Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 05:43, курсовая работа
Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.
1 Әрекерт қабілеттілік
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану..............................................................................6
2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы
2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық..............................................................20
2.2 Зиян мен залал ұғымы............................................................................................14
3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21
3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................19
3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік...................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Азаматтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне байланысты[12].
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері:
Мүліктік сипатқа ие болуы, бұзушы жеке басымен емес, мүлкімен жауап береді, яғни азаматтық жауапкершілік - мүліктік жауапкершілік;
Жәрдемақы сипатында болуы, яғни азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсаты – жәбірленуші тараптың мүліктік жағдайын қалпына келтіру болып табылады;
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік көлемінің келтірілген зиян немесе залалдың көлеміне сәйкес болуы;
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралырын қолданған кездегі азаматтық айналым қатысушыларының теңдігі;
Бір контрагенттің (бұзушының) екінші бірісінің (жәбірленуші) алдындағы жауапкершілігі;
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері:
Пайда болуы немесе туындау негіздері бойынша: келісімшарттық және келісімшарттық емес;
Келісімшарттық жауапкершілік- шарттан пайда болған міндеттемені орындамағанда туынайды.
Келісімшарттық емес- шарттан тыс жауапкершілік, шарттық қатынатарда жоқ зиян келтірушінің жәбірленушіге зиян немесе залал келтіруі негізінде туындайды. Мысалы , қылмыс жасау арқылы жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіру.
Егер міндетті тарап жағында бірнеше тұлға болса: үлестік; бірлескен немесе ортақтасқан; субсидиарлық, аралас, сондай-ақ регрестік тәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді.
Үлестік жауапкершілік - әр борышқордың заңмен немесе шартпен белгіленген нақты үлесіне сәйкес жауапты болуы.
Ортақтасқан немесе бірлескен жауапкершілік – заңмен немесе шартпен тікелей қарастырылған жағдайларда ғана туындайды. Мысалы, бірлесіп зиян келтіру ҚРАК 932-бабы[2].
Субсидиялық жауапкершілік – негізгі борышқордың міндеттемелері бойынша субсидиялық борышқордың қосымша жауапкершілігі. Мысалы, 14-18 жас арасындағы азамат келтірген зиян үшін оның ата-анасы немесе өзгеде заңды өкілі қосымша жауапты[3].
Аралас жауапкершілік- зиян немесе залал екі тараптың да кінәсінен туындайды.
Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде Азаматтық жауапкершілік пайда болады.
Азаматтық жауапкершілік, әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеу принципіне негізделген.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындау негізі болып заң немесе шарт талаптарын бұзатын азаматтық құқық бұзушылық табылады. Кез келген азаматтық-құқық бұзушылық азаматтық-құқықтық жауапкершілікті туындатуға әкелетін типтік алғышарттарға ие болады, мұны азаматтық құқық бұзушылықтың құрамы деп атайды және ол мына элементтерді (алғышарттарды) қамтиды:
- бұзушы жасаған әрекеттің/әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы, ол дегеніміз- заңнама және шарт талаптарын бұзу және тұлғаның субьективтік құқығын кеміту;
- зиян немесе залалдың болуы;
- құқыққа қайшы әрекеттің/әрекетсіздік пен зиян немесе залал келтіру арасындағы себеті байланыс - әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянның туындауына немесе келтірілуіне негіз болған байланыс;
-теріс пиғыл – тұлғаның зиянды салдардың туындайтынын білуі және оның туындауын қалауы немесе туындауына қалай болса солай қарауы;
- абайсыздық (өрескел және өрескел емес) тұлғаның зиянды салдардың туындайтынын білуі, бірақ өз сенімінен оның алдын алуға үміттенуі немесе зиянды салдардың туындайтынын білуі қажет және мүмкін болса да білмеуі.
- құқық бұзушы кінәсінің презумпциясы – құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенге дейін кінәлі болып табылады.
Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің кінәға байланыссыз туындау жағдайлары:
-кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға міндеттеменің орындалмауын немесе тиісінше орындалмауын бой бермейтін күш негізінде болғанын дәлелдей алмаса жауапты болып табылады. Дүлей (бой берметін) күш дегеніміз – төтенше және алдын алу мүмкін жағдайлар(оқиғалар).
- жоғары қауіптілік көздері (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, т.б.)
- кәсіби сақтаушының жауапкершілігі (тауар қоймасында, ломбардта сақтау)
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мөлшері :
Зиян келтіруші келтірген зиян немесе залал орнын толық көлемде толтыруы тиіс. Азаматтық – құқықтық жауапкершліктің мөлшерін төмендетуге (азайтуға): егер зиян екі тараптын да кінасынан туындаса (жол клік авариясы),
Егер несие беруші залал мөлшерінің ұлғаюына ықпал етсе немесе залалдың азаюы үшін ақылға қонымды шараларды жүзеге асырмаса, егер заңдармен тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. (ҚР АК 295 бабының 2-тармығы).
2.2 Зиян мен залал ұғымы
Зиян, құқықта – бір субъектінің басқа субъектілерге немесе табиғатқа, қоршаған ортаға, адамдарға келтірген залалы Яғни зиян дегеніміз – тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Зиян мүліктік немесе моральдық болуы мүмкін. Зиян бірнеше түрге бөлінеді:
мүліктік зиян – жеке немесе заңды тұлғаға зиян шектірудің немесе жасалған келісімшарттың талаптарын орындамаудың салдарынан олардың мүлкіне келтірілген залал;
моральдық зиян – басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерімен белгілі бір адам құқығына нұқсан келтіру, қадір-қасиетін қорлау, ар-намысын таптау, беделін түсіру сияқты мүліктік емес сипаттағы залал.
Азаматтық құқық бойынша келтірілген мүліктік зиян үшін жауапты адам оны табиғи түрде өтеуге (сондай тұрпаттағы және сападағы затты тапсыруға, бүлінген затты жөндеуге, т.б.) немесе келтірілген шығынның толықтай орнын толтыруға тиіс[12].
Еңбек құқығы бойынша кәсіпорынға (мекемеге) келтірілген зиян заңмен белгіленген шекте және тәртіппен өтеледі. Кәсіпорынның (мекеменің) кінәсінен азаматтың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда еңбек ету қабілетінің төмендеуі немесе одан айрылуы салдарынан жәбірленушінің жоғалтқан еңбекақысы, сондай-ақ, денсаулығы нашарлауы себепті шеккен шығындары кінәлі кәсіпорын (мекеме) тарапынан өтелуге тиіс. Жәбірленуші қайтыс болған кезде зиянның өтемін алу құқығын оның асырауындағы еңбекке қабілетсіз адамдар, ол қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген баласы, т.б. иемденеді. Халықаралық қатынастарда бір мемлекеттің кінәсінен екінші мемлекетке келтірілген зиянды кінәлі мемлекет өтейді.
Залал, құқықта – азаматтық құқық бойынша бір жеке не заңды тұлғаға екінші бір жеке не заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетімен келтірген ақшалай зияны. Яғни залал дегеніміз –келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Залал құрамына шығындар- жәбірленушінің мүлкінің жойылуы немесе бүлінуі (нақты зиян), оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шығындар және алынбаған кірістер- жәбңрленушінің құқығы бұзылмағанда азаматтық айналымның әдеттегі жағдайында оның алатын кірістері (айырылып қалған пайда)[12].
Залал келтіру сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
нақты Залал, яки құқығы бұзылған тұлға бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін жұмсаған немесе жұмсауға тиіс шығын, оның мүлкінен айрылуы немесе мүлкінің бүлінуі;
пайдадан қағылу, яки азаматтық айналымның кәдуілгі жағдайында жеке не заңды тұлғаның алуы мүмкін, бірақ өзінің құқығы бұзылуы салдарынан алынбай қалған табысы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша құқығы бұзылған жеке не заңды тұлға, заңда немесе шартта көзделген болса, өзіне келтірілген Залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Мемлекеттік билік органдырының, өзге мемлекет органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының заңнамаға сай келмейтін акт шығаруы салдарынан, сондай-ақ, осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (әрекетсіздігімен) азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген Залалдарды мемлекет немесе жергілікті мемлекет.
Органдар өтеуге тиіс;
Экономикада – шығын мен шығасының табыстан (пайдадан) асып түсуі, кәсіпорынға не жеке тұлғаға олардың өздеріне қатысы бар немесе қатысы жоқ себептермен келтірілген зиян.
Әдетте, үнемдеу тәртібінің, шарттық міндеттемелердің бұзылуынан, шаруашылықтық қызметтердегі кемшіліктерден, басқа да себептерден туындайды. Залал өндірістік-шаруашылық қызметтің ақырғы қаржы нәтижелері ретіндегі бухгалтерлік баланс бойынша және жекелеген операциялар мен жұмыс телімдері бойынша айқындалады.
Залалдың бір бөлігі – айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары, ақаулы өнім шығарудан және қаңтарылып бос тұрудан болатын шығасылар өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Олардың кейбіреулері – қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны, табиғат ресурстарын белгіленген лимиттен тыс пайдаланғаны, пайданы жасырғаны үшін салынған айыппұлдар, бюджетке төленуге тиіс басқа да айыппұлдар мен санкциялар кәсіпорынның қарамағында қалған пайда есебінен өтеледі.
Келісімшарт талаптарын бұзған тарап контрагентке осы бұзудан келтірілген Залалдың орнын толтыруға міндетті. Зардап шегуші тарап келісімшарттың бұзылуынан туындаған зардаптарды көкейге қонымды тәсілдермен азайтуға тырысуы тиіс.
Мұндай қағида нарықтық экономикасы дамыған елдерде, атап айтқанда, Америка мен Ұлыбританияда қолданылады; ал Германияда, мысалы, келісімшарт қасақана бұзылса, ықтимал болжалды Залалдың қандай мөлшерде болатынына қарамастан, барлық нақты Залалдың міндетті түрде өтелуі талап етіледі. Қазақстанда да осы соңғы үлгі қолданылады.
3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық құқықтық-қатынас[3].
Зиян келтіруден туындайтын мінеттеме деликтілік мндеттеме (Суханов Е.А.)
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік деу дұрыс емес (Толстой Ю.К.)
Шартсыз жауапкершілік зиян келтірушіге мына жағдайларда жүктеледі:
1) зиян болғанда;
2) зиян келтірушінің құқыққа қайшы келетін мінез – құлқы (жүріс -тұрысы) негізінде;
3) келтірілген зиян мен құқыққа қайшы мінез-құлық арасындағы себепті байланыс;
4) зиян келтірушінің кінәсі.
Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың кейбір түрлері.
Қажеттіқорғану жағдайларында келтірілген зиян, егер оның шегінен асып кетпесе өтеуге жатпайды.
Аса қажетті жағдайда, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауіпті жою үшін келтірілген зиян, егер бұл қауіпті осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкін болмаса, оны зиян келтірген тұлға өтеуге міндетті. Мұндай зиян келтірілген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу міндетін зиян келтіруші мүддесіне іс-әрекет жасаған үшінші бір тұлғаға немесе үлестік тәртіппен осы үшінші тұлға мен зиян келтірушіге жүктеуі, сондай-ақ үшінші тұлғаны да, зиян келтірушіні де зиян өтеден толық немесе ішінара босатуы мүмкін.
Бірлесіп келтірілген зи ян үшін бір жоғары қауіптілік көзі иеснің екінші жоғары қауіптілік көзі иесіне келтірген зиянын, кінәлісі өтейді.
Жоғары қауіптілік көзі иесі кінәсінен оған зиян келтірілсе зиян өтелмейді.
Жоғары қауіптілік көздері екеуі де кінәлі болса әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне қарай зиян өтеледі. Олардың кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінеді.
Зиян келтіруде талаптардың кінәсі болмаған кезде олардың бірде біреуінің зиянды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленуші алдында ортақтасып жауап береді. Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген түлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы.
Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты адамды келтірілген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегі мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлінген затты жөндеуге және т.б.) міндеттейді.
Мүліктік зиянды өтеу әдісі табиғи немесе өтемақы күйінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Зиян өтеу мөлшерін азайту немесе бас тартуға байланысты жәбірленуші кінәсі есепке алынады (мысалы, өрескел абайсыздығы). Жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді. (ҚР АК 935бабының, 3 тармағы)[1].
Жәберленушінің кінәсі қосымша шығындарды (кіріс, емделуге, қосымша тамақтануға, протез салғызуға және т.б.) өтеу кезінде, азаматтық қайтыс болу салдарыан заиян шеккен азаматтарға зиянды өтеу кезінде, сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезінде ескерілмейді. Зиян келтірушініңмүліктік жағдайы да есепке алынады.