Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа

Описание

Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні және нысаны........................................5
1.2 Мердігерлік шартының тараптары және оның құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................8
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі..........................................................14

ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.......................................................18
2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты............................................................................20
2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі...................................................................22
2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты............................25

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

Работа состоит из  1 файл

Мердигерлик - .doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшы  құқықтарының кепілдіктері

1. Мердігердің тапсырысшыны тұрмыстық мердігерлік шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді енгізуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Бұл талап бұзылған жағдайда тапсырысшы мұндай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы.

2. Тапсырысшы өзіне  жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта мердігерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейін орындалған жұмысүшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеп, тұрмыстың мердігерлік шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердігердің сол кезге дейін жасаған шығындарын өтеуге міндетті. Тапсырысшыны бұл қүқықтан айыратын шарт ережелері жарамсыз болады.

Егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосылатын өзге де стандартты нысандарда (осы Кодекстің 33 бабы) езгеше көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.

Тапсырысшыда аталған  құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Тапсырысшыға жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат беру

Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерін өткізген кезде мердігер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесін тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушінің өзіне және басқа адамдарға келтірілуі мүмкін зардаптары туралы хабарлауға міндетті.

1. Мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардыңтүрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы оған ақы төлеудің нысаны туралы қажетті және сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның етініші бойынша шартқа және тиісті жұмысқа сәйкес басқа да мәліметтерірді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиіс

2. Тапсырысшы мердігерден  алынған ақпараттың толық немесе сенімді болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттері жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердігерлік шартты бұзуды және зиянды өтеуді талап етуге құқылы [13].

Жұмысты мердігердің  материалынан орындау

1. Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жұмыс мердігердің материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезінде тапсырысшы материал үшін толық немесе тапсырысшы мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін алған кезде түпкілікті есеп айырыса отырып, шартта көрсетілген бөлігі үшін ақы төлейді.

Шартқа сәйкес материалды мердігер кредитке, оның ішінде тапсырысшының  материалға ақыны бөліп-бөліп төлеуі талабымен беруі мүмкін.

2.  Мердігер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейін өзгеруі қайта есептеуге әкеп соқпайды.

Жұмысты тапсырысшының  материалынан орындау

Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбіртек те немесе шарт жасасу кезінде мердігер тапсырысшыға беретін өзге де құжатта материалдың дәл атауы, саны, сипаты мен тараптардың келісімі бойынша белгіленетін бағасы көрсетілуге тиіс. Түбіртектегі немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейін сотта дау айтуы мүмкін.

Жұмыстың бағасы және оған ақы төлеу

Тұрмыстық мердігерлік шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді және ол мердігер жарияланған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек. Тапсырысшы жұмысқа ақыны мердігер оның нәтижесін түпкілікті тапсырғаннан кейін төлейді.

Тараптардың келісімі бойынша  жұмысқа тапсырысшы шарт жасасу кезінде  толық немесе аванс беру арқылы ақы  төлеуі мүмкін.

1. Тапсырысшы жұмыстың нәтижелерін қабылдаған кезде немесе мердігерлік нысанасын пайдалану кезінде кемшіліктер тапқан жағдайда осы Кодекстің 630-бабында көзделген жалпы мерзімдердің ішінде, ал кепілді мерзімдер болған кезде - сол мерзімдердің ішінде осы Кодекстің 635-бабында көзделген құқықтардың бірін жүзеге асыра алады.

   2. Тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін қою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртіпте өзге мерзім (қызмет мерзімі) көзделмесе, ол кемшіліктер тапсырысшының өзінің және басқа да адамдарының өміріне немесе денсаулығына қауіпті болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін. Сондай талап бұл кемшіліктердің қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның ішінде мезгілдік мерзімі аяқалғаннан кейін анықталған кезде де қойылуы мүмкін. Мердігер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзім ішінде не жұмыс үшін төленген бағаның бір бөлігін қайтаруды, не кемшіліктердің, күшімен немесе үшінші тұлғалардың көмегімен жоюға кеткен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы [14].

1. Тапсырысшы орындалған  жұмыс нәтижесін алуға келмеген  немесе тапсырышы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екі ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердігерге тиесілі барлық төлемді шегеріп, осы Кодекстің 291-бабына сәйкес тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы.

2.  Осы баптың 1-тармағында  аталған жағдайларда мердігер  мердігерлік нысанасына сатудың орнына оны ұстап қалу (осы Кодекстің 624-бабы) немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.

Тұрмыстық мердігерлік шарт тараптардың бірінің қайтыс болуы негізінде тоқтатылған жағдайда (осы Кодекстің 376-бабы) шарттың тоқтатылу зардабы тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісім-шарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмеген кезде орындалған жұмыстың мөлшері мен оның бағасы, жүмсалған және сақгалған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.

 

2.2  Құрылыс  мердігерлігі шарты

 

Құрылыс мердігерлігінің шарты:

1.Құрылыс мердігерлігінің  шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.

2. Құрылыс мердігерлігінің шарты кәсіпорынды, үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, іске қосу-жөнге келтіру және салынып жатқан объектімен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелері үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.

Егер мұның өзі шартта көзделген болса, мердігер объектіні пайдалануға беруді тапсырысшы объектіні қабылдағаннән кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

3. Құрылысты толықтылау туралы шарт жасасу кезінде мердігер өзіне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөніндегі барлық міндеттемені алады және шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектіні тапсыруға тиіс.

4.  Аяқталмаған құрылыстың иесі оны тапсырысшыға тапсырғанға дейін және оған төлем жасалғанға дейін мердігер болып табылады.

5. Құрылыс, мердігерлігі шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерін қанағаттандыру үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады [15].

1.  Құрылыс объектісі  жұмысты өткізудің шартта белгіленген  мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштің салдарынан қираған немесе бүлінген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын төлеуге міндетті.

2.   Егер заң актілерінде  немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаудыңкездейсоқ мүмкін болмай қалу қәупін олар өткізілгенге дейін тапсырысшы көтереді.

3.   Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупін мердігер көтереді.

4.   Шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделуі мүмкін (құрылысты толық аяқтау).

5. Шартта мердігердің тәуекелдерін сақтандыру кезделуі мүмкін. Бұл жағдайда сақтандыру жөніндегі шығындар орындалған жұмыстар үшін сыйақыны айқындау кезінде ескерілетін құрылыс жөніндегі шығыстарға енгізіледі.

Жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі үшін мердігер жауапты болады.

1.   Мердігер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемі мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа да талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Шартта өзге нұсқаулар болмаған кезде мердігер жобалау-құжаттамасына және сметада (жобалау-сметалық құжаттамада) көрсетілген барлық жұмыстарды орындауға міндетті деп түсініледі.

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шетел тілінде жасалған жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама мердігерге мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып беріледі. Өлшем бірліктері заң актлерінде белгіленген метрикалық жүйеге сәйкес болуға тиіс.

3. Құрылыс мердігерлігі шартында жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиіс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзімде тиісті құжаттаманы беру керек екені көзделуге тиіс.

4. Құрылыс жүргізу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелінбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргізу мен құрылыстың сметалық құнын өсіру қажеттігін анықтаған мердігер тапсырысшыға ол туралы хабарлауға міндетті.

Мердігер өз хабарламасына  тапсырысшыдан он күн ішінде жауап  алмәған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта бұл үшін өзгеше мерзім көзделмесе, бос тұрыстан келтірілген залалдарды тапсырысшының есебіне жатқыза отырып, тиісті жұмысты тоқтата алады.

         5.Осы баптың 4-тармағында белгіленген міндеттерді орындамаған мердігер, егер тапсырысшының мүдделері үшін шұғыл іс-қимыл жасау қажеттігін, атап айтқанда, қылмыстың іркілуі салынып жатқан объектінің қирауына немесе бүлінуіне әкеп соқтыратынына байланысты шұғыл іс-әрекеттің қажеттігін дәлелдей алмаса, тапсырысшыдан қосымша жұмысты орындағаны үшін ақы және осыдан туған залалдардың орнын толтыруды талап ету құқығынан айырылады.

6. Тапсырысшы қосымша  жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындалмайтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бастартуға құқығы бар.

 

2.3 Ғылыми-зерттеу,  тәжірибе-конструкторлық және технологиялық  жұмыстарға мердігерлік шарты

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін мүліктік игіліктерге жатқызады. Осыған байланысты, біз қарастырайын деп жатқан мердігерлік шарттарының маңызы мен рөлі өте түсті. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық мердігерлік шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бағытталған саясаттың ағымында болып келеді. Осыны Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған  Инновациялық қызмет туралы Заңы дәлелдейді [16].

Бұл заң айтылған мердігерлік шарттың рөлінің көтерілуіне ықпалын тигізеді. Болашақта ғылым едәуір бөлігінде жасалған шарттармен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестікке түсе алатын интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын зерттеу нәтижелерін сатуға сүйенетін болады. Кейбір жағдайларда мердігерлік шарт бойынша түбірлі (фундаменталды) зерттеулер де жүргізілуі мүмкін, бірақ әрине мұндай зерттеулердің көлемі (салыстырмалы үлесі) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едәуір болады.

Қазіргі кезде мердігерлік шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық іске асып жатқан жоқ,  өйткені экономикалық ақиқат әлі де ескі технологияны қолдануды мүмкін етіп отыр. Импорт орнын ауыстыру тетігі толық көлемде іске асып отырған жоқ және мемлекеттік деңгейде ғьшымға қолдау жетпейді.

Міндеттемелік құқық құралдарын толық көлемде пайдаланып бұл шарт нысаны олар үшін ғылыми-зерттеушілік қызмет (тіршілік) пайда табудың негізгі көзі болып келетін ғылым адамдарының, ұйымдардың қызметін тиісті реттеуге мүмкіншілік береді. Басқа шарттарда сияқты бұл шартта да тараптардың мүдделері ескерілуі мүмкін.

Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жүмыстарында мердігерлік  шарты экономикалық қатынастарды бір  жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндірістік салалардың қызметін оның неше түрлі қасиеттерін қамтамасыз ететін субъектілердің қызметімен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық (ғылыми) қызметтің интеллектуалдық меншік объектгні өңделіп (оны жасау жүмыстары аяқталганға дейінгі қызметті) ол қүқықпен қорғалатындай болғанға дейінгі кезендерін (түстарьгн) реттеуге мүмкіншілік береді. Кейбір жағдайларда қымбат тұратын зерттеулерді қаржыландырады. Сонымен қатар мердігерлік шарты мердігердің шығармашылық (ғылыми-зерттеу) қызметінің нәтижесі болып келетін объектіге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлігінде ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты лицензиялық шартпен тыгыз байланыста болады. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бір-біріне толығынан тепе-тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауының §5 бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ кейбір айырмашылықтары бар қатынастарды реттейді.

Информация о работе Мердігерлік шарт