Мемлекеттің ңшкң функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание

Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Экономикалық функция
ІІ.2. Әлеуметтік функция
ІІ.3. Экологиялық функция
ІІ.4. Мәдени мен ғылыми-техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы

ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой, ішкі функция.docx

— 68.22 Кб (Скачать документ)

Курстық  жұмыс тақырыбы:

 

 

Қазақстан Республикасының   ішкі функциялары

 

 

 

 

І.Кіріспе

 

ІІ. Негізгі  бөлім

 

ІІ.1.  Экономикалық функция

 

ІІ.2.  Әлеуметтік функция

 

ІІ.3.  Экологиялық  функция

 

ІІ.4.   Мәдени  мен   ғылыми-техникалық   және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы

 

 

ІІІ.  Қорытынды

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.   Кіріспе.

 

Мемлекет  және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолын ұстанған, яғни бұдан мемлекеттің  саяси – экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларды демократияландыру, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологияны сақтау, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету міндеттері туындайды.

Мемлекет  басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған мақсат міндеттер бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары,аппараттары,органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттарыда да әр түрлі болады: стратегиялық бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күнгі мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер тұр.

Мемлекеттердің  көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп күрделі екі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады. Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.  Мемлекеттің ішкі функцияларын топтастыру мемлекет қызметінің сфералары бойынша жүргізіледі. Билік нысанына және мемлекеттік құрылымына қарамастан әрбір мемлекет негізгі ішкі функцияларын жүзеге асырады. Әрбір мемлекет қазіргі экономикалық, әлеуметтік, күзетушілк және бақылаушылық мәселелердің бірқатарын шешеді.  Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Ішкі  функциялар:

                  Экономикалық функция – адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады.

Экономикалық  функция - мемлекетпен ел экономикасын жоғарғы дәрежеде дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіруді  көздейді. 

Экономикалық  функцияның негізгі мақсаты -  елдің  экономикалық дамуының жоспарын жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін  тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқығын қорғау және т.б.

Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жан – жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Адамдардың, әсіресе қысымға ұшыраған адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік  функциясының маңызы артып келеді.

Қаржы бақылау функциясы - мемлекеттегі өндірушілердің  табыстарын анықтау мен солардың есебін көрсетеді. Заң бойынша бұл табыстың бір бөлігі салық ретінде әлеуметтік және тағы басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға мемлекеттік бююджетке жіберіледі. Мемлекет салықтың дұрыс қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады. 

  Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды.

Экологиялық функция – азаматтардың экологиялық  жағдайын, экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыздандыру жұмыстарын жүргізу. Сөз соңында айта кету керек, бұл функция ішкі және сыртқы көріністерде де қатар жүреді. Басқаша айтқанда бұның екеуіне де қатысы бар. Экологиялық функция – азаматтардың өмір жағдайларын жақсарту мақсатында таьиғи ресурстарды тиімді қолдану және қорғауға бағытталған.

Идеологиялық функцияның  мақсаты – халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық  ақпарат құралдарын, ғылыми – білім беру, мәдени – ағарту және мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Әдетте, мемлекет идеологиялық функцияны қамтитын мақсаттарға қол жеткізу жолында қаржы алмайды, ниеттес және рухы жақын мемлекеттік емес құрылымдар қызметін қолдайды.

Мәдени функция – белгілі қоғам өмірінің бөлігі, мемлекеттік реттеу осы салаға да таралады. Бұл салаға сөз еркіндігі, басылым бостандығы, ақпарат, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет туралы көптеген конституциялық нормалар жатады. Бұл нормаларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік қызметпен көптеген мемлекеттік басқару органдары айналысады: мәдениет және ақпарат министрлігі, мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша комитеттер және тағы басқалар. 

Саяси саладағы мемлекет функциялары болып, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Азаматтардың ар – намысын  құрметтеу, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен бірге тұлғаның үйлесімді  жан –жақты дамуын қамтамасыз ету  – бұл мемлекеттің басты міндеті  және мақсаты болып табылады.

Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы – бұл мемлекеттің органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            ІІ.         Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

                                       ІІ.1.  Экономикалық функция

 

Қазақстан Республикасының орындайтын функциясы, яғни рөлі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, мемлекеттің өз қызметі ретінде  түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының функциясы – қоғамды әлеуметтік  басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекетіміздің функцияны ішкі және сыртқы деп күрделі екі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау – деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы  орындалып жатады.

Экономикалық  функцияда мемлекет өзінің қалыпты  жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің экономика саласындағы  қызметі экономикалық дамудың бағыттарын ұсынады, меншік нысандарын қорғауға , экономикалық қызметтің бостандығын  қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдастырылуын бекітуге бағытталған.

Экономикалық  функция - мемлекетпен ел экономикасын жоғарғы дәрежеде дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіруді  көздейді.

        Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының  функцияларын дамыту тенденцияларының  мынадай жолдары іске асуы  мүмкін:

    1. функциялардың мазмұны мен шеңберін кеңейту, бұлардың көбісінің мемлекеттік ішкі мәніне ұласуы;
    2. бұрынғы кеңестік мемлекеттілік сатысына қарағанда барлық функциялардың мазмұнының іс жүзінде түпкілікті өзгеруі;
    3. мемлекеттің функцияларында жалпыәлеуметтік, жалпыдемократиялық, гуманистік (адамгершілік) мәні бар бағыттардың көбеюі;
    4. мемлекет өзінің «қоғам мен тұлға құлы» делінетін жаңа рөлін меңгеруі;
    5. мемлекет функцияларының мақсатты бағыттарының өзара байланыстылығы, үйлесімділігі және бірыңғайлылығы;
    6. жалпы дүниежүзілік жүйенің елдің ішіндегі және дүниежүзілік аренадағы мемлекеттік қызметке тигізетін ықпалы;
    7. қоғам ісін басқаруда мемлекеттің функционалдық рөлінің артуы;

Азаматтың мүддесі үшін екі жақты немесе көпжақты болып, өзара келісе отырып, қайткен күнде де ядролық апаттан  тірі жанды құтқару мақсатында елдің  қауіпсіздігіне қажетті деңгейде армияны  сақтау мен әскери қорғану күштерін нығайту.

Ішкі  және сыртқы функциялар бір – бірімен  өзара тығыз байланысты, өйткені  сыртқы саясат белгілі бір мемлекеттің  өмір сүруінің ішкі жағдайларына тікелей  байланысты

Ішкі  функцияларға еліміздің материалдық  – техникалық базасын құрып, дамытуға бағытталған мынадай қызмет салалары кіреді:

              Экономикалық функция – барлық мемлекеттерге тән функция. Мемлекеттің экономикалық функциясы негізінде қоғамда өндірісті және өндірістік қатынастың субъектілеріне нарықтық экономиканы дамытуға жан-жақты жағдайлар туғызу болып табылады.

Экономикалық  функция  - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары  мен тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі бар:

Бірінші – салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

Екінші  – экономиканың тиісті, қажетті  саласына жеңілдік беріп дамыту;

Үшінші  – ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұд екі жақты  процесс).

Төртінші  – мемлекетік өндірісті дамыту.

Тәуелсіз  Қазақстан Республикасы нарықтық  қатынастардың қалыптасып, өсіп дамуына  көптеген шаралар қолданып, реформалардың  іс жүзінде асуына жол ашты. Атап айтқанда мемлекет жекешелендіру процесін аяқтады, орта тапты қалыптастыруда шағын және орта бизнестің дамуына жағдайлар жасауда. Шетелдердің инвестициялары Қазақстан экономикасының негізгі салаларын көтеруге және дамытуға мол үлес қосуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл -  ауқатының артуы » деп аталатын тұжырымдары бойынша Жолдауында: «Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуәгерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын ».

Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру (Қазақстан  Республикасы Президентінің Қазақстан халқы  жолдауы 28 ақпан 2007 жыл) стратегиясында – біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң  бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан  көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиісті де, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға  сүйенеді.

Мемлекет  өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың  жолындағы заңнамалық, әкімшілік  және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларында тікелей  қолдау көрсетуге міндетті.

Қазақстанның  экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кірігудің  қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын:

  1. халықаралық маңыздағы «серпілістік» жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауаршаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру;
  2. Қазақстанның өңірлік  және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі;
  3. Қазақстанның экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ – ға кіру;
  4. Экспорттық – импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау.

Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын  ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит – ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта  бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен  қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті», - делінген.

Орталықтағы және жергілікті жерлердегі үкімет экономикаға  араласудың барлық түрімен, дән себу, егін  жинау және басқалармен  айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын  нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды,  бірақ  шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок  пен монополияға қарсы күресті  реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін  дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты  экономикалық саясат жүргізуге бағытталған  құқықтық және нормативтік база жасауды  аяқтау көзделіп отыр.

Информация о работе Мемлекеттің ңшкң функциясы