Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, реферат

Описание

Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті.

Работа состоит из  1 файл

Шпенглер Еуропанын куйреуи.docx

— 81.06 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда айтылғандардан соң әлемдік тарихта пайда  болатын әрбір жан кқрінісінің  мағыздылығы күмән тудырмауы  қажет. Антикалық – нүкте бейнесіндегі толықтай эвклидтік болмыс билігіндегі  аполлондық – адам өз жан дүниесіне  тамаша бөліктердің белгілі бір  құрылған топқа жинақталған космос деп қарады. Осыған қарсы бетте  тұрған кез келген батыстық философияны  зерттейік. Онда біз әрдайым стереометриялық  емес, функционалды анализді таба аламыз; y=f(x): ішкі өмірімізден алатын барлық әсерлердің кескіні міне, осы. Өз ықыласымыз,а  қарамастан, ой, сезім, ерік – осы  үштіктен ешбір батыс еуропалық  психолог аттап кете алмайды.

Дуалы (магический) жан көрінісі екі құпия субстанция – рух  пен жанның қатаң дуализмін қамтиды. Олардың арасында антикалық емес, статистикалық, сонымен қатар батыстық, функционалды арақатынас емес, тек  қана дуалы деп атауға болатын  арақатынас орнаған. Демокрит физикасы мен Галилей физикасына қарсы  алхимия мен философиялық тасты  келтіруге болады. Бұл толықтай шығыстық жан көрінісі ішкі шарасыздық салдарынан барлық психологиялық, әсіресе араб мәдениетінің (0-300 жж.) ерте готикасын  толықтырып тұрған теологиялық көзқарастар  негізінде жатыр.

Дуалы жан көрінісі өзінің қатаң ғылыми қорытындысын Бағдад және Басра мектептерінен алады. Әл-Фараби мен Әл-Кинди осы дуалы психологияның  біз үшін түсініксіз әрі шиеленген  мәселелерін жан-жақты өңдеп көрсете  білді. Оның жан туралы батыс ғылымының  бастамасына ықпал етуіндегі  маңызды орнын ескермеуге болмайды. Схоластикалық және дуалы психологияға Бағдад та готикалық өнерге секілді  әсерін тигізді.

Кейінірек неміс романтикасы  аз уақыт аралығына осы дуалы  жан көрінісін қайта жандандырды. Ол кездері сиқыршылық және астрологиямен  көп айналысатын, мавританиялық  өнер мен неоплатонизмдік елес кең  тараған болатын, дегенмен аталмыш  салалар жақсы игереілмеген еді. Осы кезеңнің жарқын өкілдері ретінде  Шеллинг пен оның айналасындағыларды келтіруге болады.

Гётелік мағынадағы прафеномен болып табылатын мәдениетті біз  жан қабілеттерін іске асыру деп  түсіндіреміз. Сыртқы әлем ішкі дүние  секілді әлі де белгісіздікте  жүр. Келешек готикалық стильдің, схоластика мен мистикадағы шатасқан массасындағы қарапайым басты элементтерді ажырату міндетін қолға алуы тиіс және жиылыс орнаментикасы мен сол  кезеңдегі кең қанат жайған сұңғат өнеріне қатысты дәл сондай деңгейде жұмыс атқаруы керек. Аталмыш  келіспеушіліктер негізінде ерік пен  ақыл арасындағы біріншілік туралы дау  жатыр. Бұл біресе көне араб, біресе жаңа батыстық мәнде шешуде қадамдар жасалынып жатқан готикалық философияның басты мәселесі. Батыыс Еуропаның  ерте кезеңдегі философиясын, оның негізін аталмыш кең арақатынастар шеңберінде ғана ұғынып алу мүмкін.

 

ФАУСТТЫҚ  ЖӘНЕ АПОЛЛОНДЫҚ ТАБИҒАТТАНУ

1869 ж. өзінің белгілі  сөзінде Гельмгольц айтқан еді:  «Жаратылыстанудың ақырғы мақсаты  – өзгерістер мен сол өзгерістердің  болуына әсер етуші күштердің  негізінде жатқан барлық қохғалыстарды  іздеп табу, сәйкесінше өзіңді  механикаға жатқызу».

Кез келген механиканың шынайы тенденциясы өлшеу арқылы ақылмен  билеуге бағытталған, сол себепті  ол оқиға мәнін тұрақты, толықтай өлшеуге келетін элементтер жүйесінде  іздеуге мәжбүр болады. Сол элементтердің  ең күштісі, Гельгольцтың анықтамасы бойынша, өмір саласынан алынған сөзбен белгіленеді, яғни ол - "қозғалыс".

Аталмыш анықтама физик үшін анық әрі жан-жақты көрінсе, ал осы  ғылыми сенімнің психологиясын зерттейтін скептикке бұлай көрінбейді. Барлық тәжірибелік нәтижеле мен жаңалықтар теорияның абсолююттік мән-мағынасына дәлел бола алмайды. Әрине, көпшілік үшін «механика» табиғат әсерлерін  түсінудегі ең айқын әдіс көрінуі  мүмкін, дегенмен бұл тек көз бояушылық  қана. Шындығында қозхғалыс дегеніміз  не? Мысалы Архимед барлық механикалық  түсініктерді қозғалыспен байланыстыру қажеттігін сезбеді. Жалпы қозғалыс таза механикалық шама (өлшем) ғана ма? Күш деген не? Себеп дегеніміз  ше? Үрдіс (процесс) деген не? Және арнайы анықтамалары негізінде физиктің өзіндік  міндеттері бар ма?

Жауап бірден берілуі мүмкін. Қазіргі заманғы физика өз ішінде зерттелетін ғылым ретінде ғана қарастырылса да, сонымен қатар зерттеуші  көзқарасы бойынша мүлдем өзгеше тақырыпқа сай болса да, тарихи феномен ретінде физика өзінің міндеті, әдіс-тсілдері мен қорытындыларына  сәйкес белгілі бір діни (рухани) көрініс пен оның жүзеге асырылуы, макрокосм элементі, және оның бырлық нәтижелері небары символ болып табылады. Нақты физикалық дәлдікті есепке ала табиғаттың кез келген заңдылығы  аясында дерексіз сандар мен олардың  атауларын, ашық форлалар мен олардың  теориялық мағынасын ажырата  білген жөн. Формулалар ортақ логикалық  құндылықтарды, яғни таза сандар мен  кеңістік пен шекаралардың объективті тұстарын білдіргенімен, олар дыбыссыз («мылқау»). s=gt2/2 өрнегі бұл әріптерге  белгілі бір сөздер мен олардың  образды мағынасы қолдынмайынша  еш нәрсені білдірмейді. Сонда ғана нағыз табиғат заңдылығы математикалық  формулаға айналады.

Дегенмен Кант жиі кездесетін сөздерінде былай дейді: "Әрбір  жекелеген жаратылыстану-тарихи пәнде  қанша математика барланса, сонша  ғылыми элемент болады. Сөзбен өрнектелмеген заң, өлшеуіш аспаптар көрсеткіші ретінде қандай да болмасын сандар қатары мағынадан айырылған. Кез келген тәжірибе, ол қандай болмасын, шығармашылық әрекет (акт) болып табылады. Кез келген факт (дәлел), ол ең қарапайым болса да, өзімен белгілі бір теорияны білдіреді және мұның барлығы кім үшін осы факт шынайы болуына байланысты: антикалық адам әлде батыстық адам үшін бе, готика өкілі үшін әлде барокко өкіліне ме. Қазірігі заманғы физик «биіктік», «процесс», "күйлердің өзгерісі", «дене» сөздерінің арнайы батыстық көріністерді білдіретінін, олардың антикалық немесе арабтық ойлау мен дүниетаным үшін жат екендігін ұмытып кеткен".

Архимед кезеңіндегі кез  келген нәзік ойшыл қазіргі заманғы  теориялық физиканы терең зерттеу  жүргізген соң осындай еркін, таң қалаларлық әрі шатасқан түсініктерді, сонымен қатар қолда бар фактілерден  шығатын қажет қорытындыларды кім  ғылымға санаған деген ой-толғанысына  келер еді.

2

Қандай болмасын табиғат  «ілімі» негізінде, ол ең діл болса  да, діни сенім жатыр деп мәлімдейді автор. Ғылым тек қана жүйе, заң, сан  мен тәртіп емес, олардың әрқайсысы  тарихи феномен ретінде тірі, адам ой-толғаныстарында жүзеге асатын, мәдениет тағдыры анықтайтын организм. Сонымен, автор әлемнің физикалық  көрінісін діни көрініс пен жаңғырық деп қарастырады. Әрине мұндағы  жаңғырық ең өркениетті, жансыз, ең ақырғы сипатта, себебі әрбір мәдениеттің  ерте дәуірі, дорика, Плотина мен  Оригена ғасыры және гоикалар бұл  суық, қатаң интеллектуалды тұжырымдамадан алшақ.

Ионика мен барокконың шыңына қол жеткізген қала адамдары түсінігі нақты ғылым феноменін  алдыңғы кезеңдегі дінге қатысты  тәкәппарлық қарсылыққа алып келеді. Дегенмен тарих көрсеткендей, «ғылым»  кейінгі әрі өтпелі феномен болып  табылады, ол ірі мәдениеттерде, соның  ішінде үнді, қытай және араб рухани өмірлерінде кездесетіндей антикалық  салада да басымдылыққа ие, аз ғасырларды қамтыған және сол уақыт аралығында барша мүмкіндіктері сарқылған. Антикалық ғылым Канна және Акциум шайқастары арасындағы уақыт аралығында өшіп қалды. Осының негізінде батыстық жаратылыстанудың аяқталу мезетін  есептеп шығаруға болады.

Әр мәдениет өзіндік жаратылысты  тануды жасап алды және ол тек қана сол мәдениет аясында ғана шынайы, мәдениеттің өмір сүру ұзақтығына сәйкес уақыт аралығында өзінің ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыра өмір сүреді. Мәдениет өшуімен қатар шығармашылық элемент  те, образ жасау күші пен символика  да жойылады, бос формулалар, өлі  жүйелердің қаңқалары ғана қалады және ендігі жерде олар мән-мағынасыз  есептеледі және/немесе механикалық  сақталады, немесе немқұрайды қарастырылады  және ұмытылып кетеді. Кейінгі антикалық  мысалын еске түсірейік. Сандар, формулалар, заңдар еш нәрсені білдірмейді, өмір сүруін тоқтатқан. Олар денені иеленуі қажет және оны адам тағайындайды. Сол себепті де абсолютті физика болмайды, тек қана жекелеген мәдениеттер шеңберінде жеке-дара білінетін әрі жоғалып отыратын физикалар болады.

Осы уақытқа дейін тарихи байланыс келесідей айқындалып келді: "гректерде" ғылыми физиканың  бастауы орын алған-ды, "Орта ғасырларда" барлығы күйреді; және "Жаңа заманда" ғылыми рух қайтадан жанданғанша  дейін тек арабтар ғана химия  саласында біршама ілгері қадам  басты. Шынтуайттап келгенде, антикалық  рух өз сыртқы әлемін көзге түсетін  денелер статикасы түрінде құрып  алды. Бұл пластика ретіндегі физика еді. Эвклидтік геометрия Эмпедокл өзінің атақты 4 элементін негіздеген физика секілді арабтық алгебраға  жатады. Аталмыш 4 элемент жеке заттардың  төрт мүмкін көзге көрінер, сезілетін  жағдайлары болатын.

Алхимияның ашылуы құпия  тұлға саналатын Гермес Трисмегист есімімен байланыстырылады. Ол Александрияда  Плотинмен және алгебра негізін  салушы Диофонтпен қатар өмір сүрген. Кейінірек Роберт Бойл (1626–1691 жж.) сараптамалық (аналитикалық) әдіспен қатар элементтің батыс еуропалық түсініктемесін ойлап тапты. Дегенмен адасушылық берілмеген жөн: Шталь және Лавуазье есімдерімен белгіленген қазіргі химияның негізі деп саналатыны химиялық идеяның дамуымен, егер оны арабтық табиғатқа қатысты алхимиялық көзқарастар тұрғысынан алғанда, ешқандай ортақтығы жоқ.

Статика, химия, динамика деп  атап жүргендеріміз, яғни жаңа заманғы  дүниетанымға терең мағынадан айырылған  тарихи белгілеулер, үш физикалық аполлондық, дуалы және фаусттық жан жүйелері. Олардың әрқайсысы өз мәдениеті  аясында өсіп-өңген, өз мәдениеті  шеңберінде өзіндік деңгейде шектелген. Осыған математика: Эвклидтік геометриялар, алгебралар, анализ және өнерлер: ескерткіштер, арабескалар, фугалар сәйкес келеді. Егер әдіс-тәсілдеріне қатысты физиканың  үш түрін бөлетін болсақ, онда күйлер, құпия күштер, үрдістердің механикалық  тәртібі шығады.

 

Сонымен, адамзат рухының  қасиеті (тенденциясы), яғни табиғат  көріністерін ойлау, өлшеу, есептеу  мүмкін ететін қарапайым есептік  формалар бірілігіне барынша топтастыру, қысқасы оларға механикалық баға беруі антикалық, сонымен қатар  батыстық физикада атомдар туралы ілімнің (бұл жерде өте күрделі болып  табылаты, Бағдада пен Басра мектептері арасындағы дау ұйытқысы болған арабтық  ілім есепке алынбаған) пайда болуына  әкеп соқтырды. Екі теорияның терең  символикалық айырмашылығы дегенмен де назарсыз қалдырылды.

Белгілі бір сипаттағы  шектеу, шектік мүмкіндікке дейін  жеткізу әр мәдениеттің табиғи ойлау  қабілетін «атомға», "поп plus ultra" шектеу оның нәтижесі мен оптимумына алып келеді. Логика атомдарының мәні түсінік, математика атомдары – сандар (антикалық математикада – биіктіктер, батыстықта қатынастар).

Егер көркем әдеби әрі  теориялық тұрғыдан дамыған үнділік  немес египеттік физика өмір сүргенде, олар атомның түбегейлі өзге түрін (типін) шығаруға мәжбүр болатын еді. Ионика мен барокко аталатын батыс  еуропалық эллинистік және жаңа заманғы  физикадағы атомдар өзара пластика мен музыка, денелілік өнері мен  денесіз өнер секілді ажыратылады. Ескерткіш толықтай дене, тыныштық пен жақындық; фуга атауына сай  ұмтылыс, қозғалыс, кеңістік, қияң.

Антикалық көзқарас бойынша  материя – бұл қозғалысты сақтаушы (иеленуші), бірақ қозғалыс материяның қасиеті болып табылады. Антикалықта  бастапқыдан-ақ форма, бізде күш. Күллі  макрокосм негізінде жатқан аполлондық және фаусттық прасимволдардың өарама-қайшылығы, атап айтқанда дене мен шексіз кеңістік қарама-қайшылығы жөнінде еске түсіре кеткен жөн. Антикалық адам "заттар арасында орналасқанды" жаңа заманғы  физика негізі саналатын сезімді  секілді өмір сүрмейді деп есептеді. Осылайша, газдардың кинетикалық  теориясы ақырында атомистік түсініктердің  ауырлық күшіне (орталығына) айналды.

 

 «Европаның күйреуінде» әл-Фараби есімі екі рет аталады. Алғашында әлем тарихының морфологиясына арналған салыстырмалы кестенің «Аяқталған ұлы жүйелер» бөлімінде әл-Фараби есімі жай ғана аталып өтсе, кейін Шпенглер оған: «арабские мыслители зрелого времени - а среди них были первостепенные умы, как, например, Аль-Фараби», - деп ұстаз ойшылдығына өте жоғары баға береді (Шпенглер О., Закат Европы. М., 1998, сс.104, 274). Әйгілі неміс философы осы пікірлердің әсерімен: «Арабская культура - это культура религий откровения - иудейства, христианства, ислама», - деп араб мәдениеті туралы әділ пікір айтады (Сонда, 359-бет).  
Шындығында орта ғасырлардан бастап, күні бүгінге дейін батыс қоғамында исламды христиан, яһуди діндеріне қарсы қою тенденциясы жойылмай келеді. Қасиетті «Құранда» олар «ахл ал-китаб» яғни «кітап түскен адамдар» деп құрметпен аталады. Исламда төрт кітаптың төртеуі де («Құран», «Таурат», «Зәбүр», «Інжіл») қасиетті саналып, оларға құрметпен қарау ұсынылады. Өкінішке орай кейбір батыс социологтары мұны көре тұра көргісі келмей, исламды қаралаудан танбай отыр. О.Шпенглер мұны дұрыс байқап, орынды, орнықты баға берген. Бұл, сөз жоқ, әл-Фараби мұраларын оқығаннан кейін туындаған пікір.

 

О.Шпенглер және “өркениеттің ақыры”

Бүкіл саналы ғұмырын “Адамзат тарихының  қай тілде жазылғанын және оны  қалай оқу керектігін” зерттеуге  арнаған Освальд Шпенглердің  ең атышулы еңбегі –  алғашқысы 1918 жылы жарық көрген 2 томнан тұратын “Еуропаның ымырт шағы” (“Закат Европы”) кітабы. Қағидаларының өміршеңдігімен, қайсыбір құбылыстардың даму барысын ғасырлар бұрын болжай білген көрегендігімен ерекшеленетін бұл кітап әлі күнге дейін құндылығын жоғалтпай, ғасырлармен тайталасып келеді. Жалпы өркениеттану саласындағы көріпкелдік көсемдігі жағынан теңдесі жоқ деп айтуға боларлық осы кітабында автор:

– адамзат тарихын зерттеуде  қалыптасқан қасаң қағидалардың бірі, тауарихты: Ежелгі дүние, Орта ғасыр және Жаңа дәуір секілді кезеңдерге бөліп, оның аясын шартты атаулармен шектеушілікті қолдамай, қайта, тіршіліктің негізгі кезеңдерімен (сәбилік, жастық шақ, кәрілік; көктем, жаз, күз, қыс) сабақтастырады, сөйтіп, мәдениет атаулының дүниеге келу, көк жайсаңдай құлпыру, даму шегіне жету, қартаю кезеңдерін белгілейді;

– мәдениет пен өркениет деген  ұғымдардың аражігін ажыратып, мәдениеттің дүниеге келу, өсіп-өркендеу кезеңдерін, қайталанбас келбетке ие болып, құлпыру заманын бастан кешіріп, қартайған шақта, жантәсілім берер алдында өркениетке ұласатынын айтады; яғни, өркениет — мәдениеттердің шарықтау шегіне жетіп, күні еңкейген, зауал шағына тұспа тұс келеді;

– ұлт мәдениеттерінің өркениетке ұласуының тағы бір алғышарты  ретінде – жиналған бүкіл өркениеттік  құндылықтардың саусақпен санарлықтай аздаған ірі қалаларда – мегаполистерде шоғырланатынын болжайды; яғни, қаншама жауһар мәдениет ұшқындарын, толған айдай келісті көркемдіктерді дүниеге әкелсе де, аталған ірі қалалардың қасында басқа жұрт, бөтен мәдениет – провинция.

Информация о работе Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"