Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 05:43, курсовая работа
Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.
1 Әрекерт қабілеттілік
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану..............................................................................6
2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы
2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық..............................................................20
2.2 Зиян мен залал ұғымы............................................................................................14
3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21
3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................19
3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік...................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Әрекерт қабілеттілік
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
қабілеттілігі жоқ деп тану..........................
2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы
2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық....................
2.2 Зиян мен залал ұғымы.........................
3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21
3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................
3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік.............
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыстың мақсаты тақырып мазмұнын ашу, яғни кәмелетке толмаған адамдардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар туралы толық түсінік беру және олардық азаматтық құқық саласында келтірген зияндары үшін жауаптылығын анықтап көрсеру болып табылады.
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
Сонымен қатар ең алдымен азаматтық құқықтық жауаптылыққа тоқтаған жөн болады. Яғни азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы болып табылады.Осыдан зиян мен залал ұғымы туындайды. Зиян дегеніміз – тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Ал Яғни залал дегеніміз –келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Бұл екеуі екі түрлі ұғым болып табылады. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық құқықтық-қатынас.
Зиян келтіруден туындайтын мінеттеме деликтілік мндеттеме (Суханов Е.А.) Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік деу дұрыс емес (Толстой Ю.К.)
Кәмелет жасқа толмаған азаматтар келтірген зияндар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер деп аталынатын 47-тарауының 925 және 927-ші баптар аралығында қарастырылады.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін олардың ата – анасы (асырап алушылары), қоғаншылары жауап береді. Яғни заңда тура көрсетілгендей Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемеген жағдайда , оның заңды өкілдері жауап береді, яғни мұнда заңды өкілдері деп отырғанымыз оның ата-анасы,асырап алушылары немесе қорғаншысы болуы мүмкін.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді. (АК-ң 926-бабының 1-тармағы). Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұржан бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондайақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамттар келтірген зиян үшін, ол кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтейді.
Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт ішімдіктерін не есірткі заттарын пайдалануы негізінде келтірілген зиян үшін осы азаматтың өзі жауап береді.
Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 928-ші бабында корсетілген. Яғни бұл бап бойынша әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi.
Курстық жұмыстың алға қойған мақсаттары болып тақырыбын және мазмұнын толық ашу.
1 Әрекерт қабілеттілік
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігінің бір элементі болып табылғандықтан, оған төмендегідей анықтама беруге болады.Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтық кодекстің 17 бабы[1].
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді, осылайша кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсіздігі белгіленеді.
Азаматтық әрекет қабілеттігінің маңыздылығы онда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емесе, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені, азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтардың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүиеден озғанынша бірге болады. Ал азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік етуге немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттігі оның жасымен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттігіне ие емес. Бір сөзбен айтқанда азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін[4].
Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің 2-тарауы Азаматтық құқықтардың субъектілері, 1- параграфы Қазақстан республикасының азаматтары және басқа жеке тұлғалар деп аталады, соның ішінде 17 – бабында көрсетілгендей азаматтардың әрекет қабілеттігі дегеніміз , азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттерді жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады[1].
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың әрекеттері негізінде азаматтық құқықтырға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның психикалық жағдайы мен жасына қатысыты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін[3].
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіптер бойынша болмаса, ешкімнінде құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында берілген шарттарының немесе не олардың кәсәпкерлік не өзге де ызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті белгігі шектеуді белгілеген мемлекеттік не өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық не ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағыббалған басқа да мәмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұсат етілген реттер қосылмайды.
Кәмелетке толмағандар (ағыл. minors; нем. Minderjiihrigkeit , Minoritiit ) - Заңның әрекетке қабілеттіліктін басталуымен байланыстыратын жасына жетпеген адам.Кәмелетке толмағандар 18 жасқа жетпегендер болып есептеледі.
Кәмелетке толмағандардың (толық немесе ішінара) заңды мүдделерін олардың, ата-аналары, басқа заңды өкілдер, қорғаншы мен қамқоршылар жүзеге асырады.
Азаматтарың әрекет қабілеттілігінің үш түрін бөлуге болады[5].
1) Oн төрт жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік бойынша азамат жасына сай келетін ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы, мысалы бес жасар бала дүкеннен балмұздақ сатып алатын болса, мәміле оның жасына сай келеді деп танылады және жарамды болып саналады.
14 жасқа дейінгі азаматтар әректке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ананлары,асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. (АК-ң 23-бап. 1-тармағы).
Заң 14 жасқа толмаған азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір еарекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (АК-ң 23-бабының 2-тармағы)[1].
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіні керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с.сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс:
мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жағынан болмшы болуға тиіс;
олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс.
14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
2) Oн төрт пен он сегіз жас аралығындағы азаматтар өздерінің табысына, степендиясына , өзге де кірістеріне және өздеріжасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуіне , сондай ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда олардың заңды өкілдері ( ата-анасы немесе асырап алушысы не қорғаншысы, қамқоршысы) олардың табыстарына билік ету құқығын шектеуге немесе ол құқықтан айыруға құқылы. Мысалы, осы жастан азамат өз табысын мақсатсыз және тиімсіз , яғни спирт ішімдіктерін алып ішуде немесе сол сияқты пайдасыз нәрселерге жұмсауда болса, онда ата –анасы шектеу қоюға құқылы[7].
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
Өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналарымен асырап алушылардың қорғаншылары келісімсіз-ақ өз бетімен жасаған мәміле;
Ата-анасының (қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1. өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірстеріне билік етуге;
2. интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4. банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы (АК-ң 22-бап)[1].