Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні және нысаны........................................5
1.2 Мердігерлік шартының тараптары және оның құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................8
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі..........................................................14
ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.......................................................18
2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты............................................................................20
2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі...................................................................22
2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты............................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................
Тапсырысшы жұмысты
нашарлатқан шарттан
Егер тапсырысшы жұмыстың
нәтижесiн тексерiссiз
Егер тапсырысшы мен мердiгер арасында жасалған жұмыс кемшiлiктерi немесе оның себептерi туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сараптау шығындарын мердiгер өтейдi. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердiгердiң жасаған iс-әрекеттерiнiң және табылған кемшiлiктердiң өзара байланысы жоқ деп тапса мердiгер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда шығындарды кiм сараптау жүргiзудi қаласа, сол өтейдi. Егер сараптауды тараптар келiсiмiмен жүргiзсе, онда екi жақ тең шығынды өтейдi.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi – тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл мiндет жалпы тәртiп бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келiссе пайда болады. Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төлемiнiң, кепiлпұлдың мөлшерi де шарттармен немесе заңнамамен анықталады [9, 177 б].
Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).
Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе шартпен белгiленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса, мердiгер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшiн берiлген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүлiктерiн тапсырысшы керектi ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла бередi.
Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық берiледi, ол мердiгерге тиесiлi сыйақы мөлшерiнен өз уақытылы анықталған кемшiлiктердi жоюға арналған шығындарды өтеу үшiн ұстап қалуға құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесiн қабылдауды жалтарып, жұмыс үшiн төлемесе мердiгер жұмыс нәтижесiн өз бетiмен сатуға (өткiзуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтiп кеткеннен кейiн бiр айдан соң және тапсырысшыға екi рет ескертiлгеннен кейiн жүзеге асады. Мердiгер жасалған жұмыс нәтижелерi егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзiне тиесiлi ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелiк көзделмесе тапсырысшы депозитiне салады.
Мердiгерлiк шарты бойынша тараптарда тиiстi көлемде тәуекелдер болып келедi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң тәуекелiн шарт бойынша келiсiлген жұмысты тапсырудың мерзiмi келгенше мердiгер көтередi. Егер мердiгерлiк заты тапсырылғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкiндiгi болмаса, онда тараптар кiнәсi болмаса, мердiгердiң жасал-ған жұмысқа ақы төлеудi талап етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелi барлық жағдайда мердiгерге жүктеледi. Затты қабылдауды немесе берудiң мерзiмiн өткiзiп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзiмдi өткiзiп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алса мердiгер сыйақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердiң қайта бөлiнуiне әкелетiн жағдайлардан тараптардың бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер алдын ала ескертсе, онда мердiгер орындалған жұмыс үшiн ақы алу құқығын сақтап қала бередi.
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Мердiгерлiк шарты бойынша
жауапкершiлiк өзiнiң
Осыған қарай, Азаматтық
кодексте жұмысты сапасыз орындауы
үшiн мердiгердiң
1) қисынды мерзiмде
жұмыстың кемшiлiктерiн
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны тиiстi мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы [10].
Осымен бiрге тапсырысшы кемшiлiктердiң өзiнiң қаражаттарымен мысалы, басқа мердiгердi жалдау жолымен жоюы мүмкiн. Бұл үшiн мердiгерлiк шартында тапсырысшының жұмыстың кемшiлiгiн өз iс-әрекеттерiмен жою құқығы көзделуi керек.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi болғанда және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Кейбiр жағдайларда, жұмысты
орындау жоғарланған қауiп-
Шартты бұзғаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiкке тартудың тәжiрибелiк мүмкiншiлiгi талап қою мерзiмiн сақтауға байланысты болып келедi. Мердiгерлiк шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзiмдерi тарайды.
Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшiлiктер туралы талап бойынша талап қою мерзiмi, олар туралы тиiстi мерзiм шегiнде тапсырысшы мердiгерге хабарлаған болса, кемiстiктер анықталған күннен өз ағымын бастайды.
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы -екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез (келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйым-дастыру және өткізу тәртібінің ережелері[11].
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы "17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының заңына [12] сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық кажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға (түлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесс жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борыш-керлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алға бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғары сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбайтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-ба бының 1-тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акпессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге кемсктесетінше қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тә-жірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары карастырылмағанға сілтенген.
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерлік шарты
Тұрмыстық мердігерлік
шарты бойынша кәсіпкерлік
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады (осы Кодекстің