке толмаған қылмыскерлер  өздерінің заң сыйлаушы құрдастарынан  жоғары агрессивтігімен және  импульсивтігімен, дөрекілігімен, көбіне өтірік сөйлеуімен жоғарғы дәрежедегі тынымсыздығымен және сабырсыздығымен, ар-ұят сезімінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай кәмелетке толмағандардың әртүрлі конфликті кезінде көбіне күш қолдануға ұмтылуын, оның тұлғасының жоғарғы әсерленгіштігімен (басынан сөз асырғысы келмеуімен, тез ренжуімен және бұрқ етпес мінез-құлқы арқылы) түсіндіру болады. Әдетте, кәмелетке толмаған қылмыскер бойынан біреудің қайғысына ортақ болу, әлсіздерге көмек көрсетуге ұмтылу сезімінің жоқ екендігін байқауға болады. Олар қоршаған дүниені – тұтастай қатал, өмір сүру өте қиын орта деп қабылдайды. [4;12] Сондықтан олардың ойынан мейірімсіздік, дөрекілік, өзге адамдарға қастандықпен қарау сияқты қасиеттерді жиі байқауға болады.

        Кәмелетке толмаған қылмыскердің бойынан өзімшіл, қоғамға жат, сонымен бірге олардың жасына сәйкес келмейтін ауытқушылық қажеттіліктерін байқауға болады. Жүргізілген зерттеулердің қортындысы олардың 10 пайызы   есірткі заттарды қолданса, 59 пайызы спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде қолданатының,олардың едәуір бөлігі үшін қаңғыбастықтың тән екендігін, ал кейбіреуінің жыныстық азғындалған әрекет жасауға бейім екендігін көрсетті.

        Кәмелетке толмаған қылмыскер  үшін танымдық және рухани  қажеттіліктердің  жат екендігін  ескеру қажет. Олардың оқуға деген ынтасы өте төмен, ал өндіріс саласында мұндай қылмыскерлердің еңбек әрекетін орындауға деген ықыласы мүлде жоқ. Ал бұл жағдайда өз кезегінде кәмелетке толмаған қылмыскердің мамандыққа тек материалдық және өзге де тұтынушылық пайда көруге бағытталған қатынаста қарауын дамытады. Олар білім алуды, оның деңгейін көтеруді тұлғаның мәдени және рухани дамуының негізгі факторы деп есептемейді. Сондай-ақ олар еңбектің кез –келген түрі ауырлық және еңбек етпей-ақ өмір сүруге болады дейді. Олай болса, кәмелетке толмаған қылмыскердің көпшілігінің еңбекке қарсы бағыттылыққа ие екендігін анықтай отырып, олардың бос уақытының шамадан тыс мол  болуы олардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына кедергі болып қана қоймай, сонымен бірге оның тұлғасының нашарлау процесін жеделдетеді деп ойлаймыз. Оның үстіне, іріктеп алынған мәліметтер, 16 мен 24 сағат аралығында “бос уақыттық” деп аталатын қылмыстардың  82 пайызы жасалатындығын куәландырады.

       Кәмелетке толмаған қылмыскер  шамадан тыс индивидуалдығымен, өзімшілдігімен, өз тілегін қоршаған адамдардың, көпшіліктің талабына, қарсылығына қарамастан, қалайда орындауға ұмтылумен сипатталады. Және мұндай белгілер ересек қылмыскерге тән болып табылады. Олардың ауытқушылық, яғни айомалиялық  сипаттағы қызығушылықтарының шамадан тыс  ұлғаюы кітап оқуға, музыкаға, театрға деген эстетикалық қызығушылығының әлсіреуі есебінен болады.

       Кез – келген өзге адам сияқты  кәмелетке толмаған қылмыскер  де көптеген әр түрлі жағдайлармен  сипатталады. Бұған оның әлеуметтік байланысы (оқудағы, отабсындағы және т.б.) психологиялъқ қасиеттері мен ерекшеліктері (ақыл,ойы, эмоционалдъқ ерекшеліктері, темпераменті); Моральдық қасиеттері (көзқарастары, қызығушылығы, танымы); демографиялық ерекшеліктері (жынысы, жасы, білімі) және де қоғам алдындағы ұқыптылығы жатады.

      Кәмелетке толмаған қылмыскер  күрделі және көп қырлы құбылыс,  сондай-ақ ол өзге қылмыскер  сияқты қоғамға қауіпті сипатқа  ие. Олар жөнінде дұрыс пікір  айту жасөспірім жөніндегі барлық  әлеуметтік қасиеттер мен белгілердің, оның әлеуметтік жағымды немесе әлеуметтік жағымсыз қасиеттер негізінде, сонымен бірге олардың әлеуметтік және өнегелік, жас және психологиялық демографиялық және құқылық ерекшеліктерін ескере отырып қана жасалады.

       Кәмелетке толмағандар қылмыскерлерді жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескеру, сол кәмелетке толмаған қылмыскерлерді түзеу және келешекте олардың қылмыстық әрекет жасауына жол бермеу, сондай-ақ олардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу сияқты бірқатар мәселелерді шешу ісінде аса маңызды болып табылады.

       Кәмелетке толмағандардың құнды  бағыттылығына талдау жасай отырып, оны мынадай 3 түрге бөлуге  болады:

      1) жалпы қызығушылықтар;

      2)жақындары мен достарының қызығушылығы;

      3)жеке қызығушылықтар (материалдық  және материалдық емес сипаттығы).

       Кәмелетке толмағандардың материалдық  қажеттіліктері екі жолмен қалыптасады.  Біріншісі – бұл категорияға  жататын жасөспірімдердің отбасындағы  мүмкіндіктердің аз болуына байланысты  белгілі бір жастағы жасөспірімнің  барлығы үшін тән болып табылатын қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қанағаттандыру. Әдетте мұндай отбасындағы көптеген ата-аналар, әсіресе әкелер маскүнем болған, өздерін моральды түрде ұстаған, отбасында үнемі материалдық қиыншылықтар болған; мұндай отбасының балалары әдетте жұпыны киінеді, олар үшін тіпті арзан нәрсені алу өзі шектелген.

Екіншісі –  кәмелетке толмаған қылмыскер бойында  заң сыйлаушы өз құрдастарына жат  болып табылатын белгілердің, қажеттіліктер  мен қызығушылықтардың болуы.[4;112]  Көптеген жасөспірімдер, жоғарыда айтылып кеткендей қылмыс жасағанға дейін нашар оқыған немесе тіптен оқуды не жұмысты тастап кеткен, үй шаруасымен айналыспаған. Нәтижесінде олардың бос уақыты шамадан тыс көп болған, ал оның күнделікті қыдырымпаздығы белгілі материалдық қаражаттың болуын талап етеді (мәселен, дискотекаға бару үшін, темекі алу үшін, спирттік ішімдіктер алу үшін). У.С.Джекебаев мәліметтері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың 75 пайызға жуығы мүліктік қылмыс жасаған. Олар мұндай қылмыстарды спирттік ішімдік алу үшін (39%), басқа қалаға бару үшін (6%), жасағандығын айтқан. Ал олардың мұндай қылмысқа баруына жеңіл ойлылық, өз әрекетінің салдарын ойланбаушылық (21%), спирттік ішімдіктерінің ықпалы  (22%), көңілді өмір сүруге тырысу (13%), материалдық қиындықтар (18%), достары мен ересектердің теріс үлгі - өнегесі (6%), түрткі болған.

      Қазіргі таңда жасөспірімдер  тарапынан жасалатын қылмыстар  өзінің алуан түрлілігімен қала  берді, қатыгездігімен алаңдатып  отыр. Жасаған қылмысына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:

14  жастағылар  – 11%;

15  жастағылар - 7%;16- 17 жас аралығындағылар - 42%.

14 жасар балалар  қылмысты көбіне топтасып жасайды. 

     Жалпы, 2-3 баладан құралған топтар қалаларда 33 пайызды құраса, 4 баладан құралған топтар – 12 пайыз, басқа топтар 6 немесе одан да көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушылардың ең төменгі жасы – 14-15 жас. Топтасып жасалған қылмыстардың басым көпшілігі ер балаларға тиесілі, ал қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық қылықтар жалпы қылмыстың  5  пайызын құрайды.[5;99]

     Бұл  сияқты көрсеткіштерді М.С.Нәрікбаевтың  да зерттеу жұмысынан байқауға  болады. Ол былай деп жазады: “Кәмелетке  толмаған қылмыскерлер арасында неғұрлым кеңінен тараған қылмыстың түріне мүліктік қылмыстар жатады. Негізінен жасөспірімдер мұндай қылмыстарды спирттік ішімдіктер алу ойын-сауықтарға бару үшін қаржы табу мақсатында жасайды”.Ал біздің зерттеуіміздің нәтижесіне орай, яғни Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған еңбекпен   тәрбиелеу колониясындағы 36 қылмыскер кәмелетке толмағандарға жүргізілген арифметалық сұрағымыздың нәтижесі бойынша олардың 43 пайызы қылмысты өздерінің материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, 21 пайызы спирттік ішімдіктермен көңіл көтеруге, қаржы табу үшін, 10 пайызы ересектерге еліктеп, 8 пайызы өз құрдастарының арасында абыройын көтеріп, нығайту үшін, ал қалған 12 пайызы өз қылмыстарын ешбір мотивсіз жасаған.

     Бұдан  шығатын қортынды, кәмелетке толмағандардың осы сияқты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қылмыстық жолды таңдауы олардың дүниетанымының тарлығын, өнегелік құнды армандарының жоқ екендігін көрсетеді.

     Кәмелетке  толмағандардың қоғамға қарсы  әрекеттерінің себебі, сонымен бірге, сұраныстары мен олардың жасаған қылықтары арасындағы байланыстарға талдау жасай отырып, қоғамға қарсы әрекет ету барысында қызығушылық – бұларды байланыстырушы буын болып табылатынын ескере өткен жөн. Қызығушылық – адамның өмірлік мәнінің және эмоционалды тартымдылығының негізінде тұлғаның объектіге іріктеп алынған қатынасы.

      Қызығушылық – адамның танымдылық  қажеттілігінің эмоционалды көрінісінің  бірі. Қызығушылықтар материалдық  және рухани түрде болатындығы  бәрімізге белгілі. Материалдық қызығушылықтар тұрған жай, әдемі киім, тәтті тағам, бағалы заттар сияқты байқалады. [6;78] Сонымен бірге қызығушылықтың бұл түрі сараңдыққа, пайдакүнемдікке айнала отырып, теріс формаға ие болуы мүмкін. Ал рухани қызығушылықтар тұлғаның даму деңгейін сипаттайды. Оларға кәсіптік танымдармен, әдеби кітаптармен, модель жасаумен шұғылдану және басқалар жатады.

      А. В. Лясс пен И.С.Солодкин  мүліктік қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандардың қылмысының мынадай  мотивтерін анықтаған: пайдакүнкемдік -90%; тәртіпсіздік – 3,3%; жалған жолдастық сезімі -2%; романтика –0,9%; өзге де мотивтер –3,8%.[7]

      Қазақстанда қазіргі уақытта  бұл мәселеге ерекше назар  аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына  талдау жүргізіледі, олардың құқыққа  қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.

      Статистика жөніндегі Мемлекеттік  комитет мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан  Республикасында 1998 жылдың қаңтарына  қарай 10 жастан 14-ке дейінгі жасөспірімдер  саны 1 млн 632,5 мыңды қүрады. 15 жастан 30-ға дейінгілер саны 4 млн 187 мың 830 адам немесе тұрғын халықтың жалпы санының 26,8%-ы. Республикада соңғы уақытта жүргізілген жастар мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, жастардың белсенді еңбек және қоғамдық өмірге араласуы үіпін, ал бүл еңбекке қабілетті халықтың 40%-ға жуығы, қажетті әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық шарттар әлі қалыптаспаған.[8;58]

      Қылмыс пен өзге де құқық  бұзушылықтар осы мезгілде мемлекетте  қалыптасқан қоғамдық қатынастармен  себепті түрде байланысты екендігі белгілі, сондықтан да елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жастардың әлеуметтік жағдайына әлі елеулі оң ықпал ете қоймағандықтан да, сәйкесінше қылмыстың өсуі белең алуда.

      Ішкі істер органдары кәмелетке  толмағандар арасында қылмыс жасаудың төмендеуінің тұрақты беталысын атап көрсетеді: егер, 2003 жылы 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2009 жылы жасөспірімдер 4654 қылмыс жасаған. Алайда, олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежеде сақталып отыр. Кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттердің шамамен үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есепті жылы кәмелетке толмағандар 70 кісі өлтіру, 170 қарақшылық шабуыл және 1000 тонау жасаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы мектеп оқушылары. Бұл жағдайда мектептегі полиция инспекторларының рөлі ерекше болады, олар жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алу шараларын қабылдауға, оқу орындарының ресурстары мен оқытушыларды тәрбие-құқық жұмысын жүргізуге пайдалану тиімділігін арттыруға тиіс.[9]

      Соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың  ауыр қылмыстар: қасақана кісі  өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақаттары,  тонау және т.б. жасауы көбеюде.

      Кісі өлтірудің үлкен пайызын  жасөспірімдердің абайсыздықпен кісі өлтіріп алуды құрайды.  Сондай-ақ балалардың қараусыздығы да үлкен мәселе тудырып отыр. Жасөспірімдердің уақытша ұстау, бейімделу және ақтау Орталығында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген жасөспірімдер бар. 1998 жылы 7 айында Орталықта 410 кәмелетке толмаған жасөспірім болды, бұл 1997 жылмен салыстырғанда 51,9% -ға көп .[10;78-80]

       Жағдайды түзеу тек сот, тергеу  органдарының жұмысы ғана емес, жалпыға ортақ жұмыс болып  табылады. Өйткені, оларды қылмысқа  итермелеген себептер - үлкендердің теріс ықпалы, жасөспірімдер арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың таралуы, ата-ана тарапынан тиісті назар бөлмеу, жасөспірімдердің бос жүруі. Олардың еркін уақыт өткізуді ешкімді мазаламайды: тегін үйірмелер, секциялар, клубтар қазір жоқ. Жасөспірімнің жұмысқа түруы барған сайын қиындай түсуде.

       Дегенмен, статистика көрсеткеніндей, 1994-1998 жылдары құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті басқару  органдарының күш салуы арқасында  жасөспірімдер арасындағы қылмыс  саны едәуір азайды -11447- ден 7435-ке дейін, ал елде тіркелген қылмыстардың жалпы санындағы үлесі 9,6-дан 7,6 пайызға төмендеді.

      Өскелең ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге  құқықтық ықпал ету, білім беру, азамат ретінде қалыптасуы мәселелерін  ұйымдастырудағы маңызды орын сот және тергеу органдары мен жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиядан басқа прокуратура органдарына тиесілі, өйткені бас Прокуратураның 1998 жылы 17-наурыздағы №21 "Кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану үшін прокурорлық қадағалаудың деңгейі мен тиімділігін көтеру туралы" бүйрығында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес және оның алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдары қызметіндегі маңызды бағыттың бірі екендігі атап көрсетілген.[11]

     Прокуратураның алдына қойылған міндеттерге орналастыра отырып, құқық қорғау, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру мақсатында  ҚР Үкіметі 1998 жылғы 8 шілдеде ҚР-ның 1998-2000 жылдарына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекітті.

      Кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді  жүзеге асыру кезінде сот және  тергеу органдары қылмыстық іс  жүргізудің қағидалары міндеттерін  жүзеге асырады. Ең алдымен  оған жасөспірімді адал еңбекпен өмір сүруге бетін бүру? оны түзету және т.б. мақсатындағы жасөспірім құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал еті жүмыстары жатады.

       Бірақ, бұл міндеттерді табысты орындап шығу үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органдардың өзі заңдылықты бұзбауы, жасөспірімдердің қүқықтары мен мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз етуі, оларды тәрбиелеуге қолдау көрсетуі қажет.

   

1.2  Кәмелетке толмағандардың психологиялық  жас ерекшеліктері және олардың  қылмыстық іс жүргізу үшін  маңызы

Информация о работе Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары