Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 05:43, курсовая работа

Описание

Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.

Содержание

1 Әрекерт қабілеттілік

1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану..............................................................................6



2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы

2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық..............................................................20

2.2 Зиян мен залал ұғымы............................................................................................14



3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер

3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21

3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................19

3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік...................................................20



ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык.doc

— 293.00 Кб (Скачать документ)
justify">              Азаматқа жарақат немесе өзгеде денсаулығына зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіруден туындаған шығындар(емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі- дәрмек сатып алуға, протез салуға, бөгде адамның бағып күтуіне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға және т.б.), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтеуге жатады[5].

              Жоғалтқан табысты (кірісті) анықтау кезінде жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зақым келтіруіне байласты жәбірленушіге тағайындалған мүгедекті бойынша жәрдемақы денсаулығына зиян келтірілгенге дейін де, одан кейін де тағайындалған басқа жәрдемақы түрлері, сондай-ақ зейнетақы төлемдері өтеу есебінен қосылмайды.

              Жоғалтылған табыстң (кірістің) құрамына негізгі жұмыс орны бойынша да, сондай ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек жіне азаматтық-құқықтықшарттар бойынша еңбекақы төлеудің жеке табыс салығы салынатын барлық трлері кіреді.

              Уақытша еңбекке қабілетсіз және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңі үшін тленген жәрдемақы есептелінеді. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстардың құрамына кіреді, бұл орайда кәсіпкерлік қызметен алынатын кіріс салық органының деректерінің негізінде еңгізіледі.

              Табыстың (кірістің)  барлық түрлері салықтар ұсталынғанға дейін есептелген соммаларда ескеріледі. Бір жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегі шығу жәрдемақысы және т.б.) есептелмейді.

              Орташа айлық табыс (кіріс) денсаулыққа зақым келтірудің не еңбек қабіетін жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екі айындағы табыстың (кірістің) жалпы самасын он екіге бөлу болымен есептеледі. Зиян келтірілген кезде жәбірленуші он екі ай уақыттан аз уақыт жұмыс істеген жағдайда орташа айлық табыс (кіріс) денсаулыққа зақым келтірудің алдындағы нақты жұмыс істелінген аларда тапқан табыстың (кірістің) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептелінеді. Денсаулық зақымдануына байланысты өтелетін зиянның мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Кәмелетке томаған адамның денсаулығы зақымданғн кезде зиянды өтеу мөлшері де он айлық есептік көрсеткітен кем болмауы тиіс[6].

Моральдық зиянды өтеу. Моральдық зиян- жеке әне заңды тұлғалардың өзінік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бзылуы, кемсітілуі немесе олардын айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу), қолайсыз жағдайда қалу және тағыда басқаары. Моральдық зиян ақшалай өтеледі.

 

              3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік

              Кәмелет жасқа толмаған азаматтар келтірген зияндар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер деп аталынатын 47-тарауының 925 және 927-ші баптар аралығында қарастырылады[2].

              Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін олардың ата – анасы (асырап алушылары), қоғаншылары жауап береді. Яғни заңда тура көрсетілгендей жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтірген зиян үшін,  егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемеген жағдайда , оның заңды өкілдері жауап береді, яғни мұнда заңды өкілдері деп отырғанымыз оның ата-анасы,асырап алушылары немесе қорғаншысы болуы мүмкін.

              Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай өзiнiң қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол мекеме өтеуге мiндеттi.

Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң, сондай-ақ шарттың негiзiнде қадағалауды жүзеге асыруға міндеттi адамның бақылауында болған уақытта зиян келтiрсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асырудағы кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, келтiрiлген зиян үшiн осы мекемелер мен адамдар, жауап бередi.

Ата-аналардың (асырап алушылардың), қорғаншылардың, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды[3].

Егер ата-аналары (асырап алушылары), қорғаншылары қайтыс болса немесе олардың, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал толық әрекет қабiлеттiлiгi болған зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтiрушiнiң өзiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

              Он төрт пен он сегіз жасқадейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата –анасы (асырап алушылары), қорғаншылары емес олар өздері дербес жауап береді. Егер олардың зиянды өтеу үшінмүлкі болмаса немесе жеткіліксіз болған жағдайда олрадың ата –анасы (асырап алушылары), қорғаншылары жауап береді[6].

              14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді. (АК-ң 926-бабының 1-тармағы). Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұржан бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондайақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады[2].

              Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан РеспубликасыныңмАзаматтық Кодексінде көрсетілгендей он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиiс.

Егер он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi.

Ата-аналардың (асырап алушылардың), қамқоршының және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады «(Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).Яғни онда көрсетілгендей заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады. Ал 22-1-бабында көрсетілгендей Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс[1].

Ата –ана құқықтарынан айырылған ата –аналардың кәмелетке толмағандар келтірген зиян ата –ана тәрбиесі салдары екені анықталса,  мұндай ата –анаға сот ата –аналық құқықтарынан айырылғаннан кейінгі ұш ай ішінде жауаптылықты жүктеуі мүмкін. Бұл туралы Қазақтан Республикасынң Азаматтық Кодексінің 927-бабынды корсетіледі. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi деп аталады[2].

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтiруге әкеп соқтырған мiнез-құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-анаға ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейiн үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиян үшiн жауаптылық жүктеуi мүмкiн.

Курстық жұмысымды орындау барысында осы кәмелет жасқа толмаған азаматтардың құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралырының жолын іздедім. Қазақстан Республикасының Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңы осы мәселені шешуге негіз болады деп ойлаймын. Бұл Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы. Заң 25 баптан тұрады. Осы  заңда көрсетілгендей- бұл Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.

              Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі[11].

              Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тарапынан оған әсер ететiн үздiксiз процесс. Әлеуметтiк оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi жүзеге асыратын өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенi[11].

              Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат құқықтық саясаттың бiр бөлiгi болып табылады және ол кәмелетке толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және

кадрлармен қамтамасыз етудi қамтиды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат:

      1) заңдылық;

      2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;

      3) отбасын қолдау;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк;

      5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу;

      6) құпиялылық;

      7) ғылыми негiздiлiк;

      8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады.

Iшкi iстер органдары:- кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;

-кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;

     -арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;

-қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi;

-     кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;

-кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;

    -он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерiне жiберiлетiндердi заңда белгiленген тәртiппен Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстайды және бағып-күтедi;

Информация о работе Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін