Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
• Экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекеттік тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................2
I. аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері................................3
II. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ...........................................10
III. АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)
 

    Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2010 жылдың маусымында кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 67109 теңгені құрап, 2009 жылдың маусымымен салыстырғанда 22,2% өсті. 

    Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2010 жылы республикалық бюджет есебінен 3857,3 млн. тенге, облыстық бюджеттен 3671,2 млн. теңге  қарастырылды. «Жол картасы» шеңберінде 2010 жылы 3105,9 млн тенге (республикалық бюджет есебінен – 2070,6 млн. тенге, жергілікті бюджеттен – 1035,3 млн. тенге) 29 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. 2010 жылдың 1 тамызына 2413,5 млн.теңге игерілген, (республикалық бюджеттен – 1541,8 млн. тенге, облыстық бюджеттен – 871,7 млн. тенге).

    Білім беру.  Облыста 33468 көлемінде тәрбиеленушісі бар 337 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 86-і шағын орталықтар. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі 20,9% құрайды. 2009-2010 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1031, ондағы оқушылар саны – 519,8 мың адамды құрады, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 6, ондағы оқушылар саны – 1,2 мың.   2010 жылдың 1 тамызына Интернет жүйесіне 965 мектеп қосылған, бұл барлық мектеп санының 95,4% құрады, оның ішінде 786 – ауыл мектептері. 1007 мектеп, оның ішінде 823 ауыл мектептері – байланыс жүйелеріне қосылған. Интернет желісіне қосылған жалпы білім беру мектептерінің үлесі байланыспен қамтылған мектептердің жалпы санының 95,8% құрайды. Облыс мектептері 23,8 мың бірлік  компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге  21,5 оқушыдан келеді. Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне  447 мектеп қосылған. Облыс мектептері 545 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 215 мектепке 1075 интерактивті тақталар орнатылған. 
Білім беру саласын дамытуға 2010 жылы республикалық бюджет есебінен 9116,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10380,2 млн. теңге қарастырылды.  
«Жол картасы» шеңберінде 2010 жылы 1103,6 млн тенге, оның ішінде; республикалық бюджет есебінен – 735,7 млн. тенге, облыстық бюджеттен – 367,9 млн. тенге.           2010 жылдың 1 тамызына 762,0 млн.теңге игерілген, (республикалық бюджеттен – 503,6 млн. тенге, облыстық бюджеттен – 258,4 млн. тенге). 
2009/2010 оқу жылында орта білімді мамандар даярлаумен 12,9 мың оқушысы бар 25 кәсіптік лицейлер айналысады. Сонымен қатар, 66 колледж (оның ішінде 18 – мемлекеттік) жұмыс істейді. Колледждердің жалпы контингенті 64,3 мың оқушыны (оның ішінде 29,7 мың оқушы мемлекеттік колледждерде) құрады. Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 12 дербес жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік), сонымен қатар, 2 филиал (1 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 77,7 мың студенттер оқиды, оның ішінде 39,1 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.    Мәдениет. Облыста 431 кiтапхана, 12 – мұражай, 287 – клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 9 – театр, 7 – мәдени және демалыс саябағы, 2 – кинотеатр және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1. АЙМАҚТЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ
 

    Аймақта жүзеге асып жатқан бағдарламаларға қысқаша шолу. Аймақта жергілікті және республикалық деңгейде бағдарламалар жүзеге асуда. Соларға қысқаша тоқтала кетсек. Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерін тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

    Бағдарламаға  ОҚО мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы  №12/168-IV шешімімен бекітілді.

    Бағдарлама  бойынша 2009 жылға жоспарланған қаржы 429,146 млн. теңге, облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі №17/214-IV шешімімен  нақтыланған қаржы 535,028 млн.теңге.Су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 23,055 млн. теңге аударылып, толығымен игерілді. «Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 369,383 млн. теңге аударылып, 368,883,4 млн. теңгесі  игерілді. «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 143090 млн. теңге аударылып, 143,056 млн. теңгесі игерілді. Республикалық бюджеттен Ауыл шаруашылығының министрлігінің Су ресурстары комитеті арқылы 898,9 млн.теңге аударылып, толығымен игерілген.

          Оңтүстік Қазақстан  облысының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2005-2010 жылдарға арналған ұзақ мерзімді «Таза су»  бағдарламасы.

    Бағдарламаға  ОҚО мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы  №3/41-IV, 2008 жылғы 17 маусымдағы №3/14-IV, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы        №12/166-IV шешімдерімен өзгеріс енгізілді.

    2009 жылға нақтыланған бюджетте қаралған  қаржы: республикалық бюджеттен  нысаналы трансферттер есебінен 3084,092 млн. теңге, облыстық бюджеттен  – 529,47 млн.теңге; Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен мердігерлерге аударылғаны 2698  млн. теңге; Облыстық бюджет есебінен мердігерлерге аударылғаны 383,304  млн. теңге; Республикалық бюджеттен бағдарлама әкімшісі – Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы 1021,6 млн.теңге игерілген.

    Оңтүстік  Қазақстан облысының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы

      «Бағдарламаға облыстық мәслихаттың  2008 жылғы 12 желтоқсандағы №12/167-IV шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу» туралы 2009 жылдың 23 қазандағы №12/135-IV «2009 жылға арналған облыстық бюджет» туралы шешімі қабылданды.

    Бағдарламадағы  іс-шараларды орындау үшін 2009 жылға  облыстық бюджет есебінен 435,846 млн.теңге, Республикалық бюджеттен 325,025 млн  теңге қаралып, игерілген. 

    Оңтүстік  Қазақстан облысында мемлекеттік  жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

    Бағдарламаға  нақтыланған облыстық бюджеттен  қаралғаны 11,447 млн.теңге, оның 11,447 млн.теңгесі  игерілген.

    Қазақстанның 2030 жылғы даму Стратегиясы мен Ел Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға!» атты Жолдауын облыс жастары арасында насихаттау, түсіндіру бойынша «Ауыл жастары келешектің ертеңі, стратегиялық күші» атты керуені ұйымдастырылды. Керуенге жас ғалымдар, жетекші жастар ұйымдарының төрағаларымен жас журналистер қамтылды. Керуен облыстың аудандары мен қалаларындағы шалғай ауылдардағы жастармен кездесулер өткізіп, Елбасы Жолдауын түрлі интелектуалды ойындар мен сайыстар арқылы бастады. Бұл іс-шараға 0,35 млн.теңге игерілген.

    Жастардың азаматтық топтасуына, оларға әскери-патриоттық рухани-адамгершілік тәрбие беруге жағдай жасау мақсатында Ауғанстаннан Кеңес  әскерлерінің шығарудың 20 жылдығына  орай «Ерлікке тағзым» атты акция  ұйымдастырылды. Акция аясында барлық жоғарғы, арнаулы, орта оқу орындарында кездесулер, жатақханаларда бейнефильмдер көрсетіліп,                  0,4 млн.теңге игерілген.

    26 ақпанда С.Сейфуллин атындағы  Халықтар Достығы үйінде «Менің  Отаным Қазақстан» жас суретшілердің  байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты жастарға патриоттың рухта тәрбие беруде олардың талантын тану және сурет салудағы құштарлық қасиет қалыптастыру. Байқауға облыстың барлық аудан, қалаларынан 100-ге жуық жастар қатысты. Бұл іс-шараға қаралған 0,4 млн.теңге игерілген.

    Облыс әкімінің қолдауымен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының жұмыстары  жандандырылып, оларды жұмыспен қамту  мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың 20 наурызында «Жасыл Елдің» алғашқы іс-шарасы ретінде 200 сарбаз «Шымкент-Ташкент» тас жолы аумағына жұмысқа шығып, 4000 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, «Жасыл ел» арқылы аудандар мен қалалар бойынша 1282 студенттер, Республикалық штаб арқылы 310 студент жұмысқа тартылды. Облыстағы 34 нысан құрылысына 694 студент тартылып. бұл іс-шараға 0,85 млн.теңге жұмсалған.

    Жастар  мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын  алу мақсатында жұмыстарды  ұйымдастыру  тақырыптары бойынша лоттар өткізіліп, бұл іс-шараға 2,0 млн.теңге қаралып, игерілген.

    2009 жылы 15 қыркүйекте Академиялық инновациялық  университетінде «Оңтүстіктегі  оңды істер жастар көзімен»  атты конференция ұйымдастырылып, бұл іс-шараға 0,122 млн.теңге жұмсалған.

    Облыс жастары арасында белең алып бара жатқан діни ағымдардың саяси астарын сипаттайтын, керағар ағымдардан сақтау үшін 0,1 млн.теңгеге 2500 ақпараттық брошюралар шығарылып, таратылды.

    Облыстың  барлық аудандар мен қалаларының  жастары арасындағы ұлтаралық және діни араздық мәселелерді анықтауға  арналған социологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 0,44 млн.теңге игерілген.

    Облыста тұратын 2270 ауған соғысының ардагерлеріне  арналып, «Ауғаныстан Республикасынан  әскерлерді шығарудың 20 жылдығына арналған»  естелік медальдарды сатып алуға 4,54 млн.теңге жұмсалған.

    Халықаралық студенттер күніне орай облыс әкімінің студент жастармен кездесуін және марапаттау рәсімі өткізіліп, қаралған 0,65 млн. теңге игерілген.

    Оңтүстік  Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік  бағдарламасы

    Бағдарлама  облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы №3/21-IV шешімімен бекітілген.

    Республикалық бюджет есебінен қаралғаны 3148,0 млн.теңге, оның 3086 млн.теңгесі игерілген:

    - Шымкент  қаласының «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы  36 үйдің құрылысын аяқтау (727 пәтер  немесе 62,7 мың шаршы метр, оның 11,0 мың шаршы метрі «100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасы бойынша қызметкерлерге) жоспарлануда. Жалпы Шымкент қаласында тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға қаралғаны 699,0 млн.теңге, оның  627,5 млн.теңгесі игерілген.

    7.1.271.010. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын  үй қорының тұрғын үйін салуға  аудандар (облыстық маңызы бар  қалалар) бюджеттеріне республикалық  бюджеттен берілетін нысаналы  трансферттер есебінен қаралғаны  531,0 млн.теңге, оның 530,2  млн.теңгесі  игерілген:

    Бәйдібек ауданында 8 тұрғын үй құрылысына қаралған 34,18 млн.теңгесі, толығымен;

    Қазығұрт  ауданында 6 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 22,786 млн.теңге, оның 22,784 млн.теңгесі;

    Мақтарал  ауданында 10 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 37,9 млн.теңге, оның 37,89 млн.теңгесі;

    Ордабасы  ауданында 8 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 30,382 млн.теңгесі, толығымен;

    Отырар  ауданында 6 тұрғын үй құрылысына қаралған  19,633 млн.теңгесі, толығымен;

    Сайрам  ауданында 10 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 37,978 млн.теңгесі, толығымен;

    Сарыағаш  ауданында 10 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 37,978 млн.теңге, оның 37,974 млн. теңгесі;

    Созақ ауданында 6 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 20,345 млн.теңге, толығымен;

    Түлкібас  ауданында 10 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 34,526 млн.теңге, оның 34,526 млн.теңгесі;

    Шардара ауданында 6 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 25,173 млн.теңге, оның 25,168 млн.теңгесі;

    Арыс  қаласында 6 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 22,787 млн.теңге, толығымен;

    - Кентау  қаласында 6 тұрғын үй құрылысына  қаралғаны 20,845 млн.теңге, толығымен;

    Түркістан қаласында 8 тұрғын үй құрылысына қаралғаны 27,127 млн.теңге, толығымен;

    Шымкент қаласында 1 тұрғын үй құрылысына және  құрылысы 2008 жылы басталған 1 үйдің  құрылысын аяқтауға қаралғаны 158,56 млн.теңге, оның 158,55 млн.теңгесі игерілген.

    Халықтың  қаржысы есебінен:

    2009 жылғы 9 айда барлық меншік  нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар  және тұрғындармен жалпы ауданы - 155,2 мың шаршы метр тұрғын  үй салынды. Облыстағы тұрғын  үй құрылысы негізінен халық  есебінен іске асырылған, оның  үлес салмағы жалпы іске қосылған тұрғын үйлер көлемінің 92,1% құрайды. Бұл мақсатқа 3923,0 млн. теңге жұмсалған.

          «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушылардың Оңтүстік Қазақстан  облысына көшуіне және қоныстануына жәрдемдесудің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

    Бағдарлама  облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 27 наурыздағы №15/204-IV шешімімен бекітілген.

    Осы бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласының  «Асар» мөлтек ауданында 1725 оралман  отбасыларын орналастыру үшін тұрғын үй құрылысы мен жылыжайлардың құрылыстары  жүргізілуде. 2009 жылы жоспарланған 575 отбасының тұрғын үйлер құрылысы жылдың аяғына дейін аяқталуы күтілуде. Қазіргі таңда, 239 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 70-тен аса отбасылар көшіп келген. Құрылыс жұмыстары «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырылуда.

    Қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің және әлеуметтік нысандардың  құрылысы бағдарламаның іс-шаралар  жоспарына сәйкес, республикалық  бюджет есебінен қаржыландыру көзделген.

    Осы мақсатқа 2009 жылы Шымкент қалалық бюджетінің есебінен 55,3 млн.теңге бөлініп, жоғарыдағы аталған мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық инфражүйесін реттеу және өркендету бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 21.07.2009 ж. №19-0291/09 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Жобалық құны – 5294,9 млн.теңге, оның ішінде магистралдық инженерлік және коммуналдық жүйелердің құрылысы – 273,9 млн.теңге.

Информация о работе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері