Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 15:07, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. ҚР Азаматтық құқығында мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Мердігерлік шартыының түсінігі, пәні және нысаны........................................5
1.2 Мердігерлік шартының тараптары және оның құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................8
1.3 Мердігерлік шартының жауапкершілігі..........................................................14
ІІ. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.......................................................18
2.2 Құрылыс мердігерлігі шарты............................................................................20
2.3 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі...................................................................22
2.4 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты............................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................
Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектілерінің интеллектуалдық меншік құқығының әртүрлі корғау нормаларына жатуына байланысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстарыньың нәтижесі -бұл авторлық құқық объектісі. Сондықтан ғылыми-зерттеулер жүргізу шартты көбінесе фундамен-талды зерттеулерді немесе қандай да болсын бір өндірушіге жаңа технология енгізу, өндірісті қайта жабдықтау, өндірісте және материалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешім қабылдауға.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі экономикалық әсері кейінірек шығуы мүмкін, ол мердігер берген үсыныстарың (оның ойларын, шешімдерін) тәжірибеде қолдануға байланысты болып келеді. Ғылыми-зерттеу жүмыстарына мердігерлік шартының нысанасы болып белгілі тақырып, мәселе, мөселелер топтары бойынша аяқталған ғылыми жүмыс немесе одан әрі зерт-теулер үшін аралық буын бола алатын ғылыми зерттеудің бөлігі келуі мүмкін.
Тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыс нәтижесі онеркәсіитік меншік объектісі, өндіріс аймағында маңызы бар ашылмаған ақпараттар ретінде қорғалатын объектілер болады. Өз кезегінде бұл өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтарды тіркеуге байланысты тараптардың шарттағы құқықтары мен міндеттерінің болуына әсер етеді. Қандай өнеркәсіптік меншік объектісі пайда болғанына қарап шарт нәтижесін пайдалану тәртібі, мердігер тарабының сыйақы алуға құқығы және басқа талаптар әртүрлі (өзгеше) болып келеді.
Екі шартқа да ортақ болып табылатын нәрсе бар. Мердігердің қызметіне оның аралық кезеңдеріне, мердігердің бір немесе өзге интеллектуалдық меншік объектісін өңдеуші ретінде құқықтық жағдайына бұл екі шарттарда да интеллектуалдық меншік құқығының жалпы ережелері тарайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін кабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті.
Мердігер тәжірибе-конструкторл
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарттарында бірқатар жағдайларда мердігерлер болып кәсіпкерлер қатыспайды. Мердігерлер болып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, Жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мумкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немесе жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлғалар келеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мердігердің (атқарушының) өзінің ғана жүргізуін талап етеді. Бұл мердігермен жұмысты орындау міндеті жеке сипатта екенін білдіреді. Шартта көрсетілген жағдайға немесе жұмыс барысында тапсырысшының келісімімен мердігерлер үшінші тұлғаларды шартты орындауға тартуға құқылы. Тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуге мердігерлік шарттарында басты мердігерлік жүйесі жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Егер өзгеше шартпен қарастырылмаса, мердігер жұмысты орындауға қосалқы мердігерлерді тартуға құқылы.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен мшдеттерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердіғерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Ғапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі, ол мер-дігермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс. Бұның да себебі бар, тапсырысшы зерттеудің тандалған бағытының езектілігін, оның нэтижесінін маңыздылығын барлауда қиындық шегуі мүмкін. Тапсырысшы жұмыс үшін керекті мәліметтерді мердігерге беріп отыруы керек. Олардың құрамында таратылуга жатпайтын (конфиденциалды) мәлімет те болуы мүмкін. Ал жұмыс біткен соң тапсырысшы оны қабылдап алуы және ақы төлеуі қажет. (ҚР АК 678-6. 1,3-тармақтары). Жұмыс нәтижесін қабылдау, оған ақы төлеу тәртібі шартнен анықталады немесе мердігерлік шартына қатысты жал-пы ережелермен айқындалады. Шартта жұмыстың бөлек кезеңдерін қабылдау және олар үшін ақы толеу немесе ақы төлеудің өзге бір тәсілі қарастырылуы мүмкін.
Егер ғылыми-зерттеу өндірісі кезінде қажетті нәтижеге жету мердігердің (атқарушының) өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша мүмкін болмаса, онда тапсырысшы осы мән-жайлар анықталған уақытқа дейінгі жасалған жүмыс нөтижелеріне ақы төлеуі керек. Бұл ақының шекті мөлшері шартта көрсетілуі мүмкін. Сол кезде тапсырысшы шартта көрсетілген жұмыстың бір
бөлігі үшін қарастырылған ақыдан асатын соманы төлеуте міндетті болмайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижеге жету мүмкінсіздігін мердігерлік шарттарындағы тәуекеддердің үлесуі ретінде бағалауға болады. Ал, тәжірибе конструкторлық жәңе технологиялық жұмыстарға мердігерлік шартында тапсырмалары үшін тәуекелділік деңгейі біршама төмен болады. Егер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында жұмысты ақырына дейін жеткізу мердігерге байланысты емес мән-жайлар негізінде мүмкін болмаса, тапсырысшы мердігердің шығындарын ғана өтеуі керек.
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген непздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.
2.4 Жобалау
және іздестіру жұмыстарына
Мердігерлік шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сойкес, алда қүрылыс жүргізілетін құжаттар өнделуін қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану кажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиіс) ғимарат (құрылыс) олардың кешені болып келуі мүмкін.
Алдағы жұмыс көлемі үлкен болып құрылыс арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкін. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшін маңызды болып табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсілдерін және т.б. анықтауға мүмкіншілік береді. Бірқатар жағдайларда, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттары бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердігерлік шарты бойынша мердігерлер құрылыс қызметінің белсенді жүзеге асыруды, жаңа шешімдер (инновацияларды) ұсынуды, мемлекеттік органдар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтік-мәдени, өндірістік тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып олардың нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырыс-шығады да және мердігерге де тиесілі болады.
Мердігердін жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып келеді және жобалау жұмыстарының нәтижесінде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуі еместігі немесе іздестіру жұмыстарының бір кезеңінде болжанған құрылысты жүзеге асыру мүмкін еместігі анықталуы мүмкін. Осындай сипаттағы ақпаратта жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының нәтижесі болып келеді және сондықтан мердігердің тиісті шығындары өтелуі тиіс.
Тапсырысшы қажетті шараларды қолдаған күнде (қолданса) жобалау және іздестіру шартының нәтижесі ҚР АК-сының Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы ден аталатын 55-тарауының нормаларына сәйкес қорғмуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшынын тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелінеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеітенеді.
Оның ерекшеліктерін реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асырылады, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартына мердігерлік шартының жалпы нормалары да қолданылады.
Аталған мердігерлік түрі де субъектілік құрамының өзгешелігімен ерекшеленеді, бірақ бұл заңнамада тікелей көрсетілмеген. Бірақ, әрине, лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жобалау және іздестіру жұмыстары лиензияланатын қызметке жатқан соң мердігер міндетті түрде арнайы "субъект болады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартта рын реттейтін нормалардың мәнісі бойынша, орындайтын жобалау және іздестіру жұмыстарына материалды-техникалық қамтамасыз ету міндеті көбінесе мердігерде болады. Себебі, бірқатар жағдайларда арнайы жабдықтар, керек жарақтар қолданылу керек болады, ал олар өз кезегінде тек мамандарда (мамандандырылган ұйымдарда) ғана болады. Мердігерлік шарты туралы нормалардың диспозитивтілігі бүл міндетті тапсырысшыға жүктеуді де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезінде тапсырысшы қажетті қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға міндетті болады. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты көбінесе тапсырысшы үшін тәуекелді болып келеді. Егер заңнама актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупі оған жүктеледі.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.
Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мүндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарып орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі, бір немесе өзге қажетті мәліметтер өз уақтылы берілуі, материалдар сатып алынуы, оларға кірудің арнайы (ерекше) тәртібі бекітілген аумақтарға кіруге (олардан өтуге) рұқсат алынуы мүмкін т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердігерлік шарттары бой-ынша да сияқты бұл мердігерлік шарты бойынша да тапсырысшының және мердігердің ынтымақтастығы орын алуы тиіс. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегі тапсырманы тиісті орындау үшін қажетті болуы немесе көмек көрсетпеу мердігерге елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін, сондыктан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша міндеті тікелей шартта көрсетіледі. Осының жеке мысалы ретінде, тапсырысшының мердігермен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы жергілікті өзін өзі басқарудың органдарымен немесе мемлекеттік өкілетті органдарымен келістіруде қатысу міндетін атауға болады. Бұл міндетті заңмен бекітуде тапсырысшының мүддесін ескеру айқын сезіледі. Ол тапсырманы тиісті орындауда мүдделі, сондықтан өзінің нүсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бір кедергілер болып тұрса, ол мердігерге сол кедергілерден құтылуға көмектесуі керек. Сондай-ак ол өзін келешекте жобалау-сметатық құжаттамаларды мердігерден алған соң олар мемлекеттің сертификаттау, архитектуралық бақылау органдарынын және т.б.талаптарына сәйкес кел-меуі салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупінен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жетклікті қожайын сезімін, камқорлықты иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едәуір мүліктік және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын, алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзгеруіне сәйкес әзгертіп тұруға құқылы. Бұл түсінікті, себебі алғашқы кезде тапсырысшы өзінің беріп отырған мәліметінің бір немесе өзге жағдайда қандай мәні болатынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігер тапсырысшыға оның ұсынған мәліметтері аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектінің корсеткіштеріне) қалай әсер ететінін көрсетіп түруы керек. Мердігерге қатысты емес жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгертілуіне байланысты тапсырысшы мердігердің қосымша шығындарын өтеуге міндетті.
Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу:
1. Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамағә мердігер үшін қосымша шығын, дарға және (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін ұзартуға байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы.
2. Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады.
3. Егер мердігерге
байланыссыз себептермен жұмыс
құны сметадан кемінде он
4. Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Жұмыстарды материалдық қамтамасыз ету
1. Егер шартта тапсырысшының құрылысты тұтасымен немесе белгілі бір бөлігінде материалдық қамтамасыз етуі көзделмесе, бөлшектер мен конструкцияларды қоса алғанда, құрылысты материалдармен, сондай-ақ жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мердігер мойнына алады.
2. Міндетіне құрылысты материалдық қамтамасыз ету кіретін мердігер өзі берген материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкін болмай қалатындығы анықталатын тәуекелге барады.
3. Тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкін болмай қалатындығы анықталған жағдайларда мердігер тапсырысшыдан оларды қисынды мерзімде ауыстыруын талап етуге міндетті, ал бұл талап орындалмаған жағдайда мердігер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттың орындалган жұмыс бөлігіне бара-бар бағасын төлеуді, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.