Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:23, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Работа состоит из  1 файл

диплом акбота оригинал.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

   Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе мүлік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі

бойынша не, заң құжатарында  көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары  көзделуі мүмкін (АК-тің 45-б. 1-т.).

    Қосу барысында  бір және бірнеше заңды тұлғалар  таратылып, өткізу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың міндеттері мен құқтарын иемденетін заңды тұлғаның іріленуі жүзеге асады.

   Біріктіру барысында  бір заңды тұлға екінші бір  заңды тұлғаға біріктіріледі.

   Бөлу барысында  заңды тұлға таратылып, оның  базасында екі және одан да көп заңды тұлғалар құрылады.

   Бөліп шығару  барысында бір заңды тұлғаның  құрамынан бір және бірнеше  заңды тұлғалар бөлініп шығады. Бұл  жағдайда алғашқы заңды  тұлғаның әрекеті тоқтатылмайды, ал бөлініп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді.

   Өзгеру барысында  заңды тұлға өзінің түрін (ұйымдастыру-құқықтық нысаны) өзгертеді.

   Заңды тұлғалардың  қайта құрылу процесінде екі  құжаттың (өткізу актісі және  бөлу балансы) атқаратын рөлі  ерекше.

   Жоғарыда айтып  кеткендей, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттемелері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосқан, біріктірген және өзгерткен кезде өткізу актісіне, бөлінген және бөлініп шыққанда бөлу балансына сәйкес көшеді.

   Өткізу актісін де, бөлу балансын да заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітеді. Жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеу немесе заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін өткізу актісі мен бөлу балансы құрылтай құжаттарымен қоса тапсырылуға жатады. Себебі, тіркеу барысында осы екі құжатты ұсыну қайта құрылуға жататын заңды тұлғалар несие берушілерінің мүдделерін қорғау үшін қажет. Өткізу актісін немесе бөліну балансын тапсырмау жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеп соқтырады.

 

 

2.3 Заңды тұлғаларды тоқтату

 

 

   Заңды тұлғаны  тарату дегеніміз - заңды тұлғаны мемлекеттік регистрден алу арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы.Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеушы орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді.

   Таратуды тіркеу  үшін тіркеуші органға келесі  құжаттар ұсынылады: белгіленген үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.); құрылтай құжаттары мен статтистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі; заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат («Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы» ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі №66 бұйрығының 9-бабы).

   Заңды тұлға  ерікті түрде және ықтиярсыз  тәртіппен таратылуы мүмкін. Ерікті  тәртіпте таратылуына кез келген негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін  меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі негізінде, құрылтай құжаттары бойыншы тарату жөнінде шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі негізінде).

   Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады.

   Соттың шешімі  бойынша заңды тұлға:

  1. банкрот болған;
  2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы жүзеге асырылған;
  4. тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескеп бұза отырып жүргізген жағдайларда;
  5. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін (АК-тің 49-б. 2-т.).

   Сонымен қатар,  заңнама мемлекеттік органдардың,  несие берушілердің заңды тұлғаны  тарату жөніндегі талаптың сотқа  беруін көздейді.

   Заңды тұлғаның  таратылуы заңды тұлғаның мүлкін  меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен  бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылуы жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезлен бастап екі айдан кем болмауы тиіс.

   Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексінің 51-бабына сәйкес, заңды тұлға таратылған кезде  оның несие берушілерінің талаптары  мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:

  1. бірінші кезекте-таратылған заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті      мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен      қанағаттандырылады;
  2. екінші кезекте-несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
  3. үшінші кезекте-еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;
  4. төртінші кезекте-бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;
  5. бесінше кезекте-заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

   Заңды тұлғаның  банкрот болуы оның таратылуына  негіз болған ретте, оның таратылу  тәртібі өзгешелеу болып келеді.

   Әлемдік тәжірибеде банкроттық туралы заңнама екі түбегейлі қарама-қайшы бағыттар бойынша дамыды.

    Біріншісі банкроттық процесін несие берушілерге қарызды қайтару әдісі және (банкротты) тарату ретінде қарастырған британдық үлгі қағидаларына негізделді. Келесі бағыт басты мақсаты компанияны қайта өңдеуге, оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған американдық үлгіге сай келеді.

   Қазіргі таңда  нарықтық экономикалы елдердің  даму жағдайында аталған екі  үлгінің  жақындасу тенденциясы  байқалады.

   Капиталды және  өндірісті орталықтандыру және  шоғырландыру процестері тек  белгілі бір топтардың құрылуына әкелмейді. Аталған әрекеттердің кері жағы негізінен біршама шағын және орта заңды тұлғалардың күйреуі болып саналады. Батыс құқығы бойынша тұлғалардың қарыздық міндеттемелері орындау қабілетсіздігі сотпен расталған жағдайда олар дәрменсіз болып танылуы мүмкін. Дәрмесіздік туралы соттың шешімі шыққан сәтте заңды тұлға тоқтатылмай, олар несие берушілер арасында мүлікті мөшерлес бөлу үшін қажетті құқықтырға ие болып, шектеулі құқыққабілеттілікпен әрекет етеді. Кйбір атыс мемлекеттерінде жеке құқықты заңды тұлғалардың, мемлекеттік кәсіпорындардың дәрменсіз деп танылуы мүмкін емес (Англия). АҚШ-да керісінше, дәрменсіз деп муниципалды корпорациялар да мойындалуы мүмкін.

   Шетел мемлекеттерінің  заңнамаларына назар аударсақ, заңды  тұлға ауқатсыздығы оның басшыларының  кінәлі әрекеттерінің нәтижесі  болса немесе заңды тұлға   басқа бір жеке не заңды  тұлғаның әрекеттеріне таса ретінде  қолданылса, заңнама, кейбір батыс елдерінің сот органдары қолайсыз салдарды заңды тұлғаның панасымен әрекет еткен қатысушыларына жүктейді. Мысалы, 1985 жылғы 25 қаңтардағы кәсіпорынды соттық қалпына келтіру және соттық тарату туралы француздық Заңға сәйкес, сот дәрменсіз заңды тұлғаның қарызы дәрменсіздікке кінәлі басшыға жүктеуге, өзі заңды тұлғаны дәрменсіз деп жариялауға, азаматтық және саяси құқықтарын шектеуге құқылы болып келеді. 1997 жылы қабылданған «Банкроттық туралы» ҚР-ның Заңы заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсімінің шарттары мн тәртібін белгілейді. Осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұл Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Банкроттық екі тәртіппен танылуы мүмкін: ерікті және мәжбүрлі [10].

   Борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асса, ерікті тәртіппен танылған болып есептеледі; мәжбүр ету тәртібімен банкрот несие берушінің не заң актілерінде көзделген жағдайларда басқа да адамдардың сотқа өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады. Борышкер өтінішті сотқа жазбаша нысанда беруі тиіс. Оған борышкердің-заңды тұлғаның басшысы немеме құрылтай құжаттарына сәйкес оның органдағы адам қол қояды. Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішіне: борышкер мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы өтініш берген жағдайларда басқа, белгіденген  мөлшер мен тәртіп бойынша мемлекеттік бажды төлегендігін; берешек болуын, сондай-ақ несие берушілердің талаптарын борышкердің қанағаттандыра алмайтындығын; борышкердің өтініші негізделетін өзге жағдайларды растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Бұл тізімге заңмен көрсетілген реттерде басқа құжаттар қоса берілуі керек. «Банкроттық туралы» Заңда несие берушінің өтінішіне қойылатын талаптар да көрсетілген.

   Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейін, бірақ іс қозғалған соң бір айдан кешіктірілмей, банкроттық туралы іс соттың қарауына тағайындалуға тиіс, ол туралы сот ұйғарым шығарады. Банкроттық туралы іс сотқа өтініш түскен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде сот отырысында қаралуға тиіс («Банкроттық туралы» ҚР Заңының 34-бабы).

   Заңды тұлғаның  таратылуы жөнінде  мемлекеттік  регистрге тиісті жазба жасалғаннан  кейін оның таратылуы аяқталады.

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  3 Заңды тұлға түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары

 

3.1

 

   Атқаратын қызметінің  мақсатына байланысты заңды тұлғалар  коммерциялық және коммерциялық емес болып екі түрге бөлінеді. Коммерциялық заңды тұлғалар деп басты мақсаты пайда болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды айтамыз. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес заңды тұлға болып негізгі мақсаты пайда табу болып саналмайтын және өздерінің табысын қатысушылар арасында бөлмейтін ұмның құрылған мақсатына байланыстыйым танылады. Кәсіпкерлік қызметті олар ұйымның құрылған мақсатына байланысты жүзеге асыра алады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша коммерциялық ұйым ретінде акционерлік қоғамның құрылатындығын байқаймыз. Мысалы, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында зейнеткерлік қор, қор биржасы құрылуы мүмкін.

   Тәжірибе жүзінде  коммерциялық және коммерциялық  емес ұйымдарды жіктеу қиынырақ болып келеді. Ю.Г.Басин өзінің ғылыми еңбегінде бұған себеп болып, біріншіден, коммерциялық заңды тұлғалардың құрылғаннан кейін әсіресе бірінші жылдары өздерінің табыстарын материалдық базаны дамытуға, технологияны жетілдіруге және тағы басқа мақсаттарға жұмсауы; екіншіден, кейбір коммерциялық емес заңды тұлғалардың белсенді кәсіпкерлік қызмтті жүзеге асырып, пайда табуы саналады деп жазған.[2, 38 б.]

   Сондай-ақ, заңды  тұлғаларды екі түрге жіктелуінің  ең баянды критерийі қатысушылар  арасында табыстың бөлінуінде екендігін атай отырады. Егер де заңды тұлңа заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушылар арасында табысты бқлуге құқықты болса, қызықты дивиденттердің төленетіндігіне немесе төленбейтіндігіне қарамастан коммерциялық болып танылуы тиіс. Заңды тұлңа құрылтай  құжаттарына немесе заңнама күшіне сәйкес дивидинттер төленуіне құқылы болмаңан жаңдайда коммерциялық емес болып танылуы керек. Сондай-ақ, оның барлық табысы, егер ол болңан ретте, жарңылық мақсаттардың жетілдірілуіне баңытталуы тиіс.

   Заңды тұлға мүлкі негізделетін меншік нысанына байланысты заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып ажыратылады. Мемлекеттік заңды тұлға ретінде мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбейтін және меншік құқығы бойынша біртұтас мемлекетке тиесілі ұйым танылады. Заңды тұлғалардың басқа түрлері мемлекеттік емеске жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері