Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 23:16, реферат

Описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

Мун право.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

    Дегенмен  жергілікті өзін-өзі  басқару да жергілікті тұрғындардың  өкілдік басқаруы болып  табылады. Кеңес – тұрғындардың сайлауы арқылы дүниеге келеді де, солардың берген өкілдіктерінің негізінде  жұмыс істейді. Сонымен қатар  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде біршама халықтың тікелей басқару жолдары да берілген. Бұл араға – жиналыстар, Кеңес өкілдерін қайта шақырып алу, заң шығаруға араласу құқығы және жергілікті референдум жатады. 

   1. Қазақстан парламентінен бір   оқылымнан өткен «Жергілікті   өзін-өзі басқару туралы» заңда  тұрғындардың жалпы саны мыңнан  кем болатын елдімекендерге жергілікті  мәселелерді шешу – сол жерде тұратын адамдардың жиналысына берілген. Мүмкін, бұл да қажеттіліктен туған болар. 10-15 үйден тұратын кішкене елдімекендерде арнайы сайлау өткізіп, лауазым иелерін  таңдау  тиімді  бола қояр  ма екен.   Екіншіден, шағын топты жиналысқа жинау да оңай (өкілдік жүйенің пайда болуының ең басты себебі де халықты бір парламентке жинаудың жүзеге аспауы емес пе?) және арнайы құрылым жасайтындай аса күрделі мәселелердің бола қоймайтындығы да анық.  

    2. Халықтың тікелей басқару түріне  өз міндеттерін ойдағыдай атқара  алмаған Кеңес мүшелерін қайта  шақырып алу да жатады.  

    Бұл жүйе - өте қарапайым жолдармен   жүзеге асады. (Сан-Антонио қаласының   жарғысы бойынша). Кеңес  мүшесін   кері  шақырып алудың нақты  себептері көрсетіоген Петицияға  кезінде сайлауға қатысқан азаматтардың 10 пайызы қол қойса болғаны. Айта кету керек, дәл осындай тәртіппен қаланың мэрін де орнынан түсіруге болады. Петиция (хат) Кеңестің хатшысына табыс етіледі. Хатшы 20 күннің ішінде петицияның заңдылық жағын - 10 пайызға толуын, қодардың дұрыс қойылуын т. б. – тексеріп шығып, Қала Кеңесіне нәтижесін хабарлайды. Егер петицияда көрсетілген себептер толық дәлелденсе, қала хатшысы осы мәліметтерді Кеңеске тапсырады. Кеңес мүшелері дауысқа салып, шешім қабылдайды.  

    3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі  халық басқаруының тікелей түрі  – референдум болып табылады.  

    Жергілікті  мәселелердің ішіндегі  аса маңыздыларын шешу үстінде  не Кеңестің өзі немесе халықтың  бір бөлігінің талабымен жергілікті  референдум өткізіледі. Референдум жөнінде бастама көтеретін адамдардың саны жарғыда көрсетілуі шарт. Көптеген жерлерде Жарғының өзі де референдум арқылы қабылданады.

 

    I. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  теориялық негізі және жалпы  жағдайы  

Ж ергілікті  өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы

      Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару  ежелгі тарихты қалыптастырып  келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті  өзін-өзі басқарудың теориялық  негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда  Бельгия мен Францияда жасалған  болатын. Ол ерікті қауымдастықтың  қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан.  Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.  

    Ел  өзінің күшті жергілікті  өзін-өзі  басқаруына түрткі  болған ұлы француздың революциясы  болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне ең алғаш рет 1790 жылы  қадам басты. Француз саясаткері Турэмэн. Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:

 

   1. Өзінің тұрғыни тіршілігін білу, ол яғни муниципалдық басқаруға   бағыттайды.  

    2. Мемлекеттік тапсырысын қадағалау,  сондай көзқарастар.  

    «Еркіндік теория қатынасы» деп  аталып кетті. Еуропада ХІХ   ғасырда кеңінен тараған. Бұл  теорияның негізіне жүктелсек,  ол өзінің табиғаты бойынша  тәуелсіз, олар мемлекеттік тармағына  қалыптаспаған. Одан бұрын қалыптасқан және өзінің жұмыстары мен еркінше мәселесін қабылдай алады.  Кейінірек 1835 жылы Белинскийдің Конституциясына еркіндік теория қатынасын қалыптастырған. Сонымен қатар, муниципалдық билікті мойындаған және де оған арналған жеке тармақтары болған. 

    «Еркіндік теория қатынасынан»  кейін жергілікті өзін-өзі басқару  теориясы келді.  Осы теорияға  көп еңбек сіңірген ғалым Гирке  және Шеффнер. Сонан соң өз  бағытын «мемлекеттік басқару  теориясы» орын алды. Оған еңбек  сіңірген ХІХ-ғ-да неміс ғалымы Штейнам және Гнелстон болды. Бұл орталық басқармадан айырмашылығы бұл жерде шенеуніктер басқармайды, яғни, өз жерлерін жергілікті тұрғындары сайлайды. «Мемлекеттік теория басқармасына» ешқандай өзгерістер енген жоқ. ХІХ-ХХ ғ-да мемлекеттік теория жергілікті жердің басқармасы мынадай: Ресейлік ғалымдар арқылы кең қанат жайды: В.П.Безобразов,  А.Д.Градовский, Н.И.Лазеровский т.б. Сонымен жергілікті жердің басқаруы мынадай сұрақтарды қарастырады:  

    а) жергілікті жердің басқарудың  құрылуы; 

    б) олардың орталықпен    қарым-қатынасы; 

    в) көлемі және істің мазмұны. 

    Бір ғалымдар жергілікті өзін-өзі  басқаруды орталықтан және мемлекеттік  механизм элементі ұйымдастыру  болып қалыптасқан  [3]. 

    Соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде  кең таралған дуалистикалық теория муниципалдық басқарумен болып табылады. Дуалистикалық  теорияға бағынсақ, жергілікті өзін-өзі  басқарудың өзіне мыналарды алады:  мемлекеттікті де және  әлеуметтікті де дәл дуалистикалық муниципалдық концепциясы, сондай-ақ түсініктеме бойынша феномаға жергілікті өзін-өзі басқару жақын практикада байқауымыз бойынша бұл механизмге мыналар оын алады: халық жағынан жергілікті өзін-өзі басқару өзінің функцияларын орныдауға бұйрық береді және мемлекеттік орган жергілікті өзін-өзі басқару көптеген тапсырыстар жүктейді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдарға қаржы жағынан тәуелді болып келеді  [6].    

          Шынайы демократия – бұл халық  билігі, орындалуы халықтың қызығушылығымен  атқарылады. Сондықтан барлық демократиялық мемлекеттерде конституцияның негізгі элементтері жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады. Бұл басқарудың түсінігі жергілікті халықтың тұрған жерінде шешімді өзі қабылдап, жауапкершілігін алады. Жергілікті өзін-өзі басқару билік пен халықтың жақындауы және тусінуіне жақындатады. Өйткені, бұл демократияның алғышарты, басқарудың осы шарты жергілікті басқарудың ерекшелігін көрсетеді. Адамзаттың демократиялық жолда тез бейімделіп, демократияның орнығуына әкеледі.  

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  феноменіне түсіну өте қиын. Ғылымда жергілікті өзін-өзі  басқару осы күнге дейін реттелген  жоқ. Қазіргі авторлар осы мәселені зерттеуде, бірнеше түсінік қалыптасты. Ғылымда көп таралған бір түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару азаматтың құқығы болып саналады. Сол халық жергілікті мәселелерді өздері шешу керек. Үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындай отырып, осымен жергілікті биліктің жұмысын қадағалай отырып, өзінің қызығушылықтарын реттеп отырады. Өте жиірек басқару формасын ұсынады, сол жүйеге сүйене отырып, тұрғындар өздерінің құқығын, сонымен қатар әдет-ғұрпын, тарихын қорғай алады. Олар сол жергілікті жердің салт-дәстүрлері, тарихы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы мемлекеттің ажырамас территориялық құрылымы. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару өздеріне мынадай жауапкершілікті алады:

Муниципалды жұмыстар

Мемлекеттік құрылым жергілікті өмірдегі сұрақтардың  шешілуін белгілі дәрежеде қысқарта отырып қатысады. 

    Жергілікті  өзін-өзі басқарудың жергілікті халықы өз биліктерін өздері іске асырады, демократиялық  мемлекет және азаматтық қоғамның жоғары дәрежелі дамуы адамдардың күнделікті өміріне қатысады. Сондай-ақ, адамдардың демократиялық бойынша өсуін, халықтың өркендеуін, өзін-өзі қалыптасуын, тануын, өзіндік қызмет жасауын қадағалайды.  

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  – бұл мақсат емес, тек халықтың  өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті  бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті  өзін-өзі басқару ең бастысы  жергілікті сұрақтардың шешілу  бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру  [5].  

    Қысқаша айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару  – бұл жергілікті жердің билігін  орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім қабылдауы. Басқа  мемлекеттерде жергілікті ұжымдар мемлекеттің тікелей араласуына байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару  деген жүйе бұл жақта мүлдем қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде, жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен «муниципалдық басқару» деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды «муниципалдық басқару» деп белгіледі. Ал өз бағытымен жергілікті өзін-өзі басқарумен салыстырғанда кең тараған және де өзіне мынадай жүйелерді қосады:

    а) Мемлекеттік басқару жергілікті  жерде, яғни республикалық және  аймақтық мемлекеттік басқару  жергілікті жерде қаражат, салық,  жер мәселесін, сонымен қатар  халықтың тұрмыс-тіршілігін  қадағалайды. 

    ә) Жергілікті өзін-өзі басқару халық  билігіне бағытталады.

    б) Муниципалды менеджмент арадағы   қарым-қатынасты, экономикалық өсуін   қадағалайды. Бұл деректерге сүйене  отырып, әрбір мемлекеттің өзіндік  «муниципалдық басқару» органдарының  бар екендігін айта аламыз.  

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  әлемдік тануы  мыналардан  белгілі:

    а) Территориялық ұжым экономикалық, қоғамдық, саяси сұрақтарды шешкенде  жалпы  өзінің бостандығын  алады. Осы жағдайда ұжымдар  және оларды қалыптастырған жергілікті  өзін-өзі басқару халықтың жан-жақты мәселелерін қарастырады. Соның ішінде жергілікті бюджетті пайдалану, экономикалық және әлеуметтік жағынан өсуін, мал шаруашылығын өсіруді, жол құрылысын және көліктік қатынасын өркендетуге байыпталады. Оның ішіне кіретіндер: үй салу, балабақша, мектеп, аурухана, кітапхана және т.б. құрылыстардың салуын қалыптастыру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары айналаны қорғауға жауапкершілік жүктейді  [7,9].

    ә) «Муниципалды басқару» кезінде  қалалық және аймақтық бюджетті  өсіруге талпынады. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті бюджетті пайдалану құқығын алады.

    б) Муниципалдық сайлау арқылы  жергілікті органдар және сайлаушылардың  пікіріне қарай қалыптасады. Жергілікті  тұрғындардың қатысуы арқылы  жергілікті мәселелерді шешу  кезінде оларды саясаттың мемлекеттік деңгейне көтерілуін байқаймыз. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды айтқанда әрбір мемлекетте олар орталық экономикада өркендейді.

    Бұл муниципалдық жүйе жоқ  дегенде бір-біріне қарама-қарсы  екі бағытқа бөлінуіне әкеледі. Бұл елімізде жаңадан құрылып келе жатқан жергілікті өзін-өзі басқарудың қажеттілігінен туған.

         Жергілікті өзін-өзі басқару мәні, халықтың  өз жұмыстарын басқаруына  негізделген. Бірақ бұл мақсатты  өмірге енгізу оңайға түспейді. Себебі жалпы әлеуметтік, ұжымдық, индивидуалдық мәселелерге байланысты сұрақтар тығыз шатасқан.

    Бұның шындығы, түрлі деңгейдегі  басқару  субъектісінің қызыметімен  анықталады.

    Яғни  жергілікті өзін-өзі басқарудың  жалпы схемасын қайта өзгертпесе, жоғарыдағы айтылған мәселенің  барлығы тек айтылған ой болып қана қалмақ.

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі