Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
• Экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекеттік тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................2
I. аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері................................3
II. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ...........................................10
III. АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Работа состоит из  1 файл

АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 237.00 Кб (Скачать документ)
  • шаруашылық құрылымы экспортқа бағытталған
  • индустриялық дамыған
  • агроөнеркәсіптік
  • дағдарыстық

    Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақтар топтары үшін төменгідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

  • минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интнесивті игеру.
  • отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру.
  • ауылдық аумақтарының дамуындағы проблемаларды шешу.

    Екінші  топқа – ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

    Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар:

  • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспроттық әлеуетті қалыптастыру.
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту.

    Үшінші  топқа – ауыл шаруашылығына маманданған  агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылғы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

          Олардың әлеуметтік – экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс;

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру.
  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғарғы сапалығын және экспроттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технологияны енгізу және пайдалану.
  • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

    Төртінші  топқа – қысылшаң табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтар жатады. Аймақтардың  проблемаларына:

  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үдерісінің алдын алу.
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау.
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарында орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін жағдай жасау.
  • шетілдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

    Республика  аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

    Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің  салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың дамуын ынтыландыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

    Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

  • өндіріс қарқынының төмендеуі
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі
  • жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
  • демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

    Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көруге болады және бұл мемлекеттің аймақтық саясаттың табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

    Аймақтық  саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1 сурет). Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылу шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғандай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.  

    Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының мемлекеттік аймақтың саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиісті. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

    Нарықтық  экономикаға өту барысындағы  аймақтық саясат біршама өзгермелі  болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне  қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белменділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.

    Экономикалық  саясат, еліміздің және оның жекелеген  аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады. [26] 
 
 

      
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 сурет Аймақты басқару жүйесі  және оның мемлекеттік реттеу  жүйесінің орны. [26] 
 
 
 
 
 

    
  1. ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
 

    Бүгінде Оңтүстік Қазақсан облысы транспорттық-экономикалық, еңбек ресурстарына бай, заманауи телекоммуникациялық  жүйемен қамтамасыз етілген, көрші  мемлекеттерге жақындығымен танылған, сонымен бірге шетелдік және отандық инвестицияларды салуға өзінің бизнеске қолайлылығымен танымал аймақ болып табылады.                                                                                            Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі. Шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Кызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекараласып жатыр. Облыс аумағы – 117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,4 млн. шамасында халық тұрады.         Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді. Облыс орталығы – Шымкент қаласы. Облыс орталығы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара авто-магистральдары арқылы  ыңғайлы байланыс орнатылған. Аумақ – барит, көмір, темір және полиметалл рудаларына, бентонитті саз балшыққа, вермикулит, тальк, әк тас, гранит, мрамор, гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Облыс уран қоры бойынша республикада – бірінші, фосфорит пен темір рудасы бойынша –  үшінші орынды алады.    Облыста жалпы ұзындығы 444,6 шақырым, екі бағыттағы темір жол, 5,2 мың шақырым жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бар, оның  5,1 мың шақырымы – қатты төселімдегі жолдар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың шақырым әуе жолында жұмыс жасайды.       Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,0 пайызын өндіретін 182 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінде 100 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады. Облыс аумағында емдеу және демалысқа пайдалануға болатын табиғи ресурстар бар. Оларға жұмыс істеп тұрған Сарыағаш шипажайының минералды сулары жатады.           Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы - халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз  етудің маңызды көрсеткіші болып табылады.  Жоспарлы бағыттар шаруашылық басқарудың құралы ретінде пайдалануға болады. Басқарудың макроэкономикалық моделінде көрсеткіштердің негізінде  мына жүйеге негізделген ең төмен жиынтық:

    - экономикалық дамудың индикаторы - өнімнің өсу қарқыны мен көлемі, өндірістік шығындардың құрылымы (материалдық, еңбекақы төлемі т.б.) пайдалылығы, салық салу ауырлығы, инвестициялық белсенділік;

    - әлеуметтік индикаторлар - өнім шығармайтын саланың дамуы деңгейі мен бастау көздерінің динамикасы, жұмыссыздық деңгейін бағалау мен жұмыспен қамту, халықтың нақты  және номиналдық табысы және шығындардың құрылымы, халықты әлеуметтік қолдау көрсеткіштері;

    - жалпы көрсеткіштер - инфляция факторы мен деңгейін бағалау, шаруашылық субъектілерінің шығындары мен кірістері  (тұрғын халық, материалдық қызметтерге жатпайтын сала тауар өндірушілер, аймақтың бюджеттік емес қордың бюджеті, федералдық бюджет), аймақтың әлеуметтік-экономикалық үдерісін экономикалық реттеудің маңызды параметрлері.

          Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды  айтуға болады:

    -     жалпы аймақтық өнімнің ақшалай қорға қарым-қатынасы;

    - ақшалай қордың материалдық құндылықтарды есептемегенде кәсіпорындардың айналымдық қаражатқа қарым-қатынасы;

    -  бір жұмысшыға өндірім және басқарудағы бір жұмысшыға келетін таза активтердің көлеміне қарым-қатынасы;

    -  аймақтағы басқаруға кететін шығын үлесі.

Аймақтың экономикалық көрсеткіштерін талдау.  Ауыл шаруашылығы. Жалпы өнім көлемінде 100 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады. 2010 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруа-шылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 52,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық. 
Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 89,8 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2009 жылдың  тиісті кезеңінің деңгейіне – 101,8%, сүт – 391,5 мың тонна, немесе 104,5%, жұмыртқа – 166 млн. дана, немесе 113,3% өндірді.  
 2010 жылдың 1-тамызына жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 896,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 103,1%, қой – 3861,2 мың бас, немесе 104,6%, ешкі – 497,4 мың бас, немесе 96,4%, жылқы – 174,9 мың бас, немесе 104,2%, түйе – 18,8 мың бас, немесе 105,7%, шошқа – 38,3 мың бас, немесе 92,6%, құс саны – 2622,9 мың бас, немесе 98,5% құрады. 
 Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы көлем 2010 жылдың 1 тамызына мал мен құс санының едәуір өсу қарқыны (шартты мал басына есептегенде) 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Отырар ауданында (16,6%-ға), Сайрам (10,9%), Мақтаарал (4,7%) және Созақ ауданында (4,0%-ға) байқалды.

Информация о работе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері