Мемлекеттің ңшкң функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание

Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Экономикалық функция
ІІ.2. Әлеуметтік функция
ІІ.3. Экологиялық функция
ІІ.4. Мәдени мен ғылыми-техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы

ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой, ішкі функция.docx

— 68.22 Кб (Скачать документ)

Ардагерлер  мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау шарасы Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді оңалту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Құзырлы органдар азаматтардың тұрмыс жағдайларын зерделеп, аса мұқтаз отбасыларына қаражат  есебінен біржолғы материалдық көмек  көрсетілген.3

Мүгедектерді  жұмыспен қамту жұмыстары жалғасып, 3 – ші топтағы мүгедектер тұрақты  жұмысқа орналастырып, бірқатары  ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген.

Азаматтарды қолдаудың бір түрі – заңмен көрсетілген  әлеуметтік төлемдерді төлеу арқылы көмек көрсету болып табылады. Осыған сәйкес бес түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі, атап айтқанда, мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі  балалары аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек, мүгедек балаларын  үйінде оқытатын отбасыларына материалдық  көмек және тұрғын үйге төленетін  коммуналдық төлемдерді төлеу.

Жүргізілген талдаулар, атаулы әлеуметтік көмек  алушылар санының азаю барысын көрсетіп отыр. Ал мұның негізгі себептері  халықтың әл – ауқатының, материалдық  жағдайының жұмысқа орналасу арқылы жақсаруы болып отыр.

Тәуелсіз  Қазақстан егеменді ел болғаннан  кейін алдына қойған басты мақсаттарының  бірі – адамның жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам  орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік  туғызып, жоғарғы әлеуметтік мәртебеге  жетуін қамтамасыз ету, экономиканың өсуі мен тұрақтылығына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына  орай еңбек табыстарын, зейнетақыны  және жәрдемақыны арттыру бүгінгі  күннің қажеттілігінен туындап отыр.

Әлеуметтік  салада егемендікке жеткеніміздің  басты көрсеткіштері, ұлттық байлықтың  көбеюі, халықтың тұрмыс – тіршілігі  дүниежүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен  алшақтықты азайту, яғни технологиялық  дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне байланысты. Оған құндылықтар жүйесі, оқу – білім, кәсіби шеберлік, білім  – ғылым базасының деңгейін, қоғамдық институттардың даму дәрежесі тағы басқалар жатады.

Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет ретінде  жекелеген топтарға немесе ұлыстарға  ғана емес, тұтас қоғам мен адамға қызмет етеді. Ол мемлекеттің есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше  бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да бірдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады. Әлеуметтік сипатты конституцияда көрсетілгендей әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етілуі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстарды төмен тұрғындар тобына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады.

Әлеуметтік  мемлекет азаматтардың ең төмен күн  көріс қажеті мен өмір сүруінің лайықты  жағдайын жасауды талап ету құқығын  мойындайды. Бұған денсаулық пен  адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де көрінеді. Бұл шараларды әлеуметтік бағдарламалар жасалынып жүзеге асырылуда. Мысалы, «Қазақстан Республикасының  халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы  » (2001 жыл сәуір).

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саладағы жүзеге асырылатын істердің бірі –  еңбек ақыны жолға қою, өнімді еңбек адамның жалақысын үнемі  өсіріп отыру.

Азаматтарға медициналық, тұрмыстық – коммуналдық, көлік қызметін көрсету, оларға мәдени – тұрмыстық, білім беру және басқа да қызмет көрсету түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып отыр. Мемлекет коммерциялық және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы төмен тобына әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер белгілеп, олардың қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.

Әлеуметтік  функция – халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды ) ,зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол  құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға,байланыс құралдарына қажетті қаражатты  бөлуге т.б.

 

 

 

ІІ.3. Экологиялық функция

 

Экологиялық функция – айналадағы  ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми – техникалық прогресті жедел дамытудан және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа төніп тұрған қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғи ресурстарын ұтымды да үнемі пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе – теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Қазақстанда осы жүйені басқаратын және аталған қызметтерді атқарумен тікелей шұғылданатын табиғат табиғи ресурстары және айналадағы ортаны қорғау министрлігі арнайы құрылды. Бүгінде адамзатқа экологиялық қатар қауіпі төніп тұрғандықтан, ал жекелеген мемлекеттердің  оны жоюға күш – мүмкіндігі жете бермейтіндіктен, бұл бағытта бірнеше мемлекетердің қызметін үйлестіру қажеттігі туады. Сондықтан, экология саласында халықаралық (БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде ) және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс – қимыл тәжірибесін тарату кең өріс алуда.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 – бабында «Қазақстан Республикасының  азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға  міндетті »- делінген. Барлық қазақстандықтар  өзінің қоршаған ортасын таза ұстаса, денсаулығымыздың да жақсы болатыны  белгілі.

Экология  таза болса – адамның дені сау  болады. Ал дені сау адамның - жаны сау. Арал, ядролық сынақ алаңдары ел экологиясын өте нашарлатты. Өзен -  көлдер тартылып, ормандар оталып, еліміздің экологиясы қатты күйзеліске ұшырады. Бұған мысал, жақында Давоста  өткен әлемдік экономикалық форумда 133 елдің экологиялық рейтингі хабарланды. Бұл тізімде Йель және Колумбия университеттері  дайындаған. Тізімге енген елдер 6 топқа жіктелген: денсаулық, ауа  сапасы, су ресурстарының жағдайы, биологиялық  жан – жақтылық, табиғи ресурстар  және тұрақты энергетикалық даму. Оның сыртында әр ел 16 түрлі сынақтан өтті. Алғашқы ондыққа Жаңа Зеландия, Швеция, Финляндия сиқты елдер  кірген.133 ел кірген тізімде Қазақстан  орта жағында, дәлірек айтсақ 70 –  орында.

Экологиялық функция жаһандасу кезеніңде  қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің  ең негізгі функцияларының бірі болып  табылады. Адам баласының санының көбеюі, ғылыми – техникалық прогрестің өсуі, табиғи ресурстарын үнемдемей пайдаланып шашып – төгу, экологиялық апаттар планетамызға және онда мекен ететін жан – жануарлар мен адамдардың өмір сүруіне тікелей қауіп төндіруде.

Көптеген  экологиялық  мәселелерді шешу үшін мемлекеттің экологиялық функциялары маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасында экологиялық мәселелер көпжылдық және ең маңызды мәселелер ретінде қарастырылады.

Себебі, қазіргі тәуелсіздікті нығайту  барысында шетел агрессорларының әрекетінен емес, керісінше адамның табиғатқа, қоршаған ортаға жасаған қиянаттарынан, қауіптерінен сақтау мемлекеттің ең маңызды функциялары болуы керек.

Мемлекет  тарапынан қазіргі кезеңде мынандай шараларды іс жүзіне асыруда:

      1. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2. Энергетиялық жүйедегі қауіпсіздік;
      3. Көлік жүйесінің барлық саласында қауіпсіздік шараларын іс жүзіне асыру;
      4. Денсаулық сақтау саласында адам өміріне зиянды тамақ өндірістерін болдырмау;
      5. Жерді пайдалану мен рекультивациялауда нормативтік талаптарды қатаң сақтау, жер эрозиясынан сақтау.
      6. Зиянды қалдықтарды ғылыми негізде өңдеу, олардың табиғатты ластауына жол бермеу;
      7. Су тапшылығын болдырмау, жер асты суларының қайнар көздерін ашу.

Мемлекетіміздің экологиялық  саладағы функциялары  «Қазақстан 2030 » Бағдарламасында  былай деп атап көрсетілген: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.

Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауыз суға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралақ ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ  өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға,табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат – қабат тосқауыл қойылуы қажет.Мемлекеттік ведомствалардың басшылары осының бәріне де үлгі көрсетуге тиіс.

Адамдардың  денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың  өмірі осы шараларға тікелей  байланысты.

2030 жылғы  Қазақстан ауасы таза, мөлдір  сулы, жасыл желекті елге айналуы  тиіс. Өндіріс қалдықтары мен  радиация бұдан былай біздің  үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін  болады. Біздің балаларымыз бен  балалаларымыздың балалары кінәрәтсіз  жағдайда толыққанды өмір сүретін   болады. ».

2007 жылы 9 қаңтарда Экологиялық кодекс  қабылданды. Экологиялық кодекстің  басты әрі ең негізгі мақсаты  – Еуропалық қауымдастық және  халықаралық құқықтық стандартар  қарарларына экологиялық нормаларды  жақындастыруға бағытталған экологиялық  заңдылықты реформалау. Қоршаған  ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды  пайдаланудың құқықтық тұрақтылығы  мен осы саладағы нарықтық  батыл әдістердің жүзеге асуы  – еліміздің табиғи байлығын  тиімді және ұқыпты пайдалануда,  табиғатты қорғау іс – шараларын  жүзеге асыруда қолайлы жағдай  туғызады.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодекснің 4 – бабында Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздері:

    1. адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;
    2. қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау;
    3. Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық  мүдделерді қорғау;
    4. қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;
    5. қоршаған ортаның жай – күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;
    6. өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту;
    7. әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан – жақты қатысуы;
    8. қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету:
    9. жердің экожүйесінің салауатты жай – күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру мақсатындағы жаһандық әріптестік;
    10. қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
    11. қоршаған ортаға елеулі залал келтіргені немесе адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай – ақ қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері 5 – бапта

    1. Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
    2. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
    3. экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;
    4. қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
    5. қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдан алу шараларының міндеттілігі;
    6. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын  бұзғаны үшін жауаптылықтын бұлтартпау;
    7. қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
    8. қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;
    9. табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;
    10. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімдігі мен жариялылығы;
    11. табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;
    12. табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету  кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;
    13. экологиялық ақпараттың қол жетімдігі;
    14. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларының үйлесуі;
    15. жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады, -  көрсетілген

Іс жүзінде  республиканың Үкіметі экологиялық  басымдықты жариялайды, адам өмірінің экологиялық жағдайын жақсартуды өзінің мақсаты етіп алға қояды. Конституцияның жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттілігін тікелей көрсетеді. Бұл Қазақстан  Республикасының Конституциясының 31 – бабында былай көрсетілген: «Мемлекет адамның өмір сүруі  мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», - делінген. Сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасын  жасай отырып, табиғи ресурстарды  пайдалануды күшейту саясатын жүргізеді.

Информация о работе Мемлекеттің ңшкң функциясы