Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:23, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Работа состоит из  1 файл

диплом акбота оригинал.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

 Кіріспе

 

 

     Нарықтық экономикаға  көшу мүліктік қатынастардағы  азаматтардың құқықтық мәртебелерінің  өзгеруіне әкеліп соғып, шаруашылық  өмірдің дамуы азаматтық құқық  субъектілерінің бірі – жеке  тұлғалардың құқықтық реттелуіне  ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.

     Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда.  Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр.  Ал олай болса  осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

     Заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды түлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық  нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген.

    Заңды тұлға конструкциясының құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау үшін маңызды. Дегенмен, заңды тұлға мәселесін оның кұқық субъектілігінің мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беруіне кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды.Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субъектісі болғандықтан, оның құқық субъектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субъектілігінің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінің заңды тұлғаларында арнайы құқыққабілеттілікті иеленген. Бұл заңды тұлғалардың тауарлардың өзгеріп тұрған бағаларына елеу мүмкіндігін төмендетті. Нарықтық экономикаға көшу барысында заңды тұлғаның мұндай қатаң құқыққабілеттіліктің (регламентациясы) тәртібі жаңа шаруашылық механизміне сәйкес келмейді. Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның кез келген заңға және құрылтай құжаттарына қайшы келмейтін әрекетпен айналысуға құқығын бекітеді. Сонда да заңды тұлғаның жалпы тәртібі негізінде арнайы құқыққабілеттіліктің сақталуы  заңды тұлғаның құқықтық табиғаты мен мәнінен туындайды. Заңды тұлғаның пайда болуы жеке тұлғаға қарағанда оның құрылтайшыларының қандай да бір мақсаттарымен сипатталады. Мемлекет унитарлы кәсіпорынның мүмкіндігін бекіте отырып, оны заңды тұлғаның жарғысында белгіленген белгілі бір мақсатта қолдануын көздейді. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі туралы айтқан кезде, оның арнайы не универсалды құқыққабілеттілігіне қарамастан, Азаматтық кодекс бірқатар шектеулер қояды. Бұл ең алдымен оның белгілі бір қызметпен айлалысуына байланысты уәкілетті органмен берілетін лицензиясының болуымен сипатталады.

     Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады. Статистика бойынша Қазақстан Республикасы агенттілігінің  деректеріне  сәйкес 2002 жылдың өзінде республика аумағында 165 611 заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік – 24 603, жеке – 135 076, (шетелдің қатысуынсыз) мемлекеттің қатысуымен – 1253, 4375 – (шетелдің қатысуымен) бірлескен қәсіпорындар және 5932 шетелдік заңды тұлғалар тіркелген екен.

     Мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматық құқық саласының маңыздылығы зор.

Диплом жұмысының мақсаты – заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.

     Кез келген мемлекеттің  келешегі өзінің  ұлттық тілін  сақтап қалудан басталады. Шоқтығы  биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.

   Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:

  • заңды тұлғалардың түсінігін беру;
  • заңды тұлғалардың түрлерін көрсете отырып, олардың құқықтық мәртебесін көрсету;
  • заңды тұлғалардың құрылу және тоқтатылу негіздерін көрсету болып табылады.

      Зерттеу жұмысының жаңалығы.  Диплом жұмысымызда қарастырылған негізгі ережелер яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұйымдық-құқықтың нысанын қайсы бірімен құрылып нарыққа шықпас бұрын заң талаптарын сақтай отырып тіркелуі керектігін анықтайды.

    Ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға беру.  Дипломдық жұмысты зерттеу барысында қазіргі таңда әрекет етіп отырған құқықтық нормативтік актілермен осы кәсіпкерлік саласын зерттеп отырған авторлардың еңбектерін зерделедік. Мәселен олардың қатарына: М.К. Сулейменов, Н.И. Клейн, Ю.Г. Басин, С. Братуся, Н. Маяет, Г.П. Дорощева, З.П.Дружинина, Р. Хоскинг, В.П. Грибанов, Т.К. Баратбеков, А.Вольнов, Л. Фролова, А.Жиленко және тағыда басқа авторлардың еңбектерін терең зерттеу арқылы заңды тұлғалардың табиғаты мен пәнін анықтауды және осы кәсіпкерлік қатынаста кең етек алып отырған мәселелерді анықтауды жүзеге асырдық.

    Дипломдық зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі болып азаматтық құқық саласында нарықтық экономикадағы заңды тұлғаларға қатысты туындаған мәселелер танылады.

Зерттеудің нормативті-құқықтық базасы болып Қазақстан Республикасының  Конституциясы, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі, Қазақстан республикасының  заңнамалық актілері мен заңды тұлғалардың сондай-ақ кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілері танылады.

Дипломдық жұмыстың теоретикалық негізі. Жұмыстың теоретикалық негізін кеңестік ғалымдардың, ТМД елдері мен шетелдік авторлардың зерттеліп отырған мәселеге қатысты еңбектері және жүйелік басылымдардағы мақалалары құрайды. Дипломдық жұмыстың қорытындысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық актілерге негізделеді.

     Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай –ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастырды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың негізгі қорытындылары құқық қорғау органдарының қызметі барысында сондай-ақ заңгерлерді дайындау барысында, азаматтық құқық курсын оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін.

   

 

 

  1 Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

 

 

 1.1.  Заңды тұлға түсінігіне жалпы сипаттама

 

 

   Азаматтық құқықтың негізгі субъектілірінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген [1]. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларда берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз [2; 25].

   ҚР АК-тің 33-бабы  субъектісі ретінде заңды тұлғаның  келесі белгілерін бекітеді:

  • ұйымдықбірлік;
  • оқшау мүлік;
  • дербес мүліктік жауаптылық;
  • азаматтық айналымға өз атынан түсуі.

  Азаматтық кодекс (әрі қарай ҚР АК) заңды тұлға ретінде коммерциялық не коммерциялық емес ұйымды бекітеді, Ұйым ретінде белгілі бір ережелерге бағынышты азаматтар ұжымы, тобы танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрамның бір ерікті білдірумен азаматтық айналымда біртұтас күйде қатысуын айтамыз. Бұрын қолданыста болған заң актілері бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның құрылуына жол бермейтін. Қазіргі Азаматтық кодекс бір қатысушысы ғана бар заңды тұлғаның қызмет етуіне мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрініс табады.

   Оқшау мүлік-заңды  тұлғаның негізгі белгісі және  ол мүлікке заттық құқықтың болуымен айқындалады: меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы. Заңды тұлғаның мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі.

   Дербес мүліктік  жауаптылық оқшау мүлікпен негізделіп, заңды тұлғаның өз міндеттемелері  бойынша өздеріне тиесілі мүлікае жауап беретіндігінен байқалады. Аталған мүлікпен жауап беру үшін заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылар мүлкінен оқшауланған.

     Жалпы тәртіпте сәйкес дербес мүліктік жауаптылық заңды тұлғаның борышы бойынша құрылтайшылардың жауаптылығын қарастырмайды. Сол сияқты заңды тұлға оның құрылтайшылары және қатысушыларының

міндеттемелері бойынша  жауап бермейді. Бірақ, заң актілерімен  және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша  құрылтайшылар мен қатысушылардың жауаптылығы көзделуі мүмкін.

   Заңды тұлғаның  нақты осы белгісі АК-тің 44-бабында  көрсетілген. Жалпы тәртіп бойынша  заңды тұлға өзінің міндеттемелері  бойынша өзіне тиесілі барлық  мүлікпен жауап береді, сонымен  бірге мекеме, қазыналық кәсіпорын  жоғарыда аталған бапқа сәйкес міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшаларымен жауап береді.

Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы, қазыналық  кәсіпорынның міндеттемелері бойынша ҚР-ның Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықты болады.

   Азаматтық айналымға  өз атынан түсуі заңды тұлғаның  сотта талапкер және жауапкер  болуға, өз атынан шарттар, бір  жақты мәмілелер жасауға мүмкіндік  береді. АК-тің 33-бабының 2-тармағына  сәйкес заңды тұлғаның өз атауы жазылғын мөрі болуы тиіс.

   Жоғарыда аталып  өткен белгіге сәйкес заңды  тұлғалар азаматтық айналымға,  мүліктік қатынастарға өз атынан  қатысады. Яки, кез келген заңды  тұлғаның заңға сай өз атауы  болуы керек. Заңды тұлға атауы  мен тұрған жері оны басқа ұйымдар тобынан жеке дараландырады.

   Заңды тұлға  белгілі бір фирмалық атауымен  заңды тұлғалардын  бірыңғай мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Қазақстан Республикасында фитмалық атауды тіркеудын жеке процедурасы қарастырылмаған, сондықтан заңды тұлға әділет органдарында тіркеуген өткен сәтте, оның фирмалық атауы да қоса тіркеледі.

   Жалпы заңды  тұлғаның фирмалыұ атауында, оның  ұйымдық-құқықтық нысаны (серіктестік,  акционерлік қоғам, тағы басқалар), меншік нысаны (жеке, мемлекеттік), қызмет  бағыты (сауда-саттық, ғылыми-зерттеулік және тағы басқалар) көрсетіледі.

Заңды тұлғаның барлық атауларына заң белгілі бір талаптар қояды. Фирмадық атауда заң талаптарына  немесе қоғамдық өнеге нормаларына  өайшы сөздер (мысалы, қазақ немесе орыс тіліне аударғанда балағаттаушы естілетін шет тіліндегі сөздер); жеке адамдардын  есімдері қаттысушылардын есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардын есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардын есімдерін пайдалануға жол берілмейді [2; 27].

   Азаматтық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөгде тұлғалардың фирмалық атауды пайдалануына тек фирмалық атаудың құқық иесінің

рұқсаты бойынша ақы  төлеу арқылы жол беріледі. Бұл  ретте кешенді кәсіпкерлік лицензия (фрачайзинг) шарты қолданылады. Осы шарт негізінде кешенді лицензияр кешенді лицензятқа сыйақыға фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін беруге міндеттенеді (АК-тің 896-бабының 1-тармағы) [3].

Фирмалық атауды бөтен  адамдардын пайдалануы заңсыз болған жағдайда, фирмалық атаудын құқық иесі атауды

пайдалануды тоқтатуға  және келтірілген залалдын орның өтеуді талап етуге құқылы болып келеді.

   Заңды тұлғалар  атауларына заңды тұлғалардын  ұйымдық-құқықтық нысандарында арналған  тақырыпта толығырақ тоқталып өтеніз. Заңды тұлғаны басқа заңды тұлғалардан айыруға фирмалық атауымен қатар, тауар және қызмет көрсету танбалары мүмкіндік береді.

   «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 1-бабында көрсетілгендей, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы бұл тауар таңбалары туралы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) босқа заңды немесе жеке тұлғаның бір тектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететіні белгілі.[4]

   Тауар таңбасы  ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге  де белгілер немесе бір тұлғалардың  тауарлары мен қызметтерін басқа  тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.

 Тауар таңбасы кез  келген бояулы түсте немесе  бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі  мүмкін («Тауар таңбалары, қызмет  көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 5-бабы). Мысалы, бір жол бойында бір-біріне тіркесе отырып орналасқан төрт шеңбер «Ауди» маркалы автомобиль көлігінің тауар таңбасы ретінде қолданылады[3, 89б.]

Информация о работе Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері