Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа
Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
• Экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекеттік тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
КІРІСПЕ........................................................................................................................2
I. аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері................................3
II. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ...........................................10
III. АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................27
Өнеркәсіп. Облыста Қазақстан бойынша
республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің
2,5 пайызын өндіретін 170 ірі және орта кәсіпорындар
жұмыс істейді. Облыста 2264 өнеркәсіп кәсіпорындары
тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында
– 163 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде –
1672, электр энергиясын, газ бен суды өндіру
және бөлу секторында – 155. Өнеркәсіп саласында
жұмыс істейтіндердің саны 40,7 мың адамды
құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар
саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында
жұмысшылар саны - 25,2 мың адам, электр энергиясын,
газбен суды өндіру және бөлу секторында
- 8,9 адам. Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп
өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы
сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге
өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем
индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда
5,0 пайызға артты.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі
көлемінің 10,4% үлесін құрайтын тау-кен
өндіру саласында өнім өндіру көлемі –
22,7% артып, 17,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.Өңдеу
өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты
көлем индексі – 103,4%, немесе өнім көлемі
133,4 млрд. теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің резина және пластмасса
бұйымдары өндірісінде – 50,4%, басқа да
металл емес минералды өнімдер өндірісінде
– 41%, отын-энергетикалық пайдалы қазбалар
өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын
алды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын
өндіру – 40,4% (27,7 мың тонна өндірілген),
қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна),
цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар
– 20,5% (1566,2 мың кВа), электр қуаты – 13,9%
(1143,6 млн. кВт/сағ), асбоцемент бұйымдары
– 3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын –
8,2% (19 мың тонна), мақта маталары – 9,7% (42,1
млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс
майы – 4,8 есеге (12,6 мың тонна), ірімшік
және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон өнімдері
– 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және
тағы басқа өнімдерді өндіру артқан.
2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі
облыс аймақтарының басым бөлігінде байқалды.
Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі
– 2,1 есе), Түлкібас (124,9%) ауданының және
Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп кәсіпорындары
қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің
Мақтаарал ауданында – 10,2% кемуі орын
алды. 2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыстың
39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру
көлемінің кемуі орын алды. Оның негізгі
себебі – тапсырыстың, өткізу нарығының
шектеулілігі және шикізаттың жетіспеушілігі.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша,
сапаның басқару жүйесі 52 кәсіпорында
және 10 мекемеде енгізілген.
2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық
жоба іске асырылды:
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ жалпы жобаның
құны – 1500 млн. теңге құрайтын «Мақта өңдеу
зауытының құрылысы», қуаты жылына - 60
мың тонна, «Айко и К» ЖШС құны 70,0 млн. теңгені
құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы,
«НИМЕКС» корпорациясы» ЖШС құны 770 млн.
теңгені құрайтын күйдірілген қыш және
черепица өндіру жобасы, «Арай астық»
ЖШС құны 162,7 млн. теңгені құрайтын макарон
өндіру жобасы, «Адина и К» ЖШС құны 15 млн.
теңгені құрайтын «Сарыағаш» минералды
суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын
жылына 1800 тоннаға дейін «Кондитер өнімдерін
шығару» жобалары. 2007 жылы облыстың өнеркәсіп
кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары
ашылды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн өндіру
– 26,1% (431,2 мың тонна), мақта иірімжібі –
77,2% (7,7 мың тонна), мақта маталары – 27,6%
(22,6 млн. шаршы метр), бензин өндіру – 34,2%-ға
(өндірілгені – 616,6 мың тонна), керосин
– 24,8% (154,5 мың тонна), газойльдер – 15,3%
(860,4 мың тонна), мазут – 20,5% (564,61 мың тонна),
цемент – 28,7% (603,1 мың тонна), электр энергиясы
– 13,8%, (977,7 млн.кВт/сағ.) артқан.
Тұрғын
үй құрылысы. 2007 жылы тұрғын үй құрылысына
18,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған,
бұл 2006 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға кем.
Барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар
мен ұйымдар және халықтың қаржысы есебінен
жалпы алаңы 815,8 мың шаршы метрді құрайтын
7215 жаңа пәтерлер мен үйлер салынды, бұл
2006 жылмен салыстырғанда 12,2% кем. Пайдалануға
берілген тұрғын үйдің 88,7% халықтың өз
қаржысы есебінен тұрғызылды.
Облыс бойынша іске қосылған тұрғын үй
көлемінде едәуір үлесті Шымкент (38,6%)
және Түркістан (18,6%) қалалары алады.
Созақ (19,8%-ға), Төлеби (10,9%-ға) аудандарында
пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі
2006 жылмен салыстырғанда өскен. Отырар
(14,3%-ға), Сайрам (4,1%-ға), Сарыағаш (0,2%-ға),
Түлкібас (75,8%-ға) аудандарында және Кентау
(32,4%-ға), Шымкент (7,2%-ға) қалаларында пайдалануға
берілген үй көлемінің кемуі орын алған.
2007 жылы облыста тұрғын үй құрылыстарында
құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының
сақталуын қадағалау мақсатында 378 тексеру
жүргізілді. Тексерудің нәтижесінде жалпы
11603,6 мың теңге айыппұл салынды. Оның ішінде
Шымкент қаласы бойынша 8218,4 мың теңге.
Салынған айыппұлдың 7465,8 мың теңгесі өндірілді.
2010
жылдың қаңтар-шілдесінде
Облыс
бойынша іске қосылған тұрғын үй көлемінің
едәуір үлесін Шымкент қаласы (27,4%) және
Толеби ауданы (8,4%) құрайды.
Сайрам ауданында пайдалануға берілген
тұрғын үй көлемі 2,5 есеге, Арыс каласы
– 3,1 есеге, Байдибек – 22,7%, Сайрам ауданында
– 1,8 есеге өскен ал, облыстың басым аймақтарында
пайдалануға берілген үй көлемінің кемуі
орын алды.
Сыртқы
сауда. 2010 жылдың қаңтар-маусымында
облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі
1499,7 млн. АҚШ долларын немесе 2009 жылдың
қаңтар-мамырымен деңгейіне 136,5%-ды құрады,
оның ішінде экспорт, тиісінше – 1019,7 млн.
АҚШ доллары немесе 163,9%, импорт – 480,0 млн.
АҚШ доллары немесе 100,6% құрады.
Экспорттың тауарлық құрылымында негізгі
үлесті минералды өнімдер (2010 жылдың қаңтар-маусымында
– 56,1%), импортта - машиналар, жабдықтар,
көлік құралдары, приборлар мен аппараттар
(35,3%), химия және соған байланысты өнеркәсіп
салаларының өнімдері (16,8%) орын алады.
Сауда балансының оң қалдығы қалыптасып,
539,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Көлік
және байланыс. 2007 жылы, жедел деректер
бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста
барлық көлік түрлерімен 66,7 млн. тонна
– жүк және 1037,5 млн. – жолаушы тасымалданған,
немесе 2006 жылдың деңгейіне – тиісінше,
102,2% және 101,9%. Облыстың жүк және жолаушылар
айналымының барлығы дерлік автомобиль
көлігіне тиесілі.
2007 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау
2006 жылмен салыстырғанда – 10,4%-ға, жолаушылар
тасымалдау – 29,7%-ға артып, тиісінше, 340
тонна – жүк және 297,2 мың – жолаушы тасымалданды.
Байланыс қызметін көрсету көлемі артуда.
2007 жылы байланыс кәсіпорындары 5844,4 млн.
теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылмен
салыстырғанда 21,7% артық. Халыққа көрсетілген
қызметтің үлесі 69,2%-ды құрады.
Соңғы уақытта Интернет желісіне шығу
мүмкіндігін ұсыну қызметінен түсетін
табыс көлемі артуда (7,6%). Алайда, бұрынғысынша
жалпы табыс көлемінде басым үлес – халықаралық
және қалааралық телефон байланысына
(51,1%), жергілікті телефон байланысына
(25,2%), пошта қызметіне (5,5%) тиеселі.
2010
жылдың қаңтар-шілдесінде, жедел
деректер бойынша, темір жол
көлігінен басқа, облыста
Әуе
көлігімен жүк тасымалдау – 47,1%-ға,
жолаушылар тасымалдау – 48,3%-ға артып,
515 тонна жүк және 344,1 мың жолаушы
тасымалданды.
2010 жылдың қаңтар-шілдесінде байланыс
кәсіпорындары 4,4 млрд. теңгеге қызмет
көрсеткен, бұл 2009 жылдың қаңтар-шілдесімен
салыстырғанда 3,6% артық. Халыққа көрсетілген
қызметтің үлесі 68,3%-ды құрады.
Алайда, бұрынғысынша жалпы табыс
көлемінде басым үлес – жергілікті телефон
байланысына (36,8%), халықаралық және қалааралық
телефон байланысына (31,5%), интернет –
20,5% құрады.
Жоғарыда берілген мәліметтерді кесте түрінде қарастырайық.
Кесте 1 - Оңтүстік
Қазақстан облысының жалпы аймақтық өнімі
[18]
млн. теңге
Барлығы | Ауыл шаруа-
шылығы |
Өнеркәс-іп | Құрылыс | Сауда | Көлік және байланыс | Басқа да қызметтер | |
2005 | 358 008,7 |
59 560,5 | 74 463,5 | 24 804,3 | 36 094,8 | 44 435,8 | 118 649,8 |
2006 | 423 488,4 | 66 286,1 | 82 153,5 | 32 111,7 | 41 026,4 | 52 135,2 | 149 775,5 |
2007 | 611 763,8 | 81 497,0 | 93 478,9 | 43 485,6 | 54 539,6 | 51 381,1 | 287 381,6 |
2008 | 731 382,9 | 81 459,2 | 112 420,4 | 59 375,8 | 79 275,4 | 56 193,4 | 342 658,7 |
2009 | 925 498,6 | 85 736,2 | 195 775,6 | 95 587,8 | 70 906,7 | 74 140,0 | 403 352,3 |
Аймақтың әлеуметтік жағдайына талдау.
Әлеуметтік сала. Халықтың неғұрлым «әлжуаз»
топтарына қолдау көрсету «Халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қолдау көрсетудің
2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»
шеңберінде жүзеге асырылуда. 2008 жылдың
1-қаңтарында 2007 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда аз қамтамасыз етілген
азаматтардың саны 44,7%-ға кеміп, 17604 адамды
құрады, немесе облыс халқының – 0,8%. Жыл
басынан бері кедейшілік деңгейі 0,6 пайыздық
бірлікке төмендеген.
Қазіргі уақытта Семей ядролық полигонында
зардап шеккендерге бірыңғай қаржылық
көмек алатын азаматтардың саны анықталып,
2368 адамды құрады. 2008 жылдың 1-қаңтарына
1752 азаматқа 11,2 млн. теңге өтемақы төленді.
2007 жылы 29585 адамға 193,8 млн.теңге мөлшерінде
атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен
қатар, 41862 отбасының 18 жасқа дейінгі 148913
балаларына 1344,2 млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік
жәрдемақы төленді.
Облыста 39 мыңнан астам соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде 2166 – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері тұрады. Ардагерлер үйіне жеке санаттағы 5173 адам емделуге жіберілді.
2010
жылдың 1 тамызында аз қамтамасыз
етілген азаматтардың саны 30037 адамды,
немесе облыс халқының – 1,2%
құрады.
35,8 мың адамға 172,8 млн. теңге мөлшерінде
атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен
қатар, 18 жасқа дейінгі 214,1 мың балаға 1577,5
млн.теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы
төленді және 10679 отбасыға 128,3 млн.теңгеге
тұрғын үй жәрдемақысы көрсетілді.
Демография және миграция. 2007 жылдың 1-желтоқсанында
облыс халқының саны 2329,0 мың адамды құрады,
оның 857,9 мыңы – қала халқы (36,8%), 1471,1 мыңы
– ауыл халқы (63,2%). 2007 жылдың қаңтар-қарашасында
халық саны табиғи өсу есебінен 48,6 мың
адамға артты. Яғни, 64,1 мың – туу (109,8%) тіркеліп,
өлгендер саны – 15,5 мың адамды (105,6%) құрады.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында шетінеген
сәбилер саны өсіп, 1191 адамды құрады, немесе
туылған 1000 баланың 19,7 шетінеген (2006 жылдың
қаңтар-қарашасында – тиісінше, 942 нәресте
және 17,4).
2010 жылдың 1 шілдесіне облыс халқының саны 2455,4 мың адамды құрады, оның - 921,4 мыңы қала халқы (37,5%), - 1534,4 мыңы – ауыл халқы (62,5%). 62009 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда облыстың жалпы халық саны 50,5 мың адамға, немесе 2,1%-ға артқан.
Жұмыспен қамту. Статистика
органдарының мәліметі бойынша, 2007 жылдың
III тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан
белсенді халық саны 1086,1 мың адамды құрады,
оның ішінде 93,2% – экономикада жұмыс істейді.
Жұмыссыздар саны 73,5 мың адамды құрады,
оның ішінде 50,7% – ауыл тұрғындары. Жұмыссыздық
деңгейі 6,8% құрады.
2007 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш
білдірген 21427 жұмыссыздың – 17348-і, немесе
81% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа
орналастырылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға
9706 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды.
2008 жылдың 1-қаңтарына облыста 17082 жаңа
жұмыс орны, оның ішінде білім беру және
денсаулық сақтау салаларында – 3091, құрылыс
және коммуналдық шаруашылықта – 3281, өнеркәсіпте
– 1721, ауыл шаруашылығында – 1266 жұмыс
орны құрылды.
2010
жылдың 1 тоқсанында облыста
2010 жылдың 1 тамызына облыс бойынша 14,4
мың жұмыссыз тіркелген, ал тіркелген
жұмыссыздық деңгейі 1,24% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында
жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген
46674 жұмыссыздың – 40753, немесе 87,3% жұмыспен
қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық ақылы жұмыстарға 6166 ресми тіркелген
жұмыссыздар тартылды.
Облыста 7852 жаңа жұмыс орны құрылды.
Халықтың табысы. Еңбек ақы. 2007 жылдың
қазанында облыс халқының орта есеппен
жан басына шаққандағы атаулы ақшалай
табысы 15063 теңгені құрады, бұл 2006 жылдың
қазанымен салыстырғанда 32,4% артық. Нақты
ақшалай табыс осы кезеңде 8,6%-ға өсті.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында кәсіпкерлікпен
айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда,
бір қызметкердің орташа айлық жалақысы
36087 теңгені құрап, 2006 жылдың қаңтар-қарашасымен
салыстырғанда 33,0% өсті.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында тұтыну бағасы
индексін есепке алғанда, облыс бойынша
орта есеппен нақты орташа айлық жалақы
2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
18,9% артты.
Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары
орташа айлық жалақы мөлшері Созақ ауданында
(2 есе артық), Арыс (11,5%-ға артық) және Шымкент
(8,6%-ға артық) қалаларында қалыптасты.
2010 жылдың маусымында облыс халқының орта
есеппен жан басына шаққандағы атаулы
ақшалай табысы 28527 теңгені құрап, 2009 жылдың
маусымымен салыстырғанда 25,9%-ға жоғарылады,
нақты ақшалай табысы
18,6%-ға өсті.
Кесте 3 - Облыстың
қалалық әкімшіліктері мен аудандары
бойынша ең төмен күнкөріс деңгейі [18]
бір
жылға есептелінген, орташа
2009 жылдың | 2008 жылдың
2009 жылдың %-бен |
облыс бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасымен ара салмағы, %-бен | |
Облыс бойынша | 12 527 | 108,7 | 100,0 |
Шымкент қ. | 13 055 | 108,4 | 104,2 |
Арыс қ.ә. | 12 225 | 108,3 | 97,6 |
Кентау қ.ә. | 12 665 | 108,0 | 101,1 |
Түркістан қ.ә. | 12 280 | 109,4 | 98,0 |
Бәйдібек | 12 318 | 108,6 | 98,3 |
Қазығұрт | 12 340 | 112,6 | 98,5 |
Мақтаарал | 12 472 | 108,8 | 99,6 |
Ордабасы | 12 625 | 113,1 | 100,8 |
Отырар | 12 248 | 108,4 | 97,8 |
Сайрам
Сарыағаш |
12
372
11 843 |
107,7
107,3 |
98,8
94,5 |