Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Белгілі орыс философы С.Н.Трубецкой ХІХ ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады» [1,6 б.]. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.
Тарих қызық және күрделі құбылыс. Ол азаматтың алға жылжыған уақыттың ісі сияқты. Бірақ арта қалғанның тарих па?
Өткен-кеткеннің барлығын мұрнынан ұстап, жіпке тізе бергенмен, ол тарих бола ма? Белес-белес замандардан, қым-қуат уақыттан қалған ірілі-уақыт оқиғалардың шаңнан аршылған шыныдай мөлдір шындығы, халық үшін маңызы болмаса, оны тарих деп айту алдағы күнге қиянат емес пе?
Халқымыздың ұлттық болуының мәйегіндей салт-дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, діні мен тіліне, тегіне кепіл тәуелсіздік келгенде қазақтың арғы- бергі тарихы аржағынан көрінетін жүп-жұқа оқушы оқулығына ғана сыйып тұр. Үш жүз жылға созылған мұндай қиянатқа қарсы тұру үшін, тарихтағы әділеттікті, шындықты қалпына келтіру үшін, жас тәуелсіз еліміздің болашағына тарихтың сара да дара дұрыс бағдары болу үшін халқымыздың тарихын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеу керек болды. Бұл міндет әрине тарихшыларымызға үлкен жауапкершілік жүктеді.
Сол жауапкершілік жүрген абыроймен арқалаған ғылымның бірі тарих ғылымдарының докторы, профессор Академик Зұлқарнай Алдамжар болатын.
Күні кеше ғана кеңес мемлекетінде, оның ішінде Қазақстанда да жоғары лауазымды қызмет атқарған адамдарға «көрнекті» немесе «аса көрнекті мемлекет қайраткері» сияқты марапаттау сөздері онды-солды айтыла беретін. Осыған мазмұндас сөздер облыс пен аудан «көсемдеріне» де арналатын. Жекелеген нағыз қайраткерлерге және зиялы қауым өкілдеріне арналғандарын қоспағанда, бұл сөздердің көпшілігі жалған айтылатын. Сондықтан да осындай мадақтау сөздер арналған адамдар өмірден озған немесе қызметінен түскен күннің ертеңінде-ақ олардың есімдері халық зердесінен өше бастап, біраз уақыттан кейін түгелдей ұмыт болатыны да заңды құбылыс.
Ал ондайларға қарама-қарсы тағдыр иелері халқымыздың сан ғасырлық тарихында, оның ішінде кеңестік кезенде де аз болмаған.
Осындай биік тұлғалардың бірі тарихшы ғалым – Зұлқарнай Алдамжарұлы. Оның зерттеулер Республиканың тарих ғылымында кенжелеп қалған тарихнама, әдістеме, методология мен теория мәселелеріне арналған. Тарихнама саласының жетекші маманы, тарих ғылымының даму үрдісіне талдау жасап, халқымыздың тарихының күрделі мәселелерін ашып келешек ұрпаққа тарихты зерделеудің бағдарын айқындап берді.
Зұлқарнай Алдамжар аса белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, сонымен қатар терең ойлы тарихшы ретінде де танып, білген жөн. Сондықтан осылай қарау бүгінгі төл тарихымызды зерттеу қажеттілігінен туындап отыр.
Сонымен
қатар ол тарихи оқиғалардың зерделі
зерттеушісі деңгейіне
Зұлқарнай Алдамжар – тарихшы. Үлкен ғалым. Ал тарих деген бүкіл адамзат баласының, жер-судың, оның үстінде өткен ғажайып оқиғалалардың баяны. Тарихты қиюымен қоятын адал шежірешілер тарихты тастай етіп жасайды. Зұлқарнай Алдамжар мұның мәні-жайының жетік маманы. Өзінің тәуелсіз, егеменді мемлекеттілігін алған Қазақстан тарихының тоталитарлық жүйе кезеңінде қалай бұрламағанын ол көз алдынан өткізген. Енді осы тарихты қалай қалпына келтіру керек, шындық тарихты қалай жазған дұрыс, жазғанда нені басшылыққа алу оңды, жазудың әдісі мен әдістемесі қалай болуы тиіс деген міселелер алға қойылып отырғанда, Зұлқарнай Алдамжар бұған тарих тасын қалаушы ретінде бүтін көзқарасын білдіреді. Бүгінге дейінгі жазылып келген ел тарихын түгелдей қайта тексеріп шығу керектігін айтады. Шынайы ел тарихын жазу енді басталды. Біраз олпы-солпылықтың шетін басу керек. Тәуелсіздікке қол жеткізген аздаған жылдың ішінде тарихшы ғалымдарымыз біраз еңбек етіп, ел тарихын қайтадан жаңаша жазуда ілкімділік көрсетуде.тарихты қайтадан қалай орны-орнына қою керек дегенде, Зұлқарнай Алдамжардың өлшемі жас мамандарға көмек болары сөзсіз.
Жалпы тарих, тарихты қайта жазу кімге керек? Алдымен, ұлтқа керек. Тәуелсіз Отан тарихы жазылуы керек. Бірақ ол бәрінің үстінде тұрған әсіре тарих болмайды. Нағыз тәуелсіз тарих – шындық! Бізге жағымсыз болғанның өзінде ол болған оқиғалар шындықты шыңғырып өзі айтып тұруы керек. Өйткені, ол бас тарта алмайтын өз тарихымыз. Ол - өз заманасының тарихы, әлем тарихының бір көрінісі болмысы.
Біздің тарих осылай жазылуы керек. Басқа ешкімнің бұра тартуы бұл арада жүрмейді. З. Алдамжардың ел тарихын қайта жазудағы алға қойған басты талабының бірі осындай.
Алдамжардың мақсаты – жас ұрпаққа халықаралық деңгейдегі сапалы білім, қалаулы мамандық беруді, ғылымға баулуды ұйымдастыруға, өркениетті ұлтжанды сананы бойға қалыптастыруға, парасаттылық пен жасампаздық құлшыныс арнасында тәлім-тәлбие беруге үлес қосу.
Ғылыми зерттеу арнасында ғалым ұлттық төл тарихымыздың философиялық заңдылықтары мен методологиялық негізін, оның тарихнамалық жүйесі мен деректік қорын, зерттеу әдістемелері мен пайымдау шарттарын және де ұлт-азаттық қозғалыс желісі мен жеке тарихи тұлғалар тағдырын, бүгінгі егеменді елдігіміз бен тәуелсіз мемлекеттігіміздің нығаю, даму үрдісінің өзекті мәселелерін зерделеуді міндет етіп қойыпты.
Тақырыптың тарихнамасы мен зерттелу деңгейі. Зұлқарнай Алдамжар өмірі, қоғамдық, мемлекеттік, саяси, педагогикалық қызметі мен ғылыми мұрасы жөніндегі зерттеулер аз да көп те емес. Академик З. Алдамжар туралы газеттік мақалалар, естеліктер жазылды. Оған арнап арнайы конференциялар өткізіліп, оның мұрасына байланысты баяндамалар жасалды.
Сонымен Зұлқарнай Алдамжарұлы туралы зерттеулерді үш топқа бөлуге болады. Олар З.Алдамжарұлына арналған ғылыми зерттеулер, конфиренциялық материалдар және мерзімді басылым.
2005
жылы 4 желтоқсанда Зұлқарнай
З.Алдамжар Еске алу кітабында «З.Алдамжардың өмір жолы» тарауда академиктің өмірі, педагогикалық, қоғамдық, ғылыми өмірі туралы жазылған.
«Зұлқарнай Алдамжардың сұхбаттары мен мақалалары» бөлімінде әсіресе білім беру саласына байланысты мақалалар келтіреді. Сонымен қатар академик туралы естеліктерді де дерек ретінде пайдаландық.
З.Алдамжарұлының 50-60 жасқа толған торқалы тойларына келген құттықтау лебіздері де кітабына енгізілген. «Еске алу кітабында» 1999 жылы Зұлқарнай Алдамжар ашқан Қостанай әлеуметтік техникалық университеті туралы көп мәлімет бар. Кітаптың соңында академиктің өмірі туралы фотоәңгіме дайындалып енгізілген.
Сонымен жинақ Зұлқарнай Алдамжардың бүкіл өмірін қамтиды. Оның педагогикалық, қоғамдық-саяси, тарихи-шығармашылық қызметін баяндайды.
Атыраудағы «Атырау-Ақпарат» баспасынан «Таным таразысында» (мақалалар жинағы 2006, 313бет) атты кітап жарыққа шықты [3]. Бұл кітап көрнекті қазақ тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы рухына арналады. Ол тарихи жинақ шығарту туралы 2005 жылдың маусым айында Атырау тарихшыларына ұсыныс жасаған еді. Бұл жинақ сол аманаттың куәсі жауапты редакторы – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор К.Нұрпейіс жинақты құрастырушы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Халықаралық және ғылыми істер жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Ә.К. Мұқтар.
Кітапта Қазақстан тарихының бүгінге дейінгі дамуы және қазіргі тандағы өзекті мәселелері туралы мақалалар жинақталған. Онда тарихымыздың көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі күрделі кезеңдері талдаудан өткізіледі. Жинаққа т.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Техас штатының құрметті азаматы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Қазақстан жоғары мектебі халықаралық академиясының академигі З. Алдамжардың «Слово об истории», «Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи проблема», «Ер байлығы ескермейтін ұғым. Оның төл тарихымызды жазудың кейбір мәселелеріне қатысы төңірегінде толғансақ», «Қазаққа ортақ ұлы тұлға есімі тарихта мәңгілік қалады» және бір топ тарихшы ғалымдарының мақалалары енгізілген [3].
Зұлқарнай Алдамжарұлының өмірі, педагогикалық, қоғамдық қызметін Ә.Қ.Мұқтар, З.Ф.Қаражігітов, Қ.М.Көшеров, Ө.И.Исенов, М.Хазез, Ж.Т. Төлепбергени, К.К.Джаманбалин, Е.Сүйінұлы, Д.Бергібаева, О.Жақсанов, Ж.Б. Бақи, Х.Ә.Абжанов, Н.А.Абдоллаева зерттеп, мерзімді басылым беттерінде мақалалар жариялып, конференцияларда баяндамалар жасаған. Оларды екінші топқа жатқызуға болады.
2007 жылы 23-25 мамыр айында Академик Зұлқарнай Алдамжардың 70 жылдығына арналған «Алдамжар оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфиренция өтті. Онда Алдамжар туралы көптеген баяндамалар оқытылды. Олар Ә.Қ.Мұқтар, З.Ф.Қаражігітов, Қ.М.Көшеров, Ө.И.Исенов, М. Хазез, Д.Қонысбайқызы, Ж.Т.Төлепбергени, К.К.Джаманбалин, А.М.Сизоненко, Р.А.Назмутдинов өз баяндамаларын жасады. Енді оларды жеке-жеке қарастырамыз.
Мысалы, К.К.Джаманбалин «Академик Зулкарнай Алдамжар – человек опередивший время» [4], «Зұлқарнай Алдамжар – наставник, педагог, организатор» [5] баяндамаларда педагогикаға, жоғары білім беру саласына қосқан үлесі туралы жазған. Сонымен қатар жоғары білім беру саласына қосқан үлесі туралы З.Ф.Қаражігітов «Академик Зулкарнай Алдамжар о задачах отечественной исторической науки в новых условиях и его взгляд на реформы высшего образования в Казахстане» [6] атты мақаласында зерттеп жазған.
Ал Зұлқарнай Алдамжарұлының Ахмет Байтұрсынов туралы зерттеулерін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушы Ө.И.Исенов «Зұлқарнай Алдамжарұлы және Ахметтану» [7] мақаласында сипаттайды. Ол Зұлқарнай Алдамжарұлының Ахметтануға қосқан үлесінің басты үш саласын көрсеткен. Мерзімдік басылымдар академик Зұлқарнай Алдамжардың Ахметтану ісіне қосқан үлесін айтудан ешбір жаңылысқан емес: «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, академик Зұлқарнай Алдамжар, оқу орнын он екі жыл бойы басқарып, институтты университетке айналдырып, Ахаңның атын асқақтатып, ұлтымыздың рухын көтеруге ұшан-теңіз үлес қосқан ғалым» [8] – деп жазды Ж.Бейісұлы «Жас Алаш» газеттін бетінде. Сонымен қатар Зұлқарнай Алдамжар зерттеуіндегі Ахмет Байтұрсынов тағылымдарын т.ғ.к., профессор Ғ.Н.Нығмет зерттеп баяндаған [9].
Тіл мәселесіне байланысты зерттеулер туралы К.М.Көшеров жазған [10]. З.Алдамжардың «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегінде өзекті мәселесі – тіл туралы да терең ғылыми тұжырымдар жасаған. Сонымен қатар «Алдамжар оқулары» атты конфиренцияда қазақ тарих ғылымына қосқан үлесі, ғылыми зерттеулер туралы Ә.Мұқтар баяндайды [11]. Мешіт Хазез «Зұлқарнай Алдамжарұлы: ғалым, басшы, қоғам қайраткері» мақаласында З.Алдамжардың Қостанай қаласында қызметі туралы баяндайды. Яғни 1989 жылдан бастап Қостанайдың педагогикасына, Жоғары оқу орындарының қызметіне, ғылымына қосқан үлесі туралы баяндайды [12].
Зұлқарнай Алдамжар туралы «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде жазған. Н.Жәрімбетова «Ұлтым деп туған жан» мақаласын 2007 жылы 5 желтоқсанда жариялаған [13]. «Костанайские новости» газетінде О. Аболакова, М.Дауенов өз естеліктерін жазған.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2008 жылы ақпан айында тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарға арналған «Отан тарихының келілі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфиренция өтті. Осы конфиренцияда Зұлқарнай Алдамжар туралы Ж.Б.Бақи, Х.Ә.Әбжанов, К.К.Джаманбалин, Н.А. Абдоллаева баяндамалар жасаған. Барлық баяндамалар бір жинаққа жинақталып жарияланған.
«Отан
тарихының келілі мәселелері» атты
республикалық ғылыми-
Профессор Зұлқарнай Алдамдарұлының ғылыми-шығармашылық қызметіне Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Б. Бақи шолу жасаған [14]. Зұлқарнай Алдамжар өзінің ғылыми зерттеулерде методологиялық саласына басты назар аударған. Тарих әдіснамалық проблемалар туралы зерттеулерді т.ғ.д. Х.Әбжанов және Н.А.Абдоллаев зерттеген.
Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады