Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:23, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Работа состоит из  1 файл

диплом акбота оригинал.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

   Заңнамада сондай-ақ, шетел заңды тұлғасы деген түсінік кездеседі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдік мемлекеттердің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және тағы басқаларды) шетелдік ұйымдар деп түсінген жөн.

   Заңды тұлғалардың  келесі түрлеріне еншілес және  тәуелді ұйымдар жатады

  Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындайтын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.

   Еншілес мемлекеттік  кәсіпорын болып өз мүлкі есебінен  басқа мемлекеттік кәсіпорынмен құрылған заңды тұлға танылады.

   Егер акционерлік  қоғамның дауыс беруші акцияларының  жиырма проценттен астамы, басқа  (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі  болса, ол тәуелді қоғам деп  танылады.

   Заңды тұлғалар  және мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтарына байланысты заңды тұлғаларды келесі топтарға бөліп ажыратуға болады:

   а) құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікке міндеттемелік құқығы бар (салым ретінде енгізілген мүлікті алуына құқық тарату квотасына құқық, дивиденд алуға құқық) заңды тұлғалар. Оларға: шаруашылық серіктестер, қндірістік және тұтыну кооперативтері жатады.

   ә) құрылтайшыларының  (қатысушыларының) мүлікке меншік  құқығы және өзге заттық құқығы  бар, сондай-ақ, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы және жедел басқару құқығы арқылы ие заңды тұлғалар

   б) мүлікке құрылтайшылары  мүліктік құқығы жоқ заңды  тұлғалар: қоғамдық ұйымдар, қоғамдық  қорлар, діни бірлестіктер.

   Шаруашылық капиталы  құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына  (үлесіне) бөлінген. өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. Шаруашылық серіктестер толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сенім серіктестігі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.

   Осы заңды тұлғаның  қызметі  1995 жылы 2 мамырда қабылданған  Қазақстан Республикасының «Шаруашылық  серіктестер туралы» 1998 жылы 28 сәуірде қабылданған «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы» Заңдарымен реттеледі.

   Тәжірибе жүзіне  келетін болсақ, коммерциялық заңды  тұлғалардың ішінде шаруашылық  серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында  заңды тұлға құру жиірек кездеседі.  Оған дәлел, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіркеуден 2001 жылы – 1696 жауапкершІлІгІ шектеулІ серІктестІк, 25 акционерлІк қоғам, 31 өндірістік кооператив, 68 мемлекеттік кәсіпорын, 2002 жылы – 790 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 акционерлік қоғам, 8 өндірістік кооператив және 24 мемлекеттік кәсіпорын өткен екен. Екі жылда да тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) саны басқа коммерциялық ұйымдарға қарағанда басымырақ. Әлбетте, осы екі жыл бойынша ЖШС саны көп болғанымен, бірден-бір толық, сенім және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік тіркелмеген. 1995.жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестік туралы» ҚР Заңының

алғашқы редакциясында  ЖШС-тің  ең төменгі жарғылық капиталы 1000  айлық есептік көрсеткіш (сол уақыта 7000 АҚШ доллары) болып, толық серіктістікке қойылатын талптарға қарағанда 40 есе көбірек болатын. Сол себептен көбінесе таңдау соңғысына түсетін.  Қазіргі уақытта айырмашылық шамалы.

   Ал сенім жәе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болса, бұл нысанда ұйым құру қызығушылықты, тапқырлықты талап етеді.

   Серіктестіктің  жекеленген түрлеріне келетін  болсақ, толық серіктестік болып  серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз  болған жағдайда қатысушылары  серіктестіктің міндеттемелері  бойынша өзіне тиесілі барлық  мүлкімен ортақ жауапкершілікте  болатын серіктестік танылады.

   Сенім (коммандиттік) серіктестігі (commandant фр.-  бұйрық беру, билік ету, басқару) деп серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестермен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестікті айтамыз.

   Комменда орта  ғасырда кеңінен тарады. Алғашқыда комменда, теңіз жұзуіне қатыспаған саудагердің сауда салаларына аттанған саудагерге сауда-саттық үшін тауарларын сеніп беріп, түскен пайданы жүзуге аттанған және құрлықта қалған саудагерлердің арасында бөлінетін тауарлық нысанда болды. Кейін тауарлық комменда түрі, тауарлапы бар саудагерлермен қатар, сауда саттықпен айналысуға қызығушылығы, әлде тілегі жоқ, әлбетте капиталдары бар адамдарға қатысу мүмкіндігін беретін ақшалай нысанға өзгерді

   Комменда институтының  негізін өз капиталын ынтасы құрылады. Дей тұрғанмен, техникалық ерекшілектер, мүмкін, капитал меншік иесінің психологиялық қасиеттері аса тыныш, тікелей жұмыстарды жүргізуден алшақ орынды қалауында болды. Алайда, ол едәуір ықпалды жағдайды сақтауын дұрыс деп санады.

   Осылай, кәсіпкерлік капитал салымшылар және кәсіпорын ұйымдастырушының жарналарынан қалыптастырылып, комменда дами бастады.

   Бір немесе  бірнеше адам құрған, жарғылық  капиталы құрылтай құжаттарымен  белгіленген мөлшерде үлеске  бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқансалымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

   Осы заңды тұлғаның қызметін реттеуге бағытталған алғашқы нормативтәк актілердің бірі болып «Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» 1892 жылғы 20 сәуірде Рейхстаг қабылдаған Заң саналады. Кейінірек, заңды тұлғанығ бұл түрі Австрияда,Ресейде жарық көрді.

      Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдармен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселеген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.

   Заңнама шаруашылыққа серіктестікке белгілі бір талаптар қояды: қатысушыларына, серіктестердің  әр түріне ең төменгі мөлшерді бекітіп береді ( жарғылық капитал мөлшеріне, оны қалыптастыру және өзгерту тәртібі мен мерзіміне).

   Азаматтар ғана  толық серіктестікке қатысушылар  және сенім серіктестігіндегі толық серіктестік бола алады. Азаматтар мен өкілді, атқарушы және сот билігі органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке қатысушы және сенім серіктестігіне салымшылар бола алады. Заң актілерінде осы мақсаттар үшін арнайы құрылған атқарушы үкімет органдары шаруашылық серіктестігіне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуі мүмкін.

   Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруы тиіс. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында АК-тің 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәліметтерге қоса әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшері; құрамы, мерзімі және тәртәбә туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салық салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер; сондай-ақ, заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

   АК-тің 41-бабының 5-тармағында айтылғандай, заңды тұлғаның жарғысында оның атауы көрсетілуі тиіс:

  1. толық серіктестіктің атауында барлық қатысушылардың есімі, сондай-ак «толық серіктестік» деген сөздер, не болмаса «және компания» деген сөздер қосылған, бір немесе бірнеше қатысушының есімі, сондай-ақ, «толық серіктестік» деген сөздер;
  2. сенім серіктестігінің атауында толық серіктестіктердің бірінің есімі, сондай ақ «сенім серіктестігі» деген сөздер немесе «және компания» деген сөздер қосылған кемінде бір толық серіктестіктің есімі, сондай- ақ «сенім серіктестігі» деген сөздер;
  3. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында серіктестік атауы, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздер немесе «ЖШС» деген аббревиатура;
  4. қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс.  Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшылырының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін.

         Шаруашылық серіктестіктің құрылтай шарты мен жарғысы арасында   серіктестіктің   құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылығтар болған жағдайлар жағдайда:

  1. егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, тыра отырып, оныңқұрылтай шартының;
  2. егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен тырудың түбінде кәсіпкерлердің, азаматтыққатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуғы тиіс.

   «Бейкер және  Макензи» фирмасының заңгері өз мақаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру туралы құрылтай шартымен жай серіктестік шартын салыстыра отырып, оның өзгешеліктері мен ұқсастықтары жайлы жазады. Бұл салыстырудың түбінде кәсіпкерлердің, азаматтық-құқықтық қатынас қатысушыларының осы екі шарт арасында айырмашылықтарын көрмеуі жатыр. Бұл мақалада автор екі шарттың ұқсастығына келесі аспектілерді жатқызады.

   Біріншіден, ЖШС  қатысушылары белгілі бір мақсатқа  жету үшін (ЖШС құру) бірігіп қызмет  етуге міндеттенеді. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша да тараптар мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді.

   Екіншіден, құрылтай  шартына екі, одан да көп  құрылтайшылар қатыса алады. Бұл  да жай серіктестік шартына  тән.

   Үшіншіден, жай  серіктестік шарты сияқты ЖШС-тің құрылтай шарты да консенсуалды болып келеді.

   Төртіншіден, екі  шартқа да әрқайсысы бір мақсатты  көздейтін қатысушылар мүдделерінің  жалпылығы тән. Жай серіктестік  шартында контрагенттердің мүдделері  қарама-қайшы болып келетін өзге  шарттар айырмашылығының ерекшелігі байқалады. Жай серіктестік шартында бұл мүдделер тепе-тең.

   Бесіншіден, құрылтай  шарты және жай серіктестік  шарты үшін шарт тараптарының  өзара қатынастарындағы жеке сенімділік сипатының жалпы болып табылатындығы. Сондықтан, екі шартта фидуциарлық мәміленің сипатына ие.

   Екі шарттың  айырмашылығын келесіден көруге  болады.

   Біріншіден, жай серіктестік  шарты заңды тұлға құрмай тараптардың  құқықтары мен міндеттерінің  жүзеге асуын көздейді, ал ЖШС  құрылтай шартының мақсаты мен  нәтижесі болып жаңа құқық субъекісін – заңды тұлғаны құру танылады.

   Екіншіден, аталған екі  шарт тоқталыну негіздері бойынша  ажыратылады. Құрылтай шартына  жай серіктестік шартына қарағанда  міндеттемелердің тоқтатылуының  кейбір негіздері қолданылмайды  (мерзімінің өтуі, мақсатқа жетуі және т.б.).

   Үшіншіден, қатысушылардың  жауапкершілік сипаты шарттың  екі түрінде де өзгеше. Жай  серіктестік шартында қатысушылар  жаупкершілігі жалпы тәртіп бойынша ынтымақты, ал құрылтай шартының қатысушылары жалпы ережелерге байланысты серіктестіктің жарғылық капиталына енгізген салым шегінде шектеулі жауапкершілікте болады.

   Төртіншіден, құрылтай шартының  негізінде қатысушылар және серіктестік  арасында міндеттемелік құқықтық  қатынас туындайды. Бірлескен  қызмет туралы шарттан керісінше заттық құқықтық қатынас туындайды.

   Сонымен, ЖШС-тің құрылтай  шарты мен жай серіктестік  шартының арасында көп ұқсастық болғанымен, оларды ажырататын елеулі айырмашылықтар да жеткілікті.

   Шаруашылық серіктестіктер  нысандарының жарғылық капиталына  келетін болсақ, шаруашылық серіктестігінің  жарғылық капиталын оған қатысушылар  салымдарының жиынтығы құрайды  және АК-тің 59-б. 1-т. сәйкес ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік  құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым бола алады.

   Жарғылық капиталға  құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай  нысандағы немесе мүліктік құқықтар  түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.

   Толық серіктестіктің  қатысушылары жарғылық капитал  құруда оның мөлшері қатысушылар  жарғылық капилалға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгіленген есептік көрсеткіштің жиырма бес есе мөлшерінен кем болмауы керек. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың салымынан құраладыы және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген елу есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жыл сайын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеріп отыруына байланысты  Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына баса назар аударып отырылуы қажет. 2002 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған «2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының 13-бабы бойынша 2003 жылдың 1қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 872 теңге мөлшерінде белгіленді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері