Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, реферат
Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті.
Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі»
Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. Шпенглер өз еңбектерінде неміс ұлтшылдығын қолдады, бірақ 1933 жылы Германияда ұлтшыл-социалистер билікке келгенде оларға қызмет етуден бас тартты. Гитлершілердің антисемиттік саясаты мен “тевтондық” қиялдарын әжуалағаны үшін оның атын баспасөзде атауға тыйым салды.
«Тарих жайлы қағида бар ма?» Существует превыше всех случайных и не поддающихся учету отдельных событий какое-то, так сказать, метафизическое строение исторического человечества?.. Өмірде болуы мүмкін-адамзат тарихы басқа емес, жеке өмірдің қорытындысы іспеттес, және біздің бірегей ойымыз олар үшін қадайбір «мен» немесе тұлға. Еуропаның күйреуі антикалық әлемнің күйреуі болып көрінеді. Батыс мәдениеті қалай басылуда осыған жауап беру үшін бірінші мәдениет дегеніміз не? Халықтар, тілдер мен дәуірлер, күрестер мен идеялар, мемлекет және құдайлар, тегі, өнердің шығуы, ғылым мен құқық, ұлы адамдар мен ұлы оқиғалардың мәдениеттің символы болып табылады.
Математикалық заң-өлі формаларды түсінудің жолы болып табылады. Аналогия-тірі формаларды ұғыну амалы болып табылады. Тарихта уақиғалар мен тұлғалар қайталанады деген түсінік қалыптасқан. Мысалы: Напалеонның өзіне оның өмірі Ұлы Карлдіңкіне ұқсайтын. Швед корольі Карл XII жастайынан қалтасында Курций Руф жазған Александрдың өміржазбасын салып жүрді және барлығы осы жаулап алушыға еліктеді. Ұлы Фридрих өзінің саяси жазбаларында, мысалы «Considerations» еңбегінде аналогияны сеніммен қолданады, ол әлемдік саясаттағы жағдайды түсіну үшін француздарды македондықтармен, Филип қол астындағы Эльзас пен Лотарингияны, кейіннен Габсбургтер мен Бурбондарды салыстыра қарастырады. Техниканы салыстыра қарастыру әлі қалыптаспаған. Бұдан кейін техниканы жоспарсыз, байланыссыз салыстыра қарастыру көбейеді.
Үнді мәдениеті өзінің (брахмандық)
идеясы нирванамен осы жарқын
сөзімен жанның түгелдей
Мәдениет саласында жалпы адамзаттық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарады. Ол мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі. Олар: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, антикалық, исламдық, батыс еуропалық және орталық Америкадағы майя мәдениеті. Ол жаңа туындап қалыптасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс-сібір мәдениетін жатқызады. Әрбір мәдениеттің өмір сүру ұзақтығын жобамен бір мың жыл деп белгілейді. Олардың арасында өзара тең, мәнді байланыс болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, өмір сүруін тоқтатуға бет алған кез келген мәдениет дамудан «тоқырауға» творчестволық шырқаудан «құлдырауға», жаннан «интеллектіге», батырлық іс-әрекеттен «утилитарлық қызметке» айналды. Мұндай жағдайды эллинизм дәуірінде (б.з.д. ІІІ-І ғ.ғ.) грек-рим мәдениеті өз басынан кешірген, ал өткен ғасырда бұл тарихи құбылыстың куәгері батыс-еуропа мәдениеті болған.
Батыс әлемінің құлауы
Бір уақыттағы рухани кезеңнің өмірі
Үнді мәдениеті Х.Т. 1500 жыл бұрын |
Антикалық мәдениет Х.Т. 1100 жыл бұрын |
Араб мәдениеті 0 жылдан |
Батыс мәдениеті 900 жылдан |
1500-1200жж. «Веда» аңыздары |
1100-800жж. Олимпялық миф. Гомер |
0-300жж. Ежелгі християндық. Шығыс империясының табыну кезеңдері (Изида, Митра) |
900-1200жж. Германдық католик. Марияға табыну. Батыс әулиелері жайлы аңыз. |
Ерте мистика-метафизикалық жаңа әлемге тұжырым | |||
Ригведа және басқа ведалар. |
|
Плотин (204-269) Ориген (185-254) |
Данте (1265-1321) Фома Аквинский (1225-1274) |
Освальд Шпенглер «Сандар мағынасы» туралы
Адамзат тіршілігінің келбеті
әрі көрінісі болып табылатын
мәдениет пен қоршаған ортаның кейпіне
сай өзін-өзі қалыптастыруға талпынушы
тірі жан секілді математиканың
кез келген саласына ұйытқы болып
табылатын сандарды да мен осындай
өзіндік элемент деп
Готикалық соборлар (жиылыстар) мен дорикалық храмдар – бұл тасқа айналған математика.
Өз ішінде сан тіршілік етпейді және тіршілік ете алмайды. Бірнеше мәдениеттің орын алуына сай бірнеше сандар әлемі бар. Үнді, араб, антикалық, батыс еуропалық сандық типтерді кездестіреміз. Олардың әрқайсысы өзіндік сипатқа ие әрі жалғыз, әлемді сезінудің ерекше нұсқасы болады, шектеулі мән символы, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан алғанда ол - сәйкес мәдениеттің терең келбетін көрсететін тәртіптік принцип. Осылайша, бірнеше математика болады. Эвклид геометриясының архитектоникалық жүйесі картезияндық нұсқадан анағұрлым айырмашылық жасайды, Архимед анализі Гаусс анализінен мүлдем өзге нәрсе және бұл алшақтық форма, мақсат және қолдану аясына ғана емес, мәні, санның алғашқы феномені жағына да байланысты. Бұл сандық кейіптегі/формадағы рух, ішкі қажеттілігінен сан арқылы көрнекілікке ие болған, сонымен қатар белгілі бір математика саласы үшін ғана қол жетімді түсінік арқылы пайда болған образ, күллі табиғат, қоршаған ортаны қамтитын әлем – осының баршасы жалпы адамзатқа тән емес, дегенмен әрдайым нақты күш.
Әрбіп қалыптасушы математиканың өзіндік стилі оның қай мәдениеттен негіз алатынына әрі ол туралы қандай тұлғалар ойланатынына байланысты болуы керек. Себебі сан ақылдан бұрын келеді. Ақыл формальды қабілеттердің ғылыми ашылуына алып келуі мүмкін, оларды қолданып, қолдану аясында жоғары кемелділікке жетеді; дегенмен оларды мүлдем өзгерте алмайды. Орнаментика және архитектура, дорикалық колоннада және соборлар (жиілістер) готикасында аталмыш мәдениеттердің тұңғыш математиктері пайда болғаннан жүздеген жылдар бұрын-ақ эвклидті геометрия мен шексіз бірліктер идеясы болған еді.
Кішкентай баланы ересек жасқа
жеткізіп, тиісті мәдениетінің мүшесі
ретінде қалыптастыратын өзінді
Математика астрономия, немесе минералогия секілді қарапайым ғылым болғанында зерттелу пәнін оңай ажырату мүмкін болар еді. Дегенмен мұны ешкім де жүзеге асыра алмады, асыра алмайды да. Егер біз, батыс еуропалықтар, өзіміздің сандық түсініктерімізді Афина немесе Бағдад математиктерін толғандырған ұғымдармен мәжбүрлі сәйкестендіретін/ендіретін болсақ та, сол атпен белгілі ғылымның тақырыбы, мақсаты мен әдістері аталмыш жерлерде мүлдем өзгеше сипат алғаны күмән келтірмейтін нарсе. Бір математика ғылымы ғана өмір сүрмейді, көптеген математикалар бар. Жалғыз әрі прогрессивті идеалды тексеруді білдіретін математика тарихы деп атайтынымыз негізінен өздігінен аяқталған, тәуелсіз процестердің/үрдістердің көптігі, жаңалардың туындап, формалардың жат әлемдерінің жойылуы, таза органикалық, белгілі ұзақтықпен шектелген гүлдену/өркендеу, ер жету, солу және өлімге бас ұру болып табылады. Қателікке берілмеу керек. Тарихи гректік рух/жан өз математикасын ештемеден, бостан шығарды, кірме – іштей емес, сырттай игерілген - антикалық ғылымды иеленген Батыстың тарихи икемделген рухы эвклидтік заңдылықты бұзу арқылы өзгерістер мен жандануларды өзіндік жолмен иемденуге тура келді. Біреуі Пифагормен, келесі біреуі Декартпен түйінделді. Түптей келгенде екі құбылыс та өзара ұқсас.
Математика формаларының
тілі мен көршілес ірі өнер салалары
формаларының тілі бір-бірімен туыстас
екендігі күмән келтірмейді. Барлық
математикалардың мақсатына өз ішінде
аяқталған ережелер/қағидалар
Сонымен, математика да өнер. Оның өзіндік стильдері мен стильдік кезеңдері/периодтары бар. Ағартушылыққа кері немесе философқа қайшы ұғымға сәйкес ол мәні жағынан өзгермейтін емес, дегенмен кез келген өнер секілді бір дәуірден екінші дәуірге өткен сайын елеусіз өзгерістерге ұшырап отырады. Ірі өнер салаларының дамуын суреттегенде қазіргі заманғы математиканы есепке алған жөн. Орландо Лассодан бастап музыка теориясының түрлі бағыттары мен функция теориясының даму фазалары арасындағы өзара терең байланысты егжей-тегжейлі қарастыру зерттеу нысаны болған емес, бірақ эстетика бұл тұстан қандай да бір «психологиядан» гөрі біраз пайдалы нарселер алар еді. Ферма, Паскаль және Декарттан (1630 ж.) бастап барлық ұлы математиктер трансценденталды аналитиктер/сарапшылар болды, ал Пифагордан (540 ж.) бастап барлық ежелгі өкілдер – көзбен, тәнмен толғанатын тұлғалар. Аталмыш қабілеттердің бірінші жағдайда жаңадан гүлденіп келе жатқан аспаптық музыкамен, екінші жағдайда индық мәрмәр мүсін өнерімен терең байланысын тағы бір мәрте нұсқау қажет пе? Антикалық математика алғашында толықтай планиметриялық сипатта, Пифагордан Архимедке дейінгі аралықтағы өзінің дамуында барлық есепке келетін тұстарда сереометриялық түсінікке жақын болу үрдісін/тенденциясы байқалады. Бұған жазықтыққа салынған рельефтің аралық сатысы арқылы толық пластикаға қатысты аттикалық-коринфтік жазықтықтық сұңғат өнері тенденциясы сай келеді. Мүсін пішінделген, рельеф секілді жасалған бағана бөлігінен (Гера Херамия), қабырға безендірілуіне рпайдаланылған ағаш немесе қола пластиналардан (Артемида Никандры) пайда болды. Ағаш та, қола да кескіш көмегімен өңделінді, дегенмен қашау арқылы көркемделген мәрмәр ғана тәнді суреттеудегі көркемдік сезім талаптаырна сай болды. Осыған ұқсас құбылыс Батыста да орын алды. Геометрия таза кеңістік анализіне ауысқан сайын, нәтижесінде барлық оптикалықтар біріне соң бірі алшақтайды – мысалы, Декарттағы координата түсінігі Фермамен салыстырға ілгері кетті – бір уақытта аспаптық музыка да бейнеленудің жаңа құралдарына ие бола бастайды. 1520 жылдан бері Жоғарғы Италияда ойлап шығарылған скрипка қатаңдылық орнын ауыстыра бастады. Фагот 1525 жылдан белгілі болды. Германияда XVI және XVII ғасырлар аралығында орган кеңістікті бағынышты ететін аспапқа айналды. Өзінің хроматикасы негізінде доминантсепт-аккорд туындыларына бастау салған Монтеверди (1567-1643) өз қарамағында нағыз оркестрге иелік етті, ал 1630 ж. Фрескобальди түрінде аталмыш органда ойнайтын алғаш ірі виртуоз туындады. Лейбниц шығармашылығының жемісі болып табылатын analysis situs-пен қатар 1669 жылы дүние салған Рембрандтың соңғы туындыларының, атап айтқанда Мюнхендегі автопортреті, Дармштадтық Христос пен Матфей Евангелист қуатты кеңістіктік символикасы тұр.