Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 23:16, реферат

Описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

Мун право.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

    Сөйтіп, елімізде жергілікті өзін-өзі  басқаруды  нығайту процесі бірнеше кезеңге бөлінуі қажет деп есептейміз. Бір кезеңнен екінші кезеңге өту қажеттілігі сол орган жұмысының нәтижелігі мен жалпы азаматтық қоғамның дамуымен негізделеді 

    Бірінші кезең. Бастапқы,  яғни  қазіргі уақытта, жергілікті өзін-өзі басқару  органы атқарушы биліктің өкілі — әлемді тежейтін тетік қызметін атқаруы қажет деп есептейміз. Бұл (оны Кеңес деп атауға болады) елді мекеннің калаулы беделді азаматтарынан тұратын қоғамдық, яғни ақысыз қызмет ететін,  2-3 жылға сайланған орган. Аталмыш орган жергілікті көкейкесті мәселелерді көтеріп оны әкімнің алдына койып шешуді талап етеді. Егер де атқарушы билік өкілінің жұмысы көпшілікті қанағаттандырмаған жағдайда оны Кеңес дауыс беру процедурасы арқылы қызметтен босатуды жоғарғы атқарушы органдардан талап етеді. Және де бұл жерде ауыл,  қала  әкімін  сайлау  мүлде  қажет  емес. 

    Екінші  кезең. Халықтың демократиялық мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалының жақсаруымен қатар өзін-өзі басқару жүйесі де белгілі өзгерістерге ұшырауы тиіс. Дәлірек айтқанда аталған орган белгілі мәселелерді өзі дара шешуге құқық алуы қажет.  Ол үшін заң жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару органына нақты құзырлар беру керек. Оның ішінде қаржылай және кейбір шаруашылық мәселелерін шешетін құзыр. Айтылған жергілікті өзін-өзі басқару органы кейбір атқарушы өкілеттіктерді беруді талап етеді. Осы ретте жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне өз алдына жеке сайланатын атқарушы органды (оны 2000 жьпы үсынылған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасында аталғандай) ендіруге болады. Бұндай органның пайда болуы осы деңгейдегі әкім өкілеттіктерін бөлуді қажет етеді. 

    Үшінші  кезең. Ол осы деңгейден шаруаларды шешуге толық дайын болған кезде жергілікті елді мекендерде (төменгі деңгейде ғана) Әкім институты жойылады,  оның орнына Уәкіл институты енгізіледі.   Уәкіл — бұл Президент пен Үкіметтің, яғни мемлекеттің жергілікті орындағы өкілі. 

    Бұндай  реформа аудан, облыс  деңгейінде жүрмейді, ол тек ауыл  поселко қала деңгейлерінде ғана іске асырылады. Ал республикалық бағынудағы қалаларда шағын аудан деңгейінде іске асырылады.

    Мемлекет  өз тарапынан уәкіл  арқылы әкімшілік  және қаржылық  бақылауын жүзеге асырады. 

    әкімшілік бақылау: 

   · қабылданған шешімдер мен  оның іске асырылуын және дұрыстығын бақылау; 

    · жергілікті өзін-өзі  басқару  органы қабылдаған шешімдердің  заңға сәйкестігін бақылау. 

   Жергілікті  өзін-өзі басқару  кұрамына кіретін  екі органның  біреуі ғана ақылы түрде қызмет  етеді, ал Кеңес — ақысыз  қызмет ететін қоғамдық орган. 

    Уәкіл институтын кіргізу неге қажет?  Аты басқа болғанымен, заты сол әкімнің құзыретіндегі істер емес пе деген сауал туындауы мүмкін. Бүған жауап ретінде біз жоғарыда аталған реформалар кезінде психологиялық, басқаша айтқанда, сана-сезімдік қабылдау мәселесін басып айтқымыз келеді. Әкім институты құрылғаннан бері тұрғылықгы халықта ол жөнінде белгілі ой-пікір қалыптасып қалған. Көп жағдайларда, әсіресе, жергілікті халық әр мәселенің басын шешу үшін әкімге жүгінеді.  Себебі, бұл институт халықтың көзінде нағыз билікпен ассоцияцияланады. Ал біздің ұсынымыздың мақсаты — бұндай психологияны сындыру, биліктің бастауы өз қолында екенін, және де өздері сайлаған жергілікті езін-өзі басқару органы арқылы сол билікті жүргізуге болатындығын халықтың түсінуі, яғни адамның саяси еркін қалыптастыру. Сондықтан да бұл мәселеде осындай технологияны қолдану дұрыс деп ойлаймыз. 

    Осылайша, қоғамда демократиялық  үрдістердің  және мемлекеттілігіміздің  нығаюымен бірге жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесі де пісіп-жетіледі деп ұстанымдамыз.

    Баса  назар аударып айтатьн  жайт, осы кезеңдер аралығын ешқандай  нақты мерзіммен белгілеуге болмайды. Ол жоғарыда айтылган факторларға  тікелей байланысты.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  органы мемлекеттің  тұрақты және маңызды саяси институтына айналуы тиіс деп есептейміз.

    Ұсынылған жол жүзеге асу үшін, мемлекеттік органдар мен жергілікті  өзін-өзі басқару органдары арақсатынастарын  анықтап алу кажет. Осы ретте  облыс, аудан жетекшілері —  әкімдердің өкілеттіктері тек әкімшілік- аумақтық мәселелер аясында жүргізуі тиіс деп есептейміз.  Және де олар тағайындалу процсеурасы арқылы тағайындалуы қажет. 

    Сонымен қатар осы деңгейлердегі өкілді органдардың — мәслихаттардың (әртүрлі комиссия құру арқылы)     атқарушы     тармақты     бақылау өкілеттіктерін заң жүзінде күшейту қажет.  Мәслихат — бұл халықтың билігін әртүріі   деңгейлерде іске асыруға мүмкіндік беретін құрал. Оны тек осылай ғана қабылдау қажет. Қандай да болмасын, құрылған билік органы өзін-өзі мақсат тұтпайды, ол елдің мұң-мұқтажын шешуге арналған. Осы тарихи ақиқатты түсінген абзал. 

    Ал  бұлай болған жағдайда болған  жағдайда, мәслихаттар жергілікті  саясатты анықтайтын органға  айналуы тиіс.  Ол үшін өкілді  орган аумақтық бюджетті қалай  процесіне белсенді қатысуына жол беру керек. Нақты айтқанда, аймақтық өкілді органның күшеюі атқарушы биліктің құзырларын шектеуге алып келу қажет. 

    Мәслихат  тұрғылықты халықтың  ерік-жігерін іске асыратын орган  ретінде өзінің аумағындағы барлық  салаларды қамтитын саясатты анықтауы керек, ал атқарушы орган өзінің атына сай заты да ие болуы, яғни қабылданған шешімдерді орындауы тиіс. Тек осыны үғыну және іске асыру арқылы ғана біз биліктің жергілікті органдары арасында тепе-теңдік сақтай алуымыз мүмкін.

  

    Қорытынды 

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  мәселесі қандай да демократиялық  ілгері басушы қоғам  үшін  маңызды жүйе болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін  қалыптастырудың демократиялық  процедуралардың жай әншейін  түрде енуін емес ең алдымен  жергілікті адамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет. Ал, жалпы мемлекттік деңгейде әлеуметтік мемлекет құруға және оны дамытуға барынша ат салысуы ләзім. Сондықтан да бұл жаңадан құрылған орган жергілікті тұрғындардың салығына күш салатын тағы бір орган емес оның жеке басының байлығы көбеюіне қызмет етуі керек.

    Сөйтіп  елімізде жергілікті өзін-өзі  басқаруды нығайту процесі бірнеше  кезеңге бөлініуі қажет деп  есептейміз. Бір кезеңнен екінші  кезеңге өту қажеттілігі сол  орган жұмысының нәтижелігінен және жалпы азаматтық қоғамның дамуымен негізделеді.  

    Мәселені  талқылай отырып мынадай  тұжырымдар жасауға болады.

мәслихат  тұрғылықты халықтың ерік жігерін іске асыратын орган ретінде өзінің аумағындағы  барлық салаларды қамтитын саясатты анықтауы керек;

атқару  орган өзінің атына сай, яғни қабылданған  шешімдерді орындауы тиіс; 

    Тек осыны ұғыну және іске  асыру арқылы ғана біз биліктің  жергілікті органдары арасында  тепе-теңдік сақтай алуымыз мүмкін. 

    - басқарудың нәтижелі болу үшін  тұрақтылық қажет, ал реформа  жүргізу үшін өзгерістер керек.  Осыны қоғамда тепе-тең жолмен  тұрақсыздық туғызбай жүргізу  алғышарт болып анықталады.

    Осылайша  қоғам да демократиялық  үрдістердің  және мемлекеттігіміздің  нығаюымен  бірге жергілікті  өзін-өзі басқару  жүйесі де пісіп-жетіледі деген ұстанымдамыз.

    Баса  назар аударып отыратын  жайт осы  кезеңдер аралығын  ешқандай нақты мерізімін   белгілеуге болмайды. Бұл жоғарыда  айтылған факторлаға тікелей  байланысты. Жергілікті өзін-өзі  басқару органы мемлекеттің тұрақты және маңызды саяси институтына айналуы тиіс деп есептейміз. 

    Ұсынылған жол жүзеге асу үшін мемлекеттік  органдармен жергілікті өзін-өзі  басқару органдары  арақатынастарын ашықтап алу қажет. Осы ретте обылыс, аудан жетекшілері - әкімдердің өкілеттіктері мен әкімшілік аумақтық мәселелері аясында жүргізілуі тиіс деп есептейміз және де олар тағайындалу процедурасы арқылы тағайындалуы қажет.  

    «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қоғамды одан әрі демократияландыруға нақты құқықтық негіз қалайды. Осы мәселелер жөнінде еліміздің биылғы халыққа жолдауында көтерді.  

Жергілікті  өзін-өзі басқару қазақстан мемлекетін дамыту мен жетілдіруде маңызды  роль атқаруы керек.Бұл әсіресе  Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді стратегиясын дамытуда, сондай-ақ егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның даму болашағына тиесілі басқа да бағдарламаларда көрсетіледі.Бірақ ел тұрғындарының саяси және қоғамдық ортасында жергілікті өзін-өзі басқару мәнін түсінудегі бірліктің жоқтығы,бүл жергілікті өзіндік басқару ролінің болмауына алып келеді. 

Республикада  жергілікті өзін-өзі басқаруды мен дамыту мемлекектіміздің үкімет тарапынан, әртурлі деңгейдегі бюджет аралық табыстарды қайта бөлісуде өкілдікті шектеуге алып келеді.Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы дайындалған мемлекеттік басқару деңгейі мен бюджетаралық қатынастар арасындағы өкілдікті шектеу концепциясы атты жобада айтылған.Бұл мәселелер  өзін-өзі басқару институтын қалыптастыруда алғашқы қадам ретінде өте маңызды.Бірақ республикада өкілдікті шектеу мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелерін  жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мен азаматтық қоғамды жасау мақсатына сай қарастыруға болмайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2002 жылы ақпан айында  Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару концепциясының жобасы жасалды.Бұл жоба азаматтық қоғамды жетілдірудің алғашқы сатысы болды.Концепцияның жобасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен жетілдіру бағдарламасын жасау және оның нормативтік-құқықтық, заңдық базасын қалыптастыру үшін пайдаланылады. 

   Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың мемлекетпен байланысын арттырумен бірге оның мемлекеттік баксқаруға қатысуында маңызды орын алатын, қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі институттарының бірі болып табылады. 

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі