Экономика дамыуындағы мемлекеттің рөлі және оның негізгі қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:20, курсовая работа

Описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік саладағы, әлеуметтік сфералардағы, сонымен қатар аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формалардың ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.

Содержание

Жоспар:
1.Экономика дамыуындағы мемлекеттің рөлі және оның негізгі қызметтері.
1.1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2. Мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері, функциялары.
1.3. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі шетелдік тәжәриебесі.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің нақты механизмдері.
2.1. АӨК құрамы, мақсаты мен міндеттері.
2.2.Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау.
2.3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
3. Қазақстан Ре спубликасындағы қазіргі мемлекеттік реттеу жолдары мен даму деңгейі
3.1. ҚР мемлекеттік бағдарламалау мен жоспарлау нәтижелері.
3.2. Мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Работа состоит из  1 файл

курсовая оригинал.docx

— 175.90 Кб (Скачать документ)

Экономиканың аграрлық секторына  мемлекеттік қолдау көрсету кез- келген елдің басым бағыттарының бірі болып табылады. Егер мемлекеттік  қамқорлықтың нақты механизмдерін  айтар болсақ, барлық елдер экономикасының аграрлық секторында өнім өндіруге тікелей  дотация жасайды. Мұны әлеуметтік бағыты деп те қарауға болады.  
Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығына көмек көрсету, өсімдік өсіруге немесе сүт өндірісіне бағытталған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ онда азық-түлік бағдарламасы бар. Мемлекет әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына азық-түлікті өзі сатып әпереді. Мұндай шаралардың бір артықшылығы сол – бір жағынан, отандық өнім өндірушілер үшін ішкі рыноктың ауқымын кеңейтеді, тауар өтімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, сол тауарлар құнын толтырады, тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолдау көрсетеді.

Бидай нарығында Қазақстанмен Канада бәсекелес бола алады. Канадада бір гектар егістікке жұмсалатын мемлекеттік қолдаудың көмегі 80 доллар, ал “сары қоржын” аясындағы қолдау үлесі ауыл шаруашылығы ішкі өнімінің 14 пайызына тең. 
Мал шаруашылығындағы негізгі бәсекелестеріміз Австралия болып қалуы мүмкін. Бұл ел бір гектар егістікке 27 доллар бөледі, ал “сары қоржынның” үлес салмағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 50 пайызын құрайды. Ал Қазақстанда қазіргі кезде экономиканың аграрлық секторына мемлекеттік қолдау көлемі 1 гектарға 13,5 АҚШ доллар болып отыр. “Сары қоржын “ аясындағы қолдау үлесі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2,5 пайызына тең. ДСҰ ұсынысы бойынша ол 5 пайыз шамасында болу қажет.

Еліміздің агралық секторының осалдау жері – өңдеу саласы екенің ұмытпаған жөн. Ауылшаруашалық тауар  өндірушілері ақпаратты маркетингпен қамтамасыз ету жұмыстары жағынан  қалыс қалуда. Сонымен қатар салалардың техникалық және технологиялық жаңаруы  қазіргі уақыттың талабына сай емес. Осының бәрі, агралық сектордың бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған  қосымша шаралардың, соның ішінде ДСҰ талаптары шеңберінде мемлекеттік  қолдауды күшейтудің қажеттілігін тағы бір растайтындай.

 

3.1. ҚР мемлекеттік  бағдарламалау мен жоспарлау  нәтижелері.

Нақты реттеу тәсілінен басқа  да, реттеу түрлеріне бөлек қарауға  болады. Оған кейбір мақсатпен белгіленіп біріктірілген, өзара  байланысқан  тәсіл мен рычагтарды түсінеміз.

Ұзақ мерзімді реттеудің  пәрменді түрінде мақсаттық бағдарламаны жатқызамыз. Себебі, онда нақты шаруашылық міндеттемелерін шешуде немесе белгілі  бір әлеуметтік-экономикалық межеге жеткеше арнайы жиынтық шаралар  ұйымдастырылады. Бағдарламаның ерекшелігі мақсаттық сипатында нақты мерзімге және межеге бағытталуы, орындалуының адрестілігі болмақ. Бағдарламаның  өткерілуі барлық реттеуші тәсіл  жүйесін қолдану арқылы жүзеге асады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ГФР, Франция, Жапонияда  экономика салаларының негізгілерін жедел дамыту үшін арнайы шаралар  қабылданған. Ол сондай-ақ қазіргі техникалық прогресс жағдайында ерекше роль атқаратын  салалар  мен экспорттық бағыттағы  салаларды да қамтыды.

Бағдарламаны кәдімгі  және төтенше деп бөлеміз. Соңғысы  ерекше жағдай болғанда жасалса, ал кәдімгі  бағдарлама белгілі кезеңге бөлініп, әдетте бес жылға жасалады. Оған жыл сайын өзгерістер енгізіліп  және бір жылға созылады. Бағдарламаны жасауға кең көлемде кәсіпкерлер  одағының банк өкілдері де қатысады.

Қазақстан Республикасында  арнайы жалпы мемлекеттік бағдарламалар  маңызды аймақтық мәселелерді шешу үшін жасалады. Мысалы, Аралды қалпына  келтіру. Семей мен Батыс Қазақстан  полигондық аймағын дамыту, аудандағы  жекелеген ауылдарды көтеру және т.б. Салалық сала аралық, аймақраалық  және аймақтық деңгейге жасалып, бағдарламалар  белсенділікпен қолданылады. Олар ірі  мақсаттық экономикалық әлеуметтік, әлеуметтік, инвестициялық, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге бағытталған. Алдына қойылған міндеттерді, мәселенің  масштабын  шешу арқылы бағдарлама деңгейі айқындалады.

Тиімді реттеуді атқару үшін жоғары сапалы болжау қажет. Алайда жетілмеген статистикаға байланысты болжаудың  мүмкіндіктері шектеулі, себебі концерн  мен банктердің коммерциялық құпиясына  қол сұғуға шамасы келмейді. Демек, мемлекеттік реттеу толық анықтамаған  шешімдерге негізделген және дәлелденбеген  материалдарға сүйенетінде болуы  мүмкін.

Экономикалық болжаудың  мақсаты-тұрақты экономикалық өсуді, толық жұмыстылықты қамтамасыз ету, инфляцияны тоқтату және т.б. Болжаудың  үш типі бар: ұзақ мерзімжді, орташа мерзімді, қысқа мерзімді.

Болжауды жасауға екі  әдіс қолданылады. Бріншісі микроэкономикалық  талдауға негзделген және бастау пунктін  жеке жоспарлар мен фирма болжауы  атқарады. Жиналған мәліметтер қорытындыланады  және мемлекеттік сектор бойынша  есептеулермен бірге экономика  дамуының басты бағдарламаларына ұсыныстың  негізі бола алады. Осы мен қатар  мемлекеттік және жеке инвестиция бағдарламалары жасалады.

Екіншісі микроэкономикалық  талдауға негізделген және жалпы  мақсаттарды айқындауға бағытталып, оған жету міндеттілігі қажет-ақ . статистикалық  мәліметтерді эстрополяциялау қолданылады. Экономикалық барометрлерді жасайды. Соның негізінде қазіргі болып  жатқан өзгерістерді ескере отырып, алдағы жылғы жағдайларды болжайды. Одан басқа эконметриялық өзгерістер арасындағы қатынастарды қарастыруға  негізделген экономикалық қызмет айқындалады  және қорытынды жасалынады. Болжаулар  фирмаға мүмкін болатын рыноктың конъюнктура өзгерістеріне ыңғайлануды  қарастырады, бірақ пайда өсуінің  төмендемеуі қажет.

Сыбаға»

Қарыз беру шарттары:

  • Қарыз сомасы – 1 млн. теңгеден 18,0 млн. теңгеге дейін
  • Қарыз беру мерзімі - 7 жылға дейін
  • Сыйақы ставкасы – жылдық 6%
  • Комиссия – 0%
  • Қарыз мақсаты – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың аналық басын және бұқа-өндірушілерін сатып алуға
  • Мақсатты аудитория – заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер
  • Жеңілдетілген кезең: негізгі борышты өтеу бойынша: 2 жылға дейін; сыйақыны өтеу бойынша: 
    1 жылға дейін
  • Кепіл – өтімді жылжитын, жылжымалы мүлік және ірі қара мал
  • Мерзімнен бұрын өтеу – айыппұл салынбайды

Қарыз алушыға қойылатын негізгі  талаптар:

  • Төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық;
  • Өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • Соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • Жағымсыз несиелік тарихының болмауы;
  • Малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;
  • Азықтық қормен қамтамасыз ету;
  • Жайылымдық жерлердің болуы, сондай-ақ бірлескен шаруашылық туралы келісім-шарт бойынша;
  • Шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы;
  • Жалпы ірі қара малдың (өз және сатып алынатын ІҚМ) ішінде 25%-ы көлемінде өз ірі қара малының болуы. Өз ІҚМ болмауы жағдайында, қарыз алушы сатып алынатын ІҚМ саны құнынан 25% қаражат түрінде тең қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс.

 

Жобаға  қойылатын негізгі талаптар:

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес ірі қара малды бірдейлендіруді (таңбалау, жапсырмалау) және оларға ветеринарлық төлқұжаттар ресімдеуді қамтамасыз ету;
  • Малдың қозғалысын есепке алу және таңбалауды қамтамасыз ету;
  • Лицензиясы бар, бәсекелес және шарт жасасу негізінде қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық мамандар есебінен ветеринарлық қызмет көрсетуді, мал соятын және бөлшектейтін орын (ІҚМ жеке жұмыс жасауға арналған мал өткізетін дәліз) қамтамасыз ету;
  • Асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқым деген және ветеринарлық куәлігі бар, 1 санаттағы ет тұқымынан төмен емес бұқалар сатып алу;
  • Санаттағы ет тұқымынан төмен емес бұқалар болмаған жағдайда, Қарыз берушіге қарыз сомасын алғаннан кейін 1 ай ішінде дистрибьютор орталығымен жасалған шарттың көшірмесін бере отырып, аналық малды ет тұқымды ұрықпен қолдан ұрықтандыру

Бағдарлама  бойынша Қызылорда облысында 18 шаруа қожалығы тиісті қолдау тапты. Барлығына қор арқылы 108 миллион теңге берілді. Аталған қаржыға шаруа қожалықтары 720 бас  сиыр мен 14 өндіруші бұқа сатып алуға тиіс. Бағдарламаның басты шарты бойынша шаруашылықтар асыл тұқымды ірі қара сатып алуға тиіс еді. Кейіннен енген өзгертулерге байланысты аналық сиырдың асыл тұқымды болуы шарт болмай қалды. Ал сатып алынатын бұқалар міндетті түрде қазақтың ақ бас бұқасы болуы керек. Себебі, сиыр тұқымын асылдандырып, ет бағытындағы мал басын арттыру басты міндет.Алғашқыда 7 шаруашылық қор арқылы 500 бас сиыр сатып алу жоспарланған еді. Нәтижесінде 562 бас ірі қара малы алынатын болды. Бұл ел арасында «Сыбаға» бағдарламасының оң сипат алып, елдің қызығушылығын туғызғаны деген сөз. Бағдарламаның басты ерекшелігі, пайыздық мөлшерінің аздығы дер едік. Дегенмен, шаруашылықтар алғашқы екі жылда ешқандай қаржы қайтармайды. Ал екі жылда шаруаны дөңгелетіп, мал басын біршама арттырып алуға болады. Оның үстіне алғашқы төлдері де жетіледі. Сондықтан мемлекет берген қаржыны қайтаруға да қиналмайды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал сатып алатындарға жергілікті атқарушы орындар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері малды қайдан, қай шаруашылықтан, серіктестіктен алуға болатындығы жөнінен көмектесуі керек. Ол малдардың жынысы, жасы, тектілігі, өнімділігі, яғни барлық сапалы өлшемдері көрсетілген ақпараттар жиынтығы компьютерлік базада тұрғаны жөн. Қарапайым тілмен айтқанда, несие иесіне малды «шертіп тұрып» таңдап алуға толық мүмкіндік туғызылуы тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Мемлекеттік  реттеуді жетілдіру

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте  күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б  жатады. Сондықтан аймақтық басқару  жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар  тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету  үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты  кем дегенде екі элементтердің  бірімен байланысты. Оның бірі  аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі  аймақтық жүйесі, екіншісі  оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін өзі басқару ұйымдары кіреді.

Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына  көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге  әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің  үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін  қамтамасыз ету:

а) аймақтық – салалық  өзара байланыстар;

ә) салааралық байланыстар;

б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті дамыту.

Республикалық өзін - өзі  басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізу қажет:

  • территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;
  • өзін - өзі басқарудың субьектілер жиынтығы, олардың функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
  • өзін - өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
  • экономикалық кешенінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
  • мемлекеттік басқару мен территориялық өзін - өзі басқару мәселелері үйлесімді болуы қажет.

Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан  күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол  әкімдік шаруашылық кешен. Оның көлемінде  көптеген ірі - ірі экономикалық мәселелер  шешілуі әбден мүмкін. Облыстық органдардың  орталықсыздандыруды пайдалана  отырып көптеген мәселелерді өз бетімен  бақылау және оны тез арада  шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақтың шеңберінде тез  талқыланып керекті басқару шешімі қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.

Осыған орай біздің экономика  ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы  облыстар, аудандар, қалалардағы шаруашылықтың  құбылыстары мен процестерін  зерттеу болып табылады. Мәселенің  осылай қойылуына көптеген жағдайлар  әсер етеді. Олар мыналар:

  • тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;
  • өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;
  • республикада жалпы экономикада салалық негіздерінің әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;
  • республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі. Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді;

нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі  қозғалтқыш күші деп ұғыну.

         Қазіргі уақытта, «Қазақстан 2030»  Стратегиясының 10 жылдығында, экономикамыз  бен мемлекеттігіміздің берік  іргетасын қалап, Қазақстан түбегейлі  жаңа кезеңге батыл қадам басып  келеді, бұл шын мәнінде тарихи  ауқымдағы аршынды самғау жасауына  мүмкіндік берері сөзсіз. Осы  мақсатты жүзеге асыру үшін  бірінші кезекте Қазақстанның  неғұрлым бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз  ететін шаралар қабылдануда. Осы  күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа, дамудың әлеуметтік іргесінің  беріктігіне қол жеткізіп, өңірдегі  ең еңселі экономика сомдады.  Экономиканың тұрақты дамуы экономиканың  өсуі мен өзіміздің қаржылық  мүмкіндіктерімізге сүйене отырып  қажетті реформаларды жүргізуге  мүмкіндік береді.

      Елбасының  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Жолдауына сәйкес 2007 жылы  еліміз жүйелі демократиялық  реформаларды одан әрі іске  асыруға кірісті. Олар біздің  қоғамымыздің қажет - тіліктерін, қазақстандық нақтылықтарды ескереді.

      Қазір жүзеге  асырылып жатқан реформалар мен  қайта құрулардың мақсаты –  бұл елдегі саяси тұрақтылықты  сақтап, сондай-ақ бір мезгілде  азаматтардың барлық конституциялық  құқықтар мен бостандықтарын  қамтамасыз ететін қоғам мен  мемлекетті басқарудың барынша  тиімді осы заманғы демократиялық  басқару пішіміне қадам басу  болып табылады. Мемлекеттік басқарудың  корпоративтік басқару, нәтижелілік,  ашықтық және қоғам алдында  есептілігі қағидаттарын арқау  ететін сапалық жаңа моделіне  жету үшін Үкімет халықаралық  оң іс-тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформа мен атқарушы  билікті ілгерілетуді жүзеге  асыруда. Осы өзгерістердің басты  ерекшелігі – ол биліктің президенттік  басқару жүйесін сақтау, реформалардың  кезеңдестігі, қабылданған шешімдердің  екшенділігі. Елбасы өз Жолдауында  мемлекеттік органдардың стратегиялық, әкімшілік-атқарушылық және бақылау-қадағалау  міндеттерінің бөлінісі процесін  аяқтауды тапсырған болатын. Аталған  шаралар міндеттердің қосарластығына  жол бермеу, ведомстволар арасында  мүдделер тайталасын ескеру және  олардың жұмысының тиімділігін  арттыру мақсатында қабылдануда.

Информация о работе Экономика дамыуындағы мемлекеттің рөлі және оның негізгі қызметтері