Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 23:13, дипломная работа

Описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің

Работа состоит из  1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Халықаралық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жеке тұлғалардың жауапкершілік институты, оларды жүзеге асыру механизмі осы құқық саласын кодификациялау шегінде үнемі дамып және күрделеніп отырды. Қазіргі таңда халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік институты және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе ретінде, оның негізінде халықаралық құқық пен ұлттық имплементацияланған заңнаманың нормалары жатыр. Әскери қылмыстар жасағаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілік институтының аралас сипаты және осы әрекеттерді алдын-алу жүйесі өзара тығыз байланысты. 

Халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық  әрекеттер үшін нақты санкция  енгізу жолымен емес, белгілі бір  тәртіпке тыйым салу және ұлттық заңнамаларға сәйкес осы тәріздес құқық бұзушылықтар үшін ізіне түсу міндеттемелерін мемлекеттердің тануымен халықаралық шарттарда бекіді. Дегенмен, бұл үлгі жаңылысқа әкелді және әскери қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту міндетін орындай алмады, нәтжесінде халықаралық қылмыстық соттардың құруына қажеттілігіне әкеп соқты. Мұндай соттарды құру процесі 1993 жылдан басталды. Осы жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал құрды. Кейін осы тәріздес Руанда бойынша ad hoc трибунал пайда болды, Косовода, Шығыс Тиморда, Сьерра-Леонада және Камбоджада интернационалдық трибуналдар құрыла бастады. 1998 жылы Рим статуты қабылданып, 2002 жылы күшіне енді. Ол халықаралық қылмыстар жасағаны үшін айыптылардың ізіне түсу үшін тұрақты сот органы – Халықаралық қылмыстық сотты құрды. [1]

Халықаралық қылмыстық құқықты бұзушылықтар жасаған айыпты тұлғаларды жазалауға  арналған қылмыстық заңнаманы әрекетке енгізу бойынша міндеттемелер мемлекетішілік сипаттағы шаралар жинағының  орталығы болады. Осы міндеттерді  жүзеге асыра отырып, көптеген мемлекеттер  халықаралық қылмыстық құқыққа  сәйкестендіру мақсатында ұлттық қылмыстық  заңнамаларын жетілдіруде тиісті шаралар  қабылдайды. Бұл процесс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттердің қылмыстық заңнамаларының реформалау аясында белсенділік танытуда.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық қылмыстық құқық бұзғаны үшін халықаралық құқықтың индивидтерге қандай көлемде жауапкершілік жүктейтінін анықтау қажеттілігінен тұрады.

Зерттеудің объектісі ретінде халықаралық қылмыстық жауапкершілікті бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігімен байланысты қоғамдық қатынастар саналады, зерттеудің пәні ретінде халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін индивидтердің қылмыстық жауапкершілігінің халықаралық-құқықтық институты саналады.

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:

- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;

- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;

- қандай халықаралық қылмыстық  құқық бұзушылықтар халықаралық  дәрежеде жеке жауапкершілікке  әкеп соғуы мүмкін немес әкеп  соғатынын анықтау. 

Зерттеудің  методологиялық және әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды. Сонымен қатар, логико-теориялық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық және республикалық құқықтық актілер құрады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Жеке  тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік мәселесіне халықаралық құқықта көптеген ғалымдардың ғылыми зерттеулері, еңбектері арналған. Осы еңбектер дипломдық жұмыстың теоретикалық негізін құрады. Дипломдық жұмыс жазу барысында ізденуші халықаралық қылмыстық құқық бойынша, халықаралық құқық бойынша және халықаралық қылмыстық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерді қолданды. Осы қайнар көздер арасында, Л.К. Бакаев, М.В. Кудайбергенов, В.Ю. Калугин, Ағыбаев, Алауханов, Н.М. Боголюбов, С.М. Әпенов, А.Я. Капустин, И.И. Котляров И.И. Лукашук, В.И. Кузнецов, Ж. Пикте, И.О. Тиунов, Г.К. Дмитрева, И.Н. Арцибасов, Е.В. Мартыненко, Ю.М. Колосов, В.Н. Русинова, И.П. Сафиуллина және т.б. ғалымдардың жұмыстары қолданылды. Сонымен қатар 1949 ж Женева конвенциялары мен оған 1977 ж Қосымша Хаттамалар, Халықаралық қылмыстық сотының Рим статуты, Халықаралық қылмыстық трибуналдардың Жарғылары, БҰҰ Резолюциялары, ҚР заңнамалары және т.б нормативтік актілер қоланылды.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыс Рим статутының ережелерін талдауға негізделеді. Бұрынғы  Югославия мен Руанда бойынша  Халықаралық қылмыстық трибуналдың  соттық тәжірибесіне, БҰҰ Халықаралық  сотының, сонымен қоса түрлі елдердің ұлттық заңнамасына  талдау жасалынады. Автор бұрынғы Югославия бойынша  Халықаралық қылмыстық трибуналының Тадич ісі бойынша, С. Милошевич  ісі бойынша шешімдерін, А. Пиночет  ісі бойынша Лордтар палатасының  шешімдерін негізге алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, жеті тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

 

 

 

 

1 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1.1 Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде

 

Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берiлетiн құқықтар көлемiнiң халықаралық және аймақтық деңгейiнiң кеңеюiне байланысты, ол халықаралық құқық субъектiсiнiң бiрi болды. Көпке дейiн халықаралық–құқықтық әдебиеттерде индивидтiң құқық субъектiлiгi жоққа шығарылып келдi. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтiң халықаралық құқық субъектiлiгi жоққа шығарылды (мысалы, А. П. Мовчан, С. В. Черниченконың еңбектерiнде). ХХ жүз жылдықтың 80-шi жылдарының аяғында индивидтің   халықаралық құқық субьектілігінің   жеке элементтерiн мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің   халықаралық құқық субъектiлiк теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өмiрiндегi объективтi өзгерiстер қазiргi заманғы халықаралық құқықтағы тұлғаның құқық субъектiлiгi жөнiндегi мәселеден “табуды” алып тастады. [2]

Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқық субъектiлiгi бар субъектiсi екендiгiн айтып өткен жөн, өйткенi оның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда, халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиiмдiлiгi индивидтің   құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемiн кеңейтiп жатыр. Тиiсiнше – халықаралық қатынастарда жеке тұлғаның   рөлi де ұлғаюда. Мұнда, бiз “индивид” және “жеке тұлға” ұғымдарын теңдей қолданатынымызды айтып кетсек, себебi, жеке тұлға   - бұл әлеуметтiк – маңызды белгiлерiнiң тұрақты  жүйесi бар индивид болса; индивид – бұл жеке адам, жеке өмiр сүретiн тiрi тiршiлiк.

Халықаралық құқық нормалары халықаралық құқықтың негiзгi субъектiлерi болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған, ол индивидтердiң орындауы үшін  адрестеледi. Мұнан басқа, жеке тұлғаның   құқықтық жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекеттi индивидтерге белгiлi бiр мәртебенi қамтамасыз етулерiн мiндеттейдi. Қазіргі     жағдайларда индивидтің   халықаралық органдарға жолдану мүмкіндiгi жоқ екендiгi талас тудырмайды, кейбiр жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық индивидтердiң құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын айқындайды. Онымен адам құқықтары жөнiндегi Комитетi, нәсiлдiк кемсiтушiлiктi жою жөнiндегi Комитетi, азаптауға қарсы Комитет және еркiн қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады. [3]

Индивидтердің      құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберiнде қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 жылдың 20 желтоқсанындағы Бас Ассамблеяның 48/141 Резолюциясына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметi құрылды. Бiрiншi Жоғарғы Комиссар жұмысына 1994 жылдың 5 сәуiрiнде кiрiстi. 1997 жылы оның отставкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөнiндегi қызметтiң негiзгi жауапкершiлiгi жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкiлеттiгi адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиiмдi жүзеге асыруды қолдаудан тұрады. [4]

Сөйтiп, индивидтің халықаралық құқық субъектiлiгiн үзiлдi-кесiлдi жоққа шығару қазiргi кезде ескiрдi деуге болады. Халықаралық қатынастарды гуманизациялау адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету iсiндегi жеке тұлғаның   белсендi рөлiн таниды. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда индивидтердің халықаралық құқық субъектiлерiнiң көлемi кеңеюде.

Бейбiтшiлiктi жақтайтын кез-келген мемлекеттің   адам құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз етуi басым орында болатыны талас тудырмас. Халықаралық құқықта мемлекеттің   халқына - өзiнiң азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызады. Халықтың осы топтарының заңнамада бекiтiлу дәрежесiне қарай, адам құқықтарын қорғау туралы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттарға  қаншалықты сәйкес келетiнiне қарай  халықаралық құқықсубьектіліктің  нақтылы жайын  да айтуға болады. Бiздiң Республикамызда адам құқықтарын қорғау жөнiнде  әр түрлі    бағыттағы  процестердiң жүрiп жатқанына  куәмiз. Бiр жағынан алғанда осыдан аз уақыт бұрын ешкiм де қазiргi оқып жатқандары туралы, қазiргi кездегi сөз сөйлеулерi туралы армандай да алмайтын.[5] Дегенмен, бiздiң ойымызша нақ осы мәселеде мәлiметтермен, көзқарастармен пiкiр алмасу жетпей жатқан сияқты. ХХ ғасырдың     тарихынан белгiлi болғанындай ұжымдық құқық жеке құқықты басып тастаған. Бiздiң сенiмiмiз бойынша жеке құқықтан кез келген барлық құқық, соның iшiнде ұжымдық құқық та туындай алады. Алайда, ұжымдық құқықтан жеке құқық, жеке адам құқығы шыға алмайды. Бұл мән жағдайларды адам құқығының бiрiншi орында тұру қағидасын жүзеге асырғанда ескеру қажет. Бұл жалпыға мәлiм, көпшiлiк қабылдаған көзқарас екенiмен келiсу керек. Бiздiң барлығымыз мұнымен келiсемiз, сондай-ақ халықаралық қатынастар жеке тұлғаның   құқықтарын қатаң сақтағанда ғана    тиiмдi болатынымен де келiсемiз. Бұл БҰҰ Жарғысында      бекiтiлген және ол туралы біздің      тамаша замандасымыз-академик Андрей Дмитриевич Сахаров айтып өткен болатын. Бұл жазылған ақиқат секiлдi. Десек те, бұл туралы дәл қазiр, бiз құқықтық мемлекет құру жолында екендiгiмiздi жариялағанда еске сала кетуiмiз қажет. [6]

Жеке құқықтар мен ұлттар құқығының  ара қатынасы мәселелерiнде гармониялық  үйлесiм қажет, бiрде-бiреуiнiң бiрiнен-бiрiнiң  басымдылығына жол беруге болмайды. Соңғы тезистi талқылауды арандату мақсатында бұл мәселеде халықаралық–құқықтық құжаттарға сүйенуге болмайтынын айтып  өткiмiз келедi. Өкiнiшке орай, ұжымдық  құқықтар мен жеке тұлғаның   құқықтары  арасындағы  ара қатынас мәселесiнде  халықаралық құқық нормалары  қайшылықты болып келедi.

Адам құқықтарының халықтар мен  ұлттар құқықтарынан басым тұруын қалай  түсiндiруге болады? Адам құқықтарын қорғаудың  келiсiлген механизмiн қалай жасауға  болады?... деген мәселелерде бiз  шешiм табуға қиналамыз. Адам құқықтары  проблемаларында жалпы адамзаттық құндылықтарға негiзделген жалпы  критерийлер мен амалдар жасау  қажет. Мұндай   күрделi мәселелердi қарастырғанда, бiз барлық азаматтардың теңдiгi мемлекеттердің   нақты  саяси, құқықтық, экономикалық мүмкіндіктерiн  есептегенде ғана мүмкін     болатынын ескеруiмiз қажет. [3]

Тұлғаның мәртебесi мәселесiндегi ұлттық заңнама конституциялық ережелермен  қамтамасыз етiледi-Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлiмiмен; 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы азаматтық туралы Заңмен, Президенттiң” шет ел азаматтарының  құқықтық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар жарлығымен; шет ел мемлекеттерiнiң екi тарапты  және көптарапты шарттарымен қамтамасыз етiледi. Мұнда айта кететiн бiр  мәселе, халықаралық нормаларға ұлттық стандарттың сәйкес келу мәселелерiнде  тәуелсiз, жас мемлекеттің   революция  және эволюция жасауы керек. Мұны айтып  отырған себебiмiз, біздің мемлекетiмiз, өкiнiшке орай, жеке тұлғаның құқықтарын қорғау жөнiндегi маңызды халықаралық-құқықтық актiлердi ратификацияламады және көбiне қосылған жоқ. [7]

Қазақстанда мемлекеттiлiктiң алғашқы  қалыптасу сатыларында бипатризм  институты қызу пiкiр-талас туғызды. Біздің қоғамда екi азаматтықтың болуы  мемлекеттiк–құқықтық институтқа сәйкес келмейдi. Басқа мемлекеттердің   азаматтығын мойындау конституциялық нормаларда көрсетiлмеген. 1995 жылы жоғарыда аталған Азаматтық туралы заңға  өзгерiстер енгiзiлген кезде, 1995 жылдың 20 қаңтарында ”Ресей Федерациясына  тұрақты  тұруға келген Қазақстан  Республикасы азаматтарының азаматтық  алулары және Қазақстан Республикасына тұрақты  тұруға келген Ресей Федерациясы  азаматтарының азаматтық алуларын жеңiлдету тәртiбi туралы” Келiсiмге  Ресей Федерациясымен бiрге қол  қойылды. Бiр жыл өткен соң, Қазақстан  Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер  Достастығына қатысушы-мемлекеттердің   азаматтарының азаматтық алуларының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы Конвенцияны  ратификациялады.

Индивидтердің  халықаралық құқық  субъектiлiгi мәселелерiн қолданудың келесi бiр сферасы халықаралық  қылмыстық сот туралы мәселе, онда индивидтер Нюрнберг және Токия трибуналдары бекiткен тәртiппен жауапкершiлiкке  тартылады. Индивидтердің      халықаралық сот органдарына  жолдану құқығы 1907 жылдың 18 қарашасындағы  шақырылатын халықаралық сот  құру  туралы Конвенцияда қарастырылғанын  атап айтқанымыз жөн болар. Аталмыш  Конвенция ратификацияланбады, ал шақырылатын  халықаралық сот сол күйде  құрылмай қалды. Индивидке сот талқылауын қозғау құқығын беру туралы мәселенi дұрыс шешу адам құқықтарын халықаралық  қорғау     мәселесiнен келiп  шығады. [8]

Халықаралық құқықтың жауапкершiлiк  институты теориясында жауапкершiлiктiң  екi түрі бар: Абсолюттi және салыстырмалы. Абсолюттiк жауапкершiлiкте мемлекеттің   атқарушы, заң шығарушы және сот органдары арқылы  жауапкершiлiгi көзделген. Салыстырмалы жауапкершiлiкте халықаралық қатынастарға мемлекет атынан түсетiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi қарастырылған. Бұл жағдайда мемлекет жауапкершiлiгiн жүзеге асыру мемлекет өкiлдерiне мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы  болуы мүмкін. Теориялық көзқарас жағынан алғанда индивидтердің  қылмыстық жауапкершiлiк институтының дербестiгi жайлы айтуға болар едi. Алайда, индивидтің  жауапкершiлiгiн жүзеге асыру процесiнде оның мемлекетпен байланысты екендiгi сөзсiз, атап айтқанда ол, қылмыскерге қатысты билiктi қолдану мүмкіндiгi. Қазіргі  таңда, индивидтің   қылмыстық жауапкершiлiгi туралы мәселе халықаралық құқықта көпшiлiк мойындаған мәселе болып есептеледi. Сонымен бiрге, осыған байланысты әртүрлі    көзқарастардың барын да айту керек. Мұнда, мемлекеттің   халықаралық қылмыс жасауы арқылы  халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын бұзатындығы талас тудырмас. Индивид өз кезегiнде халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын тiкелей мемлекет арқылы  бұзады. Мұнан басқа, жеке тұлғалардың халықаралық құқық нормаларын бұзғаны үшін  жауапкершiлiгi тек қана ұлттық қылмыстың заңнама бойынша ғана    жүредi. [9]

Информация о работе Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік