Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 23:16, реферат

Описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс.

Работа состоит из  1 файл

Мун право.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)
"justify">Банктік депозитті пайдалану қаупі;

Құнды қағаздар инфлияциясы;

    Дегенмен  серіктестіктердің коммерциялық  банктерден елеулі өзгешіліктері  бар. Айталық, өзара көмек, өзін-өзі басқару, әрбір  тұлғаның жеке жауапкершілігі т.б.

[15].  
 

    Қазір мемлекеттік басқару мәселесінде   үлкен өзгерістер  жасалынып жатыр.  Осыған байланысты Азаматтық  кодекске, «Жергілікті өзін-өзі басқару  туралы» заңға өзгерістер мен  түзетулер енгізілуде. Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда талқылап, екінші оқылымда қарау туралы шешім қабылдады. Сенаторлар палаталарында осы заң жобасына 66 түзету енгізу ұсыныс жасаған болатын. Пысықтау кезінде ол түзетулердің бірқатары алынып тасыталынды. Сенаттың жалпы отырысында Заң жобасында 54 түзету ұсынылды. Жан-жақты саралау кезінде, осы түзетулердің 13-і тағы алынып тасталынып, барлығы 41 өзгеріс пен толықтыру заң жобасына енгізілді. Сенаторлар ұсынған өзгерістер жергілікті әкім ұсынысы бойынша құрметті азамат атағын беруге, мәлихаттар аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер санына, мәслихат хатшысының еңбекақысына, кәсіпкерлік қызметке тыйым салуға, жергілікті әкімдіктің құзыретін кеңейту мәселелеріне қатысты болды. Заң жобасы осы өзгерістермен мәжіліске қайтарылды  [12].  

    Шынын айтсақ, Мәжілісте де, Сенатта  да осы заңды талқылау кезінде  оралықтағы құзырлы мекемелердің көптеген міндеттерін жергілікті жерге беру жөнінде көптеген пікірлесулер өтті. Жергілікті мемлекеттік атқару органдары сапалы түрде жұмыс істеу үшін әлі де мәслтихаттардың ролін көтере түсу қажеттілігі айтылды. Жергілікті мәслихаттардың құқықтарын өкілеттіктерін көтеріп, бюджетін бекітсе, еңсесі тіктелетіні ортаға тартылды. Орталықта Парламент пен Үкімет қалай жұмыс жасап жатса, жергілікті жерде мәслихат пен әкімдіктің қызметтік қатынасы да сондай болуға керек. Әкімдер атқарып жатқан жұмыстары туралы мәслихат алдында есеп береді. Оның бюджетін мәслихат белгілеп, бекітеді. Бірін-бірі қадағалап, кемшіліктерін айтып, бірге түзетеді.  

          Халықтың қамын ойлап жұмыстарын  елдің әл-ауқатын көтеруге бағыттайды.

   2. Қазақстан Республикасындағы   жергілікті өзін-өзі  басқарудың заң жобасының маңыздылығы мен шетел тәжірибелері   

 

  3.2.  Қазақстан Республикасындағы   жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің  жетілдіру жолдары 

    Қазақстанның  қазіргі сатыдағы  дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын  орталықтан жергілікті денгейлерге тусіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да моиындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдыц 3 - сәуірінде   өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген.  ''Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін біддірді. "Бәрін бір қолға тастай қысып, айрылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр" [20]. Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды [21]. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға  соғуда.

    Саяси орталықсыздандырудын табиғатын, оның қаншалықты таралғанын, жүзеге асыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерін анықтамай және тиімді жолдарын іздестірусіз қашанда қоғамның ұлттық ерекшеліктерінен бастау алатын демократиялық мемлекет құру процесі жетістікке жетпейді. Әлбетте, орталықсыздандыру процесі өзіндік жергілікті ерекшеліктерді ескеруі тиіс, оның ішнде  тұрғылықты халықтын менталитеті, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті, демократиялық дәстүрдің орнығуы және де сол сияқты көптеген мәселелер кіреді. Биліктің өкілеттігін тек механиқалық жүзінде кешіру мүмкін емес, ол   қоғамда орын алып отырған нақты жағдайларға сүйенуі тиіс. Керісінше жағдайда, онын арты мемлекетте терең шиеленістің пайда болуына альш келуі әбден мүмкін. 

    Бірінші жағдай билік тепе – теңділігін  сақтай отырып, өкілеттіктерін орталықтан одан төменгі билікке беруді көздейді. Бұл түсініктен орталықсыздандыру демократиялық басқаруға жағдай жасай отырып, үкіметті халыққа жақындата түседі деп айтуға болады. 

    Екінші  анықтама бойынша, мемлекеттік функциялардын  бір бөлігі (меншік, каржы және баска  да сол сияқты) жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына тапсырылады. Олар өз кезегінде, осы орталықсыздандырылған құзырлары шеңберінде, жоғары билікке жүгінбей-ақ, өз жеке атынан окілетін іске асырады. Осындай жолмен жергілікті автономия қамтамасыз етіледі. 

    Қазақстан Республикасында жергілікгі  өзін-өзі басқару мәселесіне келгенде  баса айтатын жайт, еліміздің  1995 жылы қабылдаған Конституцияның 89 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару   танылды [22]. Және де, бұл Атазаң қабылданғаннан кейін екі жыл мерзімінде жүзеге асуы тиіс [23]. Әрине, бұл Заңның осы күнге дейін қабылданбай келе жатқаны заңға кайшы, оны бұзушылық. Дегенмен, бұл Заң қатардағы зандардан айрықша - саяси салдары бар Заң, сол себептен де оны асығыс түрде қабылдау, басқасын айтпағанда, мемлекеттілігімізге нұқсан келтіруі мүмкін.

    Соңғы үш-төрт жыл аралығында  жергілікті өзін - өзі басқару  проблемасына қоғамдық ұйымдар  тарапынан да мұқият назар  аударылуда. Қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен козғалыстар көптеген басқосулар өткізіп, осы мәселенің төркінін шеше алмауда. Нәтижесінде көптеген ұсыныстар да жасалды [24], бірақ нақты бір тоқтамға келе қойған жоқ.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару — "... шешім  қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына ммкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады" [25]. 

    Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті  өзін-өзі  басқару мемлекеттік  істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті  деп түсініледі .

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  Еуропалық Хартиясының негізінде  субсидиарлық принципі жатыр  [26]. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы дейгейлеріне жеткізбей-ақ шешу.

    Қазіргі кездегі әлем елдерінде  жергілікті өзін-өзі басқару органының  екі түрі бар: тиісті әкімшілік-аумақтық  бірліктік тұрғындарымен сай-ланатын  және аса манызды мәселелер  бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі — әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы.  Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік  функцияларды да жүктеуі мүмкін.

    Жергілікті  органдардың өкілеттіктері  арнайы заңдармен, сондай-ақ мемлекеттік  басқарудың әртүрлі салаларын реттейтін заңдармен бекітіледі. Ал жалпылама ол Конституцияда орын табады.

    Халықаралық тәжірибеде жергілікті  өзін-өзі басқарудың екі моделі  қолданылады англосаксондық (ағылшындық) және континентальдық (фран-цуздық). Бұл екі модельдің айырмашылықтары жергілікті органдардың өзара, сондай-ақ жоғарғы биліктермен қатынастарынан негіз табады. Англо-америқандық модель бойынша жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттіктен төменгі барлық деңгейлерде орын алады. Бұл ретте мемлекет саналы түрде өзінің биліктік ықпал ету салаларын шектеп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тиісті деңгейден барлық меселелерді өздері шешуіне жол береді, мысалға, қала, аудан, поселке деңгейлерінде [27].

    Екінші, континентальды модель жергілікті  жерлерде тікелей мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың үйлесуіне негізделеді [27].

    Сонымен қатар жергілікті өзін  өзі басқарудың үшінші моделін  — аралас түрін  белгілейді [28].  Бұндай жүйе Жапония, Германия  сынды мемлекеттерде орын алады.

    Орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру олардын жергілікті тұрғындар алдындағы жауапкершілік мәселесін көтереді. Сайлау арқылы құрылған орган жұмыс барысында тұрғылықты халыққа жауапты болуы шарт. Егерде ол өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда, оны арнайы бақылау механизмдері арқылы тарату қажет.  Мысалы, жапон елінде өзінің муниципалдық басшысының жұмысына риза болмаған сайлаушылар, белгілі санда қол жинап, петиция арқылы сенімсіздік білдіріп, оның өкілетін қайта шақырып ала алады [29]. Осындай жолдың алдын алу мақсатында, жергілікті өзін-өзі басқару органының кұрамын, құрылысын және жұмыс репаментін құру барысына, орталық органдар емес, жергілікті қауымдастықтың тікелей қатысуы шарт.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  органының жергілікті мемлекеттік басқару органынан айырмашылығы сол жергілікті басқару органдары орталық органдардың тағайындауымен құрылады, ал жергілікті өзін-өзі басқару органы — жергілікті азаматтардың таңдауы арқылы десе де, оларды сайлау арқылы көру проблеманың шешімі емес. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайланғанмен бірге, нақты өкілеттіктерге ие болуы керек, олай болмаған жағдайда, оның мәні жоқ. Оған дәлел - Қазақстанда экспериментальды түрде өткізілген ауыл әкімдерін сайлау. Қорытындылары көрсетіп отырғандай, оларды сайлағаннан ешнәрсе өзгермеген. Сайланған әкімнің қолында белгілі мәселені шешге бағытталған өкілеттігі болмаса, онда оның тағайындалған басшыдан айырмашылығы шамалы.

    Сонымен, билікті  орталықсыздандыру  және жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесі Қазақстан жағдайында,  бірінші жағынан, азаматтық қоғам дамуының тетігі болса, екінші жағынан, ол - сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесінің көрінісі.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  туралы мақаласында  К.Шәріпбаев  осы мәселенің Казақстанда дамуына  әсер етіп отырған кедергілерді көрсеткен екен. Соның ішінде мыналарды айтып өту қажет деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы аумақтар мен жергілікті тұрғындардың даму үстіндегі мүдделері мен сұраныстардын жалпымемлекеттік саясатпен үйлесуіне жауап бермейді. ҚР Конституциясының 85-бабы бойынша тиісті аймақтардағы іс жағдайы үшін жергілікті өкілді және атқаруы органдар жауапты болып табылады. Ойткені атқарушы орган жалпымемлекеттік саясатты жүргізу үшін жауапты болса, онда азаматтардың мүддесі формальды түрде өкілі органмен атқарылады.  Басқаша айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару органының функциялары әлсіз заңдық және нормативтік негізде құрылған жағдайда, олар шындығында биліктің өкілді органдарымен жүзеге асырылады.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесі жергілікті мәдениет пен дәстүрлерге, экономикалық жағдайларға және де көптеген   сот сияқты жергілікті қауымдастықтың өміріне әсер ететін мәселелерге тікелей байланысты. Кейбір жағдайлар өзгеріп тұрады, соган орай жүйе де сәйкес болуы тиіс, ол жергілікті жағдайларға үйлесімді болуы қажет. Осыған байланысты жүйе үнемі реформаланып тұруы керек. Сондықтан да жүйені құруда ол кейін өзгеретіні белгілі мерзімнен кейін жаңа реформа қажет болатындығын ескерген абзал. Оған дәлел, кейбір озық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция секілді мемлекеттер) вертикальды басқару жүйесі осы күнге дейін өзгерісгерге ұшырап келеді. 

    Басқарудың  нәтижелі болуы үшін  тұрақтылық қажет, ал реформа  жүргізу үшін керегі - өзгерістер. Осыны тепе-тең жолмен, қоғамда  тұрақсыздық туғызбай жүргізуі — алғышарт.

    Орталықсыздандыруды тек ұйымдастыру  және кұқықтық шаралар етінде  қабылдау – қателік.  Оны саяси  процесс ретінде қабылдау қажет.

    Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Француз  мамандары Францияда орталықсыздандыруды  жүргізудің екі себебін алға тартады: саяси және ұйымдастыру-техникалық. 

    Біріншіден, мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал ету деңгейінің үнемі өсуіне жауап ретінде орталықсыздандыру жүргізу. 

    Екіншіден, қоғамдық деңгейде қабылданатын шешімдерде кептеген жергілікті факторлар ескерілмей қалу қауіпті болды. Сондықтан да шешім-дер мемлекеттік мекемелерден гөрі, сайланбалы түтғалар іс жүргізуді қалайтын азаматтардың мүддесіне және шындыққа саймайтын. Бұл орайда орталықсыздандыру - демократия дамуының қажетті талабы.  

    Үшіншіден, азаматтың өзін айқындау құқығын тану және олар өз дегенімен ұжымдарға бірігу қажеттілігі туындайды И.Люшердің пікірі бойынша орталықсыздандыру осындай қажеттіліктердің жүзеге асырылуы мен жергілікті ерекшеліктердің ескерілуін  қамтамасыз етеді.

    Ұйымдастыру-техникалық себептердің  арасынан мыналарға  ерекше  көңіл бөлінеді: орталықтың белгілі  дәрежеде енжарлық танытуы, белсенділік  байқатпау және экстремалды   жағдайларды қабылданған шешімдеріне   жауапкершілік алғысы келмеу 

     Жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру тек демократиялық процедуралардың  жай әшейін түрде енуін емес, ең алдымен, ол жергілікті адамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет. Ал жалпы мемлекеттік деңгейде әлеуметтік мемлекет құруға және оны дамытуға барынша ат салысуы ләзім. Сондықтан да бұл жаңадан құрылған орган жергілікті тұрғындардың салығына күш салатын тағы бір орган емес, оның жеке басының байлығы көбеюіне қызмет етуі керек. 

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы тусінігі