Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні және нысаны........................................5
1.2 Мердігерлік шартының тараптары және оның құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................8
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі..........................................................14
ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.......................................................18
2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты............................................................................20
2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі...................................................................22
2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты............................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................
Мердігерлік шарт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні
және нысаны........................
1.2 Мердігерлік шартының тараптары және
оның құқықтары мен міндеттері....................
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі................
ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.................
2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты.........................
2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-
2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік
шарты.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.
Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде онын нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдігі мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы керек уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің - мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының бептенуші негізінде болуы мүмкін.
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы курстық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.
Курстық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.
Нақты жұмыстың мақсаты
мердігерлік шартының теориялық
аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық
шарттың іс жүзінде қолдануын, сот
тәжірибесінің анализдерін
Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті міндеттер реті мынадай болып келеді:
1) Мердігерлік шартының даму тарихи;
2) Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны;
3) Мердігерлік шартының
жекелеген түрлерінің
4) Мердігерлікті реттейтін заңнаманың қазіргі жағдайы.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның даму тарихы мен түсінігі және мазмұны қарастырылады. мердігерлік шартының ең ежелгі дамуынан бастап, қазіргі замаңдағы мердігерлік шартының қолданылуын көрсетіп кетемін. Және ертеде мердігерлік шарттың қалай түсінгенін айтамын.
Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі. Бұл бөлімде мердігерлікке рим құқығында берілген анықтамасы мен қазіргі уақыттағы анықтаманың айырмашылықтарын көрсетіп, талдап, және әр кездегі әр ғалымдардың мердігерлікке берген пікірлерін көрсетіп кетемін.
Сонымен қатар мердігер мен тапсырушының арасындағы қандай қайшылықтар туындауы мүмкін болатыны және бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы айтылған.
Курстық жұмысында салыстыру арқылы зерттеу әдісін қолдандым.
Курстық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, онда негізінен азаматтық құқықтың мердігерлік саласын терең зерттеген қазақстандық және шетелдік заңгер ғалымдарының еңбектерін пайдаландым. Атап айтатын болсақ, Жайлин Ғ.А., Сулейменов М.К. Басин М.И. Брагинский, Брауде, Асцеулов А.Г. Шершениевич Г.Ф. және тағы басқалар.
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі, пәні және нысаны
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың озге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [2, 212 б].
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижееінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерек-шеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының қүқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде онын нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдігі мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы керек уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің - мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының бептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бүрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен [3] бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күші жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді:
1) тұрмыстық мердігерлік;
2) құрылыс мердігерлігі;
3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік;
4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жүмыстарға мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орынған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгалдандарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстардың өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бүзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің негінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелуінің растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйіңде (түзеу) болуын қамтамасыз етуте міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруте міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың қүнына сәйкес жұмыс-тың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы [4, 262 б].
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол ма-териалдарды сапасына қарай қабылдап алуга міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінін кәсіби тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардын, техникалық қүжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;