Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
• Экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекеттік тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................2
I. аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері................................3
II. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ...........................................10
III. АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)
 
 

      МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ........................................................................................................................2 

  1. АЙМАҚТЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ................................3
 
  1. ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ...........................................10
 
  1. АЙМАҚТЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................20
 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.

    Экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта  жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекеттік тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

    Республикамыздың  әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймықтың өзіндік табиғи ресурстары, олардың орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебеп үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңдегі өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиісті. Мұның барлығы да өз елімздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.

    Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің  аймақтарда жүзеге асырылатынын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату, бюджетаралық қатынастардың реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттің реттеудің негізгі мақсаты-аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көзейді.

      Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақ саясатының жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері болып табылады. Осыған орай курстық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, стратегиялардың, бағдарламалардың жүзеге асырыу барысын, аймақтың әлеуметтік-экономикасын басқару механизмін жетілдіруге басты назар аударылды. 
 

    
  1. АЙМАҚТЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 

    ҚР  «Қазақстан Республикасының әкімшілік - территориялық құрылғысы туралы» заңына сәйкес «аймақ – республика қажеттілігіне құрылған және басқарылатын бірнеше қоныстанған пунктілер қосылған республика территориясының бір бөлігі. Республикалық әкімшілік - территориялық құрылғының негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ аймақ болып келеді.

    Аймақ экономикасын басқару және барлық шаруашылық механизмі өзімен территориясында жеке басқару деңгейі бар объектілері орналасқан шаруашылықты басқарудың ұйымдық - экономикалық жүйесін құруы керек.

    Кез-келген мемлекетте иерархиясы ұлттық деңгейден төмен территориялық құрылымдардың екі түрі бар болады :

    - аралық территориялық құрылым  және оларға лайықты өкімет  және басқару органдары;

    - төменгі (негізгі) әкімшілік - территориялық бірліктер және  жергілікті өкімет және басқару  органдары. Қабылданған терминологияда  екі деңгейлердің де басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жатады.

    Жергілікті  өкімет органдары өз функциясын қалалық  немесе ауылдық аудандарда жүзеге асыратын төменгі әкімшілік бірлік болып  келеді. Оларға бағынышты аумақтар аралық территориялық құрылымдарға кіреді.

    Қазақстан экономикасының нарықтық реформасымен байланысты маңызды проблема - біртұтас халықшаруашылығы кешенінде әрбір аймақ нәтижелі жұмыс жасауы тұрады. Қазіргі заманда аймақтық деңгейде басқарудың функциясы және әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік көзқарасқа негізделген. Нарықтық реттеу әдістері танымал маркетингі жүйелері және мемлекеттің экономикалық тетіктер арқылы реттеуінен шығады. Аймақтық экономиканы аймақ аумағында орналасқан және онымен өзара байланысқан  шекаралас барлық экономикалық субъектілердің нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету позициясынан  қарастыру керек. Жүйе мақсаттары жағынан қарастырғанда аймақтық экономика өз құрылымымен қайшы. Ол ең алдымен барлық республиканың пайдасына дамиды. Сонымен қатар аймақтың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтарға қолдау көрсету керек. Осыған байланысты аймақтық экономика тек аймақтық экономикалық субъектілердің назарларын қорғап қана емес, сонымен қатар бөлек аймақтардың назарларын есепке алу механизмінің болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі уақытта европалық одақ елдерінде

    «территорияны ұйымдастыруда аймақтың дамуын тікелей мемлекеттік реттеудің» орнына аймақтарда «автономиялық механизмдердің» болуын ынталандыру сияқты жаңа әдіс қолданылады және жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. Бұл механизмнің функциясы -  аймақтың ішкі потенциалын ынталандыру.

    Қазақстандағы өткізілетін негізгі өзгертулердің бірі аймақтардың әлеуметтік - экономикалық даму сұрақтарын шешу құқығын және жауаптылығын кеңейту болды. Біртұтас ауыл шаруашылық кеңістігін сақтауда республика аймақтары реформаларды өткізу екпіндігімен, кәсіпкерліктің және нарық инфра жүйелерінің дамуымен, сыртқы экономикалық қызметттерімен, шетел капиталын тартуымен ерекшеленетінін еске алу маңызды.

    Аймақты басқару жүйесі тек қана шаруашылық етуші субъектілердің өзара қатынастарына сай болып және жеке, корпоративті нарық бөлігіне сәйкес келіп қана емес, сонымен бірге, өз элементарлық әрекеттестігімен экономикалық нәтижелерінің және әлеуметтік аймақтық өндіріс нәтижелілігінің жоғарылауын қамтамасыз ету керек.

      Аймақ басқару жүйелерінің кіріс мінездемелері ретінде талдап, қорытындыланған, өткенді шолатын экономикалық және әлеуметтік ақпарат  болуы керек. Сонымен қатар заттық - техникалық, еңбектік, қаражаттық қорлардың сандық және сапалық көрсеткіштері, белгілі бір уақыт аралығында басқару процесінде оларды қолдануға кеткен шығын мөлшері.  Аймақ сияқты әкімшілік - территориялық құрылымның әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпараттың болуы, аймақпен басқару жүйелері элементтінің әрекеттестігін жан-жақтыландырудың қажетті шарты. Ол алдағы ағымдағы, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық даму, өндіріс нәтижелілігін талдау, тұтынылу қорларының экономикалық өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

    Аймақты басқару жүйесінде әрекеттестіктің негізгі элементтері басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау), функцияларды толтырылу мақсатындағы оларға лайықты және бағытталған басқару әрекеттестігіне нақтылы іс-әрекеттер, сонымен қатар әдістер‚ тәсілдер және облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқару стратегиялары болу керек.

    Бір-бірімен әрекеттесетін аймақтың дамуын басқару жүйесінің ресурстық құраушысы ретінде барлық иерархия деңгейлерінің (олар: функцияларды орындаудың аралық және тікелей процесіне қатысатын; облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың барлық түріне арналған негізгі қорлар, материалдық, қаражаттық және ақпараттық қорлар). басқару персоналы шығады.

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару жүйесі құрастырушысының қорлық әрекеттесуінің екінші нұсқасы, мөлшері анағұрлым аз, тек қана облыс әкімі - әкімшілігі деңгейінде басқаруға қатысушы қорлармен көрсетілуі мүмкін.

    Сондықтан облысты басқару жүйесінің қорлық құрамын барлық иерархия деңгейлерінің  жиынтығы ретінде кеңірек қарастырғанда, элементтердің әрекеттестігінің жүйелік талдауы әлеуметтік-экономикалық дамуды басқаруға қатысушы қорлардың толық құрамын қосады.

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың әртүрлі деңгейлерінің қорлық құрастырушылары басқару жүйесінің басқа әрекеттесуші элементтерімен әр түрлі деңгейде, бірақ тығыз байланысқан. Осылай, мысалы, басқарудың әкімшілік - шешуші әдістері аймақты тікелей басқаруы керек. Осы әдісті сипаттайтын кең таралған мазмұнды бөлімдері болып аймақтық және республикалық сипаттағы нормативті – заңдық актілер, бұйрықтар, қаулылар табылады.

    Аймақты басқарудың лайықты өлшеммен толықтырылған  функцияларының әрбірі (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тура және жанама басқаруға әсер етеді. Барлық қажетті жоспарлау-есептеу негіздемелерінің барлық түрлері аймақтың ауыл шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік өсуінің қажетті динамикасы салыстырмалы даму жоспарлылығын сақтауға бағытталған.

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясат халықтың әл-ауқаттын жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Ол елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде барлық аймақтардың талпыныстарын біріктіруі кезінде мүмкін. Аймақтық саясат халық табыстарында, жұмыссыздық деңгейінде, әлеуметтік инфражүйеге, транспорттық жүйеге, коммуникацияларда , қоршаған орта күй-жағдайында және т.б. аймақ аралық ерекшеліктердің дұрыс дамуына тиісті бағытталған болу керек.

      Қазіргі кезеңдегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Елдің әлуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық  және т.б аумақтық факторларды толықтай ескеріліп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылыланғанда ғана ғылыми тұрғыда негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

    Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясаттың мақсаттары мен міңдеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

    Егер  мемлекет аймақтармен дұрыс өзара  қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жетпегендігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу – бұл олардың дамуының қажетті шарты.

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың  қазіргі ерекшеліктерін қарастыру  оның тиімді жүзеге асуына ықпалын  тигізетін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигіетін негізгі жағдайларды сараптайық.

    Нарықтық  қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта» қалған штаттардың арасындағы айырмащылық – 1,8 есе ғана.

    Мұндай  тым саралау, әрине, миграцияның  күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдарының кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуде қиыншылықтарды туындатады. Сол себепті Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стртатегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республикалық қазіргі экономикалық ерекше проблемалармен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

Информация о работе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері