Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Экономикалық функция
ІІ.2. Әлеуметтік функция
ІІ.3. Экологиялық функция
ІІ.4. Мәдени мен ғылыми-техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы
ІІІ. Қорытынды
Қазақстан Республикасы егер адам және азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда сот органдарынан қолдау таппаса, халықаралық сотқа шағымдануына кепілдік беріледі. Адам құқықтарын қорғауда заңдылықтың сақталуын прокуратура органдары және басқа құқықтары мемлекеттік органдармен және басқа фирма, корпорациялармен шектелген де, аяққа тапталғанда тез арада назарға алып, кінәлі субъектілерді қатаң жауапқа тартады.
Конституциялық құрылымды қорғау функциясы. Тәуелсіз мемлекеттердің бәріне тән функция. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 – бабының 2 – тармағында « Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді», - делінген. Мемлекеттің заңды жолымен, халықтың қалауымен құрылған және орнаған билікті, құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету ең маңызды функциялары болып табылады. Конституциялық құрылымды қорғау жалпы мемлекеттің негізгі заңында бекітілген. Оның мақсаты саяси және қоғамдық құрылысты, билік жүргізу істерін тиімді қамтамасыз ету. Конституцияның іс жүзіне асырылуына кедергі болған немесе оған қарсы жаслған барлық әрекеттер заңсыз деп саналады. Конституциялық құрылымды қорғау функциясы барлық құқық қорғау және басқару органдарымен іс жүзіне асырылады.
Қорғаушы – бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен нығайту, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақталуына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Конситутциясының 36 – бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті», -делінген. Мемлекет сот, құқық қорғау органдарының және осы функцияны жүзеге асырумен айналысатын билік құралдарының ұйымдастыру – мәжбүрлеу жүйесін құрады, олардың қызметін қаржыландырады, оның тиімділігін арттыру шараларын (нормативті реттеу, бақылау және оперативті басқару жолымен ) қабылдайды, оның халық үшін қолайлы және ашық болуын қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай үкімет үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады.
Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде – мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп – басқаратын мемлекет және оның органдары. Сонымен бірге бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың , нығайтудың екі әдіс – тәсілі бар:
Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп – басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
Мемлекеттің қаржылық функциясы деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүддеелері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық функциясының басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады.
Ал, мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық функциясының мәні мынада: бюджеттік қызмет; валюталық-қаржылық қызмет; қаржылық-сақтандыру қызметі; қаржылық-шаруашылық қызметі; салықтық қызмет; мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу; мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті органдардың жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу; айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару; қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалай қорларды қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдаланылуын ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау-есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдаланылуды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік –құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
ІІІ. Қорытынды
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекет мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өзгереді.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық және экологиялық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, мәдени функция.
Мемлекет функциялары арқылы қоғамның алдында тұрған мақсат – міндеттерін, мазмұнын және оның орындалу бағыттарын білуге болады. Мемлекет функциялары – мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдісі. Мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының атқаратын негізгі қызметі.
Мемлекет функциялары – мемлекеттің қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты түрде әсер етіп отырады. Мұндай ықпалдың нәтижесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе жеңіп шығады, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады.
Мемлекет функциялары арқылы қоғамның алдында тұрған мақсат – міндеттерін, мазмұнын және оның орындалу бағыттарын білуге болады. Мемлекет функциялары – мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдісі. Мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының атқаратын негізгі қызметі.
Мемлекет функциялары – мемлекеттің қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты түрде әсер етіп отырады. Мұндай ықпалдың нәтижесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе жеңіп шығады, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады.
Пайдаланған деректемелер тізімі.
Нормативтік-құқықтық актілер:
Арнайы әдебиеттер:
2. Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
3. Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
4. Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер 2003
5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
6. Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007
7. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
8. Бабаев В.К. Теория современнного права. Н.Новгород.1991
9. Булекбаев.С.Социально – филосовский анализ соотношения экономики и государства. Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 1998 жыл.
10. Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
11. Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
12. Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
13. Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002 жыл
14. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
15. Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
16. Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
17. Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
18. Комарпов С.А. Общая теория государства и права. Саранськ, 1994
19. Курс лекций по теории государства и права. Под.ред. А.В.Малько., Саратов 1993 г
20. Курс теории государства и права. Под.ред. И.П.Марова., Тюмень 1994
21. Клименко Теория государства право. Москва 2004
22. Лазарев В.В. Теория государства и право. Москва 1992
23. Ливишиц Р.З. Теория право. Москва 1994
24.Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
1 Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы.
2 С.Булекбаев. Социально – филосовский анализ соотношения экономики и государства.Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 1998 жыл. 38 - бет
3 Теміртасова А. Әлеуметтік көмек көрсетілді. Заң және заман. №4, 2007 жыл
4 Б.А.Мұхамеджанов «Кеңес мемлекетінің экологиялық қызметі». Алматы, 1990 жыл 16 бет
5 Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Мәдениет туралы заңы.
6 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 1998 жылғы
7 Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет» туралы заңы.
8 Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993 жыл