Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 05:43, курсовая работа

Описание

Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.

Содержание

1 Әрекерт қабілеттілік

1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану..............................................................................6



2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы

2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық..............................................................20

2.2 Зиян мен залал ұғымы............................................................................................14



3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер

3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21

3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................19

3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік...................................................20



ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык.doc

— 293.00 Кб (Скачать документ)

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-ң 22-бабының 1-тармағы).

Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын-ала келісімі талап етілетін жағдайларда белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді.  «Неке және отбасы туралы» 1998ж. 17 желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді[6]. 

         Бұл арада ескеретін мына жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсатетіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемелекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы заңның 10-бабының 2-тармағы). Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттігіне ие болады.

              Қазіргі кезде Азаматтық кодексте Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ұғымы қолданылады.

              16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімімен кәсіптік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп жариялануы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімі болмаса, соттың шешімімен жүзеге асады[4].

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әректтерінен келтірілген зиян үшін жауап береді. (АК-ң 22-бабының 4-тармағы).

3) Oн сегіз жастан бастап толық әрекет қабілеттілік танылады. Толық әрекет қабілеттілігібар азаматтар кез келген азаматтыққұқықтық қатынастарға қатыса алады, мәмілелерді жасауға құқылы.

Азаматтық кодекстің 17- сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Яғна азаматтардың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттіоігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жғдай бар: Азаматтық кодекстің 17- бабы 2- тармағынасәйкес заң құжаттарына 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілген жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді.Оның өзі азаматтардың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туылған бала толығымен құқық қабілеттілігі болса да , өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттерді алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты (жасына).Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдардағана болады[4].

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады(АК-тің 17-бабы, 1-тармағында). Осы жасқа толған соң адамазаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол сияқты құқықтар мен міндттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайынша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие болады.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандаға тән, ал берілетін әрекет ауқымы оларды жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а) Жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жасаралығындағылар;

ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18  жас аралығындағылардың әрекет қаілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушыларының, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілелер;

-ата-анасының (асырап алушысының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалған мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандарзаңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

- өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне  билік етуге;

- интеллектуалдық иеншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

- банкке салым салуына және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмілелер үшін белгіленген  нысанға сай келуге тиіс. (АК-тің 22- бабы, 1-тармағы)[3].

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата- анасы , асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді. (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. Азаматтық кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқықлы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталға мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоғқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Оларың әрекеттеріне ата-анасы, асырап алушылары мен қамқоршылары жауап береді[1].

Мәміленің  аталған екі түрі бойынша жауапкршілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өзі көтереді.

Кәмелетке толмаған адамды толығымн әрекетке қабілетті деп жариялау  (эманципация) үшін жасы он алтыға толған адам, егер еңбек шарты бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін болса заңды өкілдердің (ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының) келісімімен (рұқсатымен) айналыса алады, яғни мұндай азамат толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Эманципация қорғаншылық және қамқоршлық органының немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.

 

1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану

Егер азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайңа ұшырататын болса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтарды әрекет қабілеттіліген шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды[3].

              Егер азамат ақыл –есі кемдігі және жүйке ауруына шалдығуы салдарынан өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса , мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігіжоқ деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды.

              Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса немесе оның ақыл-есі медециналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.

              Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрект қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.(АК-ң 27-бабы)[3].

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып,сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жойады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтын күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды

АК-ң 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенің білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін[1].

Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз іс-әрекетінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айырылуғаәкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азасматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуі рөл атқарады.

   Соттың шешімімен жүйкенің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды[6].

Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шкетеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайды.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрект қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын — қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге мәмілелерді жасауды  қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметті дербес жүзеге асырады. Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқорғаншы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады[7].

Қорғаншылар мен қамқоршылар бола алммайтындар мыналар:

      сот әрекетке қабілетсіз немесе әрект қабілеттілігі шекетеулі деп танылған адамдар;

      сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;

      өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін  қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шектетілген адамдар;

      егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырапалушылар;

      денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар (Неке және отбасы туралы заң 108-бап, 1-тармақ).[11]

       Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен жүзеге асырылады.

                Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.

     Қорғаншы және қамқоршы органның алдын-ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретінде тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ қаржы жұмсауға құқылы.

     Қорғаншылық және қамқоршылық – қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша жасалады. Заң белгілеген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін жүргізіледі[4].

         Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндететрін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке бас пайдасының мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қарғаншыны қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.

          Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болғанда тоқтатылады.


2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы

 

2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық

Азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік; өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы.

Информация о работе Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін