Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 05:43, курсовая работа

Описание

Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.

Содержание

1 Әрекерт қабілеттілік

1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар..............4
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану..............................................................................6



2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы

2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық..............................................................20

2.2 Зиян мен залал ұғымы............................................................................................14



3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер

3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері..............21

3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік................19

3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік...................................................20



ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык.doc

— 293.00 Кб (Скачать документ)

  -   үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткiзедi және бағып-күтедi, оларды кейiннен қамқоршылық және қорғаншылық  органдарына бередi.Міне осындай заңда көрсетілген тәртіптер бойынша кәмелет жасқа толмаған азаматтардың құқық бұзушылығына қарсы, оларды түзету мақсатында шаралар қолданады.

 

3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік

              Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамттар келтірген зиян үшін, ол кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтейді[3].

              Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт ішімдіктерін не есірткі заттарын пайдалануы негізінде келтірілген зиян үшін осы азаматтың өзі жауап береді.

              Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды[5].

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 928-ші бабында корсетілген. Яғни бұл бап бойынша әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды (осы Кодекстiң 26-бабы -жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
 Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер

бойынша) мойнына алады.  Заңды өкiлдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.), егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi[1].

Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi оның әрекетке қабiлеттiлiгi қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.

Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, зиян келтiрушiнiң әрекетке қабiлеттiлiгiнiң қалпына келуiн ескере отырып, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды сол зиян келтiрушiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы[4].

Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамтаттар келтірген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 929- бабында жазылған. Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған азаматтың спирттi iшiмдiктердi немесе есiрткi заттарды жөнсiз пайдалануы салдарынан келтiрген зиянды (Азаматтық Кодекстiң 27-бабы) зиян келтiрушiнiң өзi жалпы негiздерде өтейдi. 27-бабы -Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн шектеу яғни,

спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады.  Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады[3].

Сонымен қатар 930-бап. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабiлетсiз азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк деп аталады.

Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмаған немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын жағдайда зиян келтiрген әрекетке қабiлеттi азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi.

Егер жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлсе, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттi зиян келтiрушiге толық немесе iшiнара жүктей алады.

Егер спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарды пайдаланып немесе өзге әдiспен өзiн осындай жағдайға келтiрсе, зиян келтiрушi жауаптылықтан босатылмайды.

Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемiстiгi салдарынан өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын адам келтiрсе, сот зиянды өтеу мiндетiн осы адаммен бiрге тұратын еңбекке қабiлеттiлерге: зиян келтiрушiнiң осындай жағдайын бiлген, бiрақ оны әрекетке қабiлетсiз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуi мүмкiн.


Қорытынды

 

              Қорыта келгенде азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы азаматтық жауаптылық деп қарастырылады. Осыдан келе, зиян, құқықта – бір субъектінің басқа субъектілерге немесе табиғатқа, қоршаған ортаға, адамдарға келтірген залалы Яғни зиян дегеніміз – тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Зиян мүліктік немесе моральдық болуы мүмкін. Ал залал, құқықта – азаматтық құқық бойынша бір жеке не заңды тұлғаға екінші бір жеке не заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетімен келтірген ақшалай зияны.

Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін олардың ата – анасы (асырап алушылары), қоғаншылары жауап береді

Курстық жұмыстың мақсаты кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін анықтаужәне олардың келтірген зияндары үшін жауаптылығын көрсету болғандықтан мен бірнеше әдебиеттер мен заңдарды қолдана отырып, тақырып мазмұнын ашуға тырыстым.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиiс.

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамттар келтірген зиян үшін, ол кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтейді.

              Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт ішімдіктерін не есірткі заттарын пайдалануы негізінде келтірілген зиян үшін осы азаматтың өзі жауап береді.

Бұл курстық жұмысымдағы алға қойылған барлық мақсаттарға жеттім деген ойдамын.

 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсандағы      № 269-XIII) (Жалпы бөлім) (2005.08.07.берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1999 ж. 1шілдедегі № 409-1) (Ерекше бөлім)

3. Азаматтық құқық. Оқу құралы. Қыстаубай Ө.С. – Алматы, «Асыл мұра», 2011. 324 б.

4. ҚР-ң азаматтық құқығы оқулық, 1 том.192-бет. Төлеуғалиев.Ғ.И.      Алматы.2001ж.

5. Азаматтық құқық.академиялық курс, Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., 1  том.Алматы 2003ж.

6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

7. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.

8. Коментарии. Гражданский Кодекс РК – Алматы: Жеті жарғы. 2003ж.

9. Гражданское право. Том І Учебник для вузов (академический курс)

М.К Сулейменов, Ю. Г. Басин. -  Алматы, 2000.- 704 с.

10. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы, 9-шілдедегі N 591 Заңы.

11. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы Заңы» 1998 ж. 17 желтоқсан.

12. http://kk.wikipedia.org/wiki/

 

 

 

 

26

 



Информация о работе Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін