Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Экономикалық функция
ІІ.2. Әлеуметтік функция
ІІ.3. Экологиялық функция
ІІ.4. Мәдени мен ғылыми-техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы
ІІІ. Қорытынды
Бірақ, нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуға бара – бар болуға тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз.
Экономикалық өсу мақсатында өзіміздің осы бағыттағы ұзақ мерзімді басымдықтарымызды іске асыру мақсатында келесі үш жылдың ішінде:
Қазақстан
Республикасының қоғам
Қоғамдағы көлік, жолдар, байланыс коммуникативтік қызметті жүзеге асырады. Көлік комплексіне темір жол, әуе, теңіз, өзен, автомобиль көліктері жатады. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы экономиканы дамытуда сонымен қатар аграрлық саланы өркендетуде өз үлесін қосуда. Мемлекет тарапынан ауылға кредит беру, шаруа қожалықтарының өнімдерін сатып алу, техникамен көмектесу және жеке меншіктегі малдарға салық салмау сияқты шараларды іс жүзіне асыруда. Экономикалық функцияларын іс жүзіне асыруда Қазақстан Республикасы дүниежүзі өркениеті мемлекеттерінің экономикалық жетістіктерін пайдалануда. Белгілі философ С.Б.Бөлекбаевтың тұжырымдары бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларына мыналар жатады:
Бүгінде республикада бірлескен кәсіпорындар саны көбеюде, дүниежүзіндегі аса ірі компаниялардың өкілдіктері ашылуда, бірлескен шикізатпен материалдарды өңдеу жобалары, жаңа технологиялар енгізілуде.
Еліміздің
бай табиғи ресурстары, елдегі әлеуметтік
және саяси тұрақтылық Қазақстанды
шетелдік капитал үшін тартымды аймақтардың
біріне айналдырды. Бүгінде республика
дүниежүзіндегі 145 мемлекетпен сыртқы
сауда операцияларын жүргізуде.
Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар: Ресей, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Түркіменстан, Өзбекестан, Италия, Украина, Ұлыбритания және т.б. елдер. Импортталған тауарлардың басым көпшілік бөлігі: Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Беларусь, Украйна, Америка Құрама Штаттарынан, Қытайдан жеткізіледі. Экпорттың негізгі түрлері: минералды және мұнай өнімдері, қара және түсті металдар, азық – түлік тауарлары және т.б. Импорттың тауар құрылымы: машиналар, құрал - жабдық, химия өнімі, азық – түлік тауарлары, минерлар өнімдер т.б.
Экономикалық функцияның негізгі мақсаты - елдің экономикалық дамуының жоспарын жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқығын қорғау және болып табылады. Қазақстанның экономикасы күннен күнге қарыштап дамып, келеді.
ІІ.2. Әлеуметтік функция.
Әлеуметтік функция – Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл – ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан – жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай көрсетілген:
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар мемлекеттің Әлеуметтік функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі – кедейлілікпен, жұмыссыздықпен күресу болып табылады. «Қазақстан 2030 » бағдарламасында бұл мәселені шешуде мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: «Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
Қоғам өмірінің әлеуметтік саласын еңбек, денсаулықты сақтау, білім беру, ғылым және басқа да әлеуметтік қатынастар құрайды. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері қоғам өмірінің негізгі бағыттарына әлеуметтік жағынан жәрдемдесу болып табылады. Қалыпты әлеуметтік және экономикалық прогресс қамтамасыз етілген елдерде, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу міндеттерін алға қояды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік функциясында қоғамымыздағы барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам кіші кредиттердің көмегімен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса ) әлеуметтік көмек алады.
Халықты әлеуметтік қорғау әсіресе оның әл – ауқаты аз, еңбек етуге жарамсыз топтарын жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты, бетімен кеткен көші – қон процестерін жою.
Әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамның жан – жақты қамқорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады.
Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы жолдауы 28 ақпан 2007 жыл) стратегиясында - әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарынның қатарына мыналар жатады: халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы, тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, денсаулық саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу т.б.
Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан «әлжуаз» топтарына көмек, қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.
Өңірлік әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың бірқатар басқа да санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады әрі солай істеу керек деп санаймын.
Әлеуметтік құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, мұнда тиісті тәртіп орнатылуға тиіс.
Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдері сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтиды. Сондай – ақ әлеуметті құрылымдар ардагерлерінің зейнетақылары өсті. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы – тиісті айында төленіп келеді.
Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай – ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті.
Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді.
2005 жылдан
бастап денсаулық сақтау
Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стандартттарға көшуді ескертетін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.
Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекеші компанияларды тарту қажет.
Біз үшін
ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті
өмірлік қағидаттарды іске асыру
үшін қазақстандықтарға: отбасын қамсыздандыру,
тұрғын үй иелену, денсаулықты нығайту,
зейнетақыға жинақтаулар
Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Ең пәрменді
әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру
және жаңа жұмыс орындарын жасақтау
болып келеді, әрі солай болып
қала береді. Біз, ең алдымен, қандай
да бір себептермен жұмысынан
айырылып қалған адамдардың еңбекке
оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз,
олардың жаңа мамандық алуына жағдай
жасауымыз керек. Сонымен қатар
жастар ортасында жұмысшы
Жолдаудың
негізгі бағыттарының бірі – қазақстандықтардың
өмір сапасын арттыру шараларын
жүзеге асыру, - деп көрсетілген. Осы
ретте көптеген аса маңызды
әлеуметтік міндеттер атқарылды. Мысалы,
студенттердің шәкіртақысы
Биылғы жылғы Жолдауында Қазақстан халқының әл – ауқатын жақсарту жөніндегі шараларды жалғастыру көзделген, атап айтқанда, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, баланың дүниеге келу, оны күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері арттылған.
Әлеуметтік
қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік
қолдау және әлеуметтік саланы нарық
қағидаттары негізінде дамыту. Бұл
міндеттер зәру адамдарға атаулы
қолдау көрсету, соның ішінде әлеуметтік
тұрғын үй сатып алу мен жылжымайтын
мүлік рыногын дамыту, мемлекеттік
тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын
іске асыру, медициналық қызметтің
сапасын жақсарту және денсаулық
сақтаудың жоғарғы
Жолдауда осы заманғы әлеуметтік саясат: басты назарда – адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау деп атап көрсетілген. Ол үшін мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдай да ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке зәру мүшелерін қолдауға міндетті, бұған алдымен балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер жатады.
Жолдауда бұған дейінгі тиімді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келеді және солай болып қала береді, - деп көрсетілген. Сондай – ақ, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызып, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасау керектігі де айтылған.
Уәкілетті органдар аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту, мұқтаж азаматтарға, соның ішінде ардагерлер мен мүгедектерге әр түрлі әлеуметтік көмектер көрсету сияқты шараларды іске асырған. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір түрі – белгілі бір мамандығы жоқтарын нарық заманында сұранысқа ие мамандық алу мақсатымен кәсіби оқыту. Осы мақсатта кәсіби оқыту мен қайта даярлау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың оқу базаларында әр түрлі мамандық бойынша оқу курстары ұйымдастырылып, оны жақсы бітірген азаматтарға сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастыру шаралары оң нәтиже беруде.